"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЖЫЛУМЕН ҚАМТУ: АРНАЙЫ ЖҰМЫС ТОБЫ ҚҰРЫЛАДЫ

28.06.2022
ЖЫЛУМЕН ҚАМТУ: АРНАЙЫ ЖҰМЫС ТОБЫ ҚҰРЫЛАДЫ
33
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаевтың арнайы шақыруы бойынша Семей қаласына жұмыс сапарымен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экология мәселелері және табиғатты пайдалану, Экономикалық реформа және өңірлік даму мен Аграрлық мәселелер  бойынша комитеттерінің өкілдері, сондай-ақ Ауыл шаруашылығы, Энергетика, Ұлттық экономика, Индустрия және инфрақұрылымдық даму, Экология, геология және табиғи ресурстар министрліктерінің сарапшылары келді.

Абай облысы орталығына елордадан арнайы келген делегация өңірдің өзекті мәселелерін егжей-тегжейлі зерттеп, қажетті ақпараттар жинайды. Елорданың орталық мемлекеттік органдарының өкілдері өткен жексенбіде қаладағы жылу беру нысандарын аралап шықты. ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков, ҚР Энергетика вице-министры Жандос Нұрмағанбетов және қала әкімі Бақытжан Байахметов бастаған топ ең алдымен «Ғаббасов» қазандығына келді. Аталмыш нысанды аралау барысында қала әкімі Бақытжан Байахметов қаладағы жылумен қамтудың жағдайы туралы баяндады.

— Қазіргі таңда қала бойынша жылу желілері 60 пайызға тозған. Екі құбырлы 188 шақырымды құрайтын жылу желілері қайта жаңартуды қажет етеді. Семейде «Теплокоммунэнерго» мекемесінің белгіленген қуаты 1042,9 Гкал/сағ құрайды. Биылғы жылы Степной кентіне құны 565,2 млн теңгенің жылу желісін салу жоспарланған. Сондай-ақ құны 721,7 млн теңге болатын ЦТП-518 қазандығын, 539,3 млн теңгеге жылу желісін қайта жаңартуға сараптаманың оң қорытындылары алынды.

«Ғаббасов», «Орталық» қазандықтарын қайта жаңғырту жұмыстарына республикалық бюджеттен 2 млрд теңге бөлінді. 5 қазандықты қайта құру кезінде 10,3 млрд теңге көлемінде қаражат бөлу қажет, – деді Семей қаласының әкімі Бақытжан Кәкенқажыұлы.

ЖЫЛУМЕН ҚАМТУ: АРНАЙЫ ЖҰМЫС ТОБЫ ҚҰРЫЛАДЫ

Жалпы, бүгінгі күні Семейдің жылу беру нысандарындағы жаңғырту және ағымдық жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Мәселен, бірқатар жылу қазандықтары кеңейтіліп, қосымша нысандар салынуда. Бұл қолға алынған жобалардың нәтижелі болуына септігін тигізбек. Осы бағыттағы жұмыстардың барлығы Абай облысының әкімі мен қала әкімінің назарында тұр. Алдағы жылу беру маусымының басталуына дейін барлық жоспарлы шараларды еңсеру көзделіп отыр.

Сонымен қатар вице-министрлерге Семейдегі 3-ЖЭО құрылысының қажеттілігі туралы айтылды. Бұл жобаны іске асыру үшін инвестиция сомасы 447,5 млрд теңгені құрайды. Министрліктердің өкілдері өз кезегінде жылумен қамту проблемаларын шешуде қолдан келгенше көмек көрсететіндерін мәлімдеді.

Министрлік өкілдері қаладағы «35-ші квартал» жылу беру қазандығында да болып, онда жүріп жатқан жөндеу жұмыстарымен танысты. Қысқы мезгілде берілетін жылу сапасы жайлы сұрап, туындап отырған мәселелерге  қанықты.

Министрлік өкілдері жұмыс сапары барысында «Теплокоммунэнерго» мекемесінде қаланың жылу желілерінің картасымен танысты.

Қазіргі күні шаһардағы ықшам аудандардың жылу беру бойынша жүктемесі нақтыланған. Болашақта туындайтын мәселелердің алдын алу мақсатында жұмыстар жүргізілуде. Бұл орайда ҚР Энергетика министрлігі тарапынан тиісті көмек көрсетілетін болады. Ол жайында ҚР Энергетика вице-министрі БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында айтты.

ЖЫЛУМЕН ҚАМТУ: АРНАЙЫ ЖҰМЫС ТОБЫ ҚҰРЫЛАДЫ
ҚР Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов

— Бүгін біз Семей қаласын жылумен қамту сызбасын зерттедік, тұрғындардан шағым көп түсетін мәселелермен таныстық. Осыған байланысты арнайы жұмыс тобын құрып, ақпарат жинап, барлық ұсыныстарды қарастыру ұсынылады. Әрине, қалаға жылумен жабдықтаудың перспективалық сызбасы қажет, оңтайлы шешімдерді анықтау қажет. Бұл жұмысқа біз Энергетика министрлігі ретінде атсалысуға дайынбыз. Жылумен жабдықтау, қазандықтардың жұмысы және оларды қаржыландыру мәселелері Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің құзыретіне жататынына қарамастан, біз министрлік желісі бойынша да қатысып, нақты ұсыныстарды қарайтын боламыз,-  деп атап өтті Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағамбетов.

ҚР Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов сонымен қатар Шығыс жүйеаралық электр тораптары филиалында болып, Семей қаласын электр энергиясымен үзіліссіз қамтамасыз ету бағытында атқарылып жатқан шаралармен танысты.

Болашақта Абай облысының орталығында электр қуатының тапшылығы туындамас үшін желілерді қайта құрылымдау бойынша жүргізілуі тиіс жұмыстар бар. Бұл жұмыстар аталмыш министрлік тарапынан қолдау табатын болды.

 

Қ. ЖОЛЫМБЕТ,

«Семей таңы»

Мақалада: ЖЫЛУМЕН ҚАМТУ: АРНАЙЫ ЖҰМЫС ТОБЫ ҚҰРЫЛАДЫ

Ұқсас жаңалықтар

«АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ»: ЖАСТАР ҚҰРМЕТТІ ІСПЕН КӨРСЕТТІ

10.09.2026
«АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ»: ЖАСТАР ҚҰРМЕТТІ ІСПЕН КӨРСЕТТІ

Абай облысының Семей қаласында «Әділет» партиясының «Жастар Рухы» жастар қанатының 20 белсенді волонтері «Ардагерлерді ардақтайық» акциясы аясында жалғызбасты ардагер Каримов...

Толығырақ...Details

БІЛІМ МЕН ТЕХНОЛОГИЯ ТОҒЫСҚАНДА

09.09.2026
БІЛІМ МЕН ТЕХНОЛОГИЯ ТОҒЫСҚАНДА

Бүгінгі университет үшін жасанды интеллектіні меңгеру – уақыт талабына сай болудың бір ғана шарты. Ал одан да маңызды мәселе –...

Толығырақ...Details

Абай облысында балалар қауіпсіздігі бойынша 167 рейд өткізілді

03.09.2026
Абай облысында балалар қауіпсіздігі бойынша 167 рейд өткізілді

Абай облысында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және кәмелетке толмаған жасөспірімдер  арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында профилактикалық жұмыстар жүргізілуде. Бұл...

Толығырақ...Details

Абай облысында «Жұмыстың жаманы жоқ, кез келген еңбек қадірлі» атты диалог алаңы өтті

11.02.2025
Абай облысында «Жұмыстың жаманы жоқ, кез келген еңбек қадірлі» атты диалог алаңы өтті

Абай облысында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай «Жұмыстың жаманы жоқ, кез келген еңбек қадірлі» атты диалог алаңы өтті. Іс-шараға...

Толығырақ...Details

РЕТТЕУДІҢ ЖАҢА ТЕТІГІ ДӘРІЛІК ЗАТТАРДЫҢ БАҒАСЫН ТӨМЕНДЕТУГЕ МҮМКІНДІК БЕРЕДІ

21.01.2025
РЕТТЕУДІҢ ЖАҢА ТЕТІГІ ДӘРІЛІК ЗАТТАРДЫҢ БАҒАСЫН ТӨМЕНДЕТУГЕ МҮМКІНДІК БЕРЕДІ

Қазақстанда ТМККК, МӘМС шеңберінде ем алатынпациенттерді қамтамасыз ету үшін  және дәріханалардың бөлшек сауда желісінде сатылатын препараттардың шекті құнын төмендетуді көздейтін...

Толығырақ...Details

Семейлік зияткерлер халықаралық додадан жүлделі оралды

20.01.2025
Семейлік зияткерлер халықаралық додадан жүлделі оралды

Елорда төрінде оқушылар арасында өткен ХалықаралықЖәутіков олимпиадасы (IZhO 2025) өз мәресіне жетті. 21 жыл қатарынан ұйымдастырылып келе жатқан көрнектіғалым-математик, академик...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

«АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ»: ЖАСТАР ҚҰРМЕТТІ ІСПЕН КӨРСЕТТІ

3 дня бұрын

БІЛІМ МЕН ТЕХНОЛОГИЯ ТОҒЫСҚАНДА

4 дня бұрын

Абай облысында Тілдер күніне орай 231 іс-шара өткізіледі

1 неделя бұрын

Абай облысында балалар қауіпсіздігі бойынша 167 рейд өткізілді

1 неделя бұрын

Табиғатпен үндескен тәрбие: «Семей орманы» аумағында балаларға экологиялық экскурсия ұйымдастырылды

1 неделя бұрын

Мемлекеттік кірістер департаментінің цифрландыру бағыты: мемлекеттік қызметтер жылдам әрі ыңғайлы бола түсуде

1 неделя бұрын

«22 наурызда босағама келді. Содан бері төрден орын алды»: Тауманның тағдыры – қазақтың тазыға деген құрметінің көрінісі

1 неделя бұрын

Кәсіпкер құқығын қорғау: нақты істер, жүйелі шешімдер

2 недели бұрын

270.00 декларациясы: кім тапсыруы қажет және нені білу маңызды

2 недели бұрын

Абай облысында Жалаңашкөл теміржол вокзалы пайдалануға берілді

2 недели бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС