"Семей таңы" газеті
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЖАСТАР – ДАМУДЫҢ ҚОЗҒАУШЫ КҮШІ

10.06.2021
ЖАСТАР – ДАМУДЫҢ ҚОЗҒАУШЫ КҮШІ
521
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Қазақстан — жас ұлтты мемлекет. Бүгінгі таңда 14 пен 29 жас аралығындағы 3,8 миллион жас азамат бар, олар халықтың 21%-ын құрайды. Республикадағы жастардың үлесі әлемдегі орташа көрсеткішпен салыстырғанда әлдеқайда жоғары. Сондықтан Қазақстан үшін жастар саясатын жүргізу негізгі басымдықтардың біріне айналды. Елбасы, «Nur Otan» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев және Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жастар мәселесін дер кезінде шешу мен қолдаудың маңыздылығын атап, оларға әрдайым ерекше көңіл бөліп келеді.

«Nur Otan» партиясының «Jas Otan» жастар қанаты еліміздегі барлық санаттағы жастардың мүддесін білдіретін, 20 жылдық тарихы бар ең ірі жастар ұйымы. «Jas Otan» студент, ғалым, шығармашыл, жұмысшы, кәсіпкер, ауыл және қала жастарының мүдделерін қорғай отырып, оларға бағдарлама аясында нақты даму жолдарын ұсынады.

«Jas Otan» жастар қанатының Семей қалалық бөлімшесінің жетекшісі Темірлан Мақсатұлы Бақтияровпен сұхаттасқан едік.

 — Темірлан Мақсатұлы «Jas Otan» жастар қанатының астына біріккен ерікті жастардың пандемия кезіндегі еңбегін оқырман жақсы біледі. Алдымен семейлік ерікті жастарымыздың карантин уақытда атқарған еңбектеріне тоқтала кетсеңіз?

  — «Jas Otan» – өз қатарына 105 мыңнан астам жас азаматты біріктірген, еліміздегі ең ірі жастар ұйымы. Еліміздің барлық 17 аймағында филиалы бар бірден-бір жастар бірлестігі. Республиканың қалалары мен аудандарында, ірі кәсіпорындар мен жоғары оқу орындарында «Jas Otan»-ның 534 бөлімшесі жүйелі жұмыс жасайды. Соның бірі Семей қаласындағы бөлімшесі.

ЖАСТАР – ДАМУДЫҢ ҚОЗҒАУШЫ КҮШІ

«Jas Otan» – Отанымыздың гүлденуі үшін күш біріктіруге ынталы еліміздің жас азаматтарына берілген мүмкіндік. Біздің елімізде жастардың білім алуына, еңбек етуіне, өзін дамытуына тең мүмкіндіктер берілген. Жасотандықтар ұстанатын құндылықтар Қазақстан жастарына ортақ. Адамдарға қамқорлық жасау, құқықтары мен бостандықтарын сақтау, конституциялық құқықтарын қорғау – біздің ұйымның да басты ұраны. Азаматтық танытып, өзгенің басына түскен қиындыққа бей-жай қарамау, әрбір адамға көмек беруге дайын болу – мемлекетіміздің, қоғамымыздың өркендеуінің негізі деп білеміз.

«Jas Otan» жастар қанатының Семей қалалық бөлімшесінде бүгінгі күні өз еріктерімен 2000-ға жуық волонтер тіркелген. Соның ішінде 500-ге жуығы бізбен бірге жұмыс істеуде. Пандемия басталғалы бері олар көпбалалы және әлеуметтік аз қамтылған бес мың отбасыға азық-түлік пакеттерін таратты. «Жақыныңа жанашыр бол» акциясы аясында жалғызбасты қарттар мен зейнеткерлерге, халықтың осал топтарына 2000 маска мен 2000 антисептик үлестірдік.

Жасыратыны жоқ, пандемия бізге дәрігерлердің қадірін түсіндірді. «Дәрігерлерге алғыс» акциясы шеңберінде індетпен алғы шепте күресіп, өмірлерін қатерге тіккен 100 дәрігерге иммунитет көтеретін азық-түліктер мен сусындар, дәрумендер тараттық. Осының бәріне қаламыздың кәсіпкерлері, мәслихат депуттары және «Nur Otan» партиясы демеушілік көрсеткенін айта кеткен жөн.

 

Шектеу шаралары кезінде ойын-сауық орталықтары, түнгі клубтар, ресторандар жасырын түрде жұмысын жалғастырып жатты. Біздің еріктілер қалалық полиция басқармасымен бірге түнгі рейдтерге шығып, ереже бұзушыларды анықтауға жәрдемдесіп отырды.

Бұл игі істердің барлығына қаламыздағы жоғарғы оқу орындары мен колледждеріндегі «Jas Otan» жастар қанатының өкілдері де өз үлестерін қосты.

— «Jas Otan» жастар қанатының Семей қалалық бөлімшесі жастар саясатын іске асыруға қандай үлес қосуда?

 — 2015 жылы Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» жаңа Заңы қабылданып, мемлекеттік жастар саясатын қалыптастыру мен іске асыру бойынша нақты тетіктер қалыптасты. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің құрылымында Жастар және отбасы істері жөніндегі комитет қызмет етеді, сондай-ақ елдің барлық аймақтарында жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармалар жұмыс істейді. Жыл сайын жастар мәселелерінің негізгі салаларындағы жағдайға жан-жақты талдау жүргізілетін «Қазақстан жастары» Ұлттық баяндамасы әзірленеді. Қазақстандағы жастар саясатының жүйелі дамуына қуатты серпін берген «Jas Otan» Жастар қанатының 2020 2025 жылдарға арналған «Жастар-Отанға!» Жастардың жетістік жолы» бағдарламасы қабылданды.

«Jas Otan» жастар қанаты жеті негізгі қағиданы берік ұстанады: Адамгершілік пен жауапкершілік; Тарихты, мәдениетті және дәстүрді құрметтеу; Оқу және тұлғалық даму; Салауатты өмір салты; Қоршаған ортаға қамқорлық жасау; Белсенді азаматтық ұстаным; Құқық бұзушылық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы «нөлдік төзімділік».

Өздеріңіз білесіздер, карантин уақытында оқу қашықтан ұйымдастырылып, барлық орталықтар жабылып, тіпті көшеде жүруге тиым салынды. Осы кезеңде «Ozger» республикалық марафоны бастау алып, Семей қаласының жастарын да қамтыды. Акцияның мақсаты жастардың бойында кітап оқу, сортпен шұғылдану, қайырымдылықпен айналысу, қоршаған ортаны қорғау, медитация жасау секілді 10 жаңа дағды қалыптастыру болатын. Семейлік жастар да осы акцияға қатынасып, тұлғалық дамуға жол ашты деп ойлаймын.

ЖАСТАР – ДАМУДЫҢ ҚОЗҒАУШЫ КҮШІ

Бұдан бөлек, «Ардагерлерді ардақтайық» республикалық акциясы аясында еріктілеріміз жалғызбасты қарттар мен зейнеткердің үйлеріне барып, ауласын қардан тазартып беруді жақсы дәстүрге айналдырды.

Жылда өтетін «Кел, шай ішейік» акциясы аясында, кәсіпкерлер мен жолда жұмыс істейтін азаматарымызға ыстық шай мен тәттілер таратамыз. Бұл да адамгершілікті сақтаудың, өзгенің қиындығымен бөлісудің, оларға жан жылуын сыйлаудың бір жолы деп ойлаймын.

Өткен жылы балаларды, өскелең буыңды ізгілікке, мейірімділікке баулитын тәрбиелік мәні терең «Жан» (Душа) атты мултьфильм жарық көрді. Аталған туынды үлкендердің де көзайымына айналып, көрермен қауымның жоғары бағасын алып үлгерді. Сондықтан ұйымның атынан аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға осы мултьфильмның көрсетіліміне билеттер тарту еткен едік.

Жуырда ғана аз қамтылған отбасылардан шыққан оқушыларды қолдауға арналған «Арман ағашы» атты тағы бір жобамыз жүзеге асты. Балалардың арман-тілектері жазылған қағазды сауда орталықтарындағы арман ағаштарына орнаттық. Жақысылық жасағысы келетін кез-келген адам бір тілекті орындау арқылы бір баланың жүзіне қуаныш сыйлай алады. Біз қайырымды адамдардың аманатын тілек иесіне әкеліп береміз.

Сонымен қатар «Jas Otan» жастар қанатының «Қоршаған ортаға қамқорлық жасау» атты бағыты аясында ерікті жастарды, студенттерді ұйымдастырып, сенбіліктерге шығып тұрамыз.

Айта берсек, мұндай акциялар қатары көп. Мәселен, Жеңістің 75 жылдығы қарсаңында, жуырда 1 маусым — Балаларды қорғау күнінде біздің еріктілеріміз азық-түлік пен тәттілер салынған қораптарды үйлерге таратты. Толығырақ Instagram және Facebook әлеуметтік желілеріндегі біздің жеке парақшамыздан көре аласыздар.

— Алда қандай жоспарларыңыз бар?

— Еріктілер қатарын арттыру – біздің бірінші мақсатымыз. Жақында ғана «Біз біргеміз» бірлестігінің кезектен тыс жиналысында «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек волонтерлерге келешекте арнайы аталымдар берілетінін айтты. Үздік волонтерлер енді арнайы аталымдармен, сыйлықтармен марапатталатын болады.

Волонтерлік – тегін жұмыс. Ешкім тегін жұмыс істегісі келмейді. Солай десек те, жастарға қайырымдылықтың адамға бірнеше есе болып қайтып келетінін түсіндіруіміз керек.

Бүгінгі күні «Nur Otan» партиясының орталық филиалына ұсыну үшін халық игілігіне жұмыс істейтін жаңа жобалар әзірлеп жатырмыз.

«Jas Otan» жастар қанаты жастар саясатын дәріптегенімін, түпкі мақсаты — халық игілігіне қызмет ету, елге пайда келтіру. Сондықтан халықтың да біздің қатарымыздан табылғанын, бірге жұмыс істегенін қалаймыз.

 — Сұхбатыңызға рақмет! Қызметтеріңізге сәттілік тілейміз!

Сұхбаттасқан Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Мақалада: Jas OtanҚР Тәуелсіздігіне 30 жылСемейТемірлан Мақсатұлы Бақтияров

Ұқсас жаңалықтар

Үкімет жартыжылдық қорытындысында ЖІӨ өсімін 6,2%-ға жеткізді – Премьер-министр тапсырмалар берді

15.07.2025
Үкімет жартыжылдық қорытындысында ЖІӨ өсімін 6,2%-ға жеткізді – Премьер-министр тапсырмалар берді

Semeytany.kz – Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында 2025 жылдың алғашқы алты айындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен республикалық бюджеттің...

Толығырақ...Details

Облыс әкімі «Халық қаһарманы» Әбдіғали Қаймолдиннің отбасы мен Абай жұртшылығына көңіл айтты

15.07.2025
(Еске сала кетейік, жарияланған фотосуреттер биылғы 8 мамырда түсірілген.)

Semeytany.kz – Абай облысының әкімі Берік Уәли «Халық қаһарманы» атағының иегері, Ұлы Отан соғысының ардагері Әбдіғали Қаймолдиннің қайтыс болуына байланысты...

Толығырақ...Details

Абай облысында кеңейтілген аппараттық кеңес өтті: басты назар – өрт қауіпсіздігі мен әлеуметтік мәселелер

15.07.2025
Абай облысында кеңейтілген аппараттық кеңес өтті: басты назар – өрт қауіпсіздігі мен әлеуметтік мәселелер

Әлеумет | Қауіпсіздік Semeytany.kz – Бүгін Абай облысының әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен кеңейтілген аппараттық кеңес өтті. Жиын барысында өңірдегі орман...

Толығырақ...Details

Абай облысында ауыл санағына дайындық қызу жүріп жатыр

15.07.2025
Абай облысында ауыл санағына дайындық қызу жүріп жатыр

Әлеумет | Агросектор Semeytany.kz – Абай облысында 2025 жылы өтетін ауыл шаруашылығы санағына дайындық басталды. Бұл туралы өңірлік кеңейтілген аппарат...

Толығырақ...Details

Абай облысының оқушылары халықаралық форумда ел абыройын асқақтатты

15.07.2025
Абай облысының оқушылары халықаралық форумда ел абыройын асқақтатты

Semeytany.kz – Беларусь Республикасындағы «Зубренок» ұлттық балалар білім беру орталығында өткен «Достастық балалары» атты X халықаралық форумға Абай облысының оқушылары...

Толығырақ...Details

Абай облысында Республикалық олимпиадада үздік жас геологтар марапатталды

14.07.2025
Абай облысында Республикалық олимпиадада үздік жас геологтар марапатталды

Semeytany.kz – Абай облысындағы Геологиялық барлау колледжінде өткен ІІ Республикалық жас геологтардың далалық олимпиадасы өз мәресіне жетті. Апталық білім бәйгесіне...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Үкімет Абай облысына жан-жақты қолдау көрсетпек

10 часов бұрын

Үкімет жартыжылдық қорытындысында ЖІӨ өсімін 6,2%-ға жеткізді – Премьер-министр тапсырмалар берді

10 часов бұрын

Облыс әкімі «Халық қаһарманы» Әбдіғали Қаймолдиннің отбасы мен Абай жұртшылығына көңіл айтты

23 часа бұрын

Абай облысында кеңейтілген аппараттық кеңес өтті: басты назар – өрт қауіпсіздігі мен әлеуметтік мәселелер

23 часа бұрын

Абай облысында ауыл санағына дайындық қызу жүріп жатыр

23 часа бұрын

Облыс әкімі Чехия Парламенті депутаттар палатасының вице-спикері Ян Бартошекпен кездесті

23 часа бұрын

Абай облысының оқушылары халықаралық форумда ел абыройын асқақтатты

23 часа бұрын

Абай облысында Республикалық олимпиадада үздік жас геологтар марапатталды

1 день бұрын

Семейде Абайдың 180 жылдығына арналған онкүндік басталады

1 день бұрын

Абай ауданында Абайдың 180 жылдығына орай этно-қалашық құрылады

1 день бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС