"Семей таңы" газеті
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ДЕНСАУЛЫҒЫҢЫЗ ӨЗ ҚОЛЫҢЫЗДА

09.02.2021
3
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

4 ақпан — Дүниежүзілік обырға қарсы күн. Осы күні Семей қаласының Ядролық медицина және онкология орталығында дөңгелек үстел өтіп, обырдың алдын алу жолдары жайлы айтылды.

Бүгінгі күні Семей өңірінде қатерлі ісік ауруларының таралу деңгейі жоғары. Жыл сайын семейлік дәрігерлер 1500-ге жуық онкологиялық патологияның жаңа жағдайларын анықтайды. Мамандар қатерлі ісікке шалдыққандар арасында жастардың үлесі жылдан-жылға көбейіп келе жатқанын айтып дабыл қағуда. Ақ халатты абзал жандар сонымен қатар пациенттердің аурудың асқынған сатысында ғана медициналық көмекке жүгінетініне күйзеліс білдіреді. Орталық қызметкерлерінің мәліметінше, сырқаттардың шамамен 20 %-ы, ал кейбір локализацияларда (бауырдың, ұйқы безінің, бүйректің, өкпенің қатерлі ісігі) 40%-дан астамы онкологтерге аурудың соңғы сатыларында келеді екен.

Орталықтың бізге берген мәліметтеріне сүйенсек, Қазақстанда сүт безі, өкпе, асқазан, жатыр мойны және колоректалды обыр кең таралған. Елімізде жыл сайын қатерлі ісіктің 36 мыңға жуық жаңа жағдайы анықталса, бір жылда 14 мыңға жуық адам қатерлі ісіктен көз жұмады. Бүгінгі күні 180 мыңнан астам қазақстандық диспансерлік есепте тіркелген.

— Өткен жыл медицина қызметкерлері үшін ауыр жыл болды. Коронавирус инфекциясының таралуына байланысты қаламызда көптеген емханалар жабылды. Науқастардың өздері де түрлі себептермен медициналық ұйымдарға бара алмады. Осыған қарамастан, біздің орталық толықтай жұмыс істеді, мамандарымыз күн сайын алғы шепте жүрді. Өкішінке орай, коронавирустың таралуына байланысты көптеген науқастар онкологиялық аурудың соңғы сатыларында ғана біздің көмекке жүгініп жатты. Қыркүйек — желтоқсан айлары аралығында біз ауыр науқастармен ғана жұмыс істедік. Егер пандемия болмаса, олар аурудың алғашқы кезеңінде көмек алатын еді. Осы айлар аралығында біз күн сайын 10-15 ауыр науқастың жағдайын комиссия отырыстарында талқыладық, — деді Семей қаласындағы ядролық медицина және онкология орталығы директорының орынбасары Қуантқан Жабағин.

Қуантқан Жабағиннің айтуынша, қазіргі күні өкпе қатерлі ісігі кең таралып, 30 %-ға дейін артып отыр.

— Қазір өкпе аурулары көп анықталып жатыр. Өкпе қатерлі ісігі белгілі бір уақытқа дейін ешқандай белгі бермейді. COVID-19 инфекциясымен ауырған пациенттер көп күш жоғалтады. Сондықтан олардың көпшілігі өкпенің қатерлі ісігінің дамыған түрімен ауырады. Біз көптеген науқастарды хосписке жібереміз. Олар онда паллиативті ем алады. Бұл — аурудың дамуының осы кезеңінде көмектесе алатын жалғыз әдіс. Орталықта барлық негізгі дәрі-дәрмектер бар. Осы уақытқа дейін дәрі-дәрмек жеткізуде қиындық болған емес. Әрине, кейде қымбат дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етуде мәселелер туындайды. Бірақ, карантин кезінде шекара жабық болғандықтан, біз республикадан тыс жерлерде шығарылатын кейбір дәрі-дәрмектерді ұзақ күттік. Егер керекті дәрі-дәрмек болмаса, пациенттерді емделусіз қалдырмай, әрдайым балама әдісті табуға тырысамыз, — деді Қуантқан Жабағин.

Қуантқан Жабағиннің айтуынша, науқастардың дәстүрлі емес медицинаға жүгінуі сырқатты емдеуде үлкен қиындық туғызып отыр.

— Адам өзінің сырқат екенін, әсіресе қатерлі ісікке шалдыққанын білгенде, өмірге деген құштарлығы төмендейді. Осындай кезде шарасыз күйге түсіп халық емі жайлы жақсы білетін «білімді» адамдардың кеңесіне құлақ түреді. Салдарынан олар дәрігерлерге өте кеш келеді. Бұл біз үшін нағыз эпидемиямен тең. Біздің тәжірибемізде ресми медицинамен бірге дәстүрлі емес емге жүгінген пациент болды. Нәтижесінде ісік тез жайылып, науқас қайтыс болды. Сондықтан тек дәстүрлі медицинаға жүгіну керек, — деді Қуантқан Жабағин.

Дәрігер халыққа міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жайлы ақпарат әлі толық жетпеді деген пікірді.

— Пацинет дәрігердің кеңесін толық орындау үшін оған жеткілікті ақпарат керек. Адам себебін түсінгенде ғана нақты іске көше бастайды. Сондықтан біз, алдымен, пацинетке асықпай бәрін түсіндіреміз. Кейін олар біздің жақын серіктесімізге, досымызға айналып жатады. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға төлем жасаудан әдейі бас тартқан адамдар бар. Бірақ оқыс оқиға туындаса, ақылы қызметтің өте қымбат екенін білгендері дұрыс. Сақтандыру құны орта есеппен жылына 30 мың теңгені құрайды. Сондықтан осы соманы төлеп, сапалы ем алған әлдеқайда тиімді емес пе? Әр адам өз денсаулығын күту мәдениетін қалыптастыруы керек. Адамдар өз денсаулығына жауапкершілікпен қараған сайын, қатерлі ісік ауруларын неғұрлым ерте анықтауға мүмкіндік туады. Емдеу де соғұрлым нәтижелі болады. Жылына бір рет 30-70 жас аралығындағы әйелдерді сүт безі және жатыр мойны обырына, 50-70 жас аралығындағы ерлер мен әйелдерді колоректалды (тоқ ішек) обырға міндетті онкоскрининг өтуге шақырамыз, — деді Қ.Жабағин.

Айта кетейік, Семей қаласының Ядролық медицина және онкология орталығы ШҚО-ның алты ауданының және Семей, Курчатов қалаларының халқына — 613,2 мың адамға қызмет көрсетеді. Орталықта жыл сайын 40 000-нан астам адам ко{jcomments on}{jcomments off}нсультациялық көмек алады.

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ, «Семей таңы»

 

Ұқсас жаңалықтар

Облыс әкімі: Бірінші кезекте апатты мектептердің мәселесін шешуіміз керек

01.07.2025
Облыс әкімі: Бірінші кезекте апатты мектептердің мәселесін шешуіміз керек

Semeytany.kz – Абай облысының әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен өткен әкімдік отырысында білім беру саласындағы өзекті мәселелер кеңінен талқыланды. Жиынға облыстық...

Толығырақ...Details

Абай облысында халықты сумен қамтамасыз ету бойынша 37 жоба жүзеге асырылуда

01.07.2025
Абай облысында халықты сумен қамтамасыз ету бойынша 37 жоба жүзеге асырылуда

Semeytany.kz – Абай облысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, халықты сапалы ауыз сумен қамту бағытындағы жұмыстар жалғасып жатыр. Бұл туралы...

Толығырақ...Details

«Құрт қаптап, ауыл бос қалды»: ШҚО тұрғындары көмек сұрайды

30.06.2025
«Құрт қаптап, ауыл бос қалды»: ШҚО тұрғындары көмек сұрайды

Semeytany.kz – Шығыс Қазақстан облысындағы бірнеше ауылдың тұрғындары көкөніс пен жеміс ағаштарын қырып бара жатқан құрттарға қарсы шұғыл шара қабылдауды...

Толығырақ...Details

Абай облысының жас ұландары «Айбын-2025» халықаралық жиынында топ жарды

30.06.2025
Абай облысының жас ұландары «Айбын-2025» халықаралық жиынында топ жарды

Semeytany.kz – Ақтөбе облысында өткен «Айбын-2025» XI халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынында Абай облысының командалары үлкен жетістікке жетті. Қазақстан Президенті –...

Толығырақ...Details

Облыс әкімі Жанай ауылының тыныс-тіршілігімен танысты

30.06.2025
Облыс әкімі Жанай ауылының тыныс-тіршілігімен танысты

Облыс әкімі Берік Уәли Үржар ауданына жұмыс сапары барысында Жанай ауылында болды. Елдімекенде осы ауылдың тумасы Серікбол Омаровтың жеке қаражатына...

Толығырақ...Details

Үржар ауданының Таскескен ауылында «Ауыл – ел бесігі» фестивалі өтіп жатыр

30.06.2025
Үржар ауданының Таскескен ауылында «Ауыл – ел бесігі» фестивалі өтіп жатыр

Бүгін Үржар ауданының Таскескен ауылында дәстүрлі «Ауыл – ел бесігі» атты мәдени-спорттық фестиваль басталды. Белгілі меценат Талғат Сақанның ұйымдастыруымен, облыс...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Облыс әкімі: Бірінші кезекте апатты мектептердің мәселесін шешуіміз керек

19 часов бұрын

Облыс әкімі жол жөндеу жұмыстарын кешіктірмеуді тапсырды

19 часов бұрын

Облыс әкімі тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

19 часов бұрын

Облыс әкімі Қытай Халық Республикасының Алматыдағы Бас консулымен кездесті

19 часов бұрын

Абай облысында халықты сумен қамтамасыз ету бойынша 37 жоба жүзеге асырылуда

19 часов бұрын

«Құрт қаптап, ауыл бос қалды»: ШҚО тұрғындары көмек сұрайды

2 дня бұрын

Абай облысының жас ұландары «Айбын-2025» халықаралық жиынында топ жарды

2 дня бұрын

Алакөлді дамыту тұжырымдамасы таныстырылды

2 дня бұрын

Облыс әкімі Жанай ауылының тыныс-тіршілігімен танысты

2 дня бұрын

Үржар ауданының Таскескен ауылында «Ауыл – ел бесігі» фестивалі өтіп жатыр

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС