Семей қаласының әкімі Бақытжан Байахметов Шығыс кентінің тұрғындарымен кездесті.
Жергілікті атқарушы органдардың басты міндеті халықтың әл-ауқаты мен өмір сүру сапасын қамтамасыз ету болып табылады. Қала басшысы тұрғындарға Семей қаласының ағымдағы жылдың 4 айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы ақпарат берді.
Шаһар басшысының айтуынша, қала бойынша жол инфрақұрылымын жақсарту үшін өткен жылы 4,6 млрд теңге бағытталса, биыл 6,7 млрд теңге бөлінген.
Өткен жылы 20 млн теңге қаржыға жалпы ұзындығы 5 шақырым болатын Республиканская, Семипалатинская, 15-Водная, 4-Водная (Водный кенті), Южная (Восход кенті) сияқты 5 көше құм-қиыршық тас қоспасы төселіп, тегістелді.Восход кентінде 412,5 млн теңге қаржыға жалпы ұзындығы 9 шақырым жол орташа жөндеуден өтті. Қазіргі күні көлік ағынын азайту мақсатында Усть-Каменогорская көшесін кеңейту жұмыстары жүргізілуде. Осы жоба аясында айналма жолды орнату және нығайту жұмыстары жүргізілуде. Асфальт төселгеннен кейін және айналма жол толық дайын болғаннан кейін Усть-Каменогорская көшесіне кіретін негізгі жолдар жабылады.
Восход кентіне апаратын негізгі жолдың 30-дан астам тармағы тегістелді. №34 мектеп оқушыларының қауіпсіз жүріп-тұруы үшін биыл ұзындығы 500 метр жаяу жүргіншілер жолын салу жоспарланған.
Таза ауыз сумен қамтамасыз ету жұмыстары жалғасуда. Жоба аясында жұмыс істеп тұрған су құбыры желілерін қайта жаңарту және Шығыс кентіндегі 1200 орындық жаңа мектепке су құбырын тарту көзделген. Бүгінгі күні жұмыстардың 20 пайызы орындалды, жер қазылып, 500 метр құбыр салынды, 20 құдық орнатылды.
Восход, Водный кенттері бойынша «Смычка» су тартуының үшінші көтеруінен Восход кентіне дейін су құбыры жобасы құрылыстарына сараптама алынды.
Қалалық бюджетті нақтылау кезінде конкурс жариялау үшін жобаларды іске асыруды бастауға қаражат бөлінді. Мамыр айының соңына дейін конкурс жарияланады. Жобалар республикалық бюджетке ұсынылды.
Көше жарығын жаңғырту жұмыстары да жүргізілуде.
Ағымдағы жылдың басынан Шығыс кентінің Ақжол, Ақжол тұйық көшесі, 1, 2-Елтай, Жібек жолы, Абдуали көшелері жарықтандырылды. Жыл соңына дейін тағы 12 көше: Шығыс кентінде — 2; Водный кентінде – 5; Восход кентінде 5 көше жарықтандырылатын болады.
2023 жылы жарығы жоқ тағы 25 көшені жарықтандыру жоспарлануда.
Қаланың басты мәселелерінің бірі қала маңын дамыту болып табылады.
Өткен жылы Восход кентінде халықтық қатысу бюджеті шеңберінде шағын-футбол алаңы бар көпфункционалды алаң орнатылды. Биыл Шығыс кенті мектептерінің ауданында 3, Восход, Водный кенттерінде бір-бірден балалар алаңы орнатылады. Ал Водный кентінде футбол алаңы орнатылады. Меморандум аясында «Qazaq Astyq Group» ЖШС-нің демеушілік көмегі есебінен Восход кентінде футбол алаңы салынады.
Биыл сонымен қатар Восход және Водный кенттеріндегі зиратты қоршау үшін 3 млн теңге бөлінді.
Бүгінгі күні кенттерден 1900 текше метр рұқсат етілмеген қоқыс (90 машина) шығарылды.
Аталған кенттерде 4 622 бала контингенті бар 3 жалпы орта білім беретін мектеп жұмыс істейді. Өткен жылы білім беру мекемелеріне жөндеу жұмыстары жүргізілді. №47 мектепке химия кабинеті сатылып алынды. Ағымдағы жылы тағы 47,2 млн теңге бағытталып, мектептерге жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. №12 мектепке информатика, №47 мектепке биология, №34 мектепке физика кабинетін сатып алу көзделуде.
Орын тапшылығын төмендету мақсатында Шығыс кентінде 1200 орындық мектеп салынуда. 2022 жылдың қыркүйек айында ашылады деп жоспарланған. Болашақта Водный кентінде 600 орындық, Шығыс оң жақ саяжай алабында 300 орындық мектеп салу жоспарлануда.
Восход кентінде 140 орындық балабақша құрылысының жобалық-сметалық құжаттамасы мемлекеттік-жеке меншік әріптестік шеңберінде аяқталу сатысында. Жеке инвестор – «ЖШС Фирма Азия» жобаны сараптамаға маусымның 1-не жіберуді жоспарлап отыр. Аталған балабақшаға инженерлік желілер құрылысына жобалық-сметалық құжат әзірленуде. Болашақта Водный кентінде 90 орындық, Шығыс оң жақ кентінде 140 орындық, Шығыс сол жақ кентінде 320 орындық 3 балабақша салу жоспарлануда
Жолаушылар тасымалы саласында 7 қалалық маршрутқа қызмет көрсетіледі.
Оның ішінде тұрғындардың өтініштерін ескере отырып, сәуір айынан бастап «Северный» сауда логистикалық орталығынан Шығыс оң жақ кентіне дейін №17 жаңа маршрут шығарылды. №52 маршрут Шығыс оң жақ саяжай алқабынан Восход кентіне дейін ұзартылды. Восход кентінде «Школьная» аялдамасында ағымдағы жылы Титов, Лебаев көшелерінен босаған аялдама павильондарының есебінен павильонды ауыстыру жоспарлануда.
Бабинский карьерінің Восход ауданындағы үйінді бойынша қойма алаңы шартты түрде екі картаға бөлінген. Полигон 2011 жылы күл-шлак қалдықтары үшін құрылған. Восход кенті тұрғындарының өтініштері негізінде 2020 жылғы қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы бойынша Экология департаменті мен Семей қаласының санитарлық-эпидемиологиялық қызметтері тарапынан инспекциялық тексеріліп, күзет аймағында және тұрғын ауданында топыраққа, атмосфералық ауаға және жер асты суларына аспаптық өлшеу жүргізілді. Тексеру нәтижелері мен қорытындыларды талдау атмосфералық ауаның ластануы шекті рұқсат етілген мәннен аспайтынын көрсетті.
Тұрғындардың өтініштері негізінде өткен жылы 60 дана ағаш отырғызылды. Алдағы уақытта көгалдандыру жұмыстары жалғасады.
2026 жылға дейін 3 кентті дамытуға шамамен 12 млрд бағыттау жоспарлануда. 900 орындық 2 мектеп (4,1 млрд теңге), 690 орындық 4 балабақша (2,5 млрд теңге) салынып, оларға инженерлік желілер тартылады (850 млн теңге). Восход және Водный кенттерінде су құбыры желілері құрылыстары (2,7 млрд теңгеге 2 жоба), 51 көшедегі жолдарға жөндеу жұмыстары жүргізіледі (1,5 млрд. теңге) және ЕҚДБ аясында 26 көше жарықтандырылып (274,2 млн теңге), Восход кентіндегі саябақ абаттандырылады (70 млн теңге).
Кездесуден кейін Семей қаласының әкімі тұрғындардың сұрақтарына жауап беріп, азаматтарды жеке қабылдады.
Семей қаласы әкімінің баспасөз қызметі