"Семей таңы" газеті
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Таным
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Таным
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЖАҢА ОБЛЫСТАР: ЖОЛ КАРТАСЫНДА 27 ІС-ШАРА ҚАРАСТЫРЫЛҒАН

14.06.2022
ЖАҢА ОБЛЫСТАР: ЖОЛ КАРТАСЫНДА 27 ІС-ШАРА ҚАРАСТЫРЫЛҒАН
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров жаңа облыстарды құрудың мән-жайын түсіндірді.

«Президенттің жаңа облыстарды құру бастамасын іске асыру үшін Үкімет тиісті жұмыс жүргізді. Биыл наурыз айында Премьер-министрдің бірінші орынбасарының төрағалығымен үкіметтік комиссия құрылды және осы комиссияның тиісті жұмыс алгоритмі бекітілді. Осы жылдың сәуір айында Үкімет жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының отырысы өтті. Онда жаңа облыстарға Абай, Жетісу, Ұлытау атауларын беру туралы ұсыныс қолдау тапты. Сондай-ақ биылғы сәуір айында жаңа облыстардың шекарасын анықтау бойынша мәслихаттардың тиісті сессиялары өткізілді», — деді Ә.Қуантыров Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Оның айтуынша, жаңа облыстар аумағының шекарасын айқындау кезінде жергілікті халықтың пікірі, өңірдің экономикалық және инфрақұрылымдық әлеуеті, халық саны сияқты өлшемдер ескерілген.

«Нәтижесінде Мемлекет басшысы осы жылғы 3 мамырда Абай, Жетісу, Ұлытау облыстарын құруды көздейтін «Елдің әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына қол қойды. Осы Жарлық 8 маусымда күшіне енді. Осылайша, Қазақстан картасында Абай, Жетісу, Ұлытау деген тарихи атаулары бар үш жаңа облыс пайда болды. Жарлықты іске асыру үшін Үкімет тиісті ұйымдастыру іс-шараларының жоспарын (Жарлықты іске асыру жөніндегі Жол картасын) қабылдады. Жол картасының негізгі іс-шаралары ретінде жергілікті және аумақтық басқару құрылымдарын қалыптастыру, облыстар арасында бюджет және коммуналдық меншік бойынша бөлу, бюджетті бекіту, әділет органдарында тіркеу, салық кодтарын беру, шоттар ашу және басқа да мәселелер қамтылды. Жалпы, жол картасында 27 іс-шара қарастырылған және ол орындалып жатыр», — деді министр.

Осы орайда ол 8 маусымда жаңадан құрылған облыстар мәслихаттарының сессиялары өткізілгенін, онда мәслихаттардың хатшылары сайланып, депутаттық мандаттар бөлінгенін еске салды.

«Қазіргі уақытта облыс әкімін тағайындауды мәслихат депутаттарымен келісудің жаңа тетігі қабылданғанын айта кету қажет. Мемлекет басшысының тиісті Жарлығына сәйкес, Президент өңір әкімі лауазымына кемінде екі кандидатура ұсынады. Облыс әкімі лауазымына тағайындауға келісім өңір аумағында орналасқан барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының жиналысында ашық не жасырын дауыс беру арқылы беріледі. Дауыс беруге қатысқан депутаттардың ең көп дауысын алған кандидат келісім алған болып есептеледі», — деді ведомство басшысы.

Өз тілшіміз

Мақалада: ЖАҢА ОБЛЫСТАР: ЖОЛ КАРТАСЫНДА 27 ІС-ШАРА ҚАРАСТЫРЫЛҒАН

Ұқсас жаңалықтар

ӘКІМНІҢ 100 КҮНІ:НЕ ІСТЕЛДІ ЖӘНЕ НЕ ІСТЕЛМЕК?  

21.01.2023
ӘКІМНІҢ 100 КҮНІ:НЕ ІСТЕЛДІ ЖӘНЕ НЕ ІСТЕЛМЕК?  

Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов 17 қаңтар күні «SEMEI» телеарнасында «Әкім сағаты» бағдарламасына қатысып, тікелей эфирде 1 сағаттан артық уақыт...

Толығырақ...

ЖЕРГІЛІКТІ ӨНІМ ӨНДІРУШІЛЕРДІҢ КӨРМЕСІ ӨТТІ

13.01.2023
ЖЕРГІЛІКТІ ӨНІМ ӨНДІРУШІЛЕРДІҢ КӨРМЕСІ ӨТТІ

ЖЕРГІЛІКТІ ӨНІМ ӨНДІРУШІЛЕРДІҢ КӨРМЕСІ ӨТТІ  12 қаңтар күні Семей қаласында жергілікті өнім өндірушілердің көрмесі өтті. Көрмеге «Activity Park» ЖШС, «Ж...

Толығырақ...

ОБЛЫС ОРТАЛЫҒЫН ДАМЫТУҒА 84 МЛРД БӨЛІНДІ

13.01.2023
ОБЛЫС ОРТАЛЫҒЫН ДАМЫТУҒА 84 МЛРД БӨЛІНДІ

Бейсенбі, 12 қаңтар күні қалалық әкімдікте Семей қалалық қоғамдық кеңесінің отырысы өтті. Шараға қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов, қалалық мәслихат хатшысы...

Толығырақ...

64 ОТБАСЫҒА ЖАҢА ПӘТЕР БЕРІЛДІ

31.12.2022
64 ОТБАСЫҒА ЖАҢА ПӘТЕР БЕРІЛДІ

Жаңа жыл қарсаңында Семей қаласындағы Қарағайлы шағын ауданынан 64 отбасыға - халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын және көп балалы жанұялар...

Толығырақ...

ТҰРҒЫНДАР ТІЛЕГІ ТЫҢДАЛДЫ

31.10.2022
ТҰРҒЫНДАР ТІЛЕГІ ТЫҢДАЛДЫ

Өткен аптада қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов Шақаман, Достық, Прииртыш және Мұқыр ауылдарына жұмыс сапарымен барды. Шаһар басшысы Шақаман ауылында мектеп...

Толығырақ...

ЖАҢА АЛЛЕЯНЫҢ ЖОБАСЫ ДАЙЫНДАЛУДА

21.10.2022
ЖАҢА АЛЛЕЯНЫҢ ЖОБАСЫ ДАЙЫНДАЛУДА

Семейдегі Жамақаев көшесіндегі тарихи ескерткіштер аллеясының жанында Жазушылар алаңы мен дәрігерлер аллеясы пайда болады. Бұл туралы Абай облысының әкімі Нұрлан...

Толығырақ...

Жаңалықтар

Бүгін қала әкімі көпбалалы аналарға алтын және күміс алқаларын табыстады

3 часа бұрын

Қазақстанда алдағы уақытта киіктерді қолға үйретіп, етін консервілеуді жоспарлап отыр

3 часа бұрын

АНА МЕН БАЛАҒА ҚАМҚОРЛЫҚ

4 часа бұрын

БАСПАНА — ҚАШАНДА БАСТЫ МӘСЕЛЕ

4 часа бұрын

«ТАБЫСТЫ ОТБАСЫ»: АЛҒАШҚЫ ТҮЛЕКТЕРГЕ ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАР БЕРІЛДІ

4 часа бұрын

КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ МҮМКІНДІГІ ҚАЛАЙ?

4 часа бұрын

ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚТАН ОБЛЫСТЫҚ ЧЕМПИОНАТ ӨТТІ

4 часа бұрын

КӨРКЕМ ГИМНАСТИКА ҮЗДІКТЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

5 часов бұрын

ЖҰМЫС БЕРУШІЛЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

5 часов бұрын

«ЖАСТАР РУХЫ» — ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТІРЕГІ

5 часов бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:
Ләйла Еділқызы Тілеубаева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Таным
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС