"Семей таңы" газеті
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Қабыш ДҮТБАЕВ: НИЕТІ ТАЗАНЫҢ  ЖОЛЫ ДА АШЫҚ БОЛАДЫ

22.05.2022
Қабыш ДҮТБАЕВ: НИЕТІ ТАЗАНЫҢ  ЖОЛЫ ДА АШЫҚ БОЛАДЫ
16
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Тағдырдың тәлкегіне түскен жарымжан жандарды қоғамға бейімдеп, олардың еңсесін тіктеп, өзгелер секілді өмір сүрулеріне  қолдау көрсету көпке ортақ парыз десек те, күйкі тірліктің көлеңкесінде аңғара бермейтін жағдайлар аз емес. Біздің бүгінгі кейіпкеріміз — мүгедектердің мұңын бөлісіп жүрген жан. Таныстыра кетейік, Қабыш Айнақұлұлы Дүтбаев — 1940 жылы 25 мамырда дүниеге келген. Жасы сексеннен асса да  қоғамдық  өмірден бейтарап қалмай келе жатқан Кабыш ақсақал — бүгінгі таңда Семей қаласындағы қоғамның қолдауын қажет ететін жандарға көмек беретін  ұйымға бас болып жүрген азамат. Мүмкіндігі шектеулі жандардың құқығын қамтамасыз ету және  қорғау әлеуметтік саладағы маңызды міндеттердің бірі десек, Қабыш Айнақұлұлы  осы жұмысты еркімен атқарып жүр.

— Қабыш аға, Сіз Семейдегі қолдауды қажет ететін жандарға  жанашыр болып жүрген жансыз. Мемлекет тарапынан қоғамның осы тобына қамқорлық жеткілікті деп ойлайсыз ба? Өзіңіздің атқарып жатқан  жұмыстарыңыз жайлы да айта отырсаңыз…

— Елімізде  қоғамның қолдауды қажет ететін тобына көмек көрсету шаралары аз деп айтсақ, қиянат болар, бүгінгі таңда мүмкіндігі шектеулі адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында атқарылып  жатқан жұмыстар жетерлік. Себебі өмірдің тауқыметін тартса да мойымай күн кешіп жүрген кембағал жандардың жайы қай кезде де  басты назарда болуы хақ.

2009 жылдан бері осы қоғамдық ұйымның төрағасы  болып келемін.  Ең бірінші, олардың жүріп–тұру мәселесін шешу қажет болды.  2010 жылдан бері  инватаксидің жұмыс істей бастағаны осы мәселені жеңілдетті. Инватакси қызметіне жеке төраға сайланып,  диспетчер, бухгалтер сияқты  жұмыс орындары ашылды. Қазір бұл жұмыс толық жолға қойылды деп айта аламын.

Бүгінгі күні маған баспана мен жер алуға көмек сұрап  келушілер көп. Әлеуметтік жағдайы бойынша өтінішпен келгендердің мәселелерін әкімдікке, әлеуметтік тұрғыдан қорғау мекемелеріне жеткізу үшін хат жазып, көмек сұраймыз. Өтінішіміз аяқ асты болған емес. Барлығы дерлік баспанамен қамтамасыз етіліп жатыр.

Семейде жыл сайын тұрғын үйлер көптеп салынуда. Биыл облыс әкімі Даниал  Ахметовтен мүгедектерді көлікпен қамтуға көмек сұрадым. Рақмет, ешқандай қарсылық болған жоқ, 15 машинаға ақша бөлінді. Арбаға таңылғандар толықтай көлікпен қамтамасыз етілді.

Кей кездері жеке өзім де 5-6 адамға көмектесіп, көмірлерін алып беріп отырамын. Әзірге  жаман емес, іс-шаралардың барлығы өткізіліп отырады. Біздің қоғамдық ұйымның мақсаты — мүгедектерге көмек көрсету арқылы мүмкіндікте шек жоқ екендігін сезінулеріне жағдай жасау. Сондықтан да маған көмек сұрап келген әр азаматтың өтініш-тілегін назардан тыс қалдырмауға тырысамын. Қажет еткендердің баспаналарына жөндеу  жасатамыз.  Мемлекет тарапынан да қолдау бар. Жергілікті БАҚ өкілдері де бізді назардан тыс қалдырған емес. Осының барлығы мемлекетіміздің мәдениеті өркендеп, экономикамыздың дамығандығының белгісі. Мүгедектердің мұңы көп. Сондықтан оларға  қамқорлық  жасау шаралары еш уақытта толастамауға тиіс.

— Енді өзіңіз жайлы айта отырсаңыз…

— Қоғамдық жұмысқа мектепте оқып жүрген кезімнен араластым. 7 сыныпта комсомол қатарына өтіп, осы ұйымының хатшысы да болдым. Халықтың ортасында жүріп,  олармен байланыс орнатып, көмектесу өзіме ұнайды. Ал қолдауды қажет ететін жандарға көмек көрсетіп жүргеніме 15 жыл болды. Менің көмегіммен баспана алған, басқа да проблемаларын шешкен адамдардың қуанышына ортақтасу, разылығын көру, алғысын есту — мен үшін үлкен бақыт! Ал олардың саны аз емес… Жасым 80-ге келсе де бұл саладан кету мен үшін қиынға соғатын сияқты. Бұл — үлкен жауапкершілікті қажет ететін миссия. Күш-қуатым сарқылғанша осы істі жалғастыра бергім келеді.

Өзім жайлы сұрап отырсың ғой, жасымнан спортқа бейім болып өстім. Мектепте  шаңғы және жеңіл жүгіру спорт түрлері бойынша  спорт шебері болдым. Спорттан әскери борышымды атқарып жүрген кезімде де қол үзген жоқпын.

Әскерден кейін  институтқа түстім. Тобымызда староста, комсомол хатшысы  болдым. 3 жыл қатарынан студенттік құрылыс отрядын  басқардым. Осы жерде бүгінгі жастарға үлгі болу үшін айта кеткім келеді,  құрылыс отрядында  барлығы  дерлік қыздар болды. 1-курс оқып жүрген жас студенттер 150 мыңға жуық кірпіш құятын. Жұмыстың аты — жұмыс. Талап қоятынмын. Сонда бір студент қыздың «бұл кісінің бізге тиетін пайдасы жоқ, ауыр жұмысқа салып қойғаннан басқа» деп шағымданғаны бар (күлді).

Өзім староста болған кезде басқаларға үлгі болуға тырыстым. Тіпті 3–тік бағасы бар студенттердің өздеріне еңбектерін бағалап, стипендия алуларына көмектесетінмін. Жақсы оқитын, лауазымды адамдардың балаларымен сөйлесіп, өз стипендиясын беруге қолхат жаздырып, жағдайы төмендеулерге  алып беретінмін. Олар да қарсы болмай, қуана келісетін кездер болды.

Құрылыс отрядында болғанда ең бірінші Аягөз ауданындағы  Ақши совхозындағы  құрылысты салдық, қазір Сарыарқа деп  аталады. Одан кейін Шардағы Арқалық совхозында құрылыс жұмысын жүргіздік. Институт бітіргеннен кейін осы Арқалықта қызмет атқардым.  Абыралының Ақбұлақ совхозында да біздің құрылыс отрядының қолының ізі бар. Атқарған жұмыстарымыз үшін бірінші орынды иеленіп,  Алматыдағы үлкен конференцияға  шақырту да алдық. Сондағы шаралардың бірінде Мельников деген бір министр мені «Тың игеруші» медалімен марапаттаған болатын.

— Өзіңіз өмірде  кімді үлгі тұттыңыз?

Менің мектеп кезіндегі, өмірдегі үлгі тұтарлық адамым Қайым Мұхамедханов болды. Институт бітіргенше жанына жақын жүруге тырыстым. Жақсы адам болатын. Оқушы болсын, мұғалім болсын, барлығына  көмектесіп жүретін. Маған да талай жақсылық жасады, ешқашан ұмытпаймын. Қайырымдылық жасауға жақын болуыма да сол кісі тәрбиесінің ықпалы көп болды ма деп ойлаймын.  Тек мені емес, талай шәкірттеріне ақыл айтып, түзу жолға салды. Тіпті біздің көзімізше ағат қылығы үшін бір мұғалімнің жағасынан тартып жібергенін де көргенмін (күлді). Өмірімде талай жақсы адамдармен араластым. Талай жандардың жақсылығын көрдім. Сол  азаматтарды еске алғанда  кейде көңілім босайды. Жақсы адамдардың жақсылығын қайтара алмадым ба деген ой да болады.

2003 жылы 63 жасымда зейнет демалысына шықтым. Атырау қаласындағы Иманғали атындағы мешітте діни білім алып, қарттарға барып көмектесіп, имандылық жолын үйреттім.  Иманды адам барлығына қадірлі болады. Жастарға имандылық  жолында дұрыс бағыт беретін замандастарым, ақсақалдар көп болса екен деймін. Бірде жас имамның: «Үлкен кісілер немерелерін ертіп саябаққа барғанша, мешітке келіп, иман үйренгендері жақсы емес пе?»- дегені де бар. Имандылық жолы — түзу жол. Жастарды имандылыққа баулуда біздер, ақсақалдар, ұйытқы болумыз керек. Өзім 5 уақыт намазға жығылып, аруақтарға арнап Құран оқып,  бата сұрағандардан ақ батамды аяған емеспін. Ниет таза болса, жол да ашық болады. Адамдар бір-біріне тек ақ пейілмен қарағанда ғана айнала нұрланып тұрады. Мейірімділік атты ізгі ниетке әрқайсымыздың жүрегімізде орын болуы керек.

Махаббатпен жаратқан адамзатты,

Сен де сүй ол Алланы жаннан тәтті.

Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп,

Тек хақ жолы осы деп әділеттің,-

деп, Абай атамыздың өзі айтып кеткен.

— Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жаңа Қазақстан құру жайлы бастамасына қалай қарайсыз?

— Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы наурыз айындағы Жолдауын ерекше ынтамен тыңдадым. Бұл Жолдауда барлық мәселе қамтылған. Біздің жерлестеріміз үшін Абай облысының құрылатыны туралы жаңалық ерекше болды.

Мен өз жұмысым бойынша ғана айтайын. Мүмкіндігі шектеулі дегенмен, біздің қоғамның мүшелері  өте білімді, көздері ашық адамдар. Барлық жаңалықты алдымен естиді. «Семей таңы» газетін жұмасына үш рет тегін алып отырамыз. Жолдауда айтылған ауқымды мәселелер көп. Барлығы қолма-қол бола қалмайды. Уақыт керек. Заң қабылданып, оның іске асырылуы көп уақытты, үлкен еңбекті  талап етеді. Шыдамдылық керек.  Айтпақшы, біз  мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмысқа орналастыру шараларынан да шет қалмаймыз. Өзім  осы Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы университетке  бір мұқтаж жанды жұмысқа орналастырдым, енді бірінің қалалық ауруханаға жұмысқа орналасуына ықпал еттім. Олар да ел қатарлы жұмыс істеуі керек. Мемлекет үшін  азаматтардың бәрі тең. Қасым-Жомарт  Кемелұлы  көп бетбұрыс жасап жатыр.

— Бұрынғы Семей облысының Абай облысы болып қайта ашылатыны, жаңа облыстың орталығы Семей қаласы болатыны туралы жаңалықты қалай қабылдадыңыз?

— Бұл жаңалықты үлкен қуанышпен қабылдадық.  Бір айта кетерлігі, әкімдікке ғимараттар жетіспейді деген сөздерді естіп жүрміз. Бұрын сыйды, қазір де сыяды. Қонаевтың атына да бір облысты беріп жатыр. Ол да өте жақсы жаңалық. Алдымен облыс болып құрылып алайық, қалған мәселелердің барлығы шешіледі.

— Қазіргі жастарға көңіліңіз тола ма?

— Бүгін жан-жақты білімді, бірнеше тіл білетін жастар көп, оларды көргенде көңілімді мақтаныш сезімі кернейді. Мәселе жаста емес, баста. Кейбір жастардың ой-танымы өмір көрген  үлкендерден әлдеқайда озық болып жатады. Соларға қарап еліміздің болашағы жарқын боларына көзім жетеді. Қазіргі жастарға сенімім мол, олардан үлкен үміт күтемін.

— Отбасыңыз жайлы да айта отырсаңыз…

— Жұбайым Қасенова Нұржамимен  50 жылдан астам уақыт бірге өмір сүріп келеміз. (Сұхбат алу барысында жанымызда отырған Нұржами апай: «Атаңның тегіне ауыспадым»,- деп қалжыңдады. — авт.)

Аллаға шүкір, 3 қызымыз бар. Үлкен қызымыз  қазір Шар қаласында тұрады. Осы тұңғышымыздан 2 немереміз, 4 шөбереміз бар. Ортаншы қызымыз Атырау қаласында тұрады. Оның  екі баласы бар. Кенже  қызымыз Ақтауда тұрады, одан 3 немереміз бар.  Ең басты байлығымыз — ұрпақтарымыз. Құдай денсаулық беріп,  балаларымыз бақытты болса болды, содан басқа арман жоқ.

— Әңгімеңізге рақмет, Қабыш аға! Қайырымдылық жолында жасап жатқан игі  ісіңіз табысты болсын! Өзіңізге, апайға денсаулық тілеймін! Ұрпақтарыңыздың қызығын көріңіздер!

 

Сұхбаттасқан Инабат АБЛАХАТҚЫЗЫ

Мақалада: Қабыш ДҮТБАЕВ: НИЕТІ ТАЗАНЫҢ  ЖОЛЫ ДА АШЫҚ БОЛАДЫ

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында «Жұмыстың жаманы жоқ, кез келген еңбек қадірлі» атты диалог алаңы өтті

11.02.2025
Абай облысында «Жұмыстың жаманы жоқ, кез келген еңбек қадірлі» атты диалог алаңы өтті

Абай облысында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай «Жұмыстың жаманы жоқ, кез келген еңбек қадірлі» атты диалог алаңы өтті. Іс-шараға...

Толығырақ...Details

Солтүстік Арал қалпына келуде

10.02.2025
Солтүстік Арал қалпына келуде

«Арал теңізінің құрғап, шөлге айналуы – алаңдатарлық мәселе. Экологиялық апатқа ұшыраған аймақты оңалту керек. Бұған қоса, трансшекаралық өзендердің су қорын...

Толығырақ...Details

Мемлекет басшысы отандық бизнес өкілдерімен кездесуде Үкіметке қосымша құн салығы мәселесін тағы да пысықтауды тапсырды

07.02.2025
Мемлекет басшысы отандық бизнес өкілдерімен кездесуде Үкіметке қосымша құн салығы мәселесін тағы да пысықтауды тапсырды

Мемлекет басшысы отандық бизнес өкілдерімен кездесуде Үкіметке қосымша құн салығы мәселесін тағы да пысықтауды тапсырды Мемлекет басшысы отандық бизнес өкілдерімен...

Толығырақ...Details

Бюрократиядан қолайлылыққа: цифрландыру мемлекеттік қызметтерді қалай жақсартады

07.02.2025

"Цифрлық технологиялар арқылы біз азаматтардың күнделікті өмірін барынша жеңілдетуге және барлығына тең мүмкіндіктерге қол жеткізуге ниеттіміз. Ол үшін мемлекеттік басқаруды...

Толығырақ...Details

Атаулы әлеуметтік көмек көрсету тәртібіне бірқатар өзгерістер енгізілді

07.02.2025
Атаулы әлеуметтік көмек көрсету тәртібіне бірқатар өзгерістер енгізілді

Енді, АӘК 12 айға емес, тек тоқсанға тағайындалатын болды. Бұл туралы Абай облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы...

Толығырақ...Details

ҚҚС мөлшерлемесінің артуы бағаның өсуіне әсер ете ме?

06.02.2025
ҚҚС: Уақыт сынын еңсеретін қадам

Көбінесе ҚҚС мөлшерлемесінің өсуі бағаның күрт қымбаттауына әсер етеді. Бірақ елімізде олай болуы мүмкін бе? Жауап: тұтынушылар үшін бағаның айтарлықтай...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Заманауи техниканы ауылға беру: ТЖМ қауіпсіздік стандарттарын теңестіреді

2 дня бұрын

Қазақстандағы ТЖ жүйесінің цифрлық трансформациясы

3 дня бұрын

Алматы әуежайын дамытуға 362 млн доллар жеке инвестиция тартылады

3 дня бұрын

Еліміздегі ең танымал ТОП-10 спорт түрі

3 дня бұрын

5 МАМЫР — ДҮНИЕЖҮЗІЛІК АКУШЕРЛЕР КҮНІ

4 дня бұрын

ТЖМ ауылдық жерлерде қауіпсіздікті нығайтады

4 дня бұрын

Биылғы құрылыс маусымы аясында бірқатар жол құрылысы басталады

4 дня бұрын

Қазақстандық оқушы Азия-Тынық мұхиты аймағының ең мықты лингвисі атанды

4 дня бұрын

Семейлік шекарашылар “Бірлік жарысы” марафонына қатысты

7 дней бұрын

Әуежайдың террористік қауіп-қатерге дайындығы тексеріледі

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС