"Семей таңы" газеті
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Таным
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Таным
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Даниал АХМЕТОВ: ТҰРАҚТЫ ДАМУДЫҢ АЙҚЫН КӨРІНІСІ БАР

21.02.2020
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Апта сәрсенбісі, ақпанның 19-ы күні Өскемен қаласында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовтің аймақтың 2019 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша есеп беру кездесуі өтті. Дәстүрлі жиында аймақ басшысы өткен жылы облыс бойынша атқарылған істерді қорытындылай келе, кеңінен талдау жасай отырып алдағы жоспарларды да таныстырды.

Ауылдық медицинаны дамыту ерекше назарда

Аймақ басшысы алдымен Шығыс Қазақстан облысы бойынша медицина саласында қолға алынған шараларға тоқталып өтті. Даниал Кенжетайұлының айтуынша, соңғы үш жыл ішінде аймақтың медициналық ұйымдарына 22 млрд теңгенің инвестициясы тартылған.

— Халықаралық стандарттарға сәйкес келетін 1 мыңнан астам заманауи құрал-жабдықтар сатылып алынды. Осылайша, жоғары технологиялық медициналық техниканың көлемі 2,5 есеге артты, диагностикалау мен емдеудің 130 мыңнан астам жаңа әдістері пайда болды, — деді аймақ басшысы.

Облыс әкімі Даниал Ахметов халық алдында есеп беру барысында денсаулық сақтау саласындағы 2020 жылға арналған жоспарлармен де таныстырды.

Бүгінде роботохирургия және трансплантология, политравма, ортопедия орталықтары, гибридті ота жасау, III деңгейдегі инсульт орталығы, Алтай мен Аягөз қалаларында II деңгейдегі инсульт орталықтары ашылып, табысты жұмыс істеуде, — деп атап өткен аймақ басшысы мекемелерді JCI халықаралық «алтын стандартына» сай аккредиттеу жүргізіліп жатқанын да айтты. Соның аясында өңірдің жетекші клиникалары мен бес қазақстандық ҒЗИ арасында ынтымақтастық туралы меморандум жасалған.

Сапалы медицина қызметі дәрігерлер біліктілігіне тікелей байланысты екені рас. Бүгінгі таңда 5,5 мың маман біліктілігін арттырды. Оның ішінде 276 – сы Ұлыбритания, Германия, Жапония, Италия, Польша, Литва және Израиль клиникаларында тәжірибеден өтті. Дәрігерлерді үш деңгейлі оқыту бағдарламасы осы жылы да жалғасады. Бірақ мамандар енді үш айдың орнына бір жылға дейінгі мерзімде шетелде біліктіліктерін арттыратын болады.

— Қабылданған шаралар медициналық қызметтердің сапасын жақсартуға және диагностикалау мен емдеудің 130-дан астам жаңа әдістерін енгізуге мүмкіндік берді. Онкологиялық ауруларды ерте кезеңде анықтау 6%-ға артты, нәресте өлімі 28%-ға, қан айналымы жүйесі аурулары 7%-ға, туберкулез 66%-ға төмендеді. Биыл денсаулық сақтау ұйымдарын жаңғыртуды жалғастырамыз, дәрігерлерді тұрғын үймен және көтерме жәрдемақымен қамтамасыз етеміз. Бұл облыстың денсаулық сақтау саласында сапалы өзгерістер жасауға мүмкіндік береді,- деді осы ретте аймақ басшысы Даниал Ахметов.

Аймақтың елді мекендерінде, бекітілген стандарттарға сәйкес, алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін мекемелер толық көлемде жабдықталған.

Даниал Ахметов атап өткендей, бұл салада жүзеге асырылатын жұмыстар ауылдағы медициналық көмек көрсету сапасын жақсартуға бағытталатын болады. Аудан орталықтарында тоғыз перзентхана үйін екінші деңгейге дейін қайта жабдықтау және Аягөз бен Алтай қалаларында кардиоорталықтар ашу жоспарлануда.

Әлеуметтік көмек беру мақсатында қомақты қаражат бөлінеді

ШҚО-да аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан балалар ерекше бақылауға алынған. Облыс әкімі Даниал Ахметов тұрғындар алдындағы есебінде аймақ бойынша аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға қандай әлеуметтік қолдау көрсетілетінін де айтты.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы көпбалалы аналар үшін бірыңғай әлеуметтік көмек 70 мыңнан 140 мың теңгеге, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек үш есеге ұлғайтылды, тұрғын үйге бастапқы жарна субсидияланды. Сонымен қатар баспанамен қамтамасыз етудің кезеңдік бағдарламасы жұмыс істеуде. Өткен жылы кезекте тұрған 1763 отбасының 523-і қоныс тойын тойлады. Биылғы жылдан бастап 2022 жылға дейін үш кезеңмен кезектілікті жою жоспарлануда.

Ағымдағы жылы атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа форматы сәтімен іске асырыла бастады. Негізгі қағидат, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында баса айтылғандай, ашықтық, әділдік және еңбекке деген ынтаны арттыру болып табылады.

Өткен жылы көпбалалы және аз қамтылған отбасыларды қолдауға 2,1 млрд теңге бөлінді. Ағымдағы жылы, атаулы әлеуметтік көмекті қоспағанда, 3,7 млрд теңге қарастырылған.

Даниал Ахметовтің айтуынша, биылғы жылы арнайы облыстық бағдарлама аясында 3764 бала балабақшаларға тегін барады, осы санаттағы барлық балалар мектептерде тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілген. Сонымен қатар аймағымыздағы жоғары оқу орындары мен колледждерде білім алу үшін 1747 грант бөлінді.

Кезекте тұрғандар қатарынан 523 көпбалалы отбасы үйлер мен пәтерлер алды. Тұрғын үйге кезекте тұрған осы санаттағы азаматтарды алдағы үш жылда баспанамен толықтай қамтамасыз ету көзделіп отыр. Сонымен қатар биыл қоғамдық көлікте жеңілдікпен жүру үшін 21,5 мың балаға облыстық бюджеттен 418 млн теңге бөлінді.

Аймақ басшысы есептік кездесу барысында қала және аудан әкімдеріне, сондай-ақ білім, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармаларына көпбалалы отбасыларға уақтылы кепілді әлеуметтік қолдау көрсетуді тапсырды. Сондай-ақ масылдыққа қарсы шараларды қолға алуды нақтылады.

Соя мен жүгері алқабының көлемі артпақ

Есеп беру жиынында облыс басшысы Даниал Ахметов аймағымыздағы аграрлық сектордың даму барысы туралы да тұшымды деректермен бөлісе отырып, кеңінен тарқатып айтты.

Жалпы, тоқталар болсақ, Шығыс Қазақстан облысы сүт, бал, панта, майлы дақылдар өндірісі бойынша республикада бірінші, ал ет өнімі бойынша екінші орынды иеленеді.

Бұл ретте аймақ басшысы өткен жылы ауыл шаруашылығын қолдау мен дамытуға жалпы сомасы 31 млрд теңге субсидия бөлінгенін еске салды.

Осыған орай, бұл қаражаттың барынша ұтымды пайдаланылуын қамтамасыз ету қажет. 2015-2019 жылдар аралығындағы сүтті мал шаруашылығын дамыту бағдарламасы аясында салынған инвестиция жергілікті халықтан сүт сатып алудың ақшалай эквивалентін 17 есеге, табиғи көрсеткішін 13 есеге арттырды. Бұл саладағы көрсеткіш 3,7 мың тоннадан 48,4 мың тоннаға артқан. Соңғы бес жылдың ішінде аймағымызда орын тепкен қайта өңдеу кәсіпорындарының қуаты 29%-дан 75 %-ға өсті.

Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың негізгі бағыты — егін шаруашылығынан экспортқа негізделген өнім алуға өту.

Соя мен жүгері өндірісі облыс үшін стратегиялық маңызға ие. Өңір басшысы 2024 жылға дейін егістік алаңдары 4,2 есеге, жалпы өнім 6,5 есеге, өнім экспорты 1,5 мың тоннадан 15 мың тоннаға, яғни он есеге артатынын айтты. Бұл орайда Үржар ауданы көш басында келе жатыр.

Цифрлы технологияның тиімділігі зор

ШҚО әкімі Даниал Ахметов цифрлы технологияларды пайдалану есебінен жүргізілетін мемлекеттік басқаруды арттырудың маңызы жайлы да айтты.

Аймақ басшысы былтыр Бірыңғай мекемеаралық жағдаят орталығы іске қосылғанын жеткізді. Оның ұтымды тұсы ақпараттық жүйелердің өзара әрекетіне кешенді тоқталатынында. Орталық жол қозғалысы қауіпсіздігін, қоғамдық тәртіпті, төтенше жағдай және коммуналдық қызметтің жұмыстарын қамтамасыз етеді. Оның құрылымына жағдаяттық және инвестициялық орталықтар, «Сергек» фото-видео жүйесі қосылған жедел ақпарат орталығы, «109» қызметінің «Қоғамдық тәртіп» бейнебақылау жүйесі, «112» бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызметі кіреді. Осы орталықтардың арқасында үш мыңнан аса көрсеткіштер жиналып, 20 жүйеаралық интеграция ұйымдастырылды.

Мұнымен қоса Қоғамдық қабылдау базасында азаматтардың сауалнамасын қабылдау бойынша бірыңғай қызметтер платформасы жұмыс істейді. SMS-хабарландыру арқылы бағалау жүйесі енгізілген.

Тұрғылықты азаматтардың ыңғайлы-лығы үшін аймағымыздағы ірі екі шаһар — Өскемен мен Семей қалаларындағы инженерлік-байланыс инфрақұрылымы көрсетілген бос жерлердің электронды картасы дайындалды. Риддер мен Шемонайха, Зайсан, Аягөз, Алтай және Серебрянск сынды шағын қалалардың карталары ресмилендірілді.

Туризм саласының тынысы кеңеюде

ШҚО-да туризмді дамытуға ерекше көңіл бөлініп келеді, аймағымыздың табиғат ерекшелігі мен бірегей тарихи-мәдени мұрасы бұған мүмкіндік береді.

Облысымыздағы Алакөл аймағы Қазақстанның туристік нысандарының ТОП ондығына кіреді. Кейінгі жылдары аталған туристік аумақты дамытуға бағытталған шаралар аймақ басшысының тікелей назарында тұр. Соңғы үш жылда Алакөл демалыс орнының инфрақұрылымын салуға, абаттандыруға бюджеттен 6,3 млрд теңге қаражат бөлінді.

Жалпы, алдағы төрт жылда 20 млрд теңгеге тағы 6 ірі инфрақұрылымдық жобаны іске асыру жоспарланып отыр.

Биыл Үржар ауылындағы әуежайдың ұшу-қону жолағын қайта жаңарту, Алакөл жағалауына су құбыры желілерін, электр желілерін тарту жұмыстары басталады.

Бұл туралы облыс әкімі Даниал Ахметов тың деректер келтіре отырып, толықтай баяндады. Туризмді дамытуда сонымен қатар Катонқарағай ұлттық паркі және Рахман қайнары, Глубокое ауданы мен Риддер қаласының тау шаңғы кластері, Бұқтырма су қоймасы негізгі орындар болып табылады. Аталған нысандар бойынша жол картасы әзірленеді.

Бұл салада басты назар облыстың тарихи-мәдени мұрасын зерттеуге және сақтауға бағытталатыны белгілі.

Облыс әкімі Даниал Кенжетайұлы Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойы аясында Абай ауданы мен Семейде ауқымды іс-шаралар өткізу жоспарланып отырғанына да баса тоқталды. Бұл ретте барлығы 184 іс-шара өтетін болады. Оның ішінде 24-і халықаралық, 21-і республикалық деңгейде болса, 139-ы облыс көлемінде өтеді деп жоспарлануда.

Әріптестік аясындағы ірі жобалар

Аймағымызда мемлекеттік-жекеменшік әріп-тестік аясында 267 жоба жүзеге асырылуда. Шығыс Қазақстан облысы мемлекеттік-жекеменшік серіктестіктермен жасалған шарттар саны жөнінен еліміз бойынша бірінші орында. Мұндай ынтымақтастық аясында қазір 222 млрд теңгеге 267 жоба жүзеге асырылып келеді.

Мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында 112 балабақшаға, сонымен қатар 24 колледжде мамандар дайындауға мемлекеттік тапсырыс берілген. Өскеменнің 33 мектеп асханаларына жаңғырту жүргізілді.

Семей қаласында екі балабақша пайдалануға берілсе, облыс орталығында 1340 орындық үш балабақша құрылысы жалғасуда.

Өткен жылдың елеулі бір жаңалығы — «БРК-Лизинг» компаниясымен ынтымақтастық аясында Семей қаласында жергілікті өндірушілерден 170 автобус сатылып алынып, электронды билеттеу жүйесі іске қосылды. Дәл осындай жұмыстарды алдағы уақыттарда Өскеменде де жүргізу жоспарланған.

Еуропалық қайта құру және даму банкі желісімен инвестиция тарту мақсатында 302 млрд теңгеге 102 кредиттік жоба портфелі қалыптасты. Қазіргі уақытта 75 млрд теңгеге 12 жобаның алдын ала келісімшарты бекітілді.

Семей мен Өскемен қалаларында 21 млрд теңге сомасында жылу және сумен қамту жүйесінің 4 жобасы сәтті жүзеге асып келеді.

Өскемен мен Семейде, аудан орталықтарында 10 млрд теңгеге көшелерді жарықтандыру жүйесін модернизациялау жүргізілуде. Осы екі қаладағы қатты-тұрмыстық қалдықтарды көму көлемін азайтуға мүмкіндік беретін қалдықтарды кешенді қайта өңдеуге интеграцияланған полигондар құрылысын бастау жоспарланған.

Жалпы, ШҚО-да тұрғындарды баспанамен қамту мәселесін шешу үшін алдағы екі жылда тұрғын үй құрылысының көлемі екі есеге артады. Ол үшін 730 мың шаршы метр тұрғын үй салуға жобалық-сметалық құжаттама әзірлеу жұмыстары басталды. Биылғы жылы 480 мың шаршы метр тұрғын үй салу жоспарлануда.

Сонымен қатар ШҚО әкімі Даниал Ахметов ағымдағы жылы аймақта он әлеуметтік нысан салынатынын атап өтті. Биыл Семей өңірі ерекше назарда болмақ. Атап айтсақ, Абай ауданы Қарауыл ауылында 300 орындық мектеп салынып, Семей қаласының 2020-2025 жылдарға арналған даму жоспарына сәйкес, 56 жоба іске асырылатын болады.

Сапалы ауыз сумен қамту жалғасады

Биыл ШҚО-да ауыл халқының 80%-ы сапалы ауыз сумен қамтамасыз етіледі. Облыс әкімі Даниал Ахметов ШҚО тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету бағытында атқарылған және болашақта жүзеге асырылатын жұмыстар туралы да тұшымды мәліметтермен бөлісіп, тарқатып айтып берді. Атап айтсақ, өткен 2019 жылы қолға алынған 69 жоба бойынша 18 нысан қолданысқа берілген. Соның нәтижесінде 2015 жылдан бері ауылдық елді мекендерді ауыз сумен қамту көрсеткіші 42%-дан 67%-ға дейін өсті. Сонымен қоса 77 шағын ауылда су тазарту және тарату блок-модульді станциялары орнатылды.

Биыл 30 сумен қамту және су тарту нысанын қолданысқа беру, сонымен қатар 50 шағын ауылда суды тазарту және тарату блок-модульді станцияларын орнату жоспарланып отыр.

Аймақ басшысы Даниал Ахметов атап өткендей, 2020 жылы орталықтандырылған ауыз су жүйесімен қамтамасыз етілетін ауылдардың үлесі 76,5% болса, сапалы ауыз суға қолы жеткен ауыл тұрғындарының үлесі 81% болады.

Биыл 480 шақырым жол жөнделеді

Облыс тұрғындары алдындағы есептік кездесуінде аймақ басшысы Даниал Ахметов жол-көлік инфрақұрылымының жағдайын жақсарту жайлы да айтты.

Облыс әкімі автокөлік жолдарын жөндеуге және күтіп ұстауға 64,4 млрд теңге қаржы бөлінгенін жеткізді. Жобаларды жүзеге асыру нәтижесінде сапасы жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі 81%-ға дейін артқан.

Облыс әкімі өңірдің жол-көлік инфрақұрылымын жақсарту ең әуелі адамдардың өмір сүру сапасын арттыру және оларға жайлы жағдай туғызудың басты шарттары екенін атап өтті. Биыл аталған салаға 102,8 млрд теңге инвестиция салынады, оның 82,3 млрд теңгесі республикалық маңыздағы жолдарға, Талдықорған – Қалбатау — Өскемен және Қалбатау — Майқапшағай, 20,5 млрд теңгесі облыстық, аудандық маңыздағы және елді мекендердің ішіндегі көше жолдарына бөлініп отыр.

Өңірде халықаралық қаржы институттарының инвестицияларын тартуға қатысты жұмыстар белсенді жүргізілуде. МЖӘ шарттарының саны бойынша аймағымыз Қазақстанда 1-ші орында. Облыста 222 млрд-тан астам теңгеге 267 жоба жүзеге асырылуда. Еуропалық қайта құру және даму банкімен 75 млрд теңгеге он екі жоба бойынша шарттар мен алдын ала келісімдер жасалды. Өскемен және Семей қалаларын жылу, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін жаңғырту бойынша төрт жоба іске асырылуда.

Қалалардың, сондай-ақ аудан орталықтарының көше жарықтары жүйесін жаңғырту жүргізілуде. Естеріңізге сала кетейік, жақында ЕҚДБ-мен Өскемен және Семей қалаларында қалдықтарды өңдеудің интеграцияланған кешендері мен жаңа санитарлық полигондар салу туралы келісімге қол жеткізілді. Облыс бойынша 397 шақырым автокөлік жолы мен 83 шақырым көше жолдарына орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Сонымен қатар Семей — Қайнар, Өскемен – Алтай — Рахман қайнары, Аягөз – Тарбағатай — Боғас көлік жолдарына жөндеу жүргізіледі.

Қазіргі уақытта 10,3 млрд теңгеге Өскемен қаласының әуежайын, 4,7 млрд теңгеге Үржар ауылының әуежайын қайта жөндеуден өткізу жұмыстары басталды.

Бұған қоса ағымдағы жылы Күршім ауданындағы Бұқтырма су қоймасы арқылы салынатын көпірдің құрылысына қатысты мәселе шешілетін болады.

Білім беру саласы қарқынды дамып келеді

Халық алдындағы есеп беру жиынында ШҚО әкімі Даниал Ахметов облыстағы білім беру мекемелерінің материалдық-техникалық базасын және сандық инфрақұрылымын жақсарту, педагогтердің мәртебесін арттыру туралы айтты.

Аймақ басшысы атап өткендей, қазіргі таңда үш ауысымдағы және апатты жағдайдағы мектептер мәселесі толық шешілген. Биылғы жылы 129 мектепке жөндеу жұмыстарын жүргізу қарастырылған, ал 2023 жылға дейін 5,5 мың орындық 7 мектептің құрылысын салу жоспарланған.

Облыстың барлық жалпы орта білім беретін мекемелері IT-сыныптармен жабдықталған. Ерекше қажеттіліктері бар балаларды оқыту үшін ағымдағы жылы 900 педагог курстан өтеді, 19 ғимарат бейімделеді, 395 мектепке қажетті жабдықтар сатылып алынады.

Техникалық және кәсіптік білім беру бағытында да оң өзгерістер бар. Үш жетекші колледж базасында құзыреттілік орталықтары құрылды, солардың бірі — KazMinerals компаниясымен бірлесіп тау-кен саласы мамандары даярланады.

Ағымдағы жылдан 2022 жылға дейін Ресей Федерациясы Чукотск автономиялық округінің «Баимское» кен орнында KazMinerals компаниясында жұмыс істеу үшін 4 мың маманды арнайы оқытудан өткізу болжануда.

Аймақ басшысы Даниал Кенжетайұлы тоқталып өткен тағы бір жайт – білім саласында да әртүрлі жобалар жүйелі түрде іске асырылуда. Шығыс Қазақстан — «Менің мектебім» жобасы бойынша облыстың 648 мектебін IT-сыныптармен жабдықтаған жалғыз облыс. Оқушылар робототехника, 3D-модельдеу және бағдарламалау бойынша тегін білім алады. Бүгінде тереңдетілген жаңа бағдарламаны енгізуге байланысты жұмыстар жүргізілуде, оған Python тілінде Arduino Uno платформасы бағдарламалау бөлімдері кірді. Бұл үшін биылғы жылдың қыркүйегіне дейін шағын жинақталған мектептерден 600 мұғалім оқу курсынан өтеді. 2019 жылы 3 мектеп пен 2900 орынға шақталған қосымша мектеп ғимаратының құрылысы аяқталды.

Ағымдағы жылы Абай ауданында, Өскемен, Семей және Риддер қалаларында жалпы саны 5500 орындық жеті мектептің құрылысы жоспарланған. «Білікті маман» жобасы аясында үшінші жыл қатарынан өңірге қажетті мамандарды оқыту үшін жоғары оқу орындарына облыс әкімінің гранттары бөлініп келеді. Нәтижесінде соңғы үш жыл ішінде түлектердің шетелдің жоғары оқу орындарына кетуі 1800-ден 535 адамға, яғни үш есеге төмендеді. 2020 жылы МЖӘ шеңберінде колледждерге арналған бес жатақхананың құрылысы басталады.

Аймақ басшысы Даниал Кенжетайұлы қорытынды сөзінде Шығыс Қазақстан облысы әлеуметтік саладағы жүйелі жобаларды іске асыруды жалғастыра отырып, тұрақты экономикалық даму траекториясында қалып отырғанын жеткізді.

Қуаныш ЖОЛЫМБЕТ, «Семей таңы»{jcomments off}

 

 

Ұқсас жаңалықтар

Семей қаласының әкімдігі екі айлық санитарлық тазалау жұмыстарын өткізу туралы хабарлады

29.03.2023
Семей қаласының әкімдігі екі айлық санитарлық тазалау жұмыстарын өткізу туралы хабарлады

Қала әкімдігінің 2023 жылғы 28 наурыздағы «Қалада көркейту, көгалдандыру және санитарлық тәртіп орнату жөніндегі санитарлық-экологиялық екі айлықты өткізу туралы» қаулысына...

Толығырақ...

Асхат Аймағамбетов мәжілісте комитет төрағасы болып сайланды

29.03.2023
Асхат Аймағамбетов мәжілісте комитет төрағасы болып сайланды

Мәжіліс депутаттары төменгі палатаның тұрақты комитеттерінің төрағаларын сайлады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Мәжілістің пленарлы отырысында тұрақты комитеттердің саны мен атауы қаралып,...

Толығырақ...

-22 градус аяз күтіледі: алдағы күндері ауа райы қандай болады?

29.03.2023
-22 градус аяз күтіледі: алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Синоптиктер 30 наурыз - 1 сәуірде ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Болжам бойынша, республиканың басым...

Толығырақ...

Экономика әлі күнге дейін пайдалы қазбаларға тәуелді болып отыр — Президент

29.03.2023
Экономика әлі күнге дейін пайдалы қазбаларға тәуелді болып отыр — Президент

Мемлекет басшысы Үкімет пен Парламентке геологиялық барлау және кеніштерді игеру ісіне инвестиция тартып, салаға қатысты нақты шаралар әзірлеуді тапсырды деп...

Толығырақ...

Ерлан Қошанов Мәжіліс төрағасы болып қайта сайланды

29.03.2023
Ерлан Қошанов Мәжіліс төрағасы болып қайта сайланды

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілістің жалпы отырысында палата Төрағасы лауазымына Ерлан Қошановтың кандидатурасы ұсынылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Атап айтқанда, ҚР Конституциясы...

Толығырақ...

Ақтөбедегі пәтерлердің бірінен анасы мен ұлының мәйіті табылды

29.03.2023
Ақтөбедегі пәтерлердің бірінен анасы мен ұлының мәйіті табылды

Ақтөбедегі пәтерлердің бірінен 2 адамның мәйіті табылды. Оның бірі анасы екіншісі 16 жастағы ұлы деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Ішкі істер министрлігі...

Толығырақ...

Жаңалықтар

Семей қаласының әкімдігі екі айлық санитарлық тазалау жұмыстарын өткізу туралы хабарлады

3 часа бұрын

Асхат Аймағамбетов мәжілісте комитет төрағасы болып сайланды

7 часов бұрын

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың VIII сайланған Парламенттің бірінші сессиясының ашылуында сөйлеген сөзі

8 часов бұрын

-22 градус аяз күтіледі: алдағы күндері ауа райы қандай болады?

9 часов бұрын

Экономика әлі күнге дейін пайдалы қазбаларға тәуелді болып отыр — Президент

9 часов бұрын

Ерлан Қошанов Мәжіліс төрағасы болып қайта сайланды

9 часов бұрын

Ақтөбедегі пәтерлердің бірінен анасы мен ұлының мәйіті табылды

9 часов бұрын

Мәжілістің 8-сайланым депутаттары ант берді: Олар кімдер

9 часов бұрын

Президент Премьер-министр кандидатурасын кім ұсынатынын айтты

9 часов бұрын

Cайлау нәтижесін алдын-ала болжау мүмкін емес болды – Президент

9 часов бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:
Ләйла Еділқызы Тілеубаева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Таным
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС