"Семей таңы" газеті
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Таным
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Таным
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Маймыл шешегі қандай ауру және ол қалай таралады?

23.05.2022
Маймыл шешегі қандай ауру және ол қалай таралады?
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Маймыл шешегі – поксвирустар тұқымдасына жататын вирус. Ол алғаш рет 1958 жылы маймылдардан табылған. Құрылысы мен қасиеттері бойынша адамның шешек вирусына ұқсас.

Маймыл шешегімен адам алғаш рет 1970 жылы Конго Демократиялық Республикасында (бұрынғы Заир), Экватория провинциясының Басанкусу қаласында ауырған. Заирде 1981-1986 жылдар аралығындағы ДДҰ бақылауы бойынша 338 науқас анықталып 33 өлім (өлім көрсеткіші 9,8%) тіркелген. 1996–1997 жылдары Заирде індет екінші рет анықталды.

Маймыл шешегі Орталық және Батыс Африканың шалғай аудандарында жиі кездеседі. Көбінесе осы аймақтарда болған адамдар ауруды жұқтырып, басқа мемлекеттерге таратады.

Белгілері

Инкубациялық кезең 7-ден 19 күнге дейін созылады. Ауру жедел, кенеттен басталады, дене температурасы жоғарылайды, бас және бұлшықет ауырады. Бас айналу, жүрек айну, құсу белгілері кездеседі. Аурудың кейінгі динамикасы шешек белгілеріне ұқсас, көбінесе жеңіл және орташа өтеді.

Аурудың 3-4-ші күні алдымен бетте, сосын қолда бөртпе пайда болады, содан кейін денеге таралады. Бұл кезде науқастың жағдайы күрт нашарлайды, тахикардия пайда болады, тыныс алу жиілейді, қан қысымы төмендейді, содан кейін науқастың жағдайы бірте-бірте жақсарады. Аурудың жеңіл түрлері де байқалуы мүмкін, онда жалпы жағдай қалыпты болып қалады.

Британ денсаулық сақтау қызметінің мәліметі бойынша, бұл – сирек кездесетін вирусты инфекция. Вирус адамнан адамға оңай берілмейді және жаппай жұқтыру қаупі өте төмен.

Адам өлімі 10 жағдайдың бірінде кездеседі. Көбіне жас науқастар арасында өлім көп. Әзірге маймыл шешек ауруынан емдейтін дәрі жоқ, бірақ шешек ауруына қарсы вакцина вирустан қорғайды.

© IMAGO

Әлем елдеріндегі жағдай

2022 жылы мамырда маймыл шешегінің алғашқы белгілері Израиль мен Швейцарияда расталды. Ауру анықталған елдер саны осымен 14-ке жетті.

Екі елде де бірінші науқастар шетелден жақында оралғандар. Израильде аурудың бірнеше жағдайы тексерілуде.

ДДҰ ауру туралы алғаш рет Ұлыбританияда 7 мамырда хабарлады – ауру Нигериядан оралған туристте анықталды. 29 сәуірде оның терісінде бөртпе пайда болып, 4 мамырда Ұлыбританияға оралғанда ауруханаға түсіп, оқшауға алынған. 12 мамырда Лондонда тағы екі жаңа жағдай анықталды – олар науқаспен бір үйде тұрған. Олардың бірі ауруханаға жатқызылды, екіншісінің жағдайы жеңіл, карантинді жағдайда емделіп жатыр. 17 мамырда тағы төрт жағдай тіркелді: үшеуі Лондонда және біреуі Англияның солтүстік-шығысында.

Өткен аптада АҚШ, Канада, Испания, Португалия, Франция, Италия, Швеция, Бельгия, Нидерланды, Греция және Аустралия аумақтарында аурудың өршуі туралы хабарланды.

Дүние жүзі бойынша аурудың 80-ге жуық жағдайы расталды, бірақ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы тағы 50 науқастың ауруға шалдыққаны туралы хабарлады, бірақ бұл жағдайлардың қай елдерде болғаны белгісіз.

Ұйым ауру саны әлі де өсетінін ескертеді.

Ғалымдар мұндай індетті күтпеген еді, себебі, маймыл шешегі адамнан адамға оңай берілмейді.

«Біз күн сайын жаңа жағдайларды анықтаймыз», — деді Сюзан Хопкинс, британ үкіметінің бас медициналық кеңесшісі жексенбіде BBC-ге берген сұқбатында.

Оның айтуынша, маймыл шешегіне қарсы арнайы вакциналар жоқ болса да, көптеген елдер шешек ауруына қарсы вакцинаны егіп жатыр. Себебі екі вирус ұқсас болғандықтан, мұндай вакциналар маймыл шешегі ауруының алдын алуда 85 пайызға жуық тиімді.

Жұма күні ДДҰ қазіргі аурудың өршуін «ерекше» деп атады, өйткені ауру эндемиялық емес елдерде тіркелген. Бұл күтпеген індеттің дәл қазір неліктен орын алып жатқаны әлі белгісіз.

Вирус қандай да бір жолмен мутацияға ұшыраған болуы мүмкін деген нұсқа бар, бірақ әзірге бұл жаңа нұсқа екенін көрсететін дәлелдер жеткіліксіз. Басқа нұсқа бойынша, вирус қандай да бір жолмен таралуы үшін қолайлы жағдайларға ұшыраған.

Маймыл шешегінің бұрынғыдан да тез таралуына табиғи шешек вакциналарының бұрынғыдай кеңінен қолданылмауынан да болуы мүмкін.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропадағы аймақтық директоры Ханс Клюгенің айтуынша, вирустың таралуы жаз айларында жылдамдауы мүмкін, өйткені бұл кезеңде адамдар жиі жиналады. Ол вирустың Еуропадан тыс жерде таралғанын атап өтті — Ұлыбританиядан Австралияға оралған ер адам оның вирус жұқтырғанын растады.

АҚШ-та Массачусетс шенеуніктері жақында Канадаға оралған ер адамның вирусқа оң сынақтан өткенін айтты. Канаданың өзінде Квебекте екі жағдай тіркелді.

МАССАГЕТ КЗ

Мақалада: Маймыл шешегі қандай ауру және ол қалай таралады?

Ұқсас жаңалықтар

МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ САПАСЫ ЖАҚСАРАДЫ

24.01.2023
МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ САПАСЫ ЖАҚСАРАДЫ

МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ САПАСЫ ЖАҚСАРАДЫ Өткен аптада өңірлік коммуникациялар қызметінде Абай облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Сандыбаевтың қатысуымен баспасөз мәслихаты...

Толығырақ...

Жұлдызнамашы қарашада байып кету мүмкіндігі жоғары жұлдыз белгілерін атады

06.11.2022
Жұлдызнамашы қарашада байып кету мүмкіндігі жоғары жұлдыз белгілерін атады

Жұлдызнамашылар күздің соңғы айы ақшалы болатын шоқжұлдыз өкілдерінің атын атады, деп хабарлайды Zakon.kz. Үздік алтылық тізіміне Суқұйғыш, Арыстан, Торпақ, Таразы,...

Толығырақ...

ЖЫЛАННЫҢ ҰСТАЗҒА БЕРГЕН ДӘРІСІ

05.11.2022
ЖЫЛАННЫҢ ҰСТАЗҒА БЕРГЕН ДӘРІСІ

Баяғы өткен заманда бір патша болыпты. Әлгі патша елінің барлық бақсы-балгерлерін жинап алып: «Мен бір түс көрдім. Алайда көрген түсімді...

Толығырақ...

Кардиолог ұйықтап жатқанда өлімге әкелетін ауру түрлерін атады

01.11.2022
Кардиолог ұйықтап жатқанда өлімге әкелетін ауру түрлерін атады

Кейде адамдар ұйықтап жатып оянбай өмірден өтеді. Оған жасына байланысты кәрілік себеп болса, кейде қауіпті аурулардан болады. Біздің ұйқымыз таңғажайып...

Толығырақ...

Қайтыс болған адам түсіңе кірсе не болады?

30.10.2022
Қайтыс болған адам түсіңе кірсе не болады?

Марқұм болған жақыныңызды не танысыңызды түсіңізде көрсеңіз түрлі оймен оянуыңыз мүмкін. Тіпті ол түс біраз уақыт есіңізден кетпей де жүреді....

Толығырақ...

Адамды өзіңе тез ғашық қылудың үш әдісі белгілі болды

25.10.2022
Адамды өзіңе тез ғашық қылудың үш әдісі белгілі болды

Қарым-қатынас жөніндегі сарапшы Джейкоб Лукас TikTok әлеуметтік желісінде адамды өзіңе тез ғашық қылудың үш әдісін айтып, видео жариялады. Ол ұнатқан адамыңның саған деген сезімін ояту...

Толығырақ...

Жаңалықтар

Кей мектептерде әлі күнге дейін спорт зал мен асхана жоқ — депутат

11 часов бұрын

Ішкі істер министрлігі түнгі клубтар мен барлардың жұмысын 23:00-ге дейін шектеуді ұсынды

11 часов бұрын

Семей қаласында жолдарға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде

11 часов бұрын

«АЛАШТЫҢ БЕКЗАТЫ – ХАЛЕЛ»

12 часов бұрын

Кардиолог Лола Бақаева жүрек-қан тамырлары ауруларының алдын алу және емдеу әдістері туралы айтты

1 день бұрын

Семей қаласын дамытудың бас жоспары әзірленіп жатыр

1 день бұрын

Семей қаласы мен облыста бейнебақылау желісін кеңейту жұмыстары жүргізіліп жатыр

1 день бұрын

ҰСТАЗ АТЫНДА КАБИНЕТ АШЫЛДЫ

1 день бұрын

ҚҰРЫЛЫС БАРЫСЫ БАҚЫЛАУДА

1 день бұрын

РӘМІЗДЕР КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

1 день бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:
Ләйла Еділқызы Тілеубаева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Таным
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС