"Семей таңы" газеті
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Абай аймағында
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Абай аймағында
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ТҰРҒЫНДАР ӨТІНІШІ ЖАУАПСЫЗ ҚАЛМАЙДЫ

04.04.2022
ТҰРҒЫНДАР ӨТІНІШІ ЖАУАПСЫЗ ҚАЛМАЙДЫ
19
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

ТҰРҒЫНДАР ӨТІНІШІ ЖАУАПСЫЗ ҚАЛМАЙДЫ

Өткен аптада Семей қаласының әкімі Бақытжан Байахметов кезекті рет азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Бұл күні қала әкімінен көмек сұрап келген семейліктердің өтініштері негізінен тұрғын үй мәселесіне қатысы болды.

Қала әкімнің қабылдауында болған Валентина Руденко – зейнеткер, ата-ана құқығынан айырылған қызының үш баласын тәрбиелеп отыр. Балалар әжесімен бірге 7-ші проезд көшесі, 16-1 мекенжайында тұрады. Валентина Руденко әкімнен үйлерін жөндеуге көмек көрсетуді сұрап келген екен.

Айта кетсек, балалар № 15 жалпы орта білім беретін мектепте оқиды. Тегін тамақпен және киіммен қамтамасыз етілген. Балалардың қамқоршысы Валентина Руденко балаларға тағайындалған арнайы жәрдемақыны алады. Балалар тұрғын үй алу үшін кезекке қойылды.

Ағымдағы жылдың 10 наурызында балалар тұрып жатқан үйді арнайы комиссия тексерген болатын. Білім бөлімінің қызметкерлері, учаскелік инспекторлар, әлеуметтік педагог және психолог, облыстық мәслихат депутаты Альбина Ахметова және қалалық мәслихат депутаты Жанат Молдағалиева «AMANAT» партиясы филиалымен бірге Валентина Руденконың тұрғылықты мекенжайына барып қайтты. Үйде шынымен де, су тасқыны кезеңінде су басуы салдарынан ылғалдылық пайда болған. Ал 15 наурызда депутат Жанат Молдағалиева құрылысшылармен бірге үйдің жағдайын қайта бір қарап шықты.

Қабылдау қорытындысы бойынша тұрғынның өтініші қанағаттандырылып, ТҮКШ бөліміне үйді жөндеуге көмек көрсету тапсырылды. Желдеткіш жасау, су арқылы жылыту жүйесін жүргізу, шатырды жөндеу және үйдің айналасына іргетас бойымен қиыршық тас төсеу жұмыстары жүргізілетін болады.

Ал Әйгерім Мәдениетова – бала кезінен мүгедек, онкологиялық сырқат бойынша есепте тұр, 6 жасар баланы жалғыз тәрбиелеп отыр. Ол әкімнен оның тұрғын үй кезегі мәселесін шешіп беруді сұрап келіпті. Қала тұрғына сондай-ақ өз ісін ашуға қолдау көрсетуді сұрады.

Тұрғын үй инспекциясы бөлімінің мәліметінше, Әйгерім 2017 жылдан бастап «Толық емес отбасы» санаты бойынша кезекте тұр, кезек нөмірі – 2128. Оған тұрғын үй кезегі бойынша қажетті кеңестер берілді. Ал екінші өтініші бойынша, яғни кәсібін ашуға көмек көрсету үшін Семей қаласының жұмыспен қамту орталығына жіберілді.

ТҰРҒЫНДАР ӨТІНІШІ ЖАУАПСЫЗ ҚАЛМАЙДЫ

Қабылдауға төрт бала тәрбиелеп отырған жалғыз басты әке Серік Сәбековтің әпкесі Бибігүл мен анасы келді. Олар да баспана мәселесімен келген. Тұрғын үй инспекциясы бөлімінің мәліметінше, Серік Сәбеков 2019 жылдан бастап «Көп балалы отбасы» санаты бойынша кезекте тұр, кезек нөмірі – 119. Осы мәселе бойынша қажетті түсініктемелер берілді.

Толқын Алпысбаева мен Татьяна Токарева өздері тұратын Краевая және Портовая көшелері жарықтандырылып, жолдары жөнделсе деген өтінішпен келіпті.

Тұрғындардың өтініштеріне жауап қайырған қала басшысы қазіргі таңда, «Біріккен энергосервистік компания» АҚ Буксирная және Краевая көшелеріне жарықтандыру орнату жұмыстарын аяқтап қалғанын айтты. Ал Портовая көшесін жарықтандыру 2023 жылға жоспарланған.

Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің ақпараты бойынша, 2021 жылы аталған көшелерде жолдың жүру бөлігін жоспарлау бойынша құм-қиыршық тас қоспасы мен қиыршық тас төселіп, жөндеу жұмыстары жүргізілген. Осы жұмыстар ағымдағы жылы да жалғасатын болады.

Көп балалы ана, «Алтын алқа» иегері Ирина Вольшмидт тұрғын үй алуға қатысты кеңес сұрады. Ирина Вольшмидт үстіміздегі жылдың 15 наурызында  Семей қаласы әкімінің орынбасары Димитрий Гариковтың қатысуымен «AMANAT» партиясының филиалында тұрғын үй мәселесі бойынша өткен тақырыптық қабылдауда болған. Бастапқы жарна үшін оған 1 млн 700 мың теңге жетпейді. Ирина Вольшмидт тұрғын үй қатынастары туралы заңнамамен таныстырылды, оған сәйкес жеке тұлғаларға тұрғын үй сатып алуға бюджеттен қаражат бөлу көзделмеген.

Семей қалалық ішкі саясат бөлімі

БІЗДІ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕН ОҚЫҢЫЗ!

Абай облысында қандай аудандар ашылады?  Абай облысында қандай аудандар ашылады?   Абай облысында қандай аудандар ашылады?

Мақалада: ТҰРҒЫНДАР ӨТІНІШІ ЖАУАПСЫЗ ҚАЛМАЙДЫ

Ұқсас жаңалықтар

ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУҒА АЛЫНДЫ  

17.05.2022
ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУҒА АЛЫНДЫ  

Өткен апта соңында “АМАНАТ” партиясының “Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!” атты сайлауалды бағдарламасының аясында Семей қалалық филиалының аумақтық даму...

Толығырақ...

КӨШЕ ТАЗАЛЫҒЫНА БӘРІМІЗ ЖАУАПТЫМЫЗ

14.05.2022
КӨШЕ ТАЗАЛЫҒЫНА БӘРІМІЗ ЖАУАПТЫМЫЗ

КӨШЕ ТАЗАЛЫҒЫНА БӘРІМІЗ ЖАУАПТЫМЫЗ   Жуырда Семей қаласының әкімі Бақытжан Байахметов қалалық әкімдіктің жауапты қызметкерлерімен бірге Мұхамедханов, Ибраев, Дулатов және...

Толығырақ...

ЖАҢА КӘСІПОРЫНДАР АШЫЛАДЫ

14.05.2022
ЖАҢА КӘСІПОРЫНДАР АШЫЛАДЫ

ЖАҢА КӘСІПОРЫНДАР АШЫЛАДЫ   Семей қаласының әкімі Бақытжан Байахметов өңдеу өнеркәсібінің жаңа нысандарының құрылыс барысымен танысты. Консерві өнімдерін шығаратын зауытқа...

Толығырақ...

ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ ТЕКСЕРІЛДІ

06.05.2022
ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ ТЕКСЕРІЛДІ

ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ ТЕКСЕРІЛДІ   Қала әкімі Бақытжан Байахметов «Ғаббасов», «Орталық», «35 квартал» қазандықтарындағы жылыту маусымына дайындық барысы мен ыстық...

Толығырақ...

ТРОТУАРЛАР ЖӨНДЕЛУДЕ

06.05.2022
ТРОТУАРЛАР ЖӨНДЕЛУДЕ

ТРОТУАРЛАР ЖӨНДЕЛУДЕ   Семей қаласының әкімі Бақытжан Байахметов әкімдік мамандарымен бірге Ұшақтар, Юность шағын аудандары, Стаханов және Дулатов көшелерін аралап...

Толығырақ...

ДАЛА ЖҰМЫСТАРЫНА ДАЙЫНДЫҚ ПЫСЫҚТАЛДЫ

05.05.2022
ДАЛА ЖҰМЫСТАРЫНА ДАЙЫНДЫҚ ПЫСЫҚТАЛДЫ

ДАЛА ЖҰМЫСТАРЫНА ДАЙЫНДЫҚ ПЫСЫҚТАЛДЫ   Семей қаласы әкімдігінде өткен жиында көктемгі дала жұмыстарына дайындық барысы қаралды. Жиында ауыл шаруашылығы бөлімінің...

Толығырақ...

Жаңалықтар

«Адамдарды қаңғыбас иттерше өлтірді: 200-ден аса украиндықты құтқарған азамат қазақстандық төлқұжаты қалай көмектескенін айтты

1 күн бұрын

Асхат Аймағамбетов: Офицерлер дайындау – ортақ міндет

1 күн бұрын

Оқушылар келесі жылдан бастап жаңа пән оқиды

1 күн бұрын

Талдықорғандық үш жасар Нұртасқа әлемдегі ең қымбат препарат салынды

1 күн бұрын

Белгісіз біреулер Құлсарының әкімін ұрып-соғып, қолына есірткі ұстатып фотоға түсірген

1 күн бұрын

Соңғы қоңырау тек үздік оқушыларға арналған: Көкшетаудағы оқушылардың ата – аналары түсініктеме талап етті

1 күн бұрын

«Әзірге есептеп жатырмыз»: Еңбек министрі әйелдердің зейнет жасын төмендету туралы айтты

1 күн бұрын

Дәрігер маман құлпынайдың күтпеген пайдалы қасиетін айтты

1 күн бұрын

«Терезені ұстап тұрған» – астанада 3 жасар қызды құтқарған Сәбитке көмектескен үшінші жігіт табылды

1 күн бұрын

1,6 есе көп: Қазақстандықтар салықты көбірек төлей бастады

2 күн бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:
Роза Пұшпақова

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі – 523657;
бас редактор – 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі – 560803;
факс – 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Абай аймағында
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС