"Семей таңы" газеті
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ҰЛЫ ДАЛА ТҰЛҒАЛАРЫ ҰЛЫҚТАЛДЫ

18.10.2019
6
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Апта сәрсенбісінде Семей қаласындағы Абайдың мемлекеттік қорық-музейінде «Ұлы даланың ұлы есімдері» тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция болып өтті. Конференцияға Қазақстанның аса көрнекті тұлғалары музейлерінің қауымдастығы өкілдері келген болатын.

Аталған шара аясында Қазақстанның аса көрнекті тұлғалары музейлерінің қауымдастығы өкілдерінің ұйымдастыруымен «Тарих және Тұлға» тақырыбындағы көрме ашылды. Еліміздің 20 әдеби-мемориалдық музейінен 200 экспонат қойылған көрме екі күн бойы келушілерді қазақ халқының көрнекті тұлғаларының өмірімен таныстырады.

 

Экспозицияларға Абылай ханның,  Ыбырай Алтынсариннің, Сәкен Сейфуллиннің, Мұқағали Мақатаевтың жеке заттары қойылған.

Осы күні музей өміріндегі тағы бір тың жаңалық — «Абай халық жүрегінде» атты көрме залының ашылу рәсімі өтті.

Абай Алаштың ғана емес,  адамзаттың Абайы екені сөзсіз. Залдың ашылуы мұражайдың ашылу күнімен тұспа-тұс келіп отыр. Дәл осы күні, 79 жыл бұрын, ұлы ақынның мұражайы өз жұмысын бастаған еді. Шара кезінде музейлер арасында шығармашылық ынтымақтастық туралы меморандумдар жасалды.

Ал конференцияда ұлтымыздың маңдайға біткен бірегей тарихи тұлғаларының төл мәдениетіміз бен әдебиетімізге қосқан сүбелі үлестері мен шығармашылық жолындағы еңбектері және қоғамдық қызметтегі алар орындары жайлы ғылыми-танымдық баяндамалар оқылды.

Конференция барысында Семей қаласы әкімінің орынбасары Айдар Садырбаев, Семей қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімінің туризмді дамыту секторының бас маманы Б.Дүйсенбаев, Солтүстік Қазақстан облыстық «Абылай ханның резиденциясы» музей кешенінің директоры А.Садаев, М.Ғабдуллин музейінің басшысы Қ.Мырзабек сөз алып, жылы лебіз білдіріп, өз құттықтауларын жеткізді.

Сонымен қатар Торғай мұражайлар кешенінің басшысы Г.Сәрсекей, І.Жансүгіровтің әдеби музейінің меңгерушісі Н.Жауынбаева, Қостанай облысынан арнайы келген Ы.Алтынсарин мемориалдық музейінің басшысы М.Оспанов, Г.Н.Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейінен Д.Опабекова, Түркістан облысы Тарихи-мәдени этнографиялық орталығы директорының орынбасары Т.Акимов, І.Есенберлиннің әдеби музейінің меңгерушісі Ұ.Комбатурова, Ақтөбе облысы Әйтеке би музейінен А.Жалмұханбетов, Павлодардағы Павел Васильевтің музей — үйінен Т.Карешекова және Абай музейі директорының орынбасары М.Қайрамбаева кезегімен баяндама жасап, өздері жүргізген ғылыми бағыттағы зерттеу жұмыстарымен таныстырды.

Конференция соңында жиынның модераторы, Абай музейінің директоры Ж.Әубәкір келген қонақтар мен баяндамашыларға алғысын білдіріп, ризашылығын жеткізді.

Жиын барысында «Қазақстанның аса көрнекті тұлғалары музейлері қауымдастығы» бірлестігінің болашақта атқаратын жұмыстарына орай бірқатар ұсыныстар қарастырылып, ортақ шешімдер нақтыланды.

Сөз соңында айта кетсек, ассоциация құрудағы мақсат барлық әдеби мұражайларды біріктіріп, ортақ мүддеге жұмыс істеу болатын. Бұл еліміздің рухани-мәдени мұрасын байытуға зор үлес қосары анық.

Азамат ЕРСАЙЫН, «Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

Мақаншыдағы шекара басқармасында сарбаздарды шығарып салу және қарсы алу рәсімі өтті

11.09.2025
Мақаншыдағы шекара басқармасында сарбаздарды шығарып салу және қарсы алу рәсімі өтті

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Абай облысы бойынша департаментіне қарасты Мақаншы ауданы бойынша шекара басқармасында ерекше рәсім өтті. “Күз-2024” шақырылымымен әскери...

Толығырақ...Details

Семейдегі №35 мектепте «Абай кітапханасы» ашылды: 60 мың кітап оқушыға қолжетімді

11.09.2025
Семейдегі №35 мектепте «Абай кітапханасы» ашылды: 60 мың кітап оқушыға қолжетімді

Semeytany.kz - Семей қаласындағы №35 жалпы білім беретін мектепте заманауи «Абай кітапханасы» пайдалануға берілді. Жоба облыс әкімі Берік Уәлидің үндеуіне...

Толығырақ...Details

Абайда 40 ауыл мектебі TopIQ-Mobil Box-пен қамтылады

11.09.2025
Абайда 40 ауыл мектебі TopIQ-Mobil Box-пен қамтылады

Semeytany.kz - Білім беруді цифрландыру міндеттеріне сай Абай облысындағы 40 ауылдық мектепке TopIQ-Mobil Box мобильді станциялары беріледі. Кездесу барысында «Алматыкітап»...

Толығырақ...Details

Алакөлдегі келесі шомылу маусымына дайындық бүгіннен басталуы тиіс — Берік Уәли

11.09.2025
Алакөлдегі келесі шомылу маусымына дайындық бүгіннен басталуы тиіс — Берік Уәли

Semeytany.kz - Абай облысында туризмді дамыту жөніндегі кеңесте аймақ басшысы Берік Уәли Алакөлдегі келесі шомылу маусымына әзірлікті қазірден бастап, биыл...

Толығырақ...Details

Семейде ЖЭО-3 құрылысы бойынша келіссөздер өтті

11.09.2025
Семейде ЖЭО-3 құрылысы бойынша келіссөздер өтті

Semeytany.kz - Абай облысының әкімі Берік Уәли «Самұрық-Энерго» АҚ басқарма төрағасы Қайрат Мақсұтовпен кездесіп, Семей қаласында үшінші жылу электр орталығын...

Толығырақ...Details

Абай ауданында тұрғын үй мәселесін шешу жұмыстары жалғасып жатыр

11.09.2025
Биыл «Семей – Қарауыл» жолының 20 шақырымы жөнделді

Абай ауданында тұрғын үйге қолжетімділікті арттыру бағытындағы жұмыстар жалғасуда. Аудан әкімі Мейіржан Смағұловтың мәліметінше, 2020 жылдан бері 208 тұрғын жаңа...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Мақаншыдағы шекара басқармасында сарбаздарды шығарып салу және қарсы алу рәсімі өтті

2 дня бұрын

Семейдегі №35 мектепте «Абай кітапханасы» ашылды: 60 мың кітап оқушыға қолжетімді

2 дня бұрын

Абайда 40 ауыл мектебі TopIQ-Mobil Box-пен қамтылады

2 дня бұрын

Алакөлдегі келесі шомылу маусымына дайындық бүгіннен басталуы тиіс — Берік Уәли

2 дня бұрын

Семейде ЖЭО-3 құрылысы бойынша келіссөздер өтті

2 дня бұрын

Абай ауданында тұрғын үй мәселесін шешу жұмыстары жалғасып жатыр

2 дня бұрын

Абай ауданында өнеркәсіптің дамуына серпін беретін жобалар іске қосылды

2 дня бұрын

Биыл «Семей – Қарауыл» жолының 20 шақырымы жөнделді

2 дня бұрын

Абай облысында Президент Жолдауын жүзеге асыру жолдары талқыланды

2 дня бұрын

Балаларды қорғау: Семейде тұрмыстық зорлықтың алдын алу бойынша оқыту өтті

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС