"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

МАМАНДЫҚПЕН БОЛАШАҚҚА!

21.06.2019
6
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Жергілікті бюджет есебінен жоғары білім алуға ақы төлеу үшін, мемлекеттік білім беру грантын беру жөніндегі комиссия отырысы өтті.

Отырыс әкімдіктің салалық басқармалары, өңірлік кәсіпкерлер палатасы, облыстың жетекші кәсіпорындары өкілдерінің қатысуымен өтті және бақылаушы ретінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылды. Шығыс Қазақстан облысында 2017 жылдан бастап облыс әкімі Д.Ахметовтің тапсырмасы бойынша «Білікті маман» жобасы табысты жүзеге асырылуда. Жобаның негізгі мақсаты мектеп, колледж түлектерінің шетелдік жоғары оқу орындарына кетуін азайту және жоғары білімнің қолжетімділігін арттыру болып табылады.

Білім беру гранттарын жергілікті бюджет қаражаты есебінен беру үшін, кадрларға объективті қажеттілікті анықтау бойынша үлкен жұмыс жүргізілуде. 2025 жылға дейін талап етілетін жоғары білімді мамандардың болжамды саны 3769 орынды құрайды. 2019 жылы оқуға түсуші талапкерлер 2023, 2024 жылдары оқуын аяқтайтынын ескере отырып, білім басқармасы 2023 және 2024 жылдардағы қажеттілікті негізге алып отыр, ол 1762 орынды құрайды (педагогикалық ғылымдар — 717, өнер және гуманитарлық ғылымдар – 60, жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика – 15, бизнес және басқару — 47, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар – 43, инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары – 489, ауыл шаруашылығы және биоресурстар — 62, қызметтер – 13, ветеринария – 170, денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина) – 146).

Ағымдағы жылы облыс әкімдігі өңірдегі сұранысқа ие мамандықтарға барлығы 400 бюджеттік орын бөледі. Әрине, кадрларға деген қалған қажеттілік республикалық бюджет және ақылы оқыту есебінен жабылатын болады.

Комиссия 400 бюджеттік орынның 27-сін «Алтай» волейбол клубының кәсіби спортшыларын дайындау, діни экстремизмге қарсы тұру жағдайларын жасау, діни ағымдар мәселелерінде халықтың сауаттылығын арттыру және «Бизнес және басқару» бағыты бойынша кадрларға мақсатты қажеттілікті қанағаттандыру үшін мемлекеттік білім беру тапсырысына бөлуді шешті.

Қалған 373 грант кадрларға қажеттілікке (1762 орынға) пропорционалды бөлінген және мынадай түрде көрінеді: педагогикалық ғылымдар — 152 грант, өнер және гуманитарлық ғылымдар – 13 грант, жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика – 3 грант, бизнес және басқару — 10 грант, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар – 9 грант, инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары – 104 грант, ауыл шаруашылығы және биоресурстар – 13 грант, қызметтер – 3 грант, ветеринария – 36 грант, денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина) – 30 грант.

Айта кететін жайт, білім беру гранттарын тағайындау рәсімі ашық жүргізіледі, өйткені гранттар жоғары оқу орындарына емес, ҰБТ сертификаттары бар талапкерлерге беріледі және 2019 жылғы 7 ақпандағы №58 жоғары білім ақысын төлеу үшін білім беру грантын беру ережелеріне сәйкес, олар ЖОО-ны өз беттерімен таңдайды. Биылғы жаңалықтардың бірі «мамандық» түсінігін «білім беру бағдарламалары» түсінігімен ауыстыру болып табылады. Бұл жаңалық оқуға түсу кезінде бейіндік пәндерді есепке ала отырып, бірнеше білім беру бағдарламаларын таңдауға және жоғары білім алу мүмкіндігін арттыруға мүмкіндік береді.

Ал мемлекеттік тапсырысты орналастыру рәсімі ҚР Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы №122 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларына сәйкес жүргізіліп, келесі негізгі өлшемдерге сәйкес келетін ЖОО іріктелініп алынатын болады. Түлектердің жұмысқа орналасу деңгейі (85%-дан төмен емес), аккредиттелген білім беру бағдарламаларының, профессор-оқытушылар құрамының, материалдық-техникалық базаның, лицензияның және т.б. негізгі өлшемдері болып табылатын жоғары оқу орындары іріктелетін болады.

Біз үшінші жыл қатарынан жоғары білімнің қолжетімділігін арттыру бойынша белсенді жұмыс жүргізіп келеміз. 2017 жылы 200 білім гранты, 2018 жылы 446 грант бөлінсе, 2019 жылы 400 грант бөлінді.

Негізгі нәтижелер:

біріншіден, мектеп түлектерінің өзге елдерге оқуға кетуі айтарлықтай төмендеді. Егер 2016 жылы облыс мектептерінің 1800 түлегі оқуға тыс жерлерге кетсе, 2017 жылы — 890, 2018 жылы 636 түлек шетелдік жоғары оқу орындарына кетті (бұл көрсеткіш 2016 жылмен салыстырғанда 35,3% — ға қысқарды). 2019 жылға болжамға сәйкес, ҚР-нан тыс жерлерге шығатын түлектер саны жоспармен 585 адамды құрайды;

екіншіден, балалар үшін жоғары білімнің қолжетімділігі айтарлықтай өсті. Егер 2017 жылы ҰБТ тапсырған облыс мектептері түлектерінің 48% — ы білім гранттарын алса, 2018 жылғы мектеп түлектерінің 56% — ы республикалық және жергілікті гранттарға ие болды;

үшіншіден, өңірлік жоғары оқу орындары түлектерінің жұмысқа орналасу пайызы артты (2017 жылы — 89,5%, 2018 жылы – 90,1%), оған жоғары оқу орындарындағы білім беру сапасының артуы себеп болды.

Облыс әкімдігі жыл сайын жоғары оқу орындарының студенттерін оқытуға үлкен қаражат бөледі. Атап өтсем, бір студентке орта есеппен 1 жылға 800 мың теңге, ал оқудың барлық цикліне 4,0 млн. теңге жұмсалады. Жалпы, 2017 жылдан бастап ағымдағы жылы бөлінген гранттарды ескере отырып, оқудың толық цикліне қаржыландыру 4,2 млрд. теңгені құрайды (1046 студентке). Бөлінген қаражат оқытушының еңбекақысын төлеу қорын, шәкіртақы мен студенттің жол ақысын қамтиды.

ШҚО әкімінің баспасөз қызметі{jcomments off}

Ұқсас жаңалықтар

Семейде үш ірі нысанның құрылысы жүріп жатыр

13.10.2026
Семейде үш ірі нысанның құрылысы жүріп жатыр

Абай облысының әкімі Берік Уәли Семей қаласында «Абайға құрмет» акциясы аясында салынып жатқан спорт кешендері мен BINOM мектебінің құрылыс барысын...

Толығырақ...Details

Ұлттық құндылықтарды ойын арқылы дәріптейтін жоба

13.10.2026
Ұлттық құндылықтарды ойын арқылы дәріптейтін жоба

«Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының «Креативті индустрия» бағыты бойынша жеңімпазы Асхат Қуандықұлы Мұханов балаларға қазақтың салт-дәстүрлері мен ұлттық құндылықтарын ойын және мультфильм...

Толығырақ...Details

СЕМЕЙДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДА «АДАЛДЫҚ МАРАФОНЫ» ӨТТІ

12.10.2026
СЕМЕЙДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДА «АДАЛДЫҚ МАРАФОНЫ» ӨТТІ

Семей қаласында мемлекеттік қызметшілер арасында «Адалдық марафоны: Әділетті қоғам – менің таңдауым!» атты марафон ұйымдастырылды. Іс-шара Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет...

Толығырақ...Details

Абай облысында жол және балалар қауіпсіздігін күшейту тапсырылды

12.10.2026
Абай облысында жол және балалар қауіпсіздігін күшейту тапсырылды

Semeitany.kz - Абай облысының әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен кеңейтілген аппараттық кеңес өтті. Жиында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кәмелетке толмағандар...

Толығырақ...Details

Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

08.10.2026
Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттің құқықтық негізін айқындайтын басты құжат. Қазіргі Конституция 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданып, 1...

Толығырақ...Details

Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

07.10.2026
Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

2026 жылғы қаңтар-тамыз айларында Қазақстанда 145 мың тонна күріш өндірілді, бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18,6%-ға артық. 2025 жылғы...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Семейде үш ірі нысанның құрылысы жүріп жатыр

2 дня бұрын

Ұлттық құндылықтарды ойын арқылы дәріптейтін жоба

2 дня бұрын

СЕМЕЙДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДА «АДАЛДЫҚ МАРАФОНЫ» ӨТТІ

3 дня бұрын

Абай облысында жол және балалар қауіпсіздігін күшейту тапсырылды

3 дня бұрын

Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

1 неделя бұрын

Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

1 неделя бұрын

Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

1 неделя бұрын

АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

1 неделя бұрын

Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

1 неделя бұрын

Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС