"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ТАПСЫРЫС ОРЫНДАУШЫҒА ТАЛАП ҚАТАЛ

26.05.2022
ТАПСЫРЫС ОРЫНДАУШЫҒА ТАЛАП ҚАТАЛ

Осы апта ішінде Семей қаласы әкімдігінің кеңейтілген аппараттық кеңесі өтті. Кеңесте бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің мемлекеттік сатып алуды өткізу барысы қаралды.

Ағымдағы жылға қала бюджетінің көлемі 60 965,9 млн теңгені құрады, оның ішінде меншікті кірістер – 38 179,6 млн теңге (63%), трансферттер мен қарыздар – 20 230 млн теңге (33%), бос қалдықтар – 2 556,3 млн теңге (4%).

Жалақы, әлеуметтік төлемдер, жоғары тұрған бюджет алдындағы міндеттемелер, несиелер беру, мәдени-спорттық іс-шаралар, жергілікті атқарушы орган резерві, бұқаралық ақпарат құралдары қызметтері және ауыспалы жобалар бойынша шығыстар бюджеттің жалпы көлемінің 75 пайызын немесе абсолюттік сомада 45 427,7 млн теңгені құрайды. Қалған 25 пайыз (15 538,2 млн теңге) сатып алуды жүзеге асыру арқылы игеріледі, оның ішінде конкурс өткізу тәсілімен 77 пайыз (12 015 млн теңге), 15 пайыз (2 382,1 млн теңге) — бір көзден, 5 пайыз (714,9 млн теңге) — баға ұсыныстарын сұрату арқылы, ерекше тәртіппен – 3 пайыз (426,2 млн теңге).

Сатып алуды тапсырыс берушілердің өздері де, бірыңғай ұйымдастырушылар да облыстық және қалалық деңгейде тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны мен түрлеріне қарай жүргізеді.       Жүргізілген барлық сатып алулар бойынша үнемдеу 526,8 млн теңге көлемінде қалыптасып, ол бюджетті нақтылау кезінде алынып тасталды.

Жалпы сомасы 12 015 млн теңгеге жоспарланған 187 конкурстың бөлінген сомаға байланысты 3 769,7 млн теңгесіне 60 шарт жасалды (31 пайыз). 6 174,7 млн теңгеге (51 пайыз) 83 конкурс мемлекеттік сатып алуды өткізудің түрлі сатыларында тұр. Қазіргі таңда 2 070,6 млн теңгеге 44 (17 пайыз)  конкурс жарияланбады.

Сатып алуларды жариялаудың кешіктірілуіне конкурстық құжаттамаларға техникалық ерекшеліктердің уақтылы әзірленбеуі, бастапқы деректерді жинау сатысында уәкілетті органдар арасында өзара байланыстың болмауы, жобалық сметалық құжатты әзірлеу үшін техникалық тапсырмаларды дайындау кезіндегі жауапсыздық себеп болып отыр. Сонымен қатар бірыңғай ұйымдастырушыға өтінім берген кезде мемлекеттік сатып алу туралы Заңның талаптарын бұза отырып, тапсырыс берушілердің сараптамадан өткен жобалық-сметалық құжатты бекітпеу фактілеріне жол береді, демпинг мөлшері дұрыс көрсетілмейді.

Құрылыс-монтаждау жұмыстарын сатып алу және жобалау кезінде лицензияланатын қызмет түрінің кіші түрі көрсетілмейді. Көбінесе барлық санаттағы лицензиялардың болуы туралы артық талап қойылады, ал жоба үшін, мысалы, тек бір санат қажет.

Конкурстық құжаттамаларды талқылау сатысында бағдарлама әкімшілерінің әлеуетті өнім берушілердің сұрақтарына жауаптары көбінесе жазылымнан бас тарту сипатында болады, нормативтік құқықтық актілерге негіздеуші сілтемелер жоқ.

Сайып келгенде, тапсырыс берушілер жіберетін кемшіліктер бюджет қаражатының, оның ішінде жоғары тұрған бюджеттер қаражаты есебінен іске асырылатын жобалар бойынша, толық және уақтылы игерілуіне әсер етеді.

— Материалдардың қымбаттауына және басқа да объективті себептерге байланысты белгілі бір қиындықтар бар. Бірақ қаражат жоспарланған барлық жұмыстарды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Бөлімдер тарапынан кемшіліктер бар. Олар тіпті қарапайым жұмыс түрлеріне техникалық сипаттаманы дайындауды кешіктіруде. 31 мамырға дейін жетіспейтін құжаттардың барлығын жинақтауды тапсырамын, — деді қала әкімі Бақытжан Байахметов.

Қала басшысы қоғамдық бақылаудың маңыздылығына ерекше назар аударды. Жұмыстың әр түрі бойынша техникалық сипаттама мұқият пысықталуы керек және бұл мәселеде бөлімдер күмәнді мердігерлерге жүгінбеуі керек.

— Егер жұртшылық жұмыстардың сапасыз орындалғанын айтса, мердігер орындалған жұмыстар актісіне қол қойылғанға дейін кемшіліктерді түзетуі тиіс. Тұрғындармен кездесулерде берген барлық уәделерімізді орындауға міндеттіміз. Жұмыс барысы туралы толық ақпарат беру қажет. Бөлінген қаражаттың тиімділігі мен орындалатын жұмыстың сапасына ерекше назар аударамын,- деді Бақытжан Байахметов.

Келесі кезекте ШҚО Семей қаласының № 3 арнайы әлеуметтік қызмет көрсету және белсенді ұзақ өмір сүру орталығында белсенді ұзақ өмір сүру тұжырымдамасының іске асырылу барысы қаралды.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің № 47 бұйрығымен 2021 жылы қарт азаматтардың жағдайын жақсарту жөніндегі 2025 жылға дейінгі Белсенді ұзақ өмір сүру іс-шаралар жоспары бекітілді. Жоспарға сәйкес, барлық өңірлерде белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарын ашу көзделген.

Семей қаласының № 3 Белсенді ұзақ өмір сүру және арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы 2021 жылдың 1 желтоқсанында ашылды. Бөлімшедегі жұмыс қарт адамдарға денсаулықты қолдау, қолайлы және кедергісіз орта құру, оларды белсенді әлеуметтік өмірге тарту бойынша көмек көрсетуге бағытталған (йога, скандинавиялық жүріс, айкун бойынша сабақтар, медициналық, психологиялық және заң консультациясы, IT және smart-сауаттылыққа, шет тілдеріне оқыту, көшпелі іс-шараларды ұйымдастыру, мәдени объектілерге бару, тамақтану бойынша сабақтар, тақырыптық концерттер мен іс-шаралар өткізу).

Семейде 52626 зейнеткер тұрады. Жыл басынан бері 124 адам қызмет алуда, резервте 20 адам тұр.

Белсенді ұзақ өмір сүру бөлімінің ашылуы қарт адамдарға бос уақытын тиімді өткізуге мүмкіндік береді, олардың әлеуетті мүмкіндіктерін сынап көруге және оларды қолдануға көмектеседі. Аталған орталықта емдік дене шынықтыру, компьютерлік сауаттылық, шахмат сабақтары, өскелең ұрпақты, оның ішінде балалар үйінің балаларын қолдауға және патриоттық тәрбиелеуге бағытталған әлеуметтік бағдарламалар іске асырылады. Белсенді ұзақ өмір сүру бөлімшесі өмірлік қиын жағдайға тап болған аз қамтылған отбасылардағы қарт адамдар үшін үлкен қолдау болды.

2022 жылға арналған бірлескен жоспарға сәйкес, «Семей қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ-де Қазақстан Республикасындағы маңызды күндер бойынша тақырыптық іс-шаралар өткізіледі.

Қазіргі таңда белсенді ұзақ өмір сүру бөлімшесі «Серебряный университеті» жұмысы аясында орталық пен «Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті» КеАҚ өзара ынтымақтастық туралы меморандум жасасты: тілдік курстар — қазақ, түрік, ағылшын, неміс тілдері; сандық сауаттылықты оқыту; психологиялық денсаулық.

Бөлімшеде зейнеткерлерге арналған жаттығу залы, скандинавиялық жүріс, ІТ-оқыту, би, тілдік курстар (қазақ, ағылшын, түрік), медициналық-психологиялық тренингтер, емдік дене шынықтыру сабағы, шахмат, еңбек терапиясы жұмыс істейді.

Қызметті алушы арнаулы әлеуметтік қызметтің үш түрін ала алады.

Тренажер залында 14 зейнеткерге қызмет көрсетіледі, би тобында 25 адамнан тұратын екі топ, ІТ-оқытудың бір тобында 20 адам (компьютерлік сауаттылық), шахмат ойындарының бір тобында 25 адам, қазақ, түрік, ағылшын тілдерін оқыту бойынша тілдік курстарда 9 адамнан тұратын 3 топ, сонымен қатар скандинавиялық жүрумен бір топта 20 адам, емдік дене шынықтыру сабақтары 20 адамнан тұратын екі топ қызмет көрсетеді.

Сонымен қатар 2021 жылдың 3 қазанынан бастап Семей қаласының № 2 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында белсенді ұзақ өмір сүру бөлімшесі ашылды. Орталық ашылған күннен бастап 159 адам қызмет алды. Қазір орталыққа 18 адам келеді.

Қызмет алуға құқығы бар азаматтардың санатына өзіне-өзі қызмет көрсете алатын және белсенді жүріп-тұруға қабілетті, әлеуметтік қызмет алуға құқығы бар, медициналық-әлеуметтік мекемелерде және әлеуметтік үйлерде тұратын зейнеткерлік жастағы адамдар жатады.

Осы іс-шаралар аға буын өкілдерінің өмір сүру сапасын жақсартуға, белсенді мәдени, шығармашылық, спорттық және іскерлік өмірге әлеуметтендіруге әсер етеді.

Семей қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Мақалада: ТАПСЫРЫС ОРЫНДАУШЫҒА ТАЛАП ҚАТАЛ

Ұқсас жаңалықтар

Өткеннің ауыр жүгінен болашақтың берік іргетасына дейін…

16.11.2026
Өткеннің ауыр жүгінен болашақтың берік іргетасына дейін…

Абай облысының бүгінгі тынысын бағалау үшін кешегісін де кем білмеу керек. Ал ертеңіне сеніммен қарауға бүгінгі өзгерістердің ауқымын, нақты нәтижесі...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

11.09.2026
42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

Кейде адамды қолына қалам алуға жеке басынан өткен жағдай мәжбүрлейді. Бұл мақаланы жазуыма да сондай жағдай түрткі болды. 23 тамызда...

Толығырақ...Details

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

10.09.2026
Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

Бүгін, 2026 жылғы 9 қыркүйекте Alikhan Bokeikhan University және М.О. Әуезов атындағы педагогикалық колледж базасында цифрлық сауаттылықты арттыруға және кибермәдениетті...

Толығырақ...Details

«АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ»: ЖАСТАР ҚҰРМЕТТІ ІСПЕН КӨРСЕТТІ

10.09.2026
«АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ»: ЖАСТАР ҚҰРМЕТТІ ІСПЕН КӨРСЕТТІ

Абай облысының Семей қаласында «Әділет» партиясының «Жастар Рухы» жастар қанатының 20 белсенді волонтері «Ардагерлерді ардақтайық» акциясы аясында жалғызбасты ардагер Каримов...

Толығырақ...Details

БІЛІМ МЕН ТЕХНОЛОГИЯ ТОҒЫСҚАНДА

09.09.2026
БІЛІМ МЕН ТЕХНОЛОГИЯ ТОҒЫСҚАНДА

Бүгінгі университет үшін жасанды интеллектіні меңгеру – уақыт талабына сай болудың бір ғана шарты. Ал одан да маңызды мәселе –...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

ҰЛТТЫҚ ФТИЗИОПУЛЬМОНОЛОГИЯ ҒЫЛЫМИ ОРТАЛЫҒЫ ТУБЕРКУЛЕЗ ҚОЗДЫРҒЫШЫНЫҢ ДӘРІЛЕРГЕ СЕЗІМТАЛДЫЛЫҒЫН АНЫҚТАУДЫҢ ЗАМАНАУИ ӘДІСТЕРІН ЕНГІЗУДЕ

9 часов бұрын

ҚҰМАР ОЙЫНДАРҒА ҚАТЫСУҒА ЖОЛ ЖОҚ: СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ТӨЗБЕУШІЛІК МӘДЕНИЕТІ – АДАЛ ҚЫЗМЕТТІҢ НЕГІЗІ

9 часов бұрын

Орманды сақтау – экологиялық қауіпсіздіктің стратегиялық міндеті

9 часов бұрын

Ақылды қалалар мен цифрлық инфрақұрылым: Қазақстан дамуының жаңа мүмкіндіктері

12 часов бұрын

БҰҰ-да Қазақстанның халықаралық су ұйымын құру туралы ұсынысы қаралады

2 дня бұрын

«АйтClub» алаңында «Халықтық құрылыс» бастамасын өңірде іске асыру жолдары талқыланды

4 дня бұрын

«АйтClub» алаңында инклюзивті білім беру мәселелері талқыланды

4 дня бұрын

Абай облысында «АйтClub» интеллектуалды клубы жұмысын бастады

4 дня бұрын

66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

4 дня бұрын

Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

4 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС