"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ТАРИХИ-МӘДЕНИ ЕСКЕРТКІШТЕРДІҢ КАРТАСЫ ӘЗІРЛЕНДІ

05.05.2022
ТАРИХИ-МӘДЕНИ ЕСКЕРТКІШТЕРДІҢ КАРТАСЫ ӘЗІРЛЕНДІ
47
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

ТАРИХИ-МӘДЕНИ ЕСКЕРТКІШТЕРДІҢ КАРТАСЫ ӘЗІРЛЕНДІ

 

Жуырда Семей қаласы әкімдігінде өткен жиында шаһардағы тарихи ғимараттарды сақтау мәселелері талқыланды. Жиында С айтуынша емей қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Назерке Аққожина тарихи-мәдени мұра объектілерін сақтау бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндама жасады.

Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі басшысының айтуынша, қалада 67 тарих және мәдениет ескерткіші тіркелген. Оның ішінде 34 сәулет және қала құрылысы ескерткіші, 16 монументалды өнер, 16 тарих және архелогия ескерткіші бар. Оның 10-ы —  республикалық маңызы бар, 57-сі — жергілікті маңызы бар ескерткіштер.

— 2021 жылғы наурызда ҚР Мәдениет және спорт министрінің келісімі бойынша тарихи – мәдени мұра объектілерін сақтау жөніндегі жол картасы бекітілді, оған 9 тарих және мәдениет ескерткіші кірді. Қаржыландырудың болмауына байланысты 2021 жылы қалпына келтіру жұмыстары жүргізілген жоқ. 6600,0 мың теңге қаржыға 38 тарих және мәдениет ескерткішінде қорғау аймақтарын анықтау бойынша жұмыстар жүргізілді.

Instagram-да @monuments_of_semey парақшасы ашылды, одан Семей қаласының барлық тарихи ескерткіштері туралы білуге болады.  Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханамен izi travel платформасы әзірленді, оған қаланың тарих және мәдениет ескерткіштерінің барлық тізімі үш тілде, аудиогид форматында енгізілді. Бөлім QR — кодтарды пайдалана отырып, қала ескерткіштерінің картасын әзірледі,- деді аталған бөлімінің басшысы Назерке Аққожина.

Назерке Аққожина өз баяндамасында осы уақытқа дейін мәселелері шешілмеген күйінде қалып отырған нысандарға тоқталды. Олардың қатарында 1873 жылы салынған бұрынғы әйелдер гимназиясының ғимараты, бұрынғы көпес үйі, көпес Сахноның ғимараты, орталық телеграф ғимараты бар.

— Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіші — 1873 жылғы бұрынғы әйелдер гимназиясының ғимараты жекеменшікте («Semey Mall» ЖШС) тұр. Нысан апатты жағдайда тұр. Осыған байланысты Харьков Ұлттық құрылыс және сәулет университетінің сәулет нысандарын реконструкциялау, қалпына келтіру кафедрасы тәуелсіз сараптама жүргізіп, сараптамалық пікірін ұсынды. Қорытындыға сәйкес, ғимаратты қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік бар, себебі іргетастар мен қабырға конструкцияларында материалдар бұзылмаған, төбелер жартылай сақталған, ғимараттың қасбеттері жақсы сақталған. Осыған байланысты одан әрі қираудың алдын алу үшін шұғыл жұмыстар жүргізу қажет. Осы айтылғандарды ескере отырып, «Semey Mall» ЖШС–ға «ШҚО тарихи-мәдени мұраны қорғау жөніндегі мекеме» КММ уәкілетті органы, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес, аталған ғимаратта қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу қажеттігі туралы хат жіберді,- деп атап өтті бөлім басшысы.

Ал 1844 жылы салынған Найманбаев көшесінде орналасқан көпес үйі ғимаратының иесі Д.Н.Күлжекеновке қатысты қылмыстық іс қозғалып, оның меншігіндегі жылжымайтын мүлікке, оның ішінде осы ғимаратқа да тыйым салыныпты. Осыған байланысты аталған ғимаратты, қылмыстық істі қарау аяқталғанға дейін, Тарих және мәдениет объектілерінің мемлекеттік тізіміне енгізу мүмкін емес.

Көпес Сахноның ғимараты — 1900 жылғы қонақ бөлмелеріне келсек, («Бинар» қонақ үйі) 2021 жылғы қазанда «Павлодар педагогикалық университеті» КеАҚ «Margulan centre»–мен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге шарт жасалған. Сараптама жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары аяқталғанға дейін жеткізушімен бірге жүргізіледі. Қазіргі уақытта жөндеу – қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде, іргетас қаланды, төсеу үшін материалдар сатылып алынуда.

Назерке Аққожинаның айтуынша, Найманбаев көшесі, 116 мекенжайында орналасқан орталық телеграф ғимараты Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 30 қаңтардағы № 17 қаулысының 1-тармағымен жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіші мәртебесінен айырылып, жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет  ескерткіштері тізімінен шығарылған. Семей қаласының тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық бөлімі теңгеріміндегі ғимаратқа техникалық тексеру жүргізілген.  Қазіргі күні бұл ғимаратты қалпына келтіру және кейіннен оған әлеуметтік объектілерді орналастыру жоспарлануда.

— «Прииртышье» өлкетану қоғамының мүшелері Тарих және мәдениет объектілерінің мемлекеттік тізіміне енгізу үшін саны  65 нысаннан тұратын көне ғимараттардың тізімін ұсынды. Бұл бағытта бөлім, қағидаларға сәйкес, тарих және мәдениет ескерткіштерін анықтау, есепке алу, мәртебе беру және одан айыру, олардың жай-күйіне мониторингті ауыстыру және өзгерту және санаттарын өзгерту, осы объектілерді кезең-кезеңімен Ескерткіштердің мемлекеттік тізіміне енгізу жұмыстарын жүргізуде,- деді бөлім басшысы.

Жиында Семей қаласының әкімі Бақытжан Байахметов, ресми тіркелген 67 мәдени және тарихи ескерткіштерден басқа, қаланың барлық ескі ғимараттарының тізімін дайындауды тапсырды.

— Биыл біз қаланың орталық бөлігіндегі ғимараттардың қасбеттерін жөндеу бойынша үлкен жұмысты бастаймыз. Бұл бағытта біз тарихи маңызы бар объектілерді жөндеу үшін бюджеттен қаражат бөлуді қарастырамыз. Оларды сақтап қалу керек. Жұмыстарды қандай ғимараттарда жүргізу керектігі туралы толық ақпарат дайындаңыз, — деді Бақытжан Байахметов.

Анар АХМЕТҚАЛИҚЫЗЫ,

«Семей таңы

БІЗДІ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕН ОҚЫҢЫЗ!

 "Қауіп төнуі ықтимал" астероид Жерге жақындады"Қауіп төнуі ықтимал" астероид Жерге жақындады"Қауіп төнуі ықтимал" астероид Жерге жақындады"Қауіп төнуі ықтимал" астероид Жерге жақындады

Мақалада: ТАРИХИ-МӘДЕНИ ЕСКЕРТКІШТЕРДІҢ КАРТАСЫ ӘЗІРЛЕНДІ

Ұқсас жаңалықтар

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

11.09.2026
42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

Кейде адамды қолына қалам алуға жеке басынан өткен жағдай мәжбүрлейді. Бұл мақаланы жазуыма да сондай жағдай түрткі болды. 23 тамызда...

Толығырақ...Details

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

10.09.2026
Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

Бүгін, 2026 жылғы 9 қыркүйекте Alikhan Bokeikhan University және М.О. Әуезов атындағы педагогикалық колледж базасында цифрлық сауаттылықты арттыруға және кибермәдениетті...

Толығырақ...Details

«АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ»: ЖАСТАР ҚҰРМЕТТІ ІСПЕН КӨРСЕТТІ

10.09.2026
«АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ»: ЖАСТАР ҚҰРМЕТТІ ІСПЕН КӨРСЕТТІ

Абай облысының Семей қаласында «Әділет» партиясының «Жастар Рухы» жастар қанатының 20 белсенді волонтері «Ардагерлерді ардақтайық» акциясы аясында жалғызбасты ардагер Каримов...

Толығырақ...Details

БІЛІМ МЕН ТЕХНОЛОГИЯ ТОҒЫСҚАНДА

09.09.2026
БІЛІМ МЕН ТЕХНОЛОГИЯ ТОҒЫСҚАНДА

Бүгінгі университет үшін жасанды интеллектіні меңгеру – уақыт талабына сай болудың бір ғана шарты. Ал одан да маңызды мәселе –...

Толығырақ...Details

Абай облысында балалар қауіпсіздігі бойынша 167 рейд өткізілді

03.09.2026
Абай облысында балалар қауіпсіздігі бойынша 167 рейд өткізілді

Абай облысында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және кәмелетке толмаған жасөспірімдер  арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында профилактикалық жұмыстар жүргізілуде. Бұл...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Бородулиха ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытындағы жұмыстар жалғасуда

2 дня бұрын

Қазақстанның Бас Прокуроры Қазан қаласында өткен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер бас прокурорларының 24-ші отырысына қатысты

2 дня бұрын

Отбасы құндылықтарын қорғаудың конституциялық негізі

2 дня бұрын

Абай облысында ардагерлерге құрмет көрсетілді

2 дня бұрын

Ажар Асхат Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алды

2 дня бұрын

Семейде Кемел Тоқаев атындағы республикалық детектив байқауының жеңімпаздары анықталды

2 дня бұрын

Семейде ұлттық ойындардан зияткерлік-спорттық сайыс өтті

3 дня бұрын

Экологиялық идеялар – іс жүзінде: Абай облысы оқушыларының жобалары

3 дня бұрын

Борышты өндіріп алуда не өзгереді?

3 дня бұрын

Абай облысында туризм және спорт инфрақұрылымы дамып келеді

4 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС