"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ҚАЛА КӨШЕЛЕРІ ҚОҚЫСТАН ТАЗАРТЫЛУДА

24.04.2022
ҚАЛА КӨШЕЛЕРІ ҚОҚЫСТАН ТАЗАРТЫЛУДА
23
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

 

Семей қаласы әкімдігінің кеңейтілген аппараттық кеңесінде қалада сенбіліктер ұйымдастыру және өткізу мәселесі қаралды. Кеңесте тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Амантай Өтелбаевтың осы мәселе бойынша ақпараты тыңдалды.

Сәуір айының басында қабылданған Қаланы абаттандыру және санитарлық тәртіпті қалпына келтіру бойынша санитарлық-экологиялық екі айлықты (сенбіліктерді) өткізу туралы қаулыға сәйкес, сәуір айының 9, 16, 23, 30-ы және мамырдың 7, 14, 21, 28-і жалпықалалық сенбілік өткізу күндері болып белгіленген.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Амантай Өтелбаевтың айтуынша, 300-ден астам әр түрлі меншік нысанындағы субъектілерге сенбілік өткізу туралы хабарламалар жіберілген.

Жалпы саны 80-нен астам билбордтары бар жарнамалық құрылымдардың иелеріне ескі айналымдағы баннерлерді тазалау және ауыстыру туралы хабарлама жолданған.

11 сәуірде арнайы комиссия өкілдері Т.Уранхаев, Б.Момышұлы, Қ.Мұхамедханов, Ә.Найманбаев, М.Дулатов, Ж.Ибраев, Ю.Гагарин және Құлжанов көшелерін аралап, тексеру жүргізді. Тексеру барысында іргелес аумақтары тазаланбаған кәсіпкерлік нысандар анықталып, тиісті шаралар қабылдау үшін Семей қаласының полиция басқармасына хат жолданған.

Жалпы алғанда, өткен сенбіліктерге 4500-ден астам адам қатысып, 2000 текше метрден астам қоқыс шығарылыпты.

Қала әкімі қала көшелеріндегі тазаланбаған қоқыс сөмкелеріне наразы болды.

— Мысалы, Шәкәрім атындағы университет барлық жиналған қоқысты автокөпірге апаратын жолдың жанына шығарған. Қанша күн болды, бұл қоқыс ешкімге керек жоқ, ешкім қоқысты тазаламаған. Неліктен университет қоқыс шығару бойынша келісім жасамады? Жауапты бөлімдерге бүгін кешке дейін барлығын тазалауды тапсырамын. Олай болмаған жағдайда, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жер қатынастары және автомобиль жолдары бөлімінің басшылары өз көліктерімен қоқыс салынған қаптарды тазалайтын болады, — деді Бақытжан Байахметов.

Шығыс кентіне апаратын негізгі жолдың бойында да осындай көрініс. Жолдың екі жақтары шашылған қоқыс. Осыған байланысты қала әкімі ІІБ басшылығынан учаскелік полиция қызметкерлерінің жұмысын күшейтуді талап етті.

— Учаскелік инспекторлар бұл қоқыстарды өз көздерімен көріп жүрсе де, ешқандай шара қабылдамайды. Бөлім мамандары учаскелік инспекторлармен бірге көшелерді аралауға күніне кем дегенде екі сағат уақыт бөліп, кәсіпкерлерге бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі туралы түсіндірулері керек. Іргелес аумақты тазартумен айналыспайтын коммерциялық құрылымдарға нормативтік актілерде көзделген шараларды қабылдау қажет, — деді Бақытжан Байахметов.

Қала басшысы осы тапсырмаларға немқұрайлы қараған ТҮКШ, кәсіпкерлік, сәулет және жер қатынастары бөлімдерінің басшыларын сынға алды. Сонымен қатар қала әкімі, егер бір апта ішінде жағдай жақсармаса, тиісті шаралар қабылданатындығын ескертті.

Анар АХМЕТҚАЛИҚЫЗЫ,

«Семей таңы»

БІЗДІ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕН ОҚЫҢЫЗ!

Абай облысында қандай аудандар ашылады?  Абай облысында қандай аудандар ашылады?   Абай облысында қандай аудандар ашылады?

Мақалада: ҚАЛА КӨШЕЛЕРІ ҚОҚЫСТАН ТАЗАРТЫЛУДА

Ұқсас жаңалықтар

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

11.09.2026
42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

Кейде адамды қолына қалам алуға жеке басынан өткен жағдай мәжбүрлейді. Бұл мақаланы жазуыма да сондай жағдай түрткі болды. 23 тамызда...

Толығырақ...Details

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

10.09.2026
Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

Бүгін, 2026 жылғы 9 қыркүйекте Alikhan Bokeikhan University және М.О. Әуезов атындағы педагогикалық колледж базасында цифрлық сауаттылықты арттыруға және кибермәдениетті...

Толығырақ...Details

«АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ»: ЖАСТАР ҚҰРМЕТТІ ІСПЕН КӨРСЕТТІ

10.09.2026
«АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ»: ЖАСТАР ҚҰРМЕТТІ ІСПЕН КӨРСЕТТІ

Абай облысының Семей қаласында «Әділет» партиясының «Жастар Рухы» жастар қанатының 20 белсенді волонтері «Ардагерлерді ардақтайық» акциясы аясында жалғызбасты ардагер Каримов...

Толығырақ...Details

БІЛІМ МЕН ТЕХНОЛОГИЯ ТОҒЫСҚАНДА

09.09.2026
БІЛІМ МЕН ТЕХНОЛОГИЯ ТОҒЫСҚАНДА

Бүгінгі университет үшін жасанды интеллектіні меңгеру – уақыт талабына сай болудың бір ғана шарты. Ал одан да маңызды мәселе –...

Толығырақ...Details

Абай облысында балалар қауіпсіздігі бойынша 167 рейд өткізілді

03.09.2026
Абай облысында балалар қауіпсіздігі бойынша 167 рейд өткізілді

Абай облысында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және кәмелетке толмаған жасөспірімдер  арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында профилактикалық жұмыстар жүргізілуде. Бұл...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

1 день бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

3 дня бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

3 дня бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

3 дня бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

6 дней бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

6 дней бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

6 дней бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

6 дней бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

1 неделя бұрын

2026 жылғы мүлік салығы: кім төлейді және қандай өзгерістер бар?

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС