"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ТИІСТІ КӨМЕК КӨРСЕТІЛУДЕ МЕ?

22.07.2022

Өткен ғасырдағы алапат зұл­мат – қазақ даласының ядролық сынақ алаңына айналуы еді. Бұл ешқа­шан ұмытылмайтын қасірет. 40 жыл бойы қазақ даласында сыналған атомдық жарылыстардың артында тұрғындардың қайғы-қасіреті, тағдыры тұр.

Еліміз егемендік алған соң аждаһаға айналған,  қуаты жөнінен әлемдегі төртінші ядролық арсенал — Семей полигоны жабылды. Жарылыс тоқтатылғанымен, зардабы жойылмады…  Жылдар бойы өмірге келген жарымжан ұрпақ пен қатерлі ісікпен аурудан облысымыздың көш бастауы сөзіміздің дәлелі.

Бейбіт әлемге қол созған елімізде бүгінгі күні полигоннан зардап шеккен тұрғындарға қандай көмек көрсетілуде? Қандай медициналық жеңілдіктер қарастырылған?

Бұл мәселе бүгін Семей мединициналық университетінде «Қазақстан әйелдер күштері Альянсының» ұйымдастыруымен дөңгелек үстелде қаралды. Жиынға Абай облысы әкімінің орынбасары Шалқар Байбеков, облыстық мәслихат хатшысы Қуаныш Сүлейменов, Семей қаласы әкімінің орынбасары Айдар Садырбаев және қоғамдық сарапшылар қатысты.

Басты мақсат –  «Семей ядролық полигонының Заңы» шеңберінде зардап шеккен халыққа медициналық қызмет көрсету сапасын жақсарту, халықты оңалту  мақсатында мемлекеттік органдарға ұсыныстар әзірлеу.

Бұған дейін полигон зардабын жоюға қадам жасалмады деп айтудан аулақпыз, бірақ, көмек көлемін арттырып, медициналық қолдау мәселесін ширату, полигон аймағының тұрғындарына жеңілдіктер қарастыру – қараша халықтың талап-тілегі.

«Радиациялық медицина және экология ҒЗИ» басшысы Қазыбек Апсаликов:

-Радиациялық орталықта 2002 жылдан бері 21 819 адамға стационарлық көмек көрсетіліп, 96 443 емделуші консультативті-диагностикадан өткен.

30 жыл өтсе де полигон зардабы әлі күнге дейін толыққанды жойылмады. Онкологиялық орталықта облыс бойынша күнделікті 4 жаңа қатерлі ісіктің анықталуы соның көрінісі іспетті…

Татьяна БЕЛИХИНА, «Семей қаласының ядролық медицина және онкология орталығы директоры:

-Ядролық полигон туралы естігенде, ядролық медицина және онкология орталығы есімізге түседі. Республика бойынша қатерлі ісікке шалдыққандар саны жыл сайын азайып келеді. Біздің орталықтан күніне 150 адам тексерістен өтеді.

Былтыр Семей ядролық сынақ полигонының жабылуына 30 жыл толуына орай конференция өтіп, «Полигон 21» қоғамдық ұйымы құрылған. Қоғамдық ұйым мүшелері  зардап шеккен халыққа лайықты ұолдау көрсетілмейтіндігін, ядролық полигон туралы жаңа заң қабылдау керектігін айтты.

Марат ҚҰРМАНБАЙ, «Полигон 21» қоғамдық ұйымының мүшесі, «Ақшың» корпорациясының президенті:

-1992 жылы қабылданған заң бойынша жұмыстар атқарылмайды. Себебі жарылыс аумағында тұратын халық тиісті жеңілдіктер мен қолдауларды ала алмай келеді. Мәселен, радиациялық аймақта жұмыс  істейтін азаматтар айына небәрі 4 500 теңге көлемінде экологиялық үстеме алады. Ал заң бойынша 40-50 пайыз үстеме қосылуы керек еді.

«Полигон 21» комитеті қоғамдық қоры Семей ядролық полигоны туралы жаңа заң қабылдау жөнінде бастама көтеріп, қол жинау үстінде. Алдағы уақытта облысымыздың тұрғындары атынан Президентке арнайы хат жолдау жоспарда бар.

Өңіріміз үшін ядролық полигон естен кетпес азап. Алдағы уақытта барлық айтылған мәселелер қайта қаралып, оң шешімін табады деген ойдамыз.

Мақалада: Семей ПалигонТИІСТІ КӨМЕК КӨРСЕТІЛУДЕ МЕ?

Ұқсас жаңалықтар

Өткеннің ауыр жүгінен болашақтың берік іргетасына дейін…

16.11.2026
Өткеннің ауыр жүгінен болашақтың берік іргетасына дейін…

Абай облысының бүгінгі тынысын бағалау үшін кешегісін де кем білмеу керек. Ал ертеңіне сеніммен қарауға бүгінгі өзгерістердің ауқымын, нақты нәтижесі...

Толығырақ...Details

Берік Уәли сауда нысандарындағы кемшіліктерді 1 желтоқсанға дейін жоюды тапсырды

19.10.2026
Берік Уәли сауда нысандарындағы кемшіліктерді 1 желтоқсанға дейін жоюды тапсырды

Semeitany.kz - Абай облысының әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен кеңейтілген аппараттық кеңес өтті. Жиында аудандардағы сауда нысандарын жаңғырту және 2027 жылдан...

Толығырақ...Details

Абай облысында жол және балалар қауіпсіздігін күшейту тапсырылды

12.10.2026
Абай облысында жол және балалар қауіпсіздігін күшейту тапсырылды

Semeitany.kz - Абай облысының әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен кеңейтілген аппараттық кеңес өтті. Жиында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кәмелетке толмағандар...

Толығырақ...Details

Облыс әкімі қос мереке қарсаңында ардагерлердің шаңырағына барды

05.10.2026
Облыс әкімі қос мереке қарсаңында ардагерлердің шаңырағына барды

Абай облысының әкімі Берік Уәли Қарттар күніне орай және Мұғалімдер күні қарсаңында Семей қаласында тұратын ардагерлердің үйлеріне барып, қос мерекемен...

Толығырақ...Details

Экологиялық идеялар – іс жүзінде: Абай облысы оқушыларының жобалары

01.10.2026
Экологиялық идеялар – іс жүзінде: Абай облысы оқушыларының жобалары

Мектеп дәлізіндегі жайқалған гүлдер, апельсин мен мандарин көшеттері, су айдындарын тазартуға арналған роботтардың үлгілері – Бесқарағай ауданындағы №1 орта мектеп...

Толығырақ...Details

Бесқарағай ауданында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері артып келеді

30.09.2026
Бесқарағай ауданында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері артып келеді

Бесқарағай ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытында бірқатар жұмыстар атқарылып, ауыл шаруашылығы, инфрақұрылым, кәсіпкерлік, әлеуметтік сала және туризм бағыттарында жобалар жүзеге асырылуда....

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

БҰҰ-да Қазақстанның халықаралық су ұйымын құру туралы ұсынысы қаралады

1 день бұрын

«АйтClub» алаңында «Халықтық құрылыс» бастамасын өңірде іске асыру жолдары талқыланды

3 дня бұрын

«АйтClub» алаңында инклюзивті білім беру мәселелері талқыланды

3 дня бұрын

Абай облысында «АйтClub» интеллектуалды клубы жұмысын бастады

3 дня бұрын

66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

3 дня бұрын

Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

3 дня бұрын

«Құрылыс және тағы да құрылыс!»: шетелдік БАҚ Қазақстанның инфрақұрылымға инвестиция салу тәжірибесі туралы

3 дня бұрын

Энергетикалық қауіпсіздік: Қазақстанның тұрақты дамуы үшін инфрақұрылымды жаңғырту маңызды

3 дня бұрын

Адамның қадір-қасиеті мен жеке бас бостандығы – Конституция қорғауындағы құндылықтар

3 дня бұрын

Шындық пен жауапкершілік: Абай облысының журналистері студенттермен кәсіби этика мәселелерін талқылады

4 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС