"Семей таңы" газеті
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ТАРБАҒАТАЙ ТАҒЫ ДА ТАҢҒАЛДЫРДЫ

01.08.2022
Ырғызбай Досқанаұлы атындағы әлемдік гран-при бәсекесі басталды
83
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

«Тұғыры биік Тарбағатай» спорт және өнер фестивалі 29 шілде күні басталды. Фестиваль аясында медресенің ашылуы, Құран оқудан жарыс, Қазақ күресінен Ырғызбай Досқанаұлы атындағы әлемдік Гран-при, аламан бәйге, ақындар айтысы, аламан бәйге және тағы да басқа шаралар ұйымдастырылды.

Сол күні аудан орталығы Ақсуат ауылындағы Ұранхай қажы мешітінің жанынан салынған медресе пайдалануға берілді. Медресенің ашылу салтанатында Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасы ғұламалар кеңесінің төрағасы, пәтуа бөлімінің меңгерушісі, найб мүфти  Чуханов Сансызбай Құрбанұлы, Абай облысының өкіл имамы Асқар Әбітайұлы, Ақсуат  ауданының әкімі Асхат Смаилов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Дәулет Итбаев, Ойшілік ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мақсұтхан Болысов, «Хабар» агенттігі» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы, «Еркін сөз» бағдарламасының авторы Берік Уәли,  Шығыс Қазақстан облысы Халифа Алтай жеке қайырымдылық мекемесінің директоры, Өскемен қаласы мешітінің найб имамы Ербол Отанханұлы, Алматы облысының мәслихат депутаты, дін жанашыры Жандос Тұрсынғалиұлы, Ақсуат ауылының тұрғыны Кенжебек Шыныбаев, медресе салуда бас демеуші болған белгілі кәсіпкер, Тарбағатай ауданының Құрметті азаматы, меценат, «ДКПРОЕКТ» ЖШС-нің бас директоры Қайнар Дүйсенұлы және басқа да азаматтар ізгі тілектерін білдірді.

ТАРБАҒАТАЙ ТАҒЫ ДА ТАҢҒАЛДЫРДЫ

Сол күні аудан әкімдігінің мәжіліс залында «Тұғыры биік Тарбағатай» спорт және өнер фестивалі бағдарламасына сай Қабанбай батырдың 330 жылдық мерейтойына арналып «Отан қорғау жолындағы батырлар ерлігі» тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырылды. Оған зейнеткерлер, тарих пәні мұғалімдері, ақын-жазушылар, тарихшылар, өлкетанушылар, зиялы қауым өкілдері, журналистер, музей қызметкерлері және жастар қатысты. Конференцияны Ақсуат ауданы әкімдігінің аппарат басшысы Тілеуқабыл Көнекбаев алғы сөзбен ашып, аудан әкімі Асхат Смаиловтың конференцияға қатысушыларға арнаған хатын оқып берді. Жәнтікей ауылының тұрғыны, Тарбағатай ауданының Құрметті азаматы Жамбыл Жұманбаев жас ұрпақты бабалар ерлігі рухында тәрбиелеу жөнінде ой-пікірлерін ортаға салды.

Конференцияда мемлекет тарихы институтының бас ғылыми қызметкері, педагогика ғылымдарының кандидаты Жабай Қалиев, осы оқу орнының жетекші ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының кандидаты, профессор Қанат Еңсенов Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы Тұрсынхан Зәкенұлы, Сүлеймен Демирел атындағы университеттің профессоры, тарих ғылымдарының докторы (PhD) Дүйсенәлі Әбділәшімұлы және басқа да қатысушылар «Қабанбай батыр – қолбасшы, мәмілегер және мемлекет қайраткері», «Қабанбай батыр ерліктерінің фольклорлық деректерде баяндалуы», «Қытай архивтерінде сақталған қазақ хандары мен сұлтандарының хаттары», «Шорға шайқасының тарихы», «Қазақ батырлары мінген тұлпарлар», «Қабанбай батырға қатысты зерттеулер мен экспедиция жұмыстарының қорытындылары» және басқа да тақырыптарда баяндама жасады.

ТАРБАҒАТАЙ ТАҒЫ ДА ТАҢҒАЛДЫРДЫ

Құран оқу байқауы

«Тұғыры биік Тарбағатай» спорт және өнер фестивалі аясында Ұранхай қажы мешітінің ұйымдастыруымен  Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқудан Ақсуаттың орталық алаңында облыстық байқау ұйымдастырылды. Осы өңірде тұңғыш рет өткізіліп отырған елге үлгі боларлықтай бұл байқауды тамашалауға халық көп жиналды. Байқауға облыс аудандарындағы ауыл мешіттерінен он бес шақты жас имам қатысты. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасындағы ғұламалар кеңесінің мүшесі, пәтуа бөлімінің төрағасы Сансызбай Құрбанұлы және Абай облысының өкіл имамы Асқар Әбітайұлы, отыз пара Құранды жатқа білетін  Ербол, Арман қарилар және медресе директорлары байқауға төрелік етті.

Өте әсерлі өткен сайысқа қатысушылар арасынан суырылып шыққан бес имамға арнайы жүлделер тапсырылды. Үржардан келген Бейсен, мақаншылық Өтеген, Абай ауданынан келген Ербол, ақсуаттық Ерасыл имам жүлделі орындарға ие болды. Сарапшылар алқасының шешімімен бас жүлде – Мекке қажылығы жүлдесі ақсуаттық жас имам Елдос Жортымовқа табыс етілді. Осы игілікті шараны ұйымдастырушыларға алғысын білдірген Елдос имам  қасиетті Меккеге қажылық жолдамасын өзінің анасы Нәзигүл Құсманқызына тапсырды.

ТАРБАҒАТАЙ ТАҒЫ ДА ТАҢҒАЛДЫРДЫ

Сол күні Екпін ауылында тағы бір аса қуанышты жаңалық болды. Ауылын ажарландырып, жол салып, мешіт тұрғызып, ауылға кіреберіс қақпа орнатып, туған жерін гүлдендірген ағайынды Тастекеевтер биыл да өз қаржыларына тұрғын үй салып, көп балалы екі отбасыға баспана сыйлады. Бұл шара да салтанатты түрде аталып өтіп, фестивальға келген мәртебелі қонақтар жаңа үйдің лентасын қиып, баспаналы болған тұрғындарға игі тілектін білдіріп, баталарын берді.

ТАРБАҒАТАЙ ТАҒЫ ДА ТАҢҒАЛДЫРДЫ

Қазақ күресінен Ырғызбай Досқанаұлы атындағы әлемдік Гран-при бәсекесінің ашылу салтанатында Абай  облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев, Гран-при бәсекесінің бас төрешісі — олимпиадалық дәрежедегі төреші, ЮНАЙТЕД-тің бас хатшысы  Эдмар Абдуллаев, жарыстың бас хатшысы — халықаралық дәрежедегі төреші Нұрлыбек Ермағамбетов, Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет, кино және театр актері, кинорежиссер, Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың, «Құрмет» орденінің иегері Досхан Жолжақсынов, Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі, Қазақстанның Құрметті азаматы, «Құрмет» орденінің иегері, Гүлшарбан Сабурова құттықтау сөз сөйледі.

Осымен сегізінші рет әлем палуандарын жинап отырған Қазақстандағы Бүкіләлемдік біріккен күрес әлемі қауымдастығының күнтізбесіне енген халықаралық турнир бүгінде әлемдік Гран-при мәртебесін  иеленді. Қазақ күресінен Ырғызбай Досқанаұлы атындағы әлемдік Гран-при бәсекесіне әлемнің  он бес мемлекетінен қырық шақты палуан келді. Палуандар үш салмақ дәрежесі бойынша белдесті. Әлемдік деңгейге жеткен қазақ күресі әсерлі болды. Гран-при бәсекесінің 70 келі салмақ дәрежесі бойынша 1-орынды Грузия, 2-орынды Тәжікстан мемлекеттерінің палуандары жеңіп алса, 3-орынды Моңғолия мен Қазақстан (Алтынбек Рауан) палуандары бөлісті. 90 келі салмақ дәрежесі бойынша (өгіз палуан) 1-орынды  Қазақстан (Әсет Ахметжанов), 2-орынды Грузия, 3-орынды  Қырғызстан мен Молдова мемлекеттерінің спортшылары иеленді. Ал 90 келіден жоғары салмақ дәрежесі бойынша (түйе палуан) 1-орынды Грузия, 2-орынды Польша, 3-орынды Қазақстан (Мақсат Исақабылов) мен Иран мемлекеттерінің палуандары жеңіп алды.

ТАРБАҒАТАЙ ТАҒЫ ДА ТАҢҒАЛДЫРДЫ

Ұлы қолбасшы Қаракерей Қабанбай батырдың 330 жылдығына арналған әулие Ырғызбай Досқанаұлы атындағы халықаралық өнер фестивалі қалың елді мәнді де маңызды шараларымен ерекше әсерге бөледі. Бәйге – ұлттық спорттың ішіндегі ең маңыздыларының бірі. «Ер қанаты – ат» деп бекер айтылмаған ғой.  Міне, осы сөздің шындығы, қазақтың атбегілік өнерінің қайта жаңғыруы, оның өміршеңдігі тағы да айқындалды. 140 шақырымдық бәйге «Тұғыры биік Тарбағатай» спорт және өнер фестивалі бағдарламасының ең негізгі бөлігі болды десек, артық емес. Жылқы түлігін, оның ішінде арғымақтарын қастерлейтін көпшілікті ерекше қызықтырған сайыстардың бірі де, міне, осы ат жарыстары. Қазақтың қазанатының ұзақ қашықтыққа шаба алатын қасиетін барынша ашып берген бәйгені тамашалауға келгендердің қатары биыл бұрынғыдан да көп болды. Мұндай қашықтыққа бәйге ұйымдастыру Көкпекті мен Ақсуат  аралығында осымен екінші рет ұйымдастырылды. 2019 жылы өткен осындай жарыста қызыл күрең тұлпарға мінген көкпектілік шабандоз Руслан Шайырғазин бірінші болып келіп, атбегілік өнердің үлгісін көрсеткені қалың елдің есінде.

Биылғы  140 шақырымдық жарыста Екпін ауылындағы көмбеге Катонқарағай өңірінен келген Ерболат Тоқсановтың Тарпаң атты сәйгүлігі бірінші болып жетті. Одан кейін алматылық Бөбекбай Секанайдың Байшұбар, көкжыралық Ағзам Сабуровтың Маңмаңгер тұлпары келді. Осы қашықтыққа бәйгеге қосылған жүйрік аттардың алғашқысы 7 сағат 12 минутта мәре сызығынан өтті. Бұл жолы тұлпарлар межелі жерге өткен жолғы жарыстағыдан 24 минут ерте келіп, рекордты жаңартты.

Топ бәйгеде Семейден келіп қосылған Бұйражар жүйрік алдына жан салмады. 25 шақырымдық аламан бәйгеде Кәкен Тоқтаровтың Шайкүрең атты жүйрігі нағыз тұлпар екенін көрсетті. Тай жарысы да көпшіліктің  есінде қалатындай болды. Жарыс басталған сәтте бір шабандоз бала қапылыста тайынан құлап қалды. Абырой болғанда баланың еш жеріне зақым келмепті. Ал әлгі тізгінін ешкім ұстамаған шабандозсыз тай топтан қалмай, атшабар алаңын өзге тайлармен бірге айнала шауып, үшінші болып келді. Талайды таңғалдырған бұл оқиға жұрттың сан қилы әңгімесіне арқау болды. Есті жануардың мінезіне, шабысына разы болған көпшілік жарыс басталғанда тізгінінен айырылып қалған балаға қошемет көрсетіп, оған сый-сияпат ұсынып жатты.

ТАРБАҒАТАЙ ТАҒЫ ДА ТАҢҒАЛДЫРДЫ

Фестиваль қызықтарын тамашалауға келген өнерсүйер қауым ақындар айтысын тағатсыздана күткен еді. Бұл жолы да жыр додасы қазіргі талап-талғамға сай өте тартымды өтті. Бас жүлде  — «Алтын домбыра» мен автокөлікті Ринат Зайытов жеңіп алды. Екі миллион теңгелік жүлде мен екінші орынды Қанат Мырзахан иеленді. 700 мың теңгелік жүлдесі бар екі үшінші орын Ержан Әміров пен Нұрбол Жауынбаевқа берілді.

Дулат Тастекеев тағайындаған 300 мың теңгелік ынталандыру сыйлығы Жансая Мусина бастаған сегіз ақынға табысталды.  500 мың теңгелік арнайы сыйлық Рүстем Қайыртайұлы, Рауан Қайдаров және Бексұлтан Орынбасаровқа берілді. «Таскредиттің» бірнеше жылдан бері тағайындап жүрген құны 2 миллион 400 мың теңгелік бір жылдық стипендиясын Мұхтар Ниязов иеленді.

Бас жүлдені жеңіп алып, көпшіліктің құрметіне бөленген Ринат ақын:

Шыққанда айтпайтұғын өлең босқа,

Екі күн жырлап жатыр нелер қасқа.

Әйтеуір, елім барда еркелеймін,

Ортаға тақап қалған келем  жасқа,

Сендердің ақының көп менен басқа,

Ал менің ешкімім жоқ сенен басқа,-

деп, өнерсүйер қауымның өзін қолдап, қошеметтеуіне алғыс сезімін білдірді.

ТАРБАҒАТАЙ ТАҒЫ ДА ТАҢҒАЛДЫРДЫ

Ақындар айтысынан кейін, кешке қарай қазақ эстрадасының Тоқтар Серіков бастаған өнер жұлдыздары түннің бір уағына дейін кең сахнада концерт қойып, сауыққа жиналған қауымның қошеметіне бөленді.

«Тұғыры биік Тарбағатай» спорт және өнер фестивалінің соңында Ырғызбай Досқанаұлы атындағы әлемдік Гран-при бәсекесін ұйымдастыру идеясының авторы, Республикалық қазақ күресі ассоциациясының вице-президенті, Шығыс Қазақстан облысы мен Тарбағатай ауданының Құрметті азаматы Бәделхан Камалханұлы осы шараны ұйымдастыруға, оны жоғары деңгейде өткізуге үлес қосқан замандастарына, осы бастаманы қолдаған барша қауымға алғысын білдірді.

 

Хамза СӘТИЕВ,

«Семей таңы»

Мақалада: ТАРБАҒАТАЙ ТАҒЫ ДА ТАҢҒАЛДЫРДЫ

Ұқсас жаңалықтар

Аягөзде Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай «80 жылдыққа — 80 ағаш» экологиялық акциясы өтті

28.04.2025
Аягөзде Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай «80 жылдыққа — 80 ағаш» экологиялық акциясы өтті

28 сәуір күні Аягөз ауданында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай «80 жылдыққа – 80 ағаш» атты экологиялық әрі патриоттық акция...

Толығырақ...Details

Абай облысында ЖЭО-3 құрылысына дайындық жүргізіліп, газдандыру жоспары талқылануда

28.03.2025
Абай облысында ЖЭО-3 құрылысына дайындық жүргізіліп, газдандыру жоспары талқылануда

Өңірде жаңа жылу электр орталығын салуға дайындық жұмыстары аяқталуға таяу. Сондай-ақ, елді мекендерді табиғи газға қосу перспективалары қарастырылуда. Бұл туралы...

Толығырақ...Details

Абай облысында «Жұмыстың жаманы жоқ, кез келген еңбек қадірлі» атты диалог алаңы өтті

11.02.2025
Абай облысында «Жұмыстың жаманы жоқ, кез келген еңбек қадірлі» атты диалог алаңы өтті

Абай облысында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай «Жұмыстың жаманы жоқ, кез келген еңбек қадірлі» атты диалог алаңы өтті. Іс-шараға...

Толығырақ...Details

Абай облысындағы шағын және орта бизнес: жаңа табыстар мен мемлекеттің қолдауы

28.01.2025
Абай облысындағы шағын және орта бизнес: жаңа табыстар мен мемлекеттің қолдауы

Аймақта шағын және орта бизнес қарқынды дамып, осы салада жұмыспен қамтылғандар саны да, өндіріс көлемі де жылсанап артып келеді. Бұл...

Толығырақ...Details

РЕТТЕУДІҢ ЖАҢА ТЕТІГІ ДӘРІЛІК ЗАТТАРДЫҢ БАҒАСЫН ТӨМЕНДЕТУГЕ МҮМКІНДІК БЕРЕДІ

21.01.2025
РЕТТЕУДІҢ ЖАҢА ТЕТІГІ ДӘРІЛІК ЗАТТАРДЫҢ БАҒАСЫН ТӨМЕНДЕТУГЕ МҮМКІНДІК БЕРЕДІ

Қазақстанда ТМККК, МӘМС шеңберінде ем алатынпациенттерді қамтамасыз ету үшін  және дәріханалардың бөлшек сауда желісінде сатылатын препараттардың шекті құнын төмендетуді көздейтін...

Толығырақ...Details

Абай облысында Крещение мерекесіне 7 шомылу орны дайындалды

18.01.2025
Абай облысында Крещение мерекесіне 7 шомылу орны дайындалды

Өңірде “Крещение Господне” мерекесіне орай халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында суға шомылу үшін арнайы орындар белгіленген. Бұл туралы Облыстық Төтенше...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Заманауи техниканы ауылға беру: ТЖМ қауіпсіздік стандарттарын теңестіреді

2 дня бұрын

Қазақстандағы ТЖ жүйесінің цифрлық трансформациясы

4 дня бұрын

Алматы әуежайын дамытуға 362 млн доллар жеке инвестиция тартылады

4 дня бұрын

Еліміздегі ең танымал ТОП-10 спорт түрі

4 дня бұрын

5 МАМЫР — ДҮНИЕЖҮЗІЛІК АКУШЕРЛЕР КҮНІ

4 дня бұрын

ТЖМ ауылдық жерлерде қауіпсіздікті нығайтады

4 дня бұрын

Биылғы құрылыс маусымы аясында бірқатар жол құрылысы басталады

5 дней бұрын

Қазақстандық оқушы Азия-Тынық мұхиты аймағының ең мықты лингвисі атанды

5 дней бұрын

Семейлік шекарашылар “Бірлік жарысы” марафонына қатысты

1 неделя бұрын

Әуежайдың террористік қауіп-қатерге дайындығы тексеріледі

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС