"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

«АЛАШ» ҒЫЛЫМИ — ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

07.06.2014
«АЛАШ» ҒЫЛЫМИ — ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
38
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Семейде қаласындағы ауқымды түрде өткен 31 мамыр саяси қуғын — сүргін құрбандарын еске алуға арналған шаралардің бірі — Қаз ИГЗУ -де ашылған «Алаш» ғылыми зерттеу орталығымен ашылуымен жалғасты. Делегаттар алдымен университеттің оқытушылық-профессорлық құрамымен  ауладағы «Алаш аллеясында» қарағай ағашын отырғызды.  Содан кейін, қонақтар ішке еніп,  «Қазақстан жолы» орталығында болды. Елбасы ұсынған «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын насихаттау,   студенттердің отаншыл да патриот болып қалыптасуы үшін арнайы әзірленген орталықтың мүмкіндіктерімен де танысты.

Жалпы, мұнда студенттер Елбасының кітаптарын оқып, Жолдауларымен танысып, деректі фильмдерді тамашалап, пікір алмаса алады. Орталық жас буыннан бастап, университет түлектерімен де тығыз байланыс орнатып, жұмыс жасауда.   «Алаш» ғылыми-зерттеу орталығының ашылуы әлбетте, алаштану мәселесін терең зерттеуге мүмкіндіктер туғызады.  Жалпы, орталықта қазірдің өзінде біршама еңбектер топтастырылған. «Алаш» серия-сымен алғашқы кітаптар да жарық көріп жатыр екен. Үш тілдегі Шығыс Қазақстан атласы да осы орталықта алғаш рет жарыққа шыққан. «Алтай —  түркі әлемінің алтын бесігі» сынды тағы бірнеше сиясы кеппеген еңбектерді де орталықтан кездес-тіруге болады. Аталмыш орталық тек Алаш зиялыларын танумен ғана емес,  өнер, білім, ғылым мен мәдениет саласында еңбек еткен репрессия құрбандарын  зерттеуге арналған.

 

{jcomments on}Осы жиында педагогикалық кеңестің шешімімен ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары Бағлан Майлы- баевқа «Университеттің құрметті профессоры» атағы берілді. Бұл дәрежені үлкен мәртебе санайтындығын айтқан Б.Майлыбаев:

 

— Елбасының негізігі идеясы  -«Мәңгілік Ел» идеясын жүзеге асыру, ХХІ ғасырда бәсекеге қабілетті, білімді ұрпақ тәрбиелеу. Аталмыш университет бұл тұрғыда белсенділік танытып отырғанын аңғарып отырмыз.  Жаңа ғимарат ашу арқылы студенттерге көптеген технологиялық даму, білім алуға зор мүмкіндік сыйлап отырсыздар. Осы ЖОО-нан түлеп ұшқан түлек елінің тұтқасын ұстайтын азамат болып, биіктерден көрінсін!  «Қазақстанның болашағын көргім келеді»  деген адамға Семейге келіп, ҚазИГЗУ-де білім алыңыз деп айтар едім, — дей келе, құрметті профессор жаңашыл, бастамашыл университет ректоры Шырын Құрманбаева мен ұжымына өз алғысын жеткізді.

Мұндай тағылымы мол шараға алғаш рет қатысып отырмаса да, тол-қып тұрғанын айтқан ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Егор Каппель:

— Семей қаласына, Алаш қаласына келгенім үшін өте қуаныштымын. Қазақтың рухани астанасы, Алаш Орданың орталығы болған шаһардың қашан да мерейі үстем. Себебі, дәл осы киелі жерде алашордалықтар елдің болашағы үшін кесімді пікірлер айтып, шешімдер қабылдаған. Олар ұлт болашағы үшін репрессияға ұшырады. Біз алашордашылардың ел болуға ұмтылған ұмтылысын, отан-сүйгіштіктерін ешқашан санамыздан шығармауымыз керек. Сол қасірет қайталанбас үшін өскелең ұрпаққа тарихымызды сусындатуымыз керек. Ұйымдастырылып жатқан шаралардың басты мақсаты да сол,- деді.

Әйгерім СӘРСЕНҒАЛИ, «Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

11.09.2026
Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

Облыс әкімі алдымен №1 Жылу электр орталығына барды. 1934 жылы пайдалануға берілген нысан жылу қуатын өндіру және берумен айналысады. Орталықтың...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

15 часов бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

3 дня бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

3 дня бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

3 дня бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

6 дней бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

6 дней бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

6 дней бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

6 дней бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

7 дней бұрын

2026 жылғы мүлік салығы: кім төлейді және қандай өзгерістер бар?

7 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС