"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

«ӨЗГЕРІСТЕР ЖОЛЫ: ӘРКІМГЕ ЛАЙЫҚТЫ ӨМІР»

21.04.2022
«ӨЗГЕРІСТЕР ЖОЛЫ: ӘРКІМГЕ ЛАЙЫҚТЫ ӨМІР»
38
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

«Amanat» партиясы Семей қалалық филиалы мәслихатының депутаттық фракциясының отырысында партияның «Өзгерістер жолы: әркімге лайықты өмір» сайлауалды бағдарламасының 2021-2025 жылдарға арналған Жол картасының іске асырылу барысы қаралды.

Партия филиалының төрағасы, Семей қаласының әкімі Бақытжан Байахметов «Өзгерістер жолы: әркімге лайықты өмір» тақырыбында баяндама жасады.

Партия филиалы төрағасының айтуынша, Семей қаласы бойынша «Amanat» партиясының сайлауалды бағдарламасын орындау мақсатында 69 іс-шара жоспарланған. Оның ішінде 49,6 млрд теңгеге 42 іс-шара орындалды. 11 іс – шара ішінара орындалды, 9 іс – шараны жүзеге асыру жоспарлануда, 7 іс – шара орындалмады.

Жалпы құны 6 млрд теңге болатын Ядролық медицина орталығы пайдалануға берілді. Құны 9,1 млрд. теңге болатын өсімдік майын өндіретін зауыт іске қосылды.

«Еңбек», «Бизнестің жол картасы», «Ақ ниет» мемлекеттік бағдарламалары бойынша кәсіпкерлік субъектілеріне жалпы сомасы 11,4 млрд теңгеге қолдау көрсетілді.

«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында Қарағайлы шағын ауданында көп қабатты үйлердің құрылысына өткен жылы 12,6 млрд теңге бағытталды.

1,5 млрд. теңгеге 2 жылумен жабдықтау объектісі іске қосылды: РК-3 қайта жаңартуға (2 кезек) 1,3 млрд теңге және «Дорожник» қазандығынан №38 мектепке дейін жылу желісін салуға  200,5 млн. теңге жұмсалған.

Сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында Абыралы ауылында 430,9 млн теңгеге су тарту және су құбыры желілерінің құрылысы аяқталуда.

Ағымдағы жылы Шығыс, Бобровка және Березовский кенттерінде су құбыры желілерінің құрылысын бастау жоспарлануда. Бұл мақсатқа 796,9 млн. теңге бөлінді. Восход кентінде кварталішілік су құбыры желілерінің құрылысы бойынша жобалық-сметалық құжат әзірленуде (жобаның болжамды құны – 2,2 млрд. теңге).

2021 жылы қала жолдарын жөндеуге 3,5 млрд теңге бөлінді.

«Ауыл — Ел бесігі» бағдарламасы шеңберінде Приречное ауылының көшелері 41,8 млн теңгеге орташа жөндеуден өтті. Приречное ауылында 22,5 млн теңгеге көше жарығы орнатылды. Ағымдағы жылы 2 жобаны іске асыруға (Мұрат және Мұқыр ауылдарына кіреберіс жолдарды орташа жөндеу) 239,5 млн теңге бөлінді.

Жол қозғалысы қауіпсіздігінің деңгейін арттыру үшін сәуір айынан бастап құны 5,2 млрд теңге болатын «Сергек» фото-бейнетіркеу және бейнеталдау жүйесін құру және пайдалану жөніндегі жобаны бастау жоспарлануда.

Еуропа Қайта Құру және Даму Банкімен ынтымақтастық аясында көшені жарықтандыруды жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Өткен жылы 188 көшеге 7 659 жарық көзі орнатылды. 2022 жылғы жоспар бойынша қалада жарығы жоқ 100 көшеге 4 351 жарық шамы орнатылады. 2023 жылы 4 746 шам орнатып, 152 көшені жарықтандыру жоспарлануда.

Ағымдағы жылы аулаларды абаттандыруға және балалар, спорт алаңдары мен футбол алаңдарын орнатуға 890,5 млн теңге бөлінді. Жалпы, 35 аула, оның ішінде  23 балалар және 7 спорт алаңдары орнатылып, 6 футбол алаңы абаттандырылады, бұл — өткен жылдан 8 есеге артық көрсеткіш.

Қатты тұрмыстық қалдықты бөлек жинау мен сұрыптауды енгізу бойынша 2021 жылы 450 бірлік еуроконтейнер орнатылды және 116,4 млн теңгеге 115 жабық алаң жайластырылды. Ағымдағы жылы 471 контейнер орнатуға және 115 жабық алаңдарды жабдықтауға 124,1 млн теңге бөлінді.

Әлеуметтік салада жалпы құны 5,4 млрд теңге болатын оңалту орталығының құрылысы жүргізілуде.

Оқушы орындарының тапшылығын төмендету мақсатында Шығыс кентінде 2,5 млрд теңгеге 1200 орындық мектеп салынды, Степной кентінде 1,6 млрд теңгеге 300 орындық мектептің құрылысы аяқталуда. Өткен жылы қала мектептерін жөндеуге 925,4 млн теңге бағытталды.

Ағымдағы жылы 3 қалалық мектепті күрделі жөндеуден өткізуге (№№11, 17, 40) 110,1 млн теңге бөлінді.

1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту 70,5%-ды құрады, жоспар бойынша 61,1%.

Сонымен қатар, індетке байланысты, 2021 жылдың қорытындысы бойынша Жол картасының 7 іс-шарасы орындалмаған. Нәрестелер өлім-жітімінің төмендеуі жоспар бойынша 5,8 жағдай болса, факт бойынша 1 мың нәрестеге 8,2 жағдайды құрады; жалпы өлім-жітімнің төмендеуі жоспар бойынша 8,45 жағдай болса, факт бойынша 100 мың тұрғынға шаққанда 11,95 жағдайды құрады; «Сумен жабдықтау және су бұру жүйесін жаңғырту» жобасы Еуропалық Қайта Құру және Даму банкімен ынтымақтастық шеңберінде 869,3 млн теңге сомасындағы қарыз қаражатын іріктеудің болмауына байланысты аяқталмады (жоспар бойынша мерзім – 2021 жыл). Бюджеттің міндеттемелері толық көлемде орындалды. Банктің қарыз қаражатын алу мерзімі 01.08.2023 жылға дейін ұзартылды; Приречное ауылындағы мәдениет үйін қайта жаңғырту бойынша «Ауыл — Ел бесігі» арнайы жобасы аясында «Комплект Азия Строй» ЖШС-мен (Көкшетау қ.) 201,6 млн теңгеге шарт жасалды. 2022 жылға 21,1 млн теңге бөлінді. Республикалық бюджеттен қажеттілік 189,5 млн теңгені құрайды.

Екі балабақша салу жоспарлануда. Бобровка кентінде Строительная көшесі, 57 (1,2 га) мекенжайы бойынша 320 орындық балабақшаға арналған жер учаскесі анықталды. Инвестор жобалық-сметалық құжат әзірлеуде. Сараптаманы алудың болжамды мерзімі — 2022 жылдың мамыр айы. Нысанның құрылыс мерзімі — 2022-2023 жылдар. Сондай-ақ Восход кентінде 280 орындық балабақша салу жоспарланған. Инвестор 140 орындық балабақша құрылысына жобалық-сметалық құжат әзірлеуде. Сараптаманы алудың болжамды мерзімі – 2022 жылғы мамыр айы.  Нысанның құрылысы 2022-2023 жылдарға жоспарланған.

Қарағайлы тұрғын ауданында 1000 орындық жатақхана құрылысы бойынша әзірленген жобалық-сметалық құжаттамаға мемлекеттік сараптама теріс қорытынды берді. Объектіні пайдалануға беру мерзімін 2025 жылға ауыстыру ұсынылды.

— Бүгін біздің алдымызда партия төрағасы съезде көтерген бірқатар міндеттер тұр: бұл азаматтардың нақты мәселелерін шешу және өңірлік филиалдардың жұмысын күшейту.

Сайлауалды бағдарлама аясында атқарылып жатқан нақты істерді азаматтар сезінуі керек. Бізге партияның саяси жауапкершілігін айқын көрсетіп қана қоймай, саяси кемелділігін және жұмыс істеп тұрған тиімді партиялық технологиялар барын көрсету керек, — деп атап өтті Бақытжан Байахметов.

«Amanat» партиясы депутаттық фракциясының мүшелері партияның Семей филиалы төрағасының баяндамасын назарға алды. Сондай-ақ партиялық кураторларға Жол картасының мақсатты индикаторларына тұрақты мониторинг жүргізу, орындалмау тәуекелдеріне жол бермеу, нысандарды тапсыру мерзімдері негізсіз бұзылған жағдайда, бағдарлама әкімшісін шақыра отырып, бұл мәселені саяси кеңес бюросының отырысына шығару ұсынылды.

Анар АХМЕТҚАЛИЕВА,

«Семей таңы»

БІЗДІ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕН ОҚЫҢЫЗ!

Абай облысында қандай аудандар ашылады?  Абай облысында қандай аудандар ашылады?   Абай облысында қандай аудандар ашылады?

Мақалада: «ӨЗГЕРІСТЕР ЖОЛЫ: ӘРКІМГЕ ЛАЙЫҚТЫ ӨМІР»

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

18.09.2026
Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

Бала құқығы, білім, баспана, әлеуметтік қолдау – азаматтарды алаңдатқан мәселелердің қатарында. Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында тұрғындардың өтініштері тиісті...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

11.09.2026
Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

Абай облысында 2026–2027 жылдардағы эпидемиялық маусымға дайындық жүріп жатыр. 1 қазаннан бастап ЖРВИ мен тұмау бойынша күнделікті мониторинг жүргізіліп, медициналық...

Толығырақ...Details

Жаңа мүмкіндіктер: Абай облысында мерзімді әскери қызмет қалай өзгерді

09.09.2026
Жаңа мүмкіндіктер: Абай облысында мерзімді әскери қызмет қалай өзгерді

Қазақстанда күзгі әскерге шақыру науқаны басталды. Желтоқсан айының соңына дейін Қарулы күштерге, Ұлттық ұланға, ҰҚК Шекара қызметіне және басқа да...

Толығырақ...Details

Абай облысында алғаш рет жаңа форматта әскерге шығарып салу рәсімі өтті

08.09.2026
Абай облысында алғаш рет жаңа форматта әскерге шығарып салу рәсімі өтті

Бүгін Семей қаласындағы ҚР Мемлекеттік рәміздер алаңында «Адал азамат – Сарбаз – Отан қорғаушы» жобасы аясында мерзімді әскери қызметке шақырылған...

Толығырақ...Details

Табиғатпен үндескен тәрбие: «Семей орманы» аумағында балаларға экологиялық экскурсия ұйымдастырылды

03.09.2026
Табиғатпен үндескен тәрбие: «Семей орманы» аумағында балаларға экологиялық экскурсия ұйымдастырылды

Семей қаласының арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілері орманда өзін дұрыс ұстау, табиғатты қорғау және қауіпсіздік талаптарын сақтау...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

1 неделя бұрын

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

2 недели бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

2 недели бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

2 недели бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

2 недели бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

2 недели бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

2 недели бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

2 недели бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

2 недели бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

3 недели бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС