"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

«АУЫЛ – ЕЛ БЕСІГІ» ЖОБАСЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА

05.07.2022
«АУЫЛ – ЕЛ БЕСІГІ» ЖОБАСЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА
15
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Қала әкімінің ауыл тұрғындарымен кездесулері әлі де жалғасуда. Өткен аптада Семей қаласының әкімі Бақытжан Байахметов Мұқыр және Мұрат ауылдарында болып, орташа жөндеу жұмыстары жүргізілген кірме жолдардың сапасын тексерді. Ауыл тұрғындарымен жиын өткізіп, атқарылған және алда атқарылар жұмыстар туралы баяндады.

Бүгінде аталған ауылдық округтерде тұрғындардың әл-ауқатын жақсартуға, ауылдарды тұрақты дамытуға бағытталған «Ауыл – Ел бесігі» арнайы жобасы жүзеге асырылуда. Еске сала кетейік, жоба ауыл халқының өмір сүру сапасын арттыру және ауылдық аумақтардың әлеуметтік ортасын жаңғырту, оларды өңірлік стандарттарға дейін жеткізу мақсатында әзірленген.

Аталған жобаны тиімді ілгерілету мақсатында 2025 жылға дейінгі жұмыстардың жеке жоспар-кестесі әзірленген. Құжатта қазіргі таңда түрлі жобалар жүзеге асырылып жатқан Семей қаласының ауылдық елді мекендері туралы мәліметтер бар.

— Ауылдық округ тұрғындарымен әрбір кездесуімде орындалған және ауылдарды абаттандыру бойынша әзірленіп жатқан жұмыстар туралы егжей-тегжейлі айтып жүрмін.  «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы бойынша Семей өңірінде ауылдарға кіреберіс жолдарды орташа жөндеу, су құбыры желілерінің құрылысы, көшені жарықтандыру және т.б. бірқатар жұмыстар атқарылуда, — деп атап өтті Бақытжан Байахметов.

Кездесу барысында Мұрат ауылының тұрғындары көлік қозғалысының жылдамдығын шектейтін жол белгілерін орнатуды және жаяу жүргіншілер жүретін жолды белгілеуді сұрады.

Қала әкімі аталған мәселені шешуді жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне тапсырды.

Сондай-ақ тұрғындар ауылда көше жарығы мен балалар алаңын орнату туралы өтініштерін де жеткізді.

— Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі тарапынан Мұқыр, Прииртышский және Мұрат ауылдарына көше жарығын орнатуға жобалық-сметалық құжат әзірленуде. Бұл жоба «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы бойынша 2023-2024 жылдарға жоспарланған, — деді Бақытжан Байахметов.

Ауыл тұрғындары клуб құрылысын салу мәселесін де қарастыруды сұрады.  Бұл мәселе ауыл кәсіпкерлерінің қолдауымен модульдік эскиздер дайындалғаннан кейін қаралатын болады.

«АУЫЛ – ЕЛ БЕСІГІ» ЖОБАСЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА

Бүгінгі күні Мұрат ауылында ұзындығы 5,5 шақырым, ал Мұқыр ауылында ұзындығы 3 шақырым кірме жолды орташа жөндеу жұмыстары аяқталды. Мердігерлік ұйымдар фрезерлеу және асфальт жабынын төсеу үшін арнайы техника жұмылдырды.

Дана ТАЛҒАТБЕК

Мақалада: «АУЫЛ – ЕЛ БЕСІГІ» ЖОБАСЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА

Ұқсас жаңалықтар

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

11.09.2026
42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

Кейде адамды қолына қалам алуға жеке басынан өткен жағдай мәжбүрлейді. Бұл мақаланы жазуыма да сондай жағдай түрткі болды. 23 тамызда...

Толығырақ...Details

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

10.09.2026
Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

Бүгін, 2026 жылғы 9 қыркүйекте Alikhan Bokeikhan University және М.О. Әуезов атындағы педагогикалық колледж базасында цифрлық сауаттылықты арттыруға және кибермәдениетті...

Толығырақ...Details

«АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ»: ЖАСТАР ҚҰРМЕТТІ ІСПЕН КӨРСЕТТІ

10.09.2026
«АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ»: ЖАСТАР ҚҰРМЕТТІ ІСПЕН КӨРСЕТТІ

Абай облысының Семей қаласында «Әділет» партиясының «Жастар Рухы» жастар қанатының 20 белсенді волонтері «Ардагерлерді ардақтайық» акциясы аясында жалғызбасты ардагер Каримов...

Толығырақ...Details

БІЛІМ МЕН ТЕХНОЛОГИЯ ТОҒЫСҚАНДА

09.09.2026
БІЛІМ МЕН ТЕХНОЛОГИЯ ТОҒЫСҚАНДА

Бүгінгі университет үшін жасанды интеллектіні меңгеру – уақыт талабына сай болудың бір ғана шарты. Ал одан да маңызды мәселе –...

Толығырақ...Details

Абай облысында балалар қауіпсіздігі бойынша 167 рейд өткізілді

03.09.2026
Абай облысында балалар қауіпсіздігі бойынша 167 рейд өткізілді

Абай облысында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және кәмелетке толмаған жасөспірімдер  арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында профилактикалық жұмыстар жүргізілуде. Бұл...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

1 день бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

1 день бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

1 день бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

4 дня бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

4 дня бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

4 дня бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

4 дня бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

5 дней бұрын

2026 жылғы мүлік салығы: кім төлейді және қандай өзгерістер бар?

5 дней бұрын

«АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ»: ЖАСТАР ҚҰРМЕТТІ ІСПЕН КӨРСЕТТІ

5 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС