"Семей таңы" газеті
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

МӘДЕНИ НЫСАНДАР КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУДЕН ӨТУДЕ

16.06.2020
1
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына дайындық жұмыстары Семей қаласында қызу қарқынмен жүріп жатыр. Қаладағы ұлы ақын есімін иеленген алаң мен кітапхана, театр мен музей күрделі жөндеуден өтуде. Жаңа мешіт те халық игілігіне осы жылы берілмек.

Хакім мерейтойына орай, қаламыздағы бірнеше нысан жаңа келбетке енбек. Абай алаңы толығымен өзгеріп, аумағы ұлғайтылып, тағы бір субұрқақ салынады. Жиек тастар толығымен жаңартылып, ескі асфальт төсемі мәрмәр тасқа ауыстырылады. Аймақ басшысы Семейге келген сапарында алаңды кеңейту мақсатында Абай ескерткішінің орнын ауыстыруды, өткен жазда қойылған ағаш мүсіндерді алып тастап, балабақшаларға беруді ұсынған болатын. Бүгінде аталған мүсіндер алынып тасталған.

Қазіргі күні Абай театрының сыртқы қаптамасы тарихи қасбеті сақтала отырып жаңартылуда. Көрермендер залындағы жөндеу жұмыстары да аяқталуға жақын. Мұндағы түстердің реңін өзгерту жоспарлануда.

— Театрдың іші мүлдем басқа кейіпке енеді. Екінші қабаттың фойесін де басқаша жасамақшымыз. Көрермендер залы, баспалдақтар қайтадан жаңартылып жатыр. Ұлы Абайдың мерейтойына арналған шарада театр әртістері жаңаланған сахнаға шығады. Сахна сыртына да жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Киім ауыстыратын, дайындық бөлмелері, ғимараттың әкімшілік қабаты – бәрі де жөнделеді. Облыс әкімі Даниал Ахметов театр ішіндегі түс пен бояуды таңдауда өте мұқият болуға кеңес берді. Театр аумағын да абаттандырамыз, – дейді театр басшысы Яков Горельников.

Абай музейінің де сыртқы қаптамасы жаңартылуда. 12 жыл бұрын салынған асфальт төсемі ауыстырылады. Облыс әкімі Даниал Ахметовтің тапсырмасымен ғимарат алдына Абай мен ұлдарына арналған жаңа ескерткіш қойылмақ.

Орталық саябақтағы жөндеу жұмыстары да ақын мерейтойына дейін аяқталады деп жоспарлануда. Саябақ іші кеңейіп, заманауи келбетке ие болмақ.

Абай кітапханасында да жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Қазір ғимараттың сыртқы келбеті жаңартылуда.

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ, «Семей таңы»{jcomments off}

Ұқсас жаңалықтар

Мақаншыдағы шекара басқармасында сарбаздарды шығарып салу және қарсы алу рәсімі өтті

11.09.2025
Мақаншыдағы шекара басқармасында сарбаздарды шығарып салу және қарсы алу рәсімі өтті

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Абай облысы бойынша департаментіне қарасты Мақаншы ауданы бойынша шекара басқармасында ерекше рәсім өтті. “Күз-2024” шақырылымымен әскери...

Толығырақ...Details

Семейдегі №35 мектепте «Абай кітапханасы» ашылды: 60 мың кітап оқушыға қолжетімді

11.09.2025
Семейдегі №35 мектепте «Абай кітапханасы» ашылды: 60 мың кітап оқушыға қолжетімді

Semeytany.kz - Семей қаласындағы №35 жалпы білім беретін мектепте заманауи «Абай кітапханасы» пайдалануға берілді. Жоба облыс әкімі Берік Уәлидің үндеуіне...

Толығырақ...Details

Абайда 40 ауыл мектебі TopIQ-Mobil Box-пен қамтылады

11.09.2025
Абайда 40 ауыл мектебі TopIQ-Mobil Box-пен қамтылады

Semeytany.kz - Білім беруді цифрландыру міндеттеріне сай Абай облысындағы 40 ауылдық мектепке TopIQ-Mobil Box мобильді станциялары беріледі. Кездесу барысында «Алматыкітап»...

Толығырақ...Details

Алакөлдегі келесі шомылу маусымына дайындық бүгіннен басталуы тиіс — Берік Уәли

11.09.2025
Алакөлдегі келесі шомылу маусымына дайындық бүгіннен басталуы тиіс — Берік Уәли

Semeytany.kz - Абай облысында туризмді дамыту жөніндегі кеңесте аймақ басшысы Берік Уәли Алакөлдегі келесі шомылу маусымына әзірлікті қазірден бастап, биыл...

Толығырақ...Details

Семейде ЖЭО-3 құрылысы бойынша келіссөздер өтті

11.09.2025
Семейде ЖЭО-3 құрылысы бойынша келіссөздер өтті

Semeytany.kz - Абай облысының әкімі Берік Уәли «Самұрық-Энерго» АҚ басқарма төрағасы Қайрат Мақсұтовпен кездесіп, Семей қаласында үшінші жылу электр орталығын...

Толығырақ...Details

Абай ауданында тұрғын үй мәселесін шешу жұмыстары жалғасып жатыр

11.09.2025
Биыл «Семей – Қарауыл» жолының 20 шақырымы жөнделді

Абай ауданында тұрғын үйге қолжетімділікті арттыру бағытындағы жұмыстар жалғасуда. Аудан әкімі Мейіржан Смағұловтың мәліметінше, 2020 жылдан бері 208 тұрғын жаңа...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Мақаншыдағы шекара басқармасында сарбаздарды шығарып салу және қарсы алу рәсімі өтті

1 день бұрын

Семейдегі №35 мектепте «Абай кітапханасы» ашылды: 60 мың кітап оқушыға қолжетімді

2 дня бұрын

Абайда 40 ауыл мектебі TopIQ-Mobil Box-пен қамтылады

2 дня бұрын

Алакөлдегі келесі шомылу маусымына дайындық бүгіннен басталуы тиіс — Берік Уәли

2 дня бұрын

Семейде ЖЭО-3 құрылысы бойынша келіссөздер өтті

2 дня бұрын

Абай ауданында тұрғын үй мәселесін шешу жұмыстары жалғасып жатыр

2 дня бұрын

Абай ауданында өнеркәсіптің дамуына серпін беретін жобалар іске қосылды

2 дня бұрын

Биыл «Семей – Қарауыл» жолының 20 шақырымы жөнделді

2 дня бұрын

Абай облысында Президент Жолдауын жүзеге асыру жолдары талқыланды

2 дня бұрын

Балаларды қорғау: Семейде тұрмыстық зорлықтың алдын алу бойынша оқыту өтті

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС