"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

МАЙДАНГЕРЛЕРДІҢ НЕМЕРЕЛЕРІ СЕМЕЙДЕ КЕЗДЕСТІ

06.04.2021
МАЙДАНГЕРЛЕРДІҢ НЕМЕРЕЛЕРІ СЕМЕЙДЕ КЕЗДЕСТІ
13
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

 

Семейге Ямало-Ненецк автономиялық округі үкіметінің қолдауымен «Ямал плацдармы» іздестіру жасағы келді. Осы сапар аясында Қызыл армия жауынгерлері, майдандас достар Мұхтар Қайшатаев пен Иван Ябтиктің немерелері Ұлы Отан соғысынан кейін 76 жылдан соң кездесті. Салтанатты шара қалалық әкімдікте өтіп, оған шаһар басшысы Нұрымбет Сақтағанов та қатысты.

 

Қос жауынгер екінші Беларуссия майданының 46-атқыштар дивизиясының 340-шы атқыштар полкінің құрамында шайқасқан. Майданда жүргенде Мұхтар Қайшатаев Яван Ябтикті өзінің туған жері Семейдің маңындағы «Социализм» совхозына шақырады. Иван Ябтик досының шақыруын қуана қабылдапты. Алайда екі жауынгер де соғыстың аяқталуына алты ай қалғанда, 1945 жылдың қаңтар айында, Польшадағы шайқастардың бірінде қаза табады. Аталарының жоспарларын 76 жылдан соң немерелері орындады.

— Майданда қаза тапқан жауынгерлерді іздеп жүрген топқа ризашылығымды білдіргім келеді. Ямал «жердің ақыры» деген мағынаны білдіреді және ол жерден Қазақстанға жету өте ұзақ әрі қиын. Біз бала кезімізден аталарымыздың суретін көріп өстік. Атамыздың Иван Ябтикті қонаққа шақырғаны туралы оқиғаны да жақсы білеміз. Бүгін біз ата-бабаларымыздың армандарын жүзеге асырып, қасиетті Семей жерінде қол алысып амандастық, — дейді майдангердің немересі Мұхтар Қайшатаев.

Иван Ябтиктің немересі Анатолий Ябтик бүгінде Ямало-Ненецк автономиялық округінің (Ресей) Ямал ауданы Сейаха ауылында тұрады. Атасы Иван Ябтикті майдандас досы қонаққа шақырғаны оған да жақсы таныс.

— Біз атамыздың арманын орындау үшін алыстан ат арытып келдік. Жылы ықыластарыңыз үшін алғыс айтамын. Майдангерлердің, ата-бабаларымыздың ерлігін есте сақтап, келер ұрпаққа жеткізу өте маңызды. Бүгінгі кездесу «Бұл өлгендерге емес, тірілерге қажет» деген нақылдың мәнін ашып тұрған секілді. Соғыста қаза тапқан, жоғалған жауынгерлерді іздестіру жұмыстарының жалғасып келе жатқаны қуанарлық жағдай. Үміт үзбеу керек. Мен де соғысқа қатысқан атамның інісін іздеуді тоқтатқан жоқпын, — деді Анатолий Ябтик.

— Мен баршаңызды қазақтың ұлы перзенттері Абай, Шәкәрім, Мұхтар туған киелі өлкеде көргеніме қуаныштымын. Семей — көне заманнан көптеген ұлт өкілдері шоғарланған бай тарихымен, мәдениетімен танымал қала. Бүгінде Семейде 25-тен астам ұлт өкілдері бейбітшілік пен келісімде өмір сүруде. Ресей мен Қазақстан және өзге де кеңестік елдер адамзат тарихындағы ең сұрапыл соғыстардың бірі Екінші дүниежүзілік соғыста неміс басқыншылығына қарсы күресте Жеңіске бірге жетті. Қазіргі күндері іздестіру топтары маңызды тарихи фактілерді тауып жатыр.  Бұл жас ұрпақ тәрбиесінде маңызды рөл атқарады. Біз сұрапыл соғыстағы ата-бабаларымыздың ерлігі мен сарбаздардың достығын құрметпен еске аламыз, — деп атап өтті қала әкімі Нұрымбет Сақтағанов.

Кездесу соңында қонақтар бір-біріне алғыстарын білдіріп, естелік сыйлықтар тарту етті.

Сапар барысында қонақтар Абай атындағы музейде қала жұртшылығымен жүздесті. Кездесу барысында қос майдангердің әскери фотограф түсірген фотолары мен ұрыста көрсеткен ерліктері үшін алған наградалары таныстырылды. Майдан даласында мерт болған жауынгер Мұхтар Қайшатевтың фотосуреттегі кеудесіне таққан медальдарын «Ямал плацдармы» іздестіру жасағы анықтапты. Қазақ жауынгері 1943 жылы 9 тамызда «Ленинградты қорғағаны үшін», 1944 жылы шілде айында «Ерлігі үшін», 1944 жылы қазан айында «Жауынгерлік еңбегі үшін» медальдарымен, сондай-ақ 1945 жылы ақпан айында III дәрежелі Даңқ орденімен марапатталған.

Бұл күні қонақтар Ұлы Отан соғысына қатысушылардың мемориалына гүл шоқтарын қойып, майдангерлердің рухына тағзым етті.{jcomments off}

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ, «Семей таңы»

 

Ұқсас жаңалықтар

Семейде Түркістан облысының тартуы – Көрме орталығы салынып жатыр

01.11.2026
Семейде Түркістан облысының тартуы – Көрме орталығы салынып жатыр

Абай облысының әкімі Берік Уәли Семей қаласындағы жаңа Көрме орталығының құрылыс барысымен танысты. Нысан «Абайға құрмет» акциясы аясында Түркістан облысының...

Толығырақ...Details

Семейде келесі көктемде жаңа үстел теннисі орталығы ашылады

01.11.2026
Семейде келесі көктемде жаңа үстел теннисі орталығы ашылады

Семей қаласында заманауи үстел теннисі орталығының құрылысы жалғасып жатыр. Павлодар облысының тартуы саналатын спорт кешені «Абайға құрмет» акциясы аясында салынып,...

Толығырақ...Details

Қазақстан ауыл шаруашылығының өнімділігін арттыруға және технологиялық жаңғыртуға басымдық беріп отыр

01.11.2026
Қазақстан ауыл шаруашылығының өнімділігін арттыруға және технологиялық жаңғыртуға басымдық беріп отыр

Ауыл шаруашылығы министрлігі отандық өсімдік шаруашылығының тиімділігін арттыру, заманауи агротехнологияларды енгізу және аграрлық өндірістің климат өзгерістеріне төзімділігін нығайту бағытындағы жүйелі...

Толығырақ...Details

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

31.10.2026
Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

2026 жылғы егін жинау науқанының қорытындысы бойынша Қазақстанда 24,3 млн тонна астық жиналды. Бұл — соңғы 15 жылдағы ең жоғары...

Толығырақ...Details

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының 13-саммитінде сөз сөйледі

31.10.2026
Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының 13-саммитінде сөз сөйледі

Мемлекет басшысы Түркі мемлекеттері ұйымы түркі әлемінің тұтастығын нығайтып келе жатқан бірегей құрылым екеніне назар аударды. – Бауырлас елдердің егемендігіне,...

Толығырақ...Details

Білім алу – әр азаматтың құқығы: Конституцияда тегін оқуға қатысты не жазылған?

31.10.2026
Білім алу – әр азаматтың құқығы: Конституцияда тегін оқуға қатысты не жазылған?

Білім – қоғамның дамуы мен елдің болашағын айқындайтын маңызды құндылықтардың бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында азаматтардың білім алу құқығына кепілдік...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Семейде Түркістан облысының тартуы – Көрме орталығы салынып жатыр

2 часа бұрын

Семейде келесі көктемде жаңа үстел теннисі орталығы ашылады

2 часа бұрын

Қазақстан ауыл шаруашылығының өнімділігін арттыруға және технологиялық жаңғыртуға басымдық беріп отыр

2 часа бұрын

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

1 день бұрын

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының 13-саммитінде сөз сөйледі

1 день бұрын

Білім алу – әр азаматтың құқығы: Конституцияда тегін оқуға қатысты не жазылған?

1 день бұрын

Еңбек етуге мәжбүрлеуге бола ма? Конституция жұмысшылардың қандай құқықтарына кепілдік береді?

2 дня бұрын

Адал кәсіпке берілген баға: Абай облысында «Адал кәсіпкер – 2026» байқауының жеңімпаздары марапатталды

2 дня бұрын

Ертіс өзеніне 22 мың сібір бекіресінің шабағы жіберілді

2 дня бұрын

Абай облысында биыл 233 құрылыс нысаны пайдалануға берілді

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС