"Семей таңы" газеті
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Таным
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Таным
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

СТЕПНОЙ КЕНТІ ОРТАЛЫҚ ЖЫЛУМЕН ЖАБДЫҚТАЛАДЫ 

26.05.2022
СТЕПНОЙ КЕНТІ ОРТАЛЫҚ ЖЫЛУМЕН ЖАБДЫҚТАЛАДЫ 
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

AMANAT партиясының Семей қалалық филиалында қала әкімі Бақытжан Байахметов азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдады.

Қабылдауға келген қала тұрғыны — бала кезінен 3-топтағы мүгедек Өміржан Қуанышев бірнеше өтінішпен келіпті. Ол қол протезін алуға, тұрғын үй сатып алуға және жұмысқа орналасуға көмек көрсетуді сұрады.  Отбасында екі бала бар, әйелі жұмыс істемейді.

Жаңа модульдік технология бойынша оң білек протезіне берілген өтініш қабылданған, кезектілік тәртібімен қамтамасыз етілетін болады. Деректер «Е-Собес» автоматтандырылған ақпараттық жүйесінен (ААЖ) Әлеуметтік қызметтер порталына берілетін болады.

Өміржан Қуанышевтың жұмысқа орналастыру туралы өтінішіне байланысты оған ШҚО Семей қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы «Gasмұнай» ЖШС, «Қазақстан» Республикалық Телерадиокорпорациясы» АҚ Семей филиалы және Шығыс Қазақстан Балет мектебінен жұмыс ұсынды. Бірақ ол бұл жұмыстардан бас тартты. Қазіргі таңда ол «Қазақцемент» ЖШС-де жұмыс істеп жүр, жалақысы 70 000 теңгеден асады. Өміржан Қуанышев мектепте әкімшілік шаруашылық бөлімінің меңгерушісі болып жұмысқа орналасқысы келеді. Алайда Enbek.kz базасында қала мектептерінде шаруашылық меңгерушісінің бос орны жоқ.

Ал тұрғын үй инспекциясы бөлімі тұрғын үйге кезекке қоюдан өтініш берушінің мүгедектік бойынша санаты расталмағанына байланысты бас тартты.

Қала әкімі білім бөлімі мен жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөліміне өтініш берушіні тұрғын үйге кезекке қою үшін бюджеттік ұйымға жұмысқа орналастыру мәселесін шешуге көмек көрсетуді тапсырды.

Бақытжан Байахметов қол протезін сатып алу мәселесі бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөліміне кепілдендірілген әлеуметтік пакет аясында көмек көрсетуді тапсырды.

Степной кентінің тұрғындары Гүлжан Магавьянова мен Қарлығаш Шюшанганова көп пәтерлі тұрғын үйлердің пәтерлері мен жертөлелеріне жылыту жүйесін жүргізуге қала бюджетінен қосымша қаражат бөлуді, сондай-ақ кент ішіндегі жолдар мен көшелерді жарықтандырып, жөндеу жұмыстарын жүргізуді сұрады.

ТҮКШ бөлімінің деректері бойынша, Степной кентінің 4 көшесінің жарықтандыру жүйелерін жаңғырту жоспарланған: жұмыстар Машинастроитель көшесі, Топографический көшесі, 1-Степной көшесі, 3-Степной көшесі келесі жылы жүргізілетін болады.

Степной кентіндегі № 51 тұрғын үйді орталық жылумен жабдықтауға қосуға қатысты ШҚО Семей қаласының құрылыс бөлімі «ШҚО Семей қаласының Степной кенті үшін жылу желісінің құрылысы» жобасы бойынша құрылыс жұмыстарын жүргізуге конкурс қорытындысына сәйкес шарттарға қол қою рәсімі жүргізіліп жатқанын хабарлады. Степной кентінің 18 объектісі жылумен жабдықтауға қосылған, оның ішінде 17 тұрғын үй және 300 орындық бір жалпы білім беретін мектеп бар. Мемлекеттік сараптамаға сәйкес, нысан құрылысы 8 айға созылады. № 51 тұрғын үй де тізімге кіреді. Магистралдық желінің құрылысы аяқталғаннан кейін үй тұрғындары орталық жылумен жабдықтауға өз бетінше қосылу мүмкіндігіне ие болады.

Ағымдағы жылы қаржыландыру жоспарында Степной кентіндегі жолды (негізгі трассаны) асфальттау бойынша жұмыстар қарастырылған. Сонымен қатар, қалған көлем жеткілікті болған жағдайда Степной кентінің көп қабатты үйлеріне кіреберіс жолдарды грейдерлеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.

Қабылдау барысында ҚР Заңнамасы аясында түсініктеме берілді.

Қала әкімі ТҮКШ және құрылыс бөліміне пәтерлер мен жертөлелердегі жылу жүйесі мәселесін шешу жолдарын қарастыруды тапсырды. Сонымен қатар Бақытжан Байахметов жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне ағымдағы жылдың екінші жарты жылдығына арналған бюджетті түзету аясында Степной кенті ауданындағы көп қабатты үйлердің жолдарын жарықтандыру мәселелерін қарастыруды тапсырды.  Тұрғын үй инспекциясы бөліміне кондоминимум мәселесін шешуге көмек көрсету тапсырылды. Қала әкімі кәсіпкерлік бөліміне Степной кентінің тұрғындары үшін дәріхана ашудың тиімділігі мәселесін зерттеп, зерделеуді тапсырды. Дәріхана ашуға арналған ғимарат бар.

Биылғы жылы Степной кенті ауданында балабақша ашу қарастырылмаған.Қаланың 2020-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарға аталған мәселе енгізілетін болады.

Гүлнапис Нұрғалиева Суықбұлақ кентіндегі жолдар, № 48 орта мектеп (мектептен Суықбұлақ кентіне дейін) ауданындағы көшені жарықтандыру мәселесі бойынша өтініш білдірді.

Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің деректеріне сәйкес, ағымдағы жылы Суықбұлақ кентінде Чарский көшесін грейдерлеу бойынша жұмыстар көзделген. Жұмыстар ағымдағы жылдың 30 мамырына дейін орындалады.

«Семей қаласының көшені жарықтандыру жүйесін жаңғырту» жобасы аясында бұл аудан 2023 жылға арналған жұмыс жоспарына енгізілді. Қосымша бюджет қаражаты бөлінген жағдайда жұмыстар ағымдағы жылы орындалатын болады.

Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне жолдарды жөндеу, Суықбұлақ ауданында көшені жарықтандыру, сондай-ақ ағымдағы жылдың екінші жарты жылдығына арналған бюджетті түзету шеңберінде осы ауданда қар ұстау мәселесін шешу тапсырылды.

Семей тұрғыны Айгүл Мұхамеджанова Кирпичный кентінде тұрады. 2022 жылдың ақпан айында оның үйінің қабырғасы құлаған. Тұрғын үйдің апатты жағдайы туралы «СтройЭксперт и К» ЖШС сараптамалық қорытындысы бар. Айгүл Мұхамеджанова жағдайды зерттеу үшін комиссия ұйымдастырып, көмек көрсетуді сұрады. Тұрғын мамыр айының 5-нен бастап «апаттық тұрғын үй» санаты бойынша кезекте тұр. Кезек нөмірі 32.

Қала әкімі ТҮКШ бөліміне демеушілер арқылы құрылыс материалдарын сатып алуға 50 газоблок пен 20 қап цемент (қабылдау барысында айтылған Айгүл Мұхамеджанованың өтініші бойынша) көмек көрсетуді тапсырды.

Тұрғын үй инспекциясы бөліміне авариялық үйдегі жөндеу жұмыстары аяқталғанға дейін жатақханада тұру мәселесін шешуге көмек көрсетуге тапсырма берілді.

Бақытжан Байахметов барлық бөлімдерге тапсырмалар бойынша атқарылған жұмыстар туралы жеті жұмыс күні ішінде ақпарат беруді тапсырды.

Ерлан АЙҚЫНҰЛЫ,

«Семей таңы»

Мақалада: СТЕПНОЙ КЕНТІ ОРТАЛЫҚ ЖЫЛУМЕН ЖАБДЫҚТАЛАДЫ

Ұқсас жаңалықтар

ШЫҒЫС, ВОСХОД, ВОДНЫЙ: НЕ ӨЗГЕРІС КҮТІП ТҰР

21.02.2023
ШЫҒЫС, ВОСХОД, ВОДНЫЙ: НЕ ӨЗГЕРІС КҮТІП ТҰР

Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатовтың халықпен кезекті кездесуі Шығыс, Восход, Водный кенттерінде жалғасты. Шаһар басшысы 2022 жылы  атқарылған жұмыстар туралы...

Толығырақ...

ЕРЛІК ЕШҚАШАН ҰМЫТЫЛМАЙДЫ

08.02.2023
ЕРЛІК ЕШҚАШАН ҰМЫТЫЛМАЙДЫ

ЕРЛІК ЕШҚАШАН ҰМЫТЫЛМАЙДЫ   Сәрсенбі, 8 ақпан күні Семейдегі бизнес және сервис колледжінде басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне арналған...

Толығырақ...

ӘКІМНІҢ 100 КҮНІ:НЕ ІСТЕЛДІ ЖӘНЕ НЕ ІСТЕЛМЕК?  

21.01.2023
ӘКІМНІҢ 100 КҮНІ:НЕ ІСТЕЛДІ ЖӘНЕ НЕ ІСТЕЛМЕК?  

Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов 17 қаңтар күні «SEMEI» телеарнасында «Әкім сағаты» бағдарламасына қатысып, тікелей эфирде 1 сағаттан артық уақыт...

Толығырақ...

ЖЕРГІЛІКТІ ӨНІМ ӨНДІРУШІЛЕРДІҢ КӨРМЕСІ ӨТТІ

13.01.2023
ЖЕРГІЛІКТІ ӨНІМ ӨНДІРУШІЛЕРДІҢ КӨРМЕСІ ӨТТІ

ЖЕРГІЛІКТІ ӨНІМ ӨНДІРУШІЛЕРДІҢ КӨРМЕСІ ӨТТІ  12 қаңтар күні Семей қаласында жергілікті өнім өндірушілердің көрмесі өтті. Көрмеге «Activity Park» ЖШС, «Ж...

Толығырақ...

ОБЛЫС ОРТАЛЫҒЫН ДАМЫТУҒА 84 МЛРД БӨЛІНДІ

13.01.2023
ОБЛЫС ОРТАЛЫҒЫН ДАМЫТУҒА 84 МЛРД БӨЛІНДІ

Бейсенбі, 12 қаңтар күні қалалық әкімдікте Семей қалалық қоғамдық кеңесінің отырысы өтті. Шараға қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов, қалалық мәслихат хатшысы...

Толығырақ...

64 ОТБАСЫҒА ЖАҢА ПӘТЕР БЕРІЛДІ

31.12.2022
64 ОТБАСЫҒА ЖАҢА ПӘТЕР БЕРІЛДІ

Жаңа жыл қарсаңында Семей қаласындағы Қарағайлы шағын ауданынан 64 отбасыға - халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын және көп балалы жанұялар...

Толығырақ...

Жаңалықтар

Ринат Зайытов билікке не себепті келгенін ашық айтты (ВИДЕО)

3 часа бұрын

СТУДЕНТТІК ТЕАТРЛАР ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

5 часов бұрын

ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

5 часов бұрын

Семей қаласының әкімдігі екі айлық санитарлық тазалау жұмыстарын өткізу туралы хабарлады

21 час бұрын

Асхат Аймағамбетов мәжілісте комитет төрағасы болып сайланды

1 день бұрын

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың VIII сайланған Парламенттің бірінші сессиясының ашылуында сөйлеген сөзі

1 день бұрын

-22 градус аяз күтіледі: алдағы күндері ауа райы қандай болады?

1 день бұрын

Экономика әлі күнге дейін пайдалы қазбаларға тәуелді болып отыр — Президент

1 день бұрын

Ерлан Қошанов Мәжіліс төрағасы болып қайта сайланды

1 день бұрын

Ақтөбедегі пәтерлердің бірінен анасы мен ұлының мәйіті табылды

1 день бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:
Ләйла Еділқызы Тілеубаева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Таным
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС