"Семей таңы" газеті
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Таным
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Таным
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ҚОҚЫС ШЫҒАРУДЫҢ ЖАҢА ТАРИФІ БЕКІТІЛДІ

28.06.2022
ҚОҚЫС ШЫҒАРУДЫҢ ЖАҢА ТАРИФІ БЕКІТІЛДІ
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Семей қаласы мәслихатының кезекті, 25-ші сессиясында депутаттар тұрғындар үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекітті.

Көп қабатты тұрғын үйлер үшін айына 1 тұрғынға 420 теңге, жеке сектордағы тұрғын үйлер үшін 1 тұрғынға 553,22 теңге мөлшерінде бекітілді.

Сессияда сондай-ақ мәслихат депутаттары жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі ақпаратты тыңдады.

Ағымдағы жылдың 5 айында Семей қаласында 64 жол-көлік оқиғасы тіркелген, онда 90 адам жарақат алып, 4 адам қайтыс болған.

Жыл басынан бері кәмелетке толмағандардың қатысуымен 14 жол-көлік оқиғасы орын алған, кәмелетке толмағандар арасында қаза тапқандар жоқ.

Жалпы, жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін 16 145 адам жауапқа тартылды, оның ішінде көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін 168 адам, телефонды пайдаланғаны үшін 987 адам, жаяу жүргіншілердің жол жүру ережелерін бұзғаны үшін 2963 адам жауапкершілікке тартылған.

Семей қаласы полиция басқармасының жедел басқару орталығы бейнебақылау камералары арқылы 4 791 әкімшілік құқық бұзушылық анықталған, оның ішінде жол қозғалысы желісі бойынша 4 071 құқық бұзушылық тіркелген.

Ескі көпірде салмағы 2 тоннадан асатын көлік құралдарының қозғалысын шектеу белгісі орнатылған. Көпірде 5 жол-көлік оқиғасы тіркелген.

Жол белгілерінің талаптарын бұзғаны үшін 67 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Жол-көлік оқиғаларының санын азайту үшін бағдаршамдарды ауыстыру, жасанды жол кедергілерін орнату, әсіресе мектептердің жанында, жер үсті жаяу жүргіншілер өткелдерін салу, жүру бөлігін кеңейту, жол белгілерінің санын ұлғайту қажеттігі айтылды.

Мәслихат сессиясында депутаттар жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің Семейдегі жұмыссыздық деңгейін төмендету бағытында атқарып жатқан жұмыстарының есебін тыңдады.  Аталған бөлімге қаланың жоғары оқу орындары мен колледждерімен бірлесіп, жастарды қолдау, сондай-ақ түлектер мен жас мамандарды жұмысқа орналастыру жөніндегі мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуы туралы ақпараттандыру мәселесінде жұмысты күшейтуді ұсынды. Сондай-ақ бұқаралық-ақпарат құралдары мен  әлеуметтік желілерде жас мамандарды даярлау және қайта даярлау бойынша қаржыландырылатын жобалар туралы ақпаратты жандандыру қажет.

Мәслихат депутаттары Семей қаласындағы жасыл желектерді күтіп ұстау және қорғау туралы ақпаратты тыңдап, қала әкімі Бақытжан Байахметовке ұсыныс жасады: 1. Жасыл желектер тізілімін әзірлеу және бекіту бойынша жұмыс жүргізу; 2. Семей қаласының дендрологиялық жоспарын әзірлеу; 3. Жасыл екпелердің стационарлық суару жүйесін әзірлеу және енгізу; 4. Семей қаласының абаттандыру және көгалдандыру объектілерін бірыңғай басқару органын айқындау; 5. Семей қаласының жасыл желектерін күтіп ұстау және қорғау бойынша қаланы қызмет көрсету аймақтары бойынша бөлу.

 

Семей қаласы әкімдігінің баспас өз қызметі

Мақалада: ҚОҚЫС ШЫҒАРУДЫҢ ЖАҢА ТАРИФІ БЕКІТІЛДІ

Ұқсас жаңалықтар

ӘКІМНІҢ 100 КҮНІ:НЕ ІСТЕЛДІ ЖӘНЕ НЕ ІСТЕЛМЕК?  

21.01.2023
ӘКІМНІҢ 100 КҮНІ:НЕ ІСТЕЛДІ ЖӘНЕ НЕ ІСТЕЛМЕК?  

Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов 17 қаңтар күні «SEMEI» телеарнасында «Әкім сағаты» бағдарламасына қатысып, тікелей эфирде 1 сағаттан артық уақыт...

Толығырақ...

ЖЕРГІЛІКТІ ӨНІМ ӨНДІРУШІЛЕРДІҢ КӨРМЕСІ ӨТТІ

13.01.2023
ЖЕРГІЛІКТІ ӨНІМ ӨНДІРУШІЛЕРДІҢ КӨРМЕСІ ӨТТІ

ЖЕРГІЛІКТІ ӨНІМ ӨНДІРУШІЛЕРДІҢ КӨРМЕСІ ӨТТІ  12 қаңтар күні Семей қаласында жергілікті өнім өндірушілердің көрмесі өтті. Көрмеге «Activity Park» ЖШС, «Ж...

Толығырақ...

ОБЛЫС ОРТАЛЫҒЫН ДАМЫТУҒА 84 МЛРД БӨЛІНДІ

13.01.2023
ОБЛЫС ОРТАЛЫҒЫН ДАМЫТУҒА 84 МЛРД БӨЛІНДІ

Бейсенбі, 12 қаңтар күні қалалық әкімдікте Семей қалалық қоғамдық кеңесінің отырысы өтті. Шараға қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов, қалалық мәслихат хатшысы...

Толығырақ...

64 ОТБАСЫҒА ЖАҢА ПӘТЕР БЕРІЛДІ

31.12.2022
64 ОТБАСЫҒА ЖАҢА ПӘТЕР БЕРІЛДІ

Жаңа жыл қарсаңында Семей қаласындағы Қарағайлы шағын ауданынан 64 отбасыға - халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын және көп балалы жанұялар...

Толығырақ...

ТҰРҒЫНДАР ТІЛЕГІ ТЫҢДАЛДЫ

31.10.2022
ТҰРҒЫНДАР ТІЛЕГІ ТЫҢДАЛДЫ

Өткен аптада қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов Шақаман, Достық, Прииртыш және Мұқыр ауылдарына жұмыс сапарымен барды. Шаһар басшысы Шақаман ауылында мектеп...

Толығырақ...

ЖАҢА АЛЛЕЯНЫҢ ЖОБАСЫ ДАЙЫНДАЛУДА

21.10.2022
ЖАҢА АЛЛЕЯНЫҢ ЖОБАСЫ ДАЙЫНДАЛУДА

Семейдегі Жамақаев көшесіндегі тарихи ескерткіштер аллеясының жанында Жазушылар алаңы мен дәрігерлер аллеясы пайда болады. Бұл туралы Абай облысының әкімі Нұрлан...

Толығырақ...

Жаңалықтар

Санжар Тәшкенбай 2023 жылғы Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды

15 часов бұрын

Биылғы жылы облыста 450 мың шаршы метр тұрғын үй құрылысы басталады

16 часов бұрын

ТӨЛЕН ӘБДІКТІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНА АРНАЛДЫ

20 часов бұрын

КӨМІРМЕН ҚАМТУДА КЕДЕРГІ ЖОҚ

21 час бұрын

ҚОҒАМДЫҚ ТӘРТІП ТҮЙТКІЛДЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

21 час бұрын

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ ТҰРАҚТЫ БАҚЫЛАУДА

21 час бұрын

АБАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАСЫНА 1,9 ТРЛН ТЕҢГЕ КӨЛЕМІНДЕ ҚАРЖЫ ЖҰМСАЛМАҚ

21 час бұрын

Семейден бірнеше бағытта әуе рейсіне субсидия беріледі

2 дня бұрын

Абай облысында 14 мың жұмыс орны құрылады

2 дня бұрын

Арман Дүйсеновтың неден қайтыс болғаны анықталды

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:
Ләйла Еділқызы Тілеубаева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Таным
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС