"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

СТРАТЕГИЯЛЫҚ БАҒДАР НАҚТЫЛАНДЫ

21.07.2022
СТРАТЕГИЯЛЫҚ БАҒДАР НАҚТЫЛАНДЫ
9
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларын басқарма басшыларымен, мәслихат депутаттарымен және кәсіпкерлермен бірге талқылап, алдағы уақытқа жоспарланған жұмыстарды пысықтады.

Жиын барысында Нұрлан Тельманұлы Президент атап көрсеткен мәселелерге тоқталып өтіп, жаңадан құрылған облысымызда атқарылуы тиіс шаралар туралы айтты.

– Президент тапсырмасы — күрделі геосаяси сын-қатерлер тоғысында дамудың жаңа кезеңіне бағыт беретін эволюциялық жаңғыру тұжырымдамасы, ал Үкімет пен әкімдіктер үшін стратегиялық бағдар екені анық. Сондықтан біз іс – қимылымызды үйлестіріп, қазіргі жағдайды жан-жақты зерделеп,  Мемлекет басшысы қойған міндеттерді іске асыру үшін нақты шаралар қабылдауымыз қажет, — деп атап өтті облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев.

Жиынға қатысушылар халықты жұмыспен қамту мәселелерін талқылады. Ағымдағы жылы Абай облысында 13 477 жаңа жұмыс орнын құру жоспарлануда. Бұл ретте Жарма ауданында «Цемент зауытын қалпына келтіру» жобасын іске асыру есебінен ғана 1085 жұмыс орны құрылады.

– Алда экономиканың барлық салаларының бәсекеге қабілеттілігі мен инновациялық құрамдасын арттыру жөнінде ауқымды жұмыс тұр. Президенттің тапсырмаларын іске асыруға әркім өз аумағында тікелей және белсенді қатысуы тиіс, — деді Нұрлан Ұранхаев.

Аймақ басшысы баға мониторингін жүргізу мен жұмыс топтарының отырыстарында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын шектеу бойынша қабылданған шаралар нәтиже бермегенін айтты.

Бағаны ұстап тұру мақсатында Семейде 5,5 мың тонна картоп пен көкөніске арналған «Жоламан» көтерме сауда орталығы жұмыс істеп тұр. Әлеуетті инвесторларды тарта отырып, қосымша көтерме сауда орталықтарын салу мәселесі қарастырылуда. Сондай-ақ әлеуметтік маңыздағы өнімдердің бағасын реттеуге мүмкіндік беретін өзіндік тұрақтандыру қоры бар өңірлік ӘКК құруға қатысты жұмыстар басталды.

— Алдағы қыста біз «Жоламан» көтерме сауда орталығында көкөністерді арзан бағамен өткізу және нарықтағы бағаның өсуін тежеу үшін картоп, қырыққабат, сәбіз сынды көкөністер қорын әзірлейміз. Және бұл бағытта барлық отандық тауар өндірушілермен жұмыс істегіміз келеді. Отандық бизнес Қазақстан экономикасын дамытуға атсалысуы керек. Сондай-ақ Семей қаласында халықаралық сауда да дамуы қажет деп есептейміз, бұған Ресейдің де, Қытайдың да жақын орналасқандығы үлкен мүмкіндік береді, бірақ бұл үшін мемлекет тарапынан қолдау қажет, – деп «Ақшың» корпорациясының президенті Марат Құрманбай өз ұсынысын білдірді.

Жұмыссыз азаматтардың табысын арттыруды қамтамасыз ететін негізгі шаралардың бірі — 2025 жылға дейінгі кәсіпкерлікті дамытудың ұлттық жобасы аясындағы халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралары. Жаңадан құрылып жатқан Абай облысында да бұл бағыттағы жұмыстарды жандандыру керек.

Жиын барысында айтылғандай, Президент Жолдауында көрсетілген экономиканы тұрақтандырып, халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған маңызды қадамдар мен шешімдерді жүзеге асыру үшін облыста ауқымды істер атқарылуы қажет. Осыған  орай Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев басқарма басшыларына бірқатар тапсырмалар жүктеді. Нақтырақ айтар болсақ, тауар өндірушілерге сауда желілері арқылы емес, тікелей кредит беру тетігін әзірлеу; жаңа жұмыс орындарын ашу, жастарды жұмыспен қамтамасыз ету; отбасының әл-ауқатының деңгейіне қарай әлеуметтік кепілдіктердің барлық түрлері дербестендірілетін отбасының цифрлық картасы мен әлеуметтік әмиянды іске қосу; мектепке дейінгі мемлекеттік мекемелерде бейнебақылау жүйесін кеңейту; балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын алу, әр баланың құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі кешенді жоспар әзірлеу; ана мен бала өлімін азайту жөніндегі жол картасын әзірлеу шараларын қолға алу қажет.

Сонымен қатар облысқа қарасты барлық медициналық ұйымдарды интернетпен қамтамасыз ету; 2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджетке 11 мектеп салуды енгізуге қатысты шаралар қабылдау; барлық коммуналдық қызметтерге, салықтарға, сервис салаларына бірыңғай төлем құжатын енгізу мәселесін пысықтау шаралары да күн тәртібінде тұр.

Динара НҰРЛЫБЕКҚЫЗЫ,

«Семей таңы»

Мақалада: СТРАТЕГИЯЛЫҚ БАҒДАР НАҚТЫЛАНДЫ

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

18.09.2026
Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

Бала құқығы, білім, баспана, әлеуметтік қолдау – азаматтарды алаңдатқан мәселелердің қатарында. Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында тұрғындардың өтініштері тиісті...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

11.09.2026
Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

Абай облысында 2026–2027 жылдардағы эпидемиялық маусымға дайындық жүріп жатыр. 1 қазаннан бастап ЖРВИ мен тұмау бойынша күнделікті мониторинг жүргізіліп, медициналық...

Толығырақ...Details

Жаңа мүмкіндіктер: Абай облысында мерзімді әскери қызмет қалай өзгерді

09.09.2026
Жаңа мүмкіндіктер: Абай облысында мерзімді әскери қызмет қалай өзгерді

Қазақстанда күзгі әскерге шақыру науқаны басталды. Желтоқсан айының соңына дейін Қарулы күштерге, Ұлттық ұланға, ҰҚК Шекара қызметіне және басқа да...

Толығырақ...Details

Абай облысында алғаш рет жаңа форматта әскерге шығарып салу рәсімі өтті

08.09.2026
Абай облысында алғаш рет жаңа форматта әскерге шығарып салу рәсімі өтті

Бүгін Семей қаласындағы ҚР Мемлекеттік рәміздер алаңында «Адал азамат – Сарбаз – Отан қорғаушы» жобасы аясында мерзімді әскери қызметке шақырылған...

Толығырақ...Details

Табиғатпен үндескен тәрбие: «Семей орманы» аумағында балаларға экологиялық экскурсия ұйымдастырылды

03.09.2026
Табиғатпен үндескен тәрбие: «Семей орманы» аумағында балаларға экологиялық экскурсия ұйымдастырылды

Семей қаласының арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілері орманда өзін дұрыс ұстау, табиғатты қорғау және қауіпсіздік талаптарын сақтау...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

5 дней бұрын

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

7 дней бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

1 неделя бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

1 неделя бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

1 неделя бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

2 недели бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

2 недели бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

2 недели бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

2 недели бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

2 недели бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС