"Семей таңы" газеті
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

БАС ЖОСПАР АЯСЫНДА АУҚЫМДЫ ЖҰМЫС АТҚАРЫЛМАҚ

27.01.2022
ЖОСПАР
7
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Семей қаласы әкімдігінің кеңейтілген аппараттық кеңесінде сәулет және қала құрылысы туралы мәселелер қаралып, алда атқарылар ауқымды жұмыстар сараланды.

Еске сала кетсек, Семей қаласының бас жоспары ҚР Үкіметінің қаулысымен 2011 жылы бекітілген. Бас жоспарды әзірлеу кезінде қала халқының саны 281,5 мың адамды, аумағы 21 720,0 гектарды құраған. Жоспарды іске асыру мерзімі 2025 жылға дейін белгіленген. Тұрғындар саны шамамен 400 мың адамды құрап, қала аумағы 31 372,0 гектарға дейін кеңейетін болады.

Бас жоспардың негізінде Семей қаласының оң және сол жағалау бөліктерін егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары әзірленіп, бекітілген. Осы жобалар аясында «Татар өлкесі» орталық бөлігінде және ауданында көп қабатты тұрғын үйлер мен әлеуметтік-мәдени тұрмыстық нысандар салу үшін жеке тұрғын үйлерді бұзу жоспарланған, сондай-ақ 5-ші, 40-шы, 342-ші, 343-ші, 352-ші кварталдарда, Солтүстік өнеркәсіптік аймақ  пен Қарағайлы ауданында көп қабатты тұрғын үйлер салынады. Сол жағалаудағы Юность, Новостройка, Цементный кентінде, 14-ші, 15-ші тұрғын аудандарында да құрылыс жоспарланған. Сондай-ақ Шүлбі кенті, Приречный, Озерки, Прииртышское, Мұқыр, Новобаженово және Қайнар ауылдары аудандарының қала құрылысын дамыту сызбалары (бас жоспар) әзірленді.

Бас жоспар аясында қала маңындағы аумақтарда жалпы ауданы 4 070,3 гектар болатын он екі тұрғын үй алабы анықталды. Бұл жеке тұрғын үй құрылысы үшін 13715 жер телімін және әлеуметтік-мәдени мақсаттағы объектілерді құрайды. Қазіргі таңда Семей қаласында жеке тұрғын үй салу үшін жер учаскесін алуға 23 827 адам тізімде тұр. Жеке тұрғын үй құрылысына арналған аумақтарды игеру үшін жер учаскелеріне инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды  (сумен жабдықтау, электрмен жабдықтау) жүргізу 3 кезеңге бөлінген.

Бірінші кезең 2019 – 2022 жылдар аралығында жүзеге асырылады: Ұшақтар және Комсомол кенттері. Екінші кезең 2022-2026 жылдар аралығы, Ақсай ауданы. Үшінші кезең 2027-2031 жылдарға жоспарланған: Суық бұлақ кентіндегі 9 тұрғын алабы, Бобровка кенті, Жарқын, Ақ Қайың, Жібек Жолы, «Кіші Актюба», Степной кенті.

Ағымдағы жылы Красный кордон және Водный кенттерінің егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларын әзірлеу жұмыстары аяқталды.

Қаланы толық қамту үшін Шығыс кенті, Дальний, Құс фабрикасы, Мирный, «Кожзавод», «Пристань», «Борцы революции», Нахаловка аумақтары, Западный кенттері мен Бейбітшілік аралы аудандарының жоспарлау жобалары әзірленеді. Сонымен қатар Абыралы, Алғабас, Айнабұлақ, Самай, Ақбұлақ, Танат, Достық, Шақаман, Бөкенші, Маралды, Бұлақ, Көкентау, Кенжебай, Қараөлең, Жаңа жол, Қаракөл, Половинка, Талшын, Балтерек, Тепкаши, Талица, Гранитное, Мұздыбай, Шөптығақ, Жазық ауылдары аумақтарының қала құрылысын дамыту сызбалары әзірленуі тиіс.

Қала тұрғындарының жайлы өмір сүруінің маңызды шарттарының бірі — тұрғын үймен қамтамасыз ету, сондай-ақ оны сатып алудың қолжетімділігі. Бас жоспарға сәйкес, Қарағайлы ауданының жоспарлау жобасы әзірленді, аумағы 293,0 гектар, халқының саны 35,6 мың адам және тұрғын үй қоры — 1188,5 мың шаршы метр. Аталған тұрғын ауданда бірінші қабатта қызмет көрсету объектілері, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым, көше-жол желісі және әлеуметтік-мәдени мақсаттағы объектілер бар 227 тұрғын үйдің құрылысы көзделген. Қазіргі күні Назарбаев Зияткерлік мектебі, 5600 орындық мәдени және спорт кешені салынған. Жобада 1200 орындық 4 мектеп, 320 орындық 5 балабақша, 500 көрерменге арналған Мұз модулі және теннис орталығы қарастырылған.

Сондай-ақ биыл республикалық маңызы бар Нұр-Сұлтан — Павлодар — Қалбатау – Өскемен автомобиль жолында айналма жол салу жоспарланған. Бұл ауыр салмақты автокөліктерді Семей қаласынан шығаруға, жол-көлік оқиғаларының санын және қала көшелеріндегі жүктемені азайтуға мүмкіндік бермек, қала экологиясына да оң әсерін тигізеді. Сондай-ақ Ертіс өзені арқылы өтетін ескі көпірді жаңғырту жоспарланған.

Семей қаласының сәулеттік келбетін жақсарту үшін Абай көшесі, Шәкәрім даңғылы, Қабанбай батыр, Қайым Мұхамедханов көшелеріндегі және қаланың орталық бөлігіндегі шағын және орта бизнес объектілері орналасқан ғимараттардың қасбеттері мен бірінші қабаттардың эскиздік жобалары әзірленген.

30-дан астам ескі көп қабатты тұрғын үй іріктелді. Бірінші кезеңде Шәкәрім даңғылы бойында орналасқан 19 эскиздік нұсқа келісілді.

2, 5, 9, 16 қабатты тұрғын үйлерді жөндеу бойынша жобалық-сметалық есептер жасалған. Көп қабатты тұрғын үйлерді қалпына келтіру жұмыстары 2022 жылға жоспарланып отыр.

Биылғы жылы жеке инвестициялар есебінен жалпы ауданы 43,6 мың шаршы метр болатын 390 пәтерлі 11 көп қабатты тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарлануда. Бүгінде Қарағайлы шағын ауданында мемлекеттік қаражат есебінен жалпы ауданы 130,7 мың шаршы метрді құрайтын 1696 пәтерлі 24 көп қабатты үйдің құрылысы жүргізілуде. Осы  ауданда сондай-ақ 2022 жылға жалпы ауданы 87,7 мың шаршы метр болатын 1017 пәтерлік 16 несиелік және 13 коммерциялық үйдің құрылысы жоспарланған, оның ішінде 5 үй кепілдік берілген тұрғын үй құрылысы қоры арқылы және 8 үй «Ертіс ӘКК»ҰК» АҚ-мен бірлесіп салынатын болады.

Ағымдағы жылы 76 мың шаршы метр жеке тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған.

Жиынды қорытындылай келе, Семей қаласының әкімі Бақытжан Байахметов заңсыз құрылыс салу жағдайларының жолын кесуді тапсырды. Осы мәселелер бойынша әкімдікке тұрғындар тарапынан өтініштер түскен. Мұндай жағдайлар дереу прокуратура органдарына тапсырылуы тиіс.

«Салынып жатқан нысандарды жылуға қосу мәселесін ерекше бақылауға алуды тапсырамын. Жаңа нысандар үшін қуат жеткілікті. Бірінші кезекте жылу профициті бар аудандарда жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер телімін ұсыну қажет», — деді Бақытжан Байахметов.

Семей қаласының ішкі саясат бөлімі

Мақалада: Семей

Ұқсас жаңалықтар

Президент CITIC Group компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Си Гохуаны қабылдады

28.05.2025
Президент CITIC Group компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Си Гохуаны қабылдады

Кездесуде энергетика, мұнай-химия өнеркәсібі, автожол құрылысы, минералды сектор, ауыл шаруашылығы және басқа да негізгі салалардағы серіктестіктің қазіргі жай-күйі мен оны...

Толығырақ...Details

Президент Қазақстан мен Ресей агроөнеркәсіп саласындағы ынтымақтастығын кеңейтуге әлеуетті екенін айтты

28.11.2024
Президент Қазақстан мен Ресей агроөнеркәсіп саласындағы ынтымақтастығын кеңейтуге әлеуетті екенін айтты

– Осы жылы диқандарымыз қамбаны астыққа толтырып, 27 миллион тоннаға жуық өнім жинады. Бұл рекордтық көрсеткіш еліміздегі тың жерлерді игерудің...

Толығырақ...Details

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин Қазақстан-Ресей ХХ Өңіраралық ынтымақтастық форумының пленарлық отырысына қатысты

28.11.2024
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин Қазақстан-Ресей ХХ Өңіраралық ынтымақтастық форумының пленарлық отырысына қатысты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин бейнебайланыс арқылы Қазақстан-Ресей ХХ Өңіраралық ынтымақтастық форумының пленарлық отырысына қатысып, сөз...

Толығырақ...Details

Владимир Путин Мәскеу мен Астана арасындағы ықпалдастық барлық бағыт бойынша белсенді өрбіп келе жатқанын мәлімдеді

28.11.2024
Владимир Путин Мәскеу мен Астана арасындағы ықпалдастық барлық бағыт бойынша белсенді өрбіп келе жатқанын мәлімдеді

– Қазақстан – біздің стратегиялық серіктесіміз және сенімді одақтасымыз. Шағын құрамдағы келіссөз барысында екіжақты байланыстар аясында туындайтын проблемаларға назар аудардық....

Толығырақ...Details

Мемлекет басшысы Ресей Президентімен кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді

28.11.2024
Мемлекет басшысы Ресей Президентімен кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді

Қасым-Жомарт Тоқаев шағын құрамда өткен келіссөз қорытындысына оң баға беріп, оның барысында екіжақты күн тәртібіне қатысты барлық өзекті мәселе талқыланғанын...

Толығырақ...Details

Ресей Президенті Владимир Путин қазақ жерінде көрсетілген ерекше сый-құрмет үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты

28.11.2024
Ресей Президенті Владимир Путин қазақ жерінде көрсетілген ерекше сый-құрмет үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты

– Сізге зор ризашылығымды білдіремін. Біз достас елдерміз. Қарқынды дамып келе жатқан іскерлік қарым-қатынасты да қолдаймыз. Ұдайы байланыстамыз. Өзіңізді жыл...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

«Құрт қаптап, ауыл бос қалды»: ШҚО тұрғындары көмек сұрайды

16 часов бұрын

Абай облысының жас ұландары «Айбын-2025» халықаралық жиынында топ жарды

16 часов бұрын

Алакөлді дамыту тұжырымдамасы таныстырылды

17 часов бұрын

Облыс әкімі Жанай ауылының тыныс-тіршілігімен танысты

17 часов бұрын

Үржар ауданының Таскескен ауылында «Ауыл – ел бесігі» фестивалі өтіп жатыр

17 часов бұрын

Көлік салығын төлеу қатаң бақылауда

17 часов бұрын

Абай облысында «Таза жағалау» акциясы өтті

3 дня бұрын

Абай облысында БАҚ қызметкерлері кәсіби мерекесін атап өтті

3 дня бұрын

Оқу-ағарту министрі Семейдегі білім нысандарын аралады

3 дня бұрын

Семейдегі аспалы көпірдің бір бөлігінде асфальт төсеу аяқталды

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС