"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

«Ауылға бөлінген 2 миллиард теңге қайда?»: Көкшетау тұрғындары әкімнен жұмсалған қаржының есебін талап етті

Сонда да Көкшетау әкімі саспады.

08.04.2022
«Ауылға бөлінген 2 миллиард теңге қайда?»: Көкшетау тұрғындары әкімнен жұмсалған қаржының есебін талап етті
82
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Көкшетаудың іргесіндегі Красный яр ауылының тұрғындары әкімнен 2020 жылы «Ауыл ел бесігі» жобасы аясында елдімекенді өркендетуге бөлінген қыруар қаржының есебін сұрады. Тұрғындар округ қарайтын Көкшетау қаласы әкімінің есептік кездесуіне келіп, әр тиынның қайда жұмсалғанын айтуды талап етті. Сөздерінше, қаражат мақсатты игерілмеген. Өйткені ауылдағы тозған жол, сапасыз жарық, ауыз су мен жылудың мәселесі әлі күнге шешілмеген, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат gjhnfks 31-арнаның «Информбюро» бағдарламасына сілтеме жасап.

Көкшетау әкімі Бауыржан Ғайса қала іргесіндегі Красный Яр ауылының тұрғындарымен кездесіп, атқарылған жұмыстары туралы халыққа есеп берді. Қолындағы баяндамасынан сандарды оқып, елді мекендерді дамытып жатқанын айтты. Бірақ әкімнің мұндай жиыны ауыл тұрғындарының көңілінен шыға қоймады. Бюджеттен қыруар қаржы бөлінген ауылдарының тек сөз жүзінде ғана өркендеп, іс жүзінде көштен қалғанын алға тартты. Қомақты қаражаттың игілігін көрмедік деген халық шенеуніктер жұмысты тек қағаз жүзінде орындайды деп сынға алды.

Тұрғындардың айтуынша, 12 мыңнан астам адам қоныстанған Красный Ярда шешілмеген мәселе көп. Сонда да Көкшетау әкімі саспады. Мәселен, бірнеше миллиард теңгеге салынған жылу қазандығының қуаты тұтынушыларға жетпей отыр деген басшы халыққа пеш жағуға кеңес берді.

«Бұл қазандықтағы ақша шығысы 300 миллиард. Ал түсетін ақша 40 миллион. Содан біз қалай жұмыс істейміз? Сіз маған айтыңыз. Қазандыққа жөндеу жұмысын жүргізетін ақша жоқ. Шыдаңыздар, өздеріңізде пеш бар жағатын», — деді Көкшетау қаласының әкімі Бауыржан Ғайса.

Құрғақ есептен мардымды жауап алмаған тұрғындар қыстай жылуға жарымаймыз, көктем-күзде толарсақтан саз кешеміз дейді.

«Ақша бөлінеді. Красный яр енді күшті керемет болады. Бүкіл жолды жөндеп, тротуар саламыз. Жол шетіне жарық орнатылады деді. Біз соны күттік. Ол ақша қайда кетті білмеймін», — деді Красный яр ауылының тұрғыны Сәуле Нұрғалиева.

Ал ауылдық округ әкімі 2020 жылы «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасымен бөлінген 2 миллард теңгеге жуық қаржы мәселені түбегейлі шешуге жетпеді деп ақталды.

«Жолдардың жөндеу жұмыстарына 826 миллион, жылу құбырларын жүргізуге 900 миллион, Мәдениет үйін жөндеуге 208 миллион теңге бөлінген. Ол жұмыс екі жыл бойы атқарылды. Жалпы барлық жұмыстар қабылданды. Бәрі жақсы істелді. Сапалы», — дейді Красный яр ауылдық округының әкімі Ардақ Тасқынбай.

Жұмыстар сапалы болса, күнде су іздеп жүрірмейтін едік дейді тұрғындар. Халық күнделікті ауыз суды көлікпен тасып ішіп отыр екен. Дегенмен ауыл әкімі биыл облыс бюджетінен елдімекенді абаттандыруға тағы 390 миллион теңге қаржы бөлінетінін жеткізді. Тұрғындар бұл қаражат тек есепте емес, шынайы ел игілігіне жұмсалса деп ниеттерін білдірді.

БІЗДІ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕН ОҚЫҢЫЗ!

Абай облысында қандай аудандар ашылады?  Абай облысында қандай аудандар ашылады?   Абай облысында қандай аудандар ашылады?

Мақалада: «Ауылға бөлінген 2 миллиард теңге қайда?»: Көкшетау тұрғындары әкімнен жұмсалған қаржының есебін талап етті

Ұқсас жаңалықтар

СЕМЕЙДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДА «АДАЛДЫҚ МАРАФОНЫ» ӨТТІ

12.10.2026
СЕМЕЙДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДА «АДАЛДЫҚ МАРАФОНЫ» ӨТТІ

Семей қаласында мемлекеттік қызметшілер арасында «Адалдық марафоны: Әділетті қоғам – менің таңдауым!» атты марафон ұйымдастырылды. Іс-шара Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет...

Толығырақ...Details

Абай облысында жол және балалар қауіпсіздігін күшейту тапсырылды

12.10.2026
Абай облысында жол және балалар қауіпсіздігін күшейту тапсырылды

Semeitany.kz - Абай облысының әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен кеңейтілген аппараттық кеңес өтті. Жиында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кәмелетке толмағандар...

Толығырақ...Details

Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

08.10.2026
Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттің құқықтық негізін айқындайтын басты құжат. Қазіргі Конституция 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданып, 1...

Толығырақ...Details

Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

07.10.2026
Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

2026 жылғы қаңтар-тамыз айларында Қазақстанда 145 мың тонна күріш өндірілді, бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18,6%-ға артық. 2025 жылғы...

Толығырақ...Details

Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

07.10.2026
Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

Өңірде туризм саласын дамыту, инфрақұрылым сапасын арттыру және туристерге қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру бағытында кешенді жұмыстар жүзеге асырылуда. Бұл...

Толығырақ...Details

АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

07.10.2026
АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

Мемлекеттік бақылау мен қадағалау атом электр станциясын салу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі құралдарының бірі болып табылады. Оларды жүзеге асыру...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

СЕМЕЙДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДА «АДАЛДЫҚ МАРАФОНЫ» ӨТТІ

21 час бұрын

Абай облысында жол және балалар қауіпсіздігін күшейту тапсырылды

22 часа бұрын

Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

5 дней бұрын

Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

6 дней бұрын

Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

6 дней бұрын

АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

6 дней бұрын

Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

7 дней бұрын

Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

7 дней бұрын

Ажар Асхат пен Ерасыл Қажыбаев Азия ойындарында күміс медаль иеленді

1 неделя бұрын

Облыс әкімі қос мереке қарсаңында ардагерлердің шаңырағына барды

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС