"Семей таңы" газеті
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

АЛДАҒЫ ЖОСПАР АЙҚЫН

21.06.2022
АЛДАҒЫ ЖОСПАР АЙҚЫН
11
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Қала әкімі Бақытжан Байахметовтің ауылдық округтер тұрғындарымен кездесулері жалғасуда. Бұл жолы шаһар басшысы  Шақаман ауылында Достық ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті. Кездесуде қала әкімі Семей қаласының, округтің әлеуметтік-экономикалық дамуы, атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы баяндады.

Ауылдық округте — Достық және Шақаман кенттерінде бір жарым мыңнан астам адам тұрады.

Қала басшысының айтуынша, округті дамытуға 3 жылда 611,3 млн теңге бағытталған. Әкімдік ғимаратына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Ауыл клубы жөнделіп, көше жарығы орнатылды. Қазіргі күні Шақаман ауылындағы су құбырына қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Жұмыстар қыркүйек айының соңында аяқталады деп күтілуде.

Ахметов көшесін жарықтандыру үшін қаражат бөлінген. Қазіргі күні тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі конкурстық құжаттама дайындауда және жақын күндері конкурс жарияланбақ. Сондай-ақ шілде айында әкімдік ғимаратының шатырын жөндеу жұмыстары басталады. Сонымен қатар спорттық-ойын алаңын орнатуға келісімшарт жасалды.

— Округтің 2025 жылға дейінгі даму перспективасына 52,3 млн теңге бөлу жоспарлануда. Шақаман ауылында балалар ойын және футбол алаңы орнатылады. Сондай-ақ К.Ахметов көшесіне жарық орнату жоспарлануда, — деді қала әкімі.

Қала әкімі осыған дейінгі есеп беру кездесуінде округ тұрғындары көтерген мәселелер бойынша атқарылған жұмыстарға тоқталды. Олардың бірі жазғы демалыс кезінде мектеп жанындағы шағын орталықтың жұмысын ұйымдастыруға қатысты болатын. Білім бөлімінің мәліметінше, 1 маусымнан бастап мектеп жанындағы шағын орталық жұмыс істеуде. Ондағы үйірмелерге көп балалы отбасылардағы оқушылар қатыса алады.

Тұрғындар спорт секцияларын ұйымдастыру үшін мектеп ғимаратына бөлме бөлуді сұраған болатын. Бұл мәселе де өз шешімін тапты. Тұрғындар сонымен қатар мектеп спорт залына ересектердің кіре алмайтынын айтып шағымданған болатын. Енді мектеп жасындағы балалармен қатар, ауыл жастары үшін де спорт залының есігі ашық.

Тұрғындар сонымен қатар Шақаман ауылындағы мектептің 3-қабатының терезелерін ауыстыруды сұраған болатын. Әкім сол кездесуде бұл мәселені қарастыруға дайын екендігін жеткізген болатын, бірақ, өкінішке орай, облыстық білім басқармасына нақтылауға бюджеттік өтінім берген кезде қаражат бөлінбеген.

Тұрғындар Шақаман ауылындағы бейберекет төгілген қоқыс мәселесін де шешіп беруді өтінген болатын. Қазіргі уақытта бұл бағытта жұмыстар жүргізілуде, қоқысты шығаруға облыстық мәслихат депутаттарының бірі арнайы техникамен көмек көрсетуде.

Тұрғындар көтерген мәселелердің тағы бірі облыстық маңызы бар Семей – Курчатов тас жолынан Талды разъезіне дейінгі ұзындығы 7 шақырым жол учаскесіне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу болатын. Талды ауылына кіреберіс жолдарды ағымдағы жөндеуге 37 млн теңге қаржыға сметалық есеп бар. Алайда жол сапасы орталығы сараптамасының оң қорытындысы жоқ.

Тұрғындар Шақаман ауылының көшелерінде су құбырын жүргізу барысында пайда болған шұңқырларды топырақпен толтыру қажеттігін айтқан болатын. Алайда мердігер «QazConstructions» ЖШС бұл мәселені әлі күнге дейін шешкен жоқ. Бүгінгі кездесуге олардың өкілдері келмеді. Енді мекеме өкілдері мен жергілікті тұрғындардың қатысуымен  кездесу өткізіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізу керек.

Тұрғындардың айтуынша, округте мал дәрігері жетіспейді. Жиында бұл мәселе алдағы уақытта қарастырылатыны айтылды. Ауылдық округ әкімі  тарапынан компьютерлік техникамен жабдықталып, интернет байланысына қосылған қызметтік кабинет бөлінді. Жаппай ветеринариялық-профилактикалық іс-шараларды өткізу кезінде Ертіс ауылдық округінің ветеринар мамандары тартылады. Сондықтан бұл мәселе бақылауда және қосымша қарауды талап етеді.

Сол сияқты Талды разъезін интернетпен қамтамасыз ету мәселесі де қосымша қарауды талап етеді. Осындай мәселелер барлық шағын елді мекендерге тән.

АЛДАҒЫ ЖОСПАР АЙҚЫН

Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі ҚР Ұлттық экономика министрлігімен және облыс әкімдіктерімен бірлесіп, 2024 жылға дейін ұялы байланыспен және кең жолақты интернетке қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін халқының саны 250 адамнан кем ауылдық елді мекендерге талдау жүргізуде.

Өткен кездесуде тұрғындар мектепте музыкалық аппаратураның жоқтығын айтқан болатын. Бұл мәселе де әлі шешілген жоқ. Әкім орынбасарына және білім бөліміне 1 млн 200 мың теңге көлемінде қаражат іздестіруді және бұл мәселені 1 ай ішінде шешуді тапсырды.

Кездесуде тұрғындар өрт сөндіру машиналарының жоқтығына алаңдаушылық білдірді. Мұндай мәселе басқа шалғай ауылдық округтерде де бар. Қала басшысы мәселені ішінара Алматыдан өрт сөндіру машиналарын жеткізу арқылы шешуге болатынын айтып,  Алматыдан 7 өрт сөндіру машинасын беру туралы алдын ала келісім жасалғанын жеткізді.

Жиын соңында Бақытжан Байахметов Шақаман ауылының дәрігерлік амбулаториясының меңгерушісі Айнұр Антықбаеваны Медицина қызметкерлері мерекесіне орай алғыс хатпен марапаттады.

Кездесуден соң қала басшысы тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Әкімнің қабылдауына келген көп балалы ана Ажар Анатольевна Шәкәрім атындағы агротехникалық колледжде ақылы негізде оқитын ұлының оқу ақысын 150 мың теңгеден 120 мың теңгеге дейін төмендетуге көмек көрсетуді сұрады. Көп балалы ананың бұл өтініші қанағаттандырылатын болды.

Әкімнің қабылдауына Жадыра Тәттімбетова есімді ауыл тұрғыны келді. Ол  тұрғын үй алу үшін кезекке тұра алмай жүргенін айтып, көмек сұрады. Алайда оның атына тұрғын үй тіркелген. Өтініш иесіне аталған жағдайға байланысты тұрғын үйді электронды кезекке қосу туралы шешім қабылдау мүмкін емес екені түсіндірілді.

Келесі тұрғын — Мұрат Сүлейменов сүт фермасын ашқысы келетінін айтып, өзінің шаруа қожалығы үшін жер телімін бөлуді сұрады. Қала әкімі орынбасарына Мұрат Сүлейменовті Семей қаласында қабылдап, конкурстық рәсімдердің ережелерін түсіндіруді тапсырды.

Қала әкімінен 8 жасар ұлының медициналық тексеруден өтуіне көмек сұрап келген Айнұр Тәттімбетова есімді тұрғынның да өтініші орындалды.

Динара НҰРЛЫБЕКҚЫЗЫ,

«Семей таңы»

 

Мақалада: АЛДАҒЫ ЖОСПАР АЙҚЫН

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында «Жұмыстың жаманы жоқ, кез келген еңбек қадірлі» атты диалог алаңы өтті

11.02.2025
Абай облысында «Жұмыстың жаманы жоқ, кез келген еңбек қадірлі» атты диалог алаңы өтті

Абай облысында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай «Жұмыстың жаманы жоқ, кез келген еңбек қадірлі» атты диалог алаңы өтті. Іс-шараға...

Толығырақ...Details

РЕТТЕУДІҢ ЖАҢА ТЕТІГІ ДӘРІЛІК ЗАТТАРДЫҢ БАҒАСЫН ТӨМЕНДЕТУГЕ МҮМКІНДІК БЕРЕДІ

21.01.2025
РЕТТЕУДІҢ ЖАҢА ТЕТІГІ ДӘРІЛІК ЗАТТАРДЫҢ БАҒАСЫН ТӨМЕНДЕТУГЕ МҮМКІНДІК БЕРЕДІ

Қазақстанда ТМККК, МӘМС шеңберінде ем алатынпациенттерді қамтамасыз ету үшін  және дәріханалардың бөлшек сауда желісінде сатылатын препараттардың шекті құнын төмендетуді көздейтін...

Толығырақ...Details

Семейлік зияткерлер халықаралық додадан жүлделі оралды

20.01.2025
Семейлік зияткерлер халықаралық додадан жүлделі оралды

Елорда төрінде оқушылар арасында өткен ХалықаралықЖәутіков олимпиадасы (IZhO 2025) өз мәресіне жетті. 21 жыл қатарынан ұйымдастырылып келе жатқан көрнектіғалым-математик, академик...

Толығырақ...Details

Халықаралық ашық шығармашылық конкурста cемейлік ұстаздар жүлдегер атанды

20.01.2025
Халықаралық ашық шығармашылық конкурста cемейлік ұстаздар жүлдегер атанды

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігініңқолдауымен «Республикалық физика-математика мектебі» КеАҚ ұжымы биыл 7 мәрте математика, физика жәнеинформатика пәні мұғалімдері мен олимпиадалық резерв...

Толығырақ...Details

Облыс әкімі тұрғындармен бірге құс ұяларын орнатуға қатысты

05.01.2025
Облыс әкімі тұрғындармен бірге құс ұяларын орнатуға қатысты

Семейде қоршаған ортаны сақтау мен табиғатты қорғауға бағытталған экологиялық акция өтті. Аймақ басшысы Нұрлан Ұранхаев қала тұрғындарымен бірге «Бейбітшілік» аралында...

Толығырақ...Details

Ш.Уәлиханов атындағы «Жас Ұлан» мектеп-интернатында «Туған жер: белгілі және белгісіз» көрмесі өтті

02.12.2024
Ш.Уәлиханов атындағы «Жас Ұлан» мектеп-интернатында «Туған жер: белгілі және белгісіз» көрмесі өтті

«Туған жер: белгілі және белгісіз» әлеуметтік жобасы аясында Абай облысында орналасқан Ш.Уәлиханов атындағы дарынды балаларға арналған «Жас Ұлан» мамандандырылған ерлер...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Заманауи техниканы ауылға беру: ТЖМ қауіпсіздік стандарттарын теңестіреді

5 дней бұрын

Қазақстандағы ТЖ жүйесінің цифрлық трансформациясы

6 дней бұрын

Алматы әуежайын дамытуға 362 млн доллар жеке инвестиция тартылады

6 дней бұрын

Еліміздегі ең танымал ТОП-10 спорт түрі

6 дней бұрын

5 МАМЫР — ДҮНИЕЖҮЗІЛІК АКУШЕРЛЕР КҮНІ

1 неделя бұрын

ТЖМ ауылдық жерлерде қауіпсіздікті нығайтады

1 неделя бұрын

Биылғы құрылыс маусымы аясында бірқатар жол құрылысы басталады

1 неделя бұрын

Қазақстандық оқушы Азия-Тынық мұхиты аймағының ең мықты лингвисі атанды

1 неделя бұрын

Семейлік шекарашылар “Бірлік жарысы” марафонына қатысты

1 неделя бұрын

Әуежайдың террористік қауіп-қатерге дайындығы тексеріледі

2 недели бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС