"Семей таңы" газеті
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Таным
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Таным
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ШАҺАРДЫ ДАМЫТУҒА 7 ЖЫЛДА 200 МЛРД ТЕҢГЕ ЖҰМСАЛҒАН

11.06.2022
ШАҺАРДЫ ДАМЫТУҒА 7 ЖЫЛДА 200 МЛРД ТЕҢГЕ ЖҰМСАЛҒАН
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Апта ішінде Шығыс Қазақстан облысына қатысты мақсатты трансферттердің қаржылық статистикасы жарияланды. Оның ішінде Семей қаласына да қатысты тың мәліметтер бар.

Атап айтар болсақ, 2015 жылдан 2022 жылға дейінгі аралықта аймақ республикалық бюджеттен 390,3 млрд теңге қаражат алған. Оның 200 млрд теңге, немесе 51 пайыз үлесі Семей өңірін дамытуға бағытталған екен. Қалған 49 пайызы қалалар мен аудандарға бөлініпті.

Әлеуметтік желіде Семейдің белсенді тұрғындары қаладағы проблемалар мен оларды шешуге қаржы бөлінбегені туралы жиі жазады. Алайда қала тұрғындарының бұл субъективті пікірі статистикаға түбегейлі қайшы келеді.

Сонымен, мұндай үлкен сома қандай мақсаттарға жұмсалды?

Аймақтағы білім беру жүйесін дамытуға 21,4 млрд теңге бағытталды. Бұл қаражатқа бірқатар орта білім беретін мектептер мен дарынды балаларға арналған мектептер салынды, пәндік және робототехника кабинеттері жасақталды, ұйымдастыру техникасы мен оқу-әдістемелік материалдар сатылып алынды.

Денсаулық сақтау саласын дамытуға 31,9 млрд теңге бөлінді. Бұл ақша Қазақстандағы алғашқы Ядролық медицина және онкология орталығының құрылысына жұмсалды. Инсульттік және кардиологиялық орталықтарға жаңа құрал-жабдықтар алынды. Жедел медициналық жәрдем ауруханасының базасында гибридтік ота жасайтын зал ашылды. Жүрек-қан тамырларын емдеу, онкологиялық аурулар, перинаталдық қызмет бойынша маманданатын дәрігерлер Ұлыбритания, Израиль, Польша, Жапония және тағы да басқа елдердің жетекші емханаларында тағылымдамадан өтті.

Ал мәдениет және спорт саласына соңғы жылдары 39,3 млрд теңге инвестиция салынып отыр. Оның көп бөлігі Қарағайлы ықшам ауданындағы мәдени-спорттық кешеннің құрылысына жұмсалды.

Тұрғын үй құрылысына — 106,7 млрд теңге, сумен және жылумен қамтамасыз етуге — 75,7 млрд теңге, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымға — 27,7 млрд теңге, жол жөндеу жұмыстарына 42,1 млрд теңге бөлінген. Бюджеттік қаражаттың тағы 4,8 млрд теңгесі аймақтық аумақтағы түрлі жобалар мен бағдарламаларға жұмсалған екен.

Айта кетсек, республикалық бюджеттен алынған трансферттер мен несиелерден бөлек, Семей жыл сайын әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды дамытуға облыстық бюджеттен қосымша мақсатты трансферттер алып отырды. Бұл сома 2015 жылдан 2022 жылға дейінгі аралықта 153,9 млрд теңгені құрады.

ШҚО әкімдігінің баспасөз қызметі

Мақалада: ШАҺАРДЫ ДАМЫТУҒА 7 ЖЫЛДА 200 МЛРД ТЕҢГЕ ЖҰМСАЛҒАН

Ұқсас жаңалықтар

ӘКІМНІҢ 100 КҮНІ:НЕ ІСТЕЛДІ ЖӘНЕ НЕ ІСТЕЛМЕК?  

21.01.2023
ӘКІМНІҢ 100 КҮНІ:НЕ ІСТЕЛДІ ЖӘНЕ НЕ ІСТЕЛМЕК?  

Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов 17 қаңтар күні «SEMEI» телеарнасында «Әкім сағаты» бағдарламасына қатысып, тікелей эфирде 1 сағаттан артық уақыт...

Толығырақ...

ЖЕРГІЛІКТІ ӨНІМ ӨНДІРУШІЛЕРДІҢ КӨРМЕСІ ӨТТІ

13.01.2023
ЖЕРГІЛІКТІ ӨНІМ ӨНДІРУШІЛЕРДІҢ КӨРМЕСІ ӨТТІ

ЖЕРГІЛІКТІ ӨНІМ ӨНДІРУШІЛЕРДІҢ КӨРМЕСІ ӨТТІ  12 қаңтар күні Семей қаласында жергілікті өнім өндірушілердің көрмесі өтті. Көрмеге «Activity Park» ЖШС, «Ж...

Толығырақ...

ОБЛЫС ОРТАЛЫҒЫН ДАМЫТУҒА 84 МЛРД БӨЛІНДІ

13.01.2023
ОБЛЫС ОРТАЛЫҒЫН ДАМЫТУҒА 84 МЛРД БӨЛІНДІ

Бейсенбі, 12 қаңтар күні қалалық әкімдікте Семей қалалық қоғамдық кеңесінің отырысы өтті. Шараға қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов, қалалық мәслихат хатшысы...

Толығырақ...

64 ОТБАСЫҒА ЖАҢА ПӘТЕР БЕРІЛДІ

31.12.2022
64 ОТБАСЫҒА ЖАҢА ПӘТЕР БЕРІЛДІ

Жаңа жыл қарсаңында Семей қаласындағы Қарағайлы шағын ауданынан 64 отбасыға - халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын және көп балалы жанұялар...

Толығырақ...

ТҰРҒЫНДАР ТІЛЕГІ ТЫҢДАЛДЫ

31.10.2022
ТҰРҒЫНДАР ТІЛЕГІ ТЫҢДАЛДЫ

Өткен аптада қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов Шақаман, Достық, Прииртыш және Мұқыр ауылдарына жұмыс сапарымен барды. Шаһар басшысы Шақаман ауылында мектеп...

Толығырақ...

ЖАҢА АЛЛЕЯНЫҢ ЖОБАСЫ ДАЙЫНДАЛУДА

21.10.2022
ЖАҢА АЛЛЕЯНЫҢ ЖОБАСЫ ДАЙЫНДАЛУДА

Семейдегі Жамақаев көшесіндегі тарихи ескерткіштер аллеясының жанында Жазушылар алаңы мен дәрігерлер аллеясы пайда болады. Бұл туралы Абай облысының әкімі Нұрлан...

Толығырақ...

Жаңалықтар

«ТАБЫСТЫ ОТБАСЫ»: АЛҒАШҚЫ ТҮЛЕКТЕРГЕ ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАР БЕРІЛДІ

2 дня бұрын

АБАЙ ҰЛАҒАТЫНАН НӘР АЛҒАН ҚАЛАМГЕР

2 дня бұрын

Балалардың гаджетті пайдалану уақыты қандай – Мамандар жауап берді

2 дня бұрын

«1,5-2 миллион теңге үнемдедім»: Елімізде шетелдік көліктерді заңдастыру қалай жүріп жатыр

2 дня бұрын

Тоқаев Ғылым мен технологиялар жөнінде ұлттық кеңес құрды: Кеңес құрамында Нобель сыйлығының лауреаты бар

2 дня бұрын

Абай облысында түрмедегі қызымен байланысы үзілген ана өлі күйінде табылды

2 дня бұрын

Санжар Тәшкенбай 2023 жылғы Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды

3 дня бұрын

Биылғы жылы облыста 450 мың шаршы метр тұрғын үй құрылысы басталады

3 дня бұрын

ТӨЛЕН ӘБДІКТІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНА АРНАЛДЫ

3 дня бұрын

КӨМІРМЕН ҚАМТУДА КЕДЕРГІ ЖОҚ

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:
Ләйла Еділқызы Тілеубаева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Таным
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС