"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ШЫҒЫСТА БИЫЛ ЖЕТІ МЕКТЕП САЛЫНАДЫ

02.06.2022
ШЫҒЫСТА БИЫЛ ЖЕТІ МЕКТЕП САЛЫНАДЫ
16
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Халықты әлеуметтік қорғау саласында балаларды қолдау үшін мемлекет тарапынан жан-жақты жағдай жасалып жатқаны белгілі. Біздің аймағымызда да көп балалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан мектеп оқушыларына белсенді түрде қолдау көрсетіліп келеді. Биыл да балаларды қолдау шараларына ерекше назар аударылатын болады. Бұл туралы облыстық әкімдікте өткен жиында облыс басшысы Даниал Ахметов хабарлады.

Облыс әкімі Даниал Ахметовтің айтуынша, әсіресе білім алуда ерекше қажеттіліктері бар оқушыларға көбірек көңіл бөлінеді. Олар үшін қала және облыс мектептерінде барынша қолайлы жағдай жасалып жатыр.

— Ерекше қажеттіліктері бар балалар үшін инклюзивті білім беруге көп көңіл бөлінеді. Білім басқармасымен бірге бұл салада жүйелі түрде жұмыс жүргізудеміз. Көп балалы және аз қамтылған отбасыдан шыққан балаларды қолдауға да басымдылық беріледі. Осы жұмыстарға жалпы 3,5 миллиард тенге көлемінде қаржы бөлінді, — деді аймақ басшысы.

Сонымен қатар әкім облыстағы жалпы білім беру қоры 4%-ды құрайтынын айтты. Бұл еліміздегі ең жоғары көрсеткіштердің бірі екен.

Аймақта әлеуметтік салаға айрықша мән беріліп отыр. Былтыр облыстық деңгейде 238 бюджеттік бағдарлама жүзеге асырылса, оның 60 пайызы әлеуметтік салаға бағытталған.

— Оның көп бөлігі – 34 %-ы – бұл білім саласы. Білім жүйесінің жалпы бюджеті 211,8 миллиард теңгені құрайды. Ол дегеніміз — 644 мектеп, 357 мектепке дейінгі мекеме, 72 колледж және т.б. Осы салада елеулі жетістіктерді біз қазір анық көре аламыз. Мысалы, өткен жылы 33 мың компьютер сатылып алынды. Еліміздегі мектептерде 6 оқушыға 1 компьютерден келетін болса, бізде 3 оқушыға, облыстың кейбір аймақтарында тіпті 2 оқушыға 1 компьютерден келеді, — деді Даниал Ахметов.

Даниал Кенжетайұлы қазіргі таңда облысымызда апаттық жағдайдағы және үш ауысымдық мектептер жоқ екенін жеткізді.

ҚР Президентінің тапсырмасы бойынша, 2025 жылға дейін елімізде 1000 орта білім беру мекемелері салынады. Оның ішінде 33 мектеп біздің облыста бой көтереді. Биыл 7 мектеп салу жоспарланған. Облыс әкімінің айтуынша, Риддер қаласындағы 600 орындық және Ұлан ауданындағы 320 орындық мектеп құрылысы аса маңызды. Бұл екі мектептің де құрылыс жұмыстары межеленген уақытта аяқталады.

Аймақ басшысы айтып өткендей, Шығыс Қазақстанда білім және мектеп инфрақұрылымына қатысты мәселелерге үлкен көңіл бөлінеді. Оқушыларды білім ордаларымен қамту мәселесі бірте-бірте өз шешімін табуда. Бұл проблема Семейде өзекті болатын. Алайда, облыс әкімі Даниал Ахметовтің айтуынша, қазір ол толығымен шешілді.

— Өткен жылы Семейдегі Шығыс кентінде 1200 орындық, Степной кентінде 300 орындық мектеп cалынды. Қаладағы мектеп инфрақұрылымының артта қалуының концептуалды проблемасы қазір мүлдем жоқ, — деді аймақ басшысы.

Жалпы, былтыр білім нысандарының базасын нығайтуға 13,1 млрд теңге инвестиция салынған. 3-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі мекемемен қамтамасыз ету мәселесі толықтай шешімін тапты. 2-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі ұйымдармен қамтамасыз ету 8 пайызға өсіп, 97,2  пайызды құраған. Екі жыл ішінде көрсеткішті жүз пайызға жеткізу жоспарлануда.

Динара НҰРЛЫБЕКҚЫЗЫ,

«Семей таңы»

Мақалада: ШЫҒЫСТА БИЫЛ ЖЕТІ МЕКТЕП САЛЫНАДЫ

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

18.09.2026
Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

Бала құқығы, білім, баспана, әлеуметтік қолдау – азаматтарды алаңдатқан мәселелердің қатарында. Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында тұрғындардың өтініштері тиісті...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

11.09.2026
Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

Абай облысында 2026–2027 жылдардағы эпидемиялық маусымға дайындық жүріп жатыр. 1 қазаннан бастап ЖРВИ мен тұмау бойынша күнделікті мониторинг жүргізіліп, медициналық...

Толығырақ...Details

Жаңа мүмкіндіктер: Абай облысында мерзімді әскери қызмет қалай өзгерді

09.09.2026
Жаңа мүмкіндіктер: Абай облысында мерзімді әскери қызмет қалай өзгерді

Қазақстанда күзгі әскерге шақыру науқаны басталды. Желтоқсан айының соңына дейін Қарулы күштерге, Ұлттық ұланға, ҰҚК Шекара қызметіне және басқа да...

Толығырақ...Details

Абай облысында алғаш рет жаңа форматта әскерге шығарып салу рәсімі өтті

08.09.2026
Абай облысында алғаш рет жаңа форматта әскерге шығарып салу рәсімі өтті

Бүгін Семей қаласындағы ҚР Мемлекеттік рәміздер алаңында «Адал азамат – Сарбаз – Отан қорғаушы» жобасы аясында мерзімді әскери қызметке шақырылған...

Толығырақ...Details

Табиғатпен үндескен тәрбие: «Семей орманы» аумағында балаларға экологиялық экскурсия ұйымдастырылды

03.09.2026
Табиғатпен үндескен тәрбие: «Семей орманы» аумағында балаларға экологиялық экскурсия ұйымдастырылды

Семей қаласының арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілері орманда өзін дұрыс ұстау, табиғатты қорғау және қауіпсіздік талаптарын сақтау...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

1 неделя бұрын

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

2 недели бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

2 недели бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

2 недели бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

2 недели бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

2 недели бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

2 недели бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

2 недели бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

2 недели бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

3 недели бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС