2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы Жалпыұлттық аза тұту күні

"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ӘУЕЗОВ ӘЛЕМІН АЙШЫҚТАҒАН КОНФЕРЕНЦИЯ

28.04.2022
ӘУЕЗОВ ӘЛЕМІН АЙШЫҚТАҒАН КОНФЕРЕНЦИЯ
47
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Елімізде заңғар жазушы, әдебиеттанушы ғалым, абайтану ғылымының негізін қалаушы Мұхтар Әуезовтің 125 жылдық мерейтойы бастау алды. Осы орайда қаламыздағы Әлихан Бөкейхан университетінде «Мұхтар Әуезовтің классикалық мұрасы әлем мәдениеті контексінде» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Конференция жұмысына Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрқиса Дәуешов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мақпал Тәжмағамбетова, ШҚО әкімдігі, М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты, Қазақстан Жазушылар одағы, «М.О.Әуезов үйі» ғылыми-мәдени орталығы, Абайдың «Жидебай — Бөрлі» мемлекеттік музей-қорығының қызметкерлері, әдебиеттанушы, алаштанушы ғалымдар, жоғары оқу орындарының профессор оқытушылары мен білім алушы докторанттары, магистранттар мен студенттер қатысты.

Конференцияның пленарлық отырысында жазушы, алаштанушы ғалым, профессор Тұрсын Жұртбай, ҚР ҰҒА академигі Ғарифолла Есім, ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі, М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры Кенжехан Матыжанов, «М.О.Әуезов үйі» ғылыми-мәдени орталығының директоры, ф.ғ.к. Диар Қонаев, профессор, Шәкәрім университетінің «Абайтану және ұлттық руханият» ғылыми-зерттеу орталығының жетекшісі Арап Еспенбетов, «М.О.Әуезов үйі» ғылыми-мәдени орталығының бас ғылыми қызметкері, профессор Гүлзия Пірәлі сынды бірқатар ғалымдар Әуезов әлемі жайында баяндамалар жасады.

Конференцияда сөз алған ғалымдар Мұхтар Әуезов мұрасын әлемдік деңгейде тарату, жазушының шығармашылық, ғылыми әрі қоғамдық-саяси қызметін одан ары зерделеу, Әуезов мектебі мен Әуезов мұрасын сақтау, дамыту және насихаттау мәселелерін кеңінен қозғады. Алдағы уақытта конференция баяндамалары жинақ түрінде жарық көреді.

Ғылыми жиынның жұмысы сонымен қатар кеше, 27 сәуір күні, Мұхтар Әуезовтің туған жері Бөріліде жалғасын тапты.

Айта кетерлігі, жазушының мерейтойын атап өтудің республикалық жоспарына сәйкес, елімізде 4 бағытта 90-ға жуық іс-шара ұйымдастырылады. Ал облыс көлемінде 500-ден астам жоспардан тыс мерейтойлық шаралар өткізу  жоспарланған.

Қ.ЖОЛЫМБЕТ,

«Семей таңы»

Мақалада: ӘУЕЗОВ ӘЛЕМІН АЙШЫҚТАҒАН КОНФЕРЕНЦИЯМұхтар Әуезовтің туғанына 125 жыл

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

18.09.2026
Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

Бала құқығы, білім, баспана, әлеуметтік қолдау – азаматтарды алаңдатқан мәселелердің қатарында. Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында тұрғындардың өтініштері тиісті...

Толығырақ...Details

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

7 дней бұрын

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

1 неделя бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

2 недели бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

2 недели бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

2 недели бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

2 недели бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

2 недели бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

2 недели бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

2 недели бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

2 недели бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС