"Семей таңы" газеті
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Абай аймағында
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Абай аймағында
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

АЛАШОРДА АЗАМАТТАРЫН АҚТАУ ЖАЛҒАСУДА

14.04.2022
АЛАШОРДА АЗАМАТТАРЫН АҚТАУ ЖАЛҒАСУДА
14
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

АЛАШОРДА АЗАМАТТАРЫН АҚТАУ ЖАЛҒАСУДА

2021 жылы 24 қарашада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия туралы» Жарлыққа қол қойған болатын.

Президенттің осы Жарлығы аясында әр өңірде жұмыс топтары құрылған болатын. Біздің облысымыз бойынша құрылған топтар іздестіру жұмыстары барысында бұрын ақталмаған бірқатар репрессия құрбандарын анықтап, тізімдерін мемлекеттік комиссияға жолдады.

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жұмыстары биыл да жалғасын тауып, жарияланбаған тың деректер іздестірілуде. Семей Алаштың отаны, Алашорда үкіметі құрылып, қызметін бастаған қасиетті мекені. Еліміз тәуелсіздік алған соң, ұлт зиялыларын ақтау мақсатында арнайы бағдарламалар жасалынып, осыған орай көптеген жұмыстар жүргізілді. Осы шаралар барысында ұлтының тағдыры үшін жанын қиған бірқатар қайраткерлердің ақталғаны белгілі.

Десек те, Алаш азаттығы жолында күрескен есімдері белгісіз тұлғалар да аз емес. Бұл сөзімізге Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығы қорында сақталған құжаттар дәлел бола алады. Осы ретте Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Ішкі істер департаменті архивтерінде сақталған құжаттарды зерттеп-зерделеу жұмысы ұйымдастырылды. Архив құжаттарын қарау барысында бұрынғы Шыңғыстау, қазіргі Абай ауданы бойынша «алашордашыл» деп жазылған ұлт мүддесі жолында еңбек еткен бірқатар азаматтардың есімдерін кездестірдік. Бұл азаматтардың бірқатары ақталған, қалғандары ақталғандардың тізімінде кездеспеді. Ендігі ойымыз – осы Алаш жолында жазықсыз жапа шеккен азаматтардың ұрпақтарын немесе туған-туыстарын іздеп табу, қазіргі күні осы бағытта жұмыстар жүргізіп жатырмыз. Мақсатымыз – көзі тірі қариялардан қуғын-сүргінге ұшыраған ата-бабаларының өмірлері жайлы сұрастырып, естеліктерін бейнетаспаға жазып алып, мұрағатқа өткізу.

Десек те осы зерттеуге қарапайым тұрғындардың көмегі де керек. Осы орайда, саяси қуғын-сүргін құрбаны болған бұрын ақталмаған азаматтардың туған-туыстары болса, Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығына хабарласуларын өтінеміз, қолдарында бар кез келген мәлімет, фотосуреттер құнды екенін естеріңізге саламыз.

Лаура ҚАДЫРОВА,
Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығының
ҒАА және құжаттарды пайдалану бөлімінің басшысы

БІЗДІ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕН ОҚЫҢЫЗ!

Абай облысында қандай аудандар ашылады?  Абай облысында қандай аудандар ашылады?   Абай облысында қандай аудандар ашылады?

Мақалада: АЛАШОРДА АЗАМАТТАРЫН АҚТАУ ЖАЛҒАСУДА

Ұқсас жаңалықтар

No Content Available

Жаңалықтар

Алматыда әскерге сау кеткен сарбаздың психиатриялық аурухаға түсуінің себебі неде?

44 мин бұрын

«Хабар» басқарма төрағасы Семей қаласының студенттерімен кездесті

58 мин бұрын

Ақтау дәрігерлері науқас асқазанынан 15-18 см болатын бірнеше темір алып шыққан

2 сағ бұрын

Педиатр: Ата-ана баласының денсаулығын дүниеге келмей тұрып ойлаған жөн

2 сағ бұрын

Мейрамбек Беспаев әншілер мен журналисттерге, өсекші бағдарламаларға және боғауыз ютуб каналдарға тиым салды

2 сағ бұрын

“Жүрегім жарылып кете жаздады”: Димаш Тұрсынбек Қабатовтың әйеліне ерекше сәлемдеме жолдады (видео)

2 сағ бұрын

Семейде сұмдық жол апаты болды

21 сағ бұрын

Миллионнан астам жұмысшының жалақысы өспек

23 сағ бұрын

«Украинаны ең ауыр ай күтіп тұр» – Киев мәлімдемесі

1 күн бұрын

Жазушы Торғын Жолдасбекқызы қайтыс болды

1 күн бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:
Роза Пұшпақова

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі – 523657;
бас редактор – 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі – 560803;
факс – 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Абай аймағында
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС