"Семей таңы" газеті
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЖЫЛУМЕН ҚАМТУ: ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

07.07.2022
ЖЫЛУМЕН ҚАМТУ: ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА
9
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Семей қаласының әкімі Бақытжан Байахметов жылыту маусымына дайындық жөніндегі штаб отырысын өткізіп, атқарылып жатқан жұмыстардың барысын талқылады.

Шаһар басшысы айтып өткендей, бүгінгі таңда 18 жылу көзі, оның ішінде 17 қазандық және «Теплокоммунэнерго» МКК ЖЭО-1 қаланы жылумен қамтамасыз етеді. 76 орталық жылу пункттері бар екен. Сондай-ақ жылу желілерінің ұзындығы 2 құбырмен есептегенде 315,5 шақырымды құрайды.

Алдағы 2022-2023 жылдарға арналған күзгі-қысқы кезеңде нормативтік пайдалану қоры бүгінгі күні қамтамасыз етілген 28 535,82 тоннаны құрайды.

Ағымдағы жөндеу  бойынша бекітілген іс-шаралар жоспары шеңберінде 14 жылу көздеріне жөндеу жүргізіледі: ЖЭО-1 және РК-1.

Барлық жұмыстар кестеге сәйкес жүргізілуде, ағымдағы жылдың 15 тамызына дейін аяқталуы тиіс. Жиында «Теплокоммунэнерго» МКК басшысы Азат Сәрпеков дебиторлық қарыз жағдайы туралы баяндады.

Сондай-ақ Абай өңірінің «Біріккен ЭнергоСервистік Компаниясы»АҚ директоры Бауыржан Смағұлов алдағы жылыту маусымына энергия объектілерінің дайындығы туралы және «Семей Водоканал» МКК директоры Еркен Сағандықов жылыту маусымына сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің дайындық барысы туралы баяндама жасады.

Қала әкімі «Теплокоммунэнерго» басшылығына бір ай мерзімде 181 млн теңгені құрайтын негізгі дебиторлық берешекті өтеуді тапсырды. «Семей Водоканал» мекемесі басшылығына да осындай тапсырма берілді.

Білім беру бөлімінің басшысы Наталья Фесенко білім беру мекемелерінің жылу беру маусымына дайындығы туралы хабардар етті.

— Меншік ғимараттары бар ведомстволық бағынысты 86 мемлекеттік мекеменің 63-і орталық жылуға, олардың 4-уі электрмен жылытуға қосылған, 1 мекеме (№24 ЖОМ) пешпен жылытылады. Биылғы жылы мектеп қазандықтары үшін 12 558 тонна көмір сатып алуға 165,124 млн теңге көзделген. Көмір уақытынан кешіктірілмей жеткізіледі, — деді қалалық білім бөлімінің басшысы.

Отырыста көп пәтерлі тұрғын үйлердің жылу беру маусымына дайындығы туралы да баяндама тыңдалды.

Тұрғын үй инспекциясының басшысы Диана Шаяхметованың айтуынша, қалада барлығы 1427 көп пәтерлі тұрғын үй бар, оның ішінде 1187 үй орталық жылуға қосылған. Бүгінгі таңда үйлердің 25 пайызы жылыту маусымына дайын. Ағымдағы жылдың 28 тамызына қарай қаланың көп пәтерлі тұрғын үйлерінің дайындық паспорттарын толық дайындау жоспарланып отыр.

Жиында мемлекеттік денсаулық сақтау нысандарының да жылу беру маусымына дайындығы жан-жақты талқыланды.

ЖЫЛУМЕН ҚАМТУ: ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

— Семей қаласында 42 мемлекеттік денсаулық сақтау нысаны бар. Оның ішінде 19 нысан орталық жылуға қосылған, 6 мекеме автономды қазандықтармен, 15 мекеме пешпен, 2 нысан электрмен жылытылады. 21 медициналық мекеме көмірмен жылытылады. Қазіргі күні жылыту жүйелері жөндеуден өтіп жатыр, — деді қалалық денсаулық сақтау бөлімінің бас маманы Гүлжан Темірбекова.

Жалпы, бюджеттік ұйымдар мен тұрғындар үшін 273 252 тонна көмір қажет. Бүгінгі күні білім беру объектілері үшін 164,370 млн теңге сомасына 12 558 тонна көмір жеткізуге шарт жасалған.

Медициналық мекемелерді жылумен қамтамасыз ету үшін 695 тонна көмір (9 864,7 мың теңге) қажет. Халықтың қажеттілігін қамтамасыз ету 260 мың тонна көмір жеткізілу керек, бүгініг күні 65 мың тонна қатты отын жеткізілген.

Көмір жеткізумен «Жігер» және «Семей Көмір» серіктестіктері айналысады. Отын құны тоннасына 10 мың теңгеден «Жігер» серіктестігінен Знаменская трассасына әкелінеді. «Семей Көмір» ЖШС 72-кварталда орналасқан, көмірді сату пунктіне жеткізеді. Тасымалдау қызметтерін есепке алғанда көмірдің тоннасы 11 500 теңгені құрайды.

ТҮКШ бөліміне ағымдағы жылдың 1 тамызына дейін халықтың 70%-ын (182 мың тонна) көмірмен қамтамасыз етуді тапсырылды. Сондай-ақ ішкі саясат бөліміне көмір жеткізуге қатысты  тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуге тапсырма берілді.

— Тұрғындар көмірді алдын ала сатып алғаны дұрыс. Бізді қандай қыс күтіп тұрғаны белгісіз, сондықтан ертерек қамданған жөн, — деді сөз орайында қала әкімі Бақытжан Кәкенқажыұлы.

Айта кетейік, қазіргі күні Степной кентінде жылу желісінің құрылысы жүргізіліп жатыр. «Восток-котлы» ЖШС-мен келісімшарт жасалған. Құрылыс 7,5 ай ішінде аяқталады деп күтілуде.  Жұмыстар 2 кезеңмен орындалмақ. Сондай-ақ кентте салынып жатқан мектепті жаңа оқу жылы басталғанға дейін жылу жүйесіне қосу жоспарланып отыр. Ал 2023 жылы кенттің 17 тұрғын үйін жылу жүйесіне қосу үшін жұмыстар жүргізіледі. Жылумен жабдықтау желілерінің ұзындығы 3804 метрді құрайды.

Жуырда қала әкімі Бақытжан Байахметов Степной кентіне барып, мұндағы жылу желісі құрылысының барысын, сондай-ақ Ұшақтар кентінің тарату желілерінің құрылысымен бірге 66-кварталдағы орталық жылу пунктінің қайта жаңартылуын, Ибраев көшесінен Дулатов көшесіне дейінгі Герцен — Уәлиханов көшелеріндегі жылу желісін жөндеу жұмыстарын тексеріп қайтты.

— Қазіргі таңда жұмыс кестесі жасалған, жабдықтар мен құрылыс материалдарын жеткізуге келісімшарттар бар. Кенттегі құрылыс алаңы жабдықталады. Мердігер мекеме сондай-ақ құбырдың жер үстіндегі бөлігінің астына тіреулер орнатуға кірісті, — деп атап өтті Бақытжан Байахметов.

Еске сала кетейік, 2019 жылдың мамыр айында «АзияЭнергоПроектМонтаж» ЖШС-мен келісімшарт жасалып, «Семей қаласының Ұшақтар кентінің тарату желілерінің құрылысымен бірге 66-квартал орталық жылу пунктін қайта құру» жобасы іске асырыла бастады. Жоба аясында №49 мектепті, 280 орындық балабақша мен 200 орындық қалалық аурухананы жылумен қамтамасыз ету көзделген.

Сондай-ақ Әуезов көшесінде құбырлар төселіп, орталық жылу пунктінің ғимараты жаңартылды. Аталған жылу пунктінде ыстық сумен жабдықтайтын 2 сорғы және электрмен жабдықтайтын құрылғы орнатылды.

Қазіргі күні жалпы ұзындығы 771 метр болатын «103», «103А» қазандығынан «Орталық» қазандығына дейін жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

— Герцен — Уәлиханов көшелерінің қиылысына дейін жылу желісін ұлғайту, жылу желісін монтаждау жұмыстары жоспарланып отыр, — деді қала әкімі.

Бүгінгі күні Ибраев көшесінен Дулатов көшесіне дейінгі 250 метрлік жылу желісі жабдықтары бөлшектелген, алдағы уақытта диаметрі 9 мм-ге дейін ұлғайтылатын құбырларды монтаждау жоспарланып отыр. Жұмыстар үстіміздегі жылдың қыркүйек айында аяқталады деп күтілуде.

 

Дана ТАЛҒАТБЕКОВА,
«Семей таңы»

Мақалада: ЖЫЛУМЕН ҚАМТУ: ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында «Жұмыстың жаманы жоқ, кез келген еңбек қадірлі» атты диалог алаңы өтті

11.02.2025
Абай облысында «Жұмыстың жаманы жоқ, кез келген еңбек қадірлі» атты диалог алаңы өтті

Абай облысында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай «Жұмыстың жаманы жоқ, кез келген еңбек қадірлі» атты диалог алаңы өтті. Іс-шараға...

Толығырақ...Details

РЕТТЕУДІҢ ЖАҢА ТЕТІГІ ДӘРІЛІК ЗАТТАРДЫҢ БАҒАСЫН ТӨМЕНДЕТУГЕ МҮМКІНДІК БЕРЕДІ

21.01.2025
РЕТТЕУДІҢ ЖАҢА ТЕТІГІ ДӘРІЛІК ЗАТТАРДЫҢ БАҒАСЫН ТӨМЕНДЕТУГЕ МҮМКІНДІК БЕРЕДІ

Қазақстанда ТМККК, МӘМС шеңберінде ем алатынпациенттерді қамтамасыз ету үшін  және дәріханалардың бөлшек сауда желісінде сатылатын препараттардың шекті құнын төмендетуді көздейтін...

Толығырақ...Details

Семейлік зияткерлер халықаралық додадан жүлделі оралды

20.01.2025
Семейлік зияткерлер халықаралық додадан жүлделі оралды

Елорда төрінде оқушылар арасында өткен ХалықаралықЖәутіков олимпиадасы (IZhO 2025) өз мәресіне жетті. 21 жыл қатарынан ұйымдастырылып келе жатқан көрнектіғалым-математик, академик...

Толығырақ...Details

Халықаралық ашық шығармашылық конкурста cемейлік ұстаздар жүлдегер атанды

20.01.2025
Халықаралық ашық шығармашылық конкурста cемейлік ұстаздар жүлдегер атанды

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігініңқолдауымен «Республикалық физика-математика мектебі» КеАҚ ұжымы биыл 7 мәрте математика, физика жәнеинформатика пәні мұғалімдері мен олимпиадалық резерв...

Толығырақ...Details

Облыс әкімі тұрғындармен бірге құс ұяларын орнатуға қатысты

05.01.2025
Облыс әкімі тұрғындармен бірге құс ұяларын орнатуға қатысты

Семейде қоршаған ортаны сақтау мен табиғатты қорғауға бағытталған экологиялық акция өтті. Аймақ басшысы Нұрлан Ұранхаев қала тұрғындарымен бірге «Бейбітшілік» аралында...

Толығырақ...Details

Ш.Уәлиханов атындағы «Жас Ұлан» мектеп-интернатында «Туған жер: белгілі және белгісіз» көрмесі өтті

02.12.2024
Ш.Уәлиханов атындағы «Жас Ұлан» мектеп-интернатында «Туған жер: белгілі және белгісіз» көрмесі өтті

«Туған жер: белгілі және белгісіз» әлеуметтік жобасы аясында Абай облысында орналасқан Ш.Уәлиханов атындағы дарынды балаларға арналған «Жас Ұлан» мамандандырылған ерлер...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Заманауи техниканы ауылға беру: ТЖМ қауіпсіздік стандарттарын теңестіреді

3 дня бұрын

Қазақстандағы ТЖ жүйесінің цифрлық трансформациясы

4 дня бұрын

Алматы әуежайын дамытуға 362 млн доллар жеке инвестиция тартылады

4 дня бұрын

Еліміздегі ең танымал ТОП-10 спорт түрі

4 дня бұрын

5 МАМЫР — ДҮНИЕЖҮЗІЛІК АКУШЕРЛЕР КҮНІ

5 дней бұрын

ТЖМ ауылдық жерлерде қауіпсіздікті нығайтады

5 дней бұрын

Биылғы құрылыс маусымы аясында бірқатар жол құрылысы басталады

5 дней бұрын

Қазақстандық оқушы Азия-Тынық мұхиты аймағының ең мықты лингвисі атанды

5 дней бұрын

Семейлік шекарашылар “Бірлік жарысы” марафонына қатысты

1 неделя бұрын

Әуежайдың террористік қауіп-қатерге дайындығы тексеріледі

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС