"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ХАЛЫҚ ТІЛЕГІ ӘКІМ НАЗАРЫНДА

21.06.2022
АЛДАҒЫ ЖОСПАР АЙҚЫН
12
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Өткен аптада қала басшысы Бақытжан Байахметов Ертіс ауылдық округі тұрғындарымен де кездесті.

Қазіргі күні округтегі 9 елді мекенде екі жарым мыңнан астам адам тұрады.

Жиында айтылғандай, округті дамытуға 3 жылда 598,7 млн теңге бағытталған. Бұл қаражат Мұқыр ауылындағы су құбыры желілерін қайта құру жұмыстарына жоспарланған болатын. Сондай-ақ Мұрат ауылындағы су құбыры желілерінің құрылысына жобалық-сметалық құжат әзірленген. Түрксіб орта мектебіне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп (жылыту қазандықтары, ішкі дәретханалар жүйесі), қазандығының мұржасы ауыстырылды.

«Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында Мұқыр ауылына кіреберіс жолды орташа жөндеуге келісімшарт жасалған. Құны 86,7 млн теңге болатын жобаны «ПрофАзияСтрой» ЖШС жеңіп алды. Жөндеу жұмыстары осы жылдың қараша айының соңына дейін аяқталады деп күтілуде. Сондай-ақ Мұрат ауылына кіреберіс жолды орташа жөндеуге де шарт жасалған.

Тұрғын үй — коммуналдық шаруашылық бөлімі Мұқыр, Прииртышский және Мұрат ауылдарына көше жарығын орнатуға жобалық-сметалық құжат әзірлеуде, конкурс жариялау жоспарланып отыр.

Ағымдағы жылы Прииртышский ауылында әмбебап спорт алаңы орнатылды. Тұрғындар спорттық турнир өткізіп, спорт алаңын салтанатты түрде ашуды жоспарлап отыр.

Сондай-ақ келесі жылы Мұрат ауылында су құбыры желілерінің құрылысын жүргізуге шарт жасалған. Жоспарланған қаражат көлемі — 129 млн теңге.

— Жалпы, 2025 жылға дейін «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында Мұрат ауылында су құбыры желілерінің құрылысын жүргізуге, Мұқыр, Прииртышский және Мұрат ауылдарына көше жарығын орнатуға 294,6 млн теңге қаржы бөлу жоспарлануда,- деп атап өтті Бақытжан Байахметов.

Прииртышский ауылында балалар ойын алаңын орнату және демалыс саябағында сахна орнату жоспарланып отыр.

Өткен кездесуде жайылымдық жерлердің жетіспеушілігі мәселесі көтерілген болатын. Бұл мәселе оң шешімін тапты: Ертіс ауылдық округінде елді мекеннің 9 385 гектар жері бар, оның ішінде Мұқыр ауылында мал жаюға пайдаланылатын 4 895 гектар жер бар.

— Халықтың малын жайылымдық алқаптармен қамтамасыз ету бағдарламасы аясында Ертіс ауылдық округі әкімінің аппаратына Жиенәлі ауылдық округінде жайылымдарды ұйымдастыру үшін жалпы ауданы 5500 гектар жер берілді, — деді қала басшысы.

Сондай-ақ жер қатынастары бөлімі мен ауыл шаруашылығы бөлімі бірлесіп, сәуір айында Мұқыр ауылының тұрғындарымен жайылымдық жерлердің жетіспеушілігі мәселесін шешу мақсатында жиналыс өткізілген. Кездесу барысында тұрғындарға жер телімдерін беру тәртібі түсіндіріліп, картада мал жаюға арналған жерлер көрсетілді.

Мұқыр ауылында 0 — 6 жас аралығындағы 153 бала бар. 183 бала мектепте оқиды, оның 19-ы мектепалды даярлық сыныбында.

Түрксіб мектебінде 50 балаға арналған жарты күндік шағын орталықта 2 топ ашылған. Оған іс жүзінде 40-тан астам бала барады.

— Өткен кездесуде тұрғындар Мұқыр ауылында балабақша салу мәселесін қарастыруды сұраған болатын. Бүгінгі таңда біз балабақша салу үшін инвестор іздестіріп жатырмыз, — деп атап өтті қала басшысы Бақытжан Байахметов.

— Мұрат ауылында қатты тұрмыстық қалдықтар полигонын ашу бойынша ауыл әкімдігі техникалық шарттарды ала отырып, инвестициялық ұсыныс әзірлеп, экономикалық қорытынды алу үшін ұсынуы қажет, — деп түсіндірді қала әкімі.

Шаруа қожалығының басшысы Болат Жүсіпов жоңышқа егу және жем-шөп базасының мәселелерін шешу үшін пайдаланылмайтын 80 гектар жер учаскесін шаруашылыққа беруге көмектесуді сұраған болатын.

— Бұл мәселе қарастырылуда. Жер қатынастары бөлімі Ертіс ауылдық округінде орналасқан ауданы 80 гектар жер учаскесіне жерге орналастыру жобасын әзірлеуде.  Жерге орналастыру жұмыстары аяқталғаннан кейін шаруа қожалығын жүргізу үшін жер учаскесін беру бойынша конкурс жарияланады, — деді Бақытжан Байахметов.

Прииртышский ауылының тұрғындары ауылды жоғары жылдамдықтағы интернетпен қамтамасыз ету туралы өтінішіне келсек, Прииртышский ауылында Beeline – 2G, Kcell – 2G ұялы байланысы, «Қазақтелеком» АҚ CDMA интернеті бар.

— Байланыс операторларының кең жолақты интернетке қосылу сапасын жақсарту жөніндегі міндеттемелеріне сәйкес, Kcell және Beeline компаниялары ауылды ұялы байланыс желілеріне шамамен 2023 жылы қосуды жоспарлап отыр, — деді қала басшысы.

Жергілікті халық сондай-ақ Прииртышский ауылындағы бос тұрған екі және үш қабатты ғимараттарды жөндеп, кейін аз қамтылған азаматтарға беру мәселесін қарастыруды сұраған болатын. Қазандығы бар (Молодежная көшесі, 19) бұрынғы 18 пәтерлі тұрғын үйдің үш қабатты ғимараты тұрғын үй инспекциясы бөлімінің теңгерімінде. Ғимарат 2000 жылы салынған, жалпы ауданы 1000 шаршы метрден астам. Ғимарат ескірген, есік-терезелері жоқ, қазандығы толығымен бұзылған.

Прииртышский ауылында 902 адам тұрады. Ертіс ауылдық округі бойынша тұрғын үй алуға кезекте «көп балалы отбасы» мәртебесі бар 4 адам тұр (Прииртышский ауылында 1 адам, Мұқыр ауылында 1 адам, Мұрат ауылында 2 адам).

— Осыған байланысты ғимаратты тұрмысы төмен азаматтарға беру үшін оған жөндеу жүргізу экономикалық тұрғыдан тиімсіз, — деп түсіндірді қала басшысы.

Ал екі қабатты ғимарат Ертіс бройлер фабрикасына тиесілі. Нысан аяқталмаған құрылыс санатына жатады, меншік иесі оны сату мәселесін қарастыруда (жеке тұлғадан балабақша ашу үшін осы нысанды сатып алу туралы ұсынысы түскен).

Бройлер фабрикасының меншік құқығындағы 1980 жылы салынған жалпы ауданы 409,2 шаршы метр болатын бір қабатты ғимараты да бар, оны меншік иесі әкімдікке өтеусіз беруге дайын.

Өз кезегінде ауылдық округ әкімі бұл ғимаратты тұрғындардың өтініші бойынша қатымхана ашу мақсатында бизнес субъектілеріне беру туралы ұсынысын жеткізді.

Кездесу соңында қала әкімі Бақытжан Байахметов Мұқыр ауылының жалпы практика дәрігері Қымбат Күйеубаева мен Ертіс ауылдық округінің жалпы тәжірибе дәрігері Талғат Дүйсінбековті кәсіби мерекелерімен құттықтап, алғыс хаттар табыс етті.

 

ХАЛЫҚ ТІЛЕГІ ӘКІМ НАЗАРЫНДА

Анар АХМЕТҚАЛИҚЫЗЫ,

«Семей таңы»

Мақалада: ХАЛЫҚ ТІЛЕГІ ӘКІМ НАЗАРЫНДА

Ұқсас жаңалықтар

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

11.09.2026
42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

Кейде адамды қолына қалам алуға жеке басынан өткен жағдай мәжбүрлейді. Бұл мақаланы жазуыма да сондай жағдай түрткі болды. 23 тамызда...

Толығырақ...Details

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

10.09.2026
Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

Бүгін, 2026 жылғы 9 қыркүйекте Alikhan Bokeikhan University және М.О. Әуезов атындағы педагогикалық колледж базасында цифрлық сауаттылықты арттыруға және кибермәдениетті...

Толығырақ...Details

«АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ»: ЖАСТАР ҚҰРМЕТТІ ІСПЕН КӨРСЕТТІ

10.09.2026
«АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ»: ЖАСТАР ҚҰРМЕТТІ ІСПЕН КӨРСЕТТІ

Абай облысының Семей қаласында «Әділет» партиясының «Жастар Рухы» жастар қанатының 20 белсенді волонтері «Ардагерлерді ардақтайық» акциясы аясында жалғызбасты ардагер Каримов...

Толығырақ...Details

БІЛІМ МЕН ТЕХНОЛОГИЯ ТОҒЫСҚАНДА

09.09.2026
БІЛІМ МЕН ТЕХНОЛОГИЯ ТОҒЫСҚАНДА

Бүгінгі университет үшін жасанды интеллектіні меңгеру – уақыт талабына сай болудың бір ғана шарты. Ал одан да маңызды мәселе –...

Толығырақ...Details

Абай облысында балалар қауіпсіздігі бойынша 167 рейд өткізілді

03.09.2026
Абай облысында балалар қауіпсіздігі бойынша 167 рейд өткізілді

Абай облысында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және кәмелетке толмаған жасөспірімдер  арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында профилактикалық жұмыстар жүргізілуде. Бұл...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

1 неделя бұрын

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

1 неделя бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

2 недели бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

2 недели бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

2 недели бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

2 недели бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

2 недели бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

2 недели бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

2 недели бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

2 недели бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС