"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ҮШ БӘЙТЕРЕК: ТАҒДЫР МЕН ТАҒЫЛЫМ

19.11.2019
255
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

15 қараша күні Семей медицина университетінде ШҚО Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен «Үш бәйтерек: тағдыр мен тағылым» тақырыбында облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференцияға Павлодар, Өскемен, Семей қалаларының ғалымдары, зиялы қауым өкілдері, мемлекеттік органдар мен мекеме қызметкерлері, студент жастар қатысты.

Алаш қайраткерлері — С.Сейфуллин, І.Жансүгіров және Б.Майлиннің 125 жылдығына арналған шараның мақсаты – қазақтың «үш бәйтерегі» атанған қайраткерлердің тағылымын, қазақ әдебиетін дамытудағы еңбектерінің ерекшелігін көпшілікке таныту, сонымен қатар латын негізді әліпбидің маңыздылығын түсіндіру.

Ғылыми-тәжірибелік конференцияның пленарлық мәжілісінде қазақ әдебиетіндегі Алаш идеясы, үш бәйтеректің тұлға ретінде қалыптасуы және шығармалары тілінің әдеби-теориялық негіздері талқыланса, секциялық отырыстарда латын негізді жаңа әліпбидің маңыздылығы жайлы сөз қозғалды.

— Халқымыздың жадында «үш бәйтерек» ұғымымен сақталған Алаш арыстары — Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлиннің туғанына биыл 125 жыл толып отыр. Осы мерейтойға орайластырылған біздің басқосуымыз Қазақстанның қоғамдық тарихында абыройлы орын алатын революционер ақын Сәкен Сейфуллин мен қазақ кеңес әдебиетінің бастау қайнарында тұрған ақын, драматург, прозашы Ілияс Жансүгіровке және қазақ кеңес әдебиетінің іргетасын қалаған ақын, прозашы, драматург Бейімбет Майлинге арналып отыр. Бір жылда дүниеге келіп, шығармашылықтарын қатар бастаған қайраткерлердің өмірлері қысқа, тағдырлары ауыр болғанымен, артында қалған мұралары ғибратты да мәнді болды. Үш ғұламаның еңбек жолы қазақ баспасөзінің қара шаңырағы, құрылғанына 100 жыл толып отырған кешегі «Ұшқын», «Еңбек туы», «Еңбекші қазақ», «Социалистік Қазақстан», бүгінгі «Егемен Қазақстан» газетінде басталғанын айта кеткен жөн. Сәкен мен Бейімбет сол алғашқы газеттердің редакторы болған. Қазақ әдебиетінің шыңына шыққан қаламгерлердің еңбектері бүгінгі күнге дейін жас ұрпаққа азық болып отыр,- деді ШҚО Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы басшысының міндетін атқарушы Роза Төлемісова.

Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Бекен Сағындықұлы «Үш асыл: тағдырдың тұщы тұстары» тақырыбында баяндама оқыды.

– Кең-байтақ Қазақстан үш асылдың 125 жылдығын үнсіз қалдырып жатқан жоқ. Жетісу жері Құлагер ақынын ерекше қастерлеп, еңселі ескерткішін қойды. Көкшетау жұртының дауысы әлсін болса да Сәкен дегенде серпілтіп-ақ тастайтыны бар. Бір безбендеу Бейімбетке жетпеген еді, бірақ Қостанай халқының қызыл Таранды тұғырдан тайдырып, өз тумасына аудан атын беруі биылғы жылдың басым белгісі болғаны анық. Өздеріңізге мәлім, 21 қазан күні Түркияда «Қазақ халқының үш ұлы шынары» тақырыбында халықаралық басқасу өтті. Осылайша ТҮРКСОЙ түгендегендей болды ма деп едік, аяқталмаған екен. Қазақтың рухани-мәдени астанасы қарт Семей Сәкен, Бейімбет, Ілиясты бөле-жармай, бүгінгі күнге бәс тігіп, белуардан келер шараға айналдырыпты, — деді Бекен Сағындықұлы. — Үш асылдың туған даталары мен қайтқан уақыттарын санға шағып, қайта қайталауды жөн көрмедім. Бірақ тумысынан бір-біріне жақын тұрған тұлғалардың сол даталарында тарихтың бір тылсым күші жатқандай әсерлі екендігі сөзсіз. Келер тағдырының қара түнек екенін,  болашағының бәз біреудің қолымен ғана өлшенетінін білгенде, бұл шақалақтар дүниеге шықпаймын деп шырылдар ма еді, кім білсін.

Тағдыр тоқайласпады емес, сан мәрте мәреде жүрді емес пе? Ал енді қаншеңгел — 37-нің алғашқы түскен запыраны үшеуінің басына бірдей төнгенін айтсаңызшы. Сыралғы сөздерінде сүрінбеген саңлақтар қырын келген нәубеттен құтыла алмады.

Мәңгілік Елдің мәңгілік мұрасына айналар ұлы шығармалар тудырған Сәкен, Ілияс, Бейімбетті мәңгілік өмір сүрмейді деп кім және қалай айтсын! Тектілік қазақтың әр ұлында бар. Әрі тектілік тек тумысынан материалдық байлық иесіне берілмейді. Бейімбет тегіне көз жүгіртсең, әкесі Жармағамбеттің де, атасы Майлының да кедей шаруа екенін оқисың. Тіпті әкеден ерте айырылып, шешесі Құлғизар мен әжесі Бойдастың тәрбиесін алғанын байқайсың. Сонда тектілігінің шымбай тереңдігі неден бастау алды? Ең алдымен, қазақ деген қанына біткен қағидат бұл. Екіншіден, ұлтын ұшпаққа шығарамын деген намысы болса керек. Әйтпегенде наны мен шайын айыра алмай отырған қос кейуана баласын қалай қатарға қоссын. Үшіншіден, уақытқа байланған ортаның терең білімділігі болса керек.

Естеріңізде болса, Қазан төңкерісінен кейін әсіре ресейшіл топтар қазақ халқының сауаттылығын есепке салып, екі пайыздық көрсеткіш шығарыпты. Жалған есеп. Бұл — орысша білім алған оқымыстылардың есебі ғана. Оның алдындағы араб, парсы, шағатай тілдерін білетін білімпаздарымыз бұл есепке енбей қалған. ХІХ ғасырдың соңындағы санақ бойынша, 6 млн-нан астам қазақтың екі пайызы орысша хат таныған. Демек, 1 млн 200 мың адамды құрайды екен. Осы 1 млн 200 мың адамның ішінде жоғарыда айтқан қара кедейдің баласы Бейімбет бар. «Шұға десе Шұға» деп тараған жалпы афоризм сөздің иесі Бейімбет «Шұғаның белгісі» прозасын 17 жасында жариялапты. Ақындыққа қатысты алғашқы шығармасы 1912 жылдың еншісінде. Ал Мырқымбай образы Бейімбет өлеңдерінің шыңы десе болады. Он жылдың көлемінде жинақталған образға тек 1927 жылдары ғана нүкте қойылған екен. Драматургия саласындағы барлық еңбектеріне 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс пен одан кейінгі заман көріністері, нақтырақ айтсақ қазақ өмірі, ақ пен қызылдар қырылысы арқау болған. Ал сахналық шығарманың биігі саналған «Майдан» пьесасының ауқымы да кең, айтары да көп.

2017 жылдың 12 сәуірінде Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын жариялап, тарихи ескерткіштерге, мәдениетке қатысты ой-тұжырым тарқатты. 1926 жылдың 20 қарашасы күні Бейімбет Майлиннің «Мәдениет мұралары» атты мақаласы «Еңбекші қазақ» газетінде жарық көрді. «Мәдениеттің негізгі белгілерінің бірі – өткен заманның мәдениетін тауыса зерттеу, ескі заманнан қалған мәдениет белгілерін, мәдениет мұраларын қорғап, аман сақтау. Мәдениет мұраларын аман сақтау – ғылым үшін керек нәрсе»,- деген Бейімбет Майлин Қожа Ахмет Яссауи кесенесінен бастап Алаша ханның моласына дейінгі ескерткіштерді зерттеп, қамқорлыққа алуды ұсынады. Міне, «Рухани жаңғыруға» өзек болған тарихи орындар осыдан тоқсан жыл бұрын Бейімбеттің аузынан айтылыпты.

Сәкен Сейфуллин шығармашылығы жайлы Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің доценті, гуманитарлық ғылымдар кафедрасының жетекші ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының кандидаты Мұхит Әбікенов сөз қозғады

– Қазір Сәкен Сейфуллин туралы даңқ пен дақпырт астасып жатқан уақыт. Сондықтан көбінесе жастар дақпыртқа иланып қалуы мүмкін. Сәкен Сейфуллин жөнінде және оның игі істері тұрғысында айтқанда Тұрсынбек Кәкішев, Дихан Хамзабекұлы, Амантай Кәкен сынды әдебиетші ғалымдардың еңбегіне еріксіз тоқталамыз. Жалпы алғанда, Сәкен қазақ еліне деген сүйіспеншілігі мол, қазақ жеріне өлшеусіз еңбек сіңірген азамат, қайраткер ретінде біздің және келер ұрпақтың есінде мәңгі қала береді. 1920 жылдың күзінде алғаш Қазақ автономиялық республикасы құрылғанда, Халық комиссарлар кеңесінің төрағасына мәскеулік Радус Зенькович, содан кейін аты көп айтыла бермейтін Мырзағали сайланса, 1922 жылдың қазан айынан 1924 жылдың соңына дейін қазақ еліндегі үкіметті басқарған адам Сәкен Сейфуллин болды, — деді Мұхит Әбікенов.

Қазақ кеңес әдебиетінің аса ірі қайраткерлерінің бірі Ілияс Жансүгіров — барлық негізгі жанрларға қалам тербеген тұлға. Әсіресе поэзия жанрын дамытуға қосқан үлесі зор. Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің доценті, филология ғылымдарының кандидаты Айымгүл Хамзақызы «Ілияс Жансүгіров лирикасындағы ұлттық болмыс пен тарихи тағдыр» тақырыбында әңгіме өрбітті.

Конференциядан соң «Ұлт руханияты және қазақ әліпбиі» атты секция жұмысын бастап, латын қарпі негізіндегі жаңа қазақ әліпбиінің маңыздылығы жайында айтылды.

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ, «Семей таңы»

ШҚО Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының тапсырысы негізінде дайындалды{jcomments off}

Ұқсас жаңалықтар

Дәл барлау – дәл соққының кепілі

23.07.2026
Дәл барлау – дәл соққының кепілі

Абай гарнизонындағы 28738 әскери бөлімінде жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес мамандық бойынша дайындық сабақтары үздіксіз жүргізілуде. Дайындық барысында әрбір әскери қызметші...

Толығырақ...Details

Абай облысында жол ережесін бұзудың 2200-ден астам дерегі анықталды

23.07.2026
Абай облысында жол ережесін бұзудың 2200-ден астам дерегі анықталды

Абай облысында 11–19 шілде аралығында «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті. Оның негізгі мақсаты – жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жол...

Толығырақ...Details

Қазақстан Республикасының «Прокуратура туралы» Конституциялық заңының 40-бабының тәртібінде ҮНДЕУ

23.07.2026

ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР!   Партиялық тізімдерді тіркеу кезеңінің аяқталуына байланысты бүгін, 2026 жылғы 23 шілде 18 сағат 01 минуттан бастап 2026...

Толығырақ...Details

Қазақстандық қоғамдық даму институты 2026 жылғы 8-20 шілде аралығында еліміздің барлық өңірлерінде – 17 облыста, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларында 1200 респондент арасында телефон арқылы сауалнама жүргізді

23.07.2026
Қазақстандық қоғамдық даму институты 2026 жылғы 8-20 шілде аралығында еліміздің барлық өңірлерінде – 17 облыста, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларында 1200 респондент арасында телефон арқылы сауалнама жүргізді

Зерттеу Қазақстанның 18 жастан асқан ересек тұрғындарының жынысы, жасы, тұрғылықты елді мекен түрі және аймағы бойынша құрылымын көрсететін ұлттық іріктеме...

Толығырақ...Details

Қазақстан Республикасының «Прокуратура туралы» Конституциялық заңының 40-бабының тәртібінде

23.07.2026

ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР! Партиялық тізімдерді тіркеу кезеңінің аяқталуына байланысты бүгін, 2026 жылғы 23 шілде 18 сағат 01 минуттан бастап 2026 жылғы...

Толығырақ...Details

КОНСТИТУЦИЯ – ҚАҒАЗДАҒЫ ЗАҢ ҒАНА ЕМЕС, ӨМІР СҮРУ МӘДЕНИЕТІ

23.07.2026
КОНСТИТУЦИЯ – ҚАҒАЗДАҒЫ ЗАҢ ҒАНА ЕМЕС, ӨМІР СҮРУ МӘДЕНИЕТІ

Биыл Қазақстан жаңа Конституция жағдайында өмір сүріп жатқан мемлекет ретінде дамудың кезекті кезеңіне қадам басты. Конституция – бұл тек заңгерлерге...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Дәл барлау – дәл соққының кепілі

14 часов бұрын

Абай облысында жол ережесін бұзудың 2200-ден астам дерегі анықталды

14 часов бұрын

Қазақстан Республикасының «Прокуратура туралы» Конституциялық заңының 40-бабының тәртібінде ҮНДЕУ

14 часов бұрын

Қазақстандық қоғамдық даму институты 2026 жылғы 8-20 шілде аралығында еліміздің барлық өңірлерінде – 17 облыста, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларында 1200 респондент арасында телефон арқылы сауалнама жүргізді

15 часов бұрын

Қазақстан Республикасының «Прокуратура туралы» Конституциялық заңының 40-бабының тәртібінде

15 часов бұрын

КОНСТИТУЦИЯ – ҚАҒАЗДАҒЫ ЗАҢ ҒАНА ЕМЕС, ӨМІР СҮРУ МӘДЕНИЕТІ

15 часов бұрын

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – ЖАҢА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ МӘДЕНИЕТІ

15 часов бұрын

АДАЛ АЗАМАТ – ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТІРЕГІ

15 часов бұрын

ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР КҮШЕЙТІЛДІ

15 часов бұрын

Семейдегі сауда нысандары жаңарып жатыр: облыс әкімі тапсырмалардың орындалуын тексерді

7 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС