"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

АБЫРАЛЫ ӘРЕКЕТ ТYБI-БЕРЕКЕТ

19.06.2014
1
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Мемлекет тарапынан отандық өндірісті, кәсіпкерлікті дамытуға кең қолдау көрсетілуде. Бұл орайда бағыт – бағдары айқын мемлекеттік бағдарламалар халық игілігі үшін жұмыс жасауда. Осындай берері мол бағдарламаның бірі – «Жұмыспен қамтудың жол картасы — 2020» бағдарламасы. Маңызды бағдарламаның ойдағыдай жүзеге асырылып   жатқаны ауылдарда да кең көрініс табуда.

Соның бірі — мал өсіріп, кәсіп жасаймын деген азаматтарға мемлекеттен несие беру жолдары қарастырылғаны. Бірінші кезекте өз бетімен жұмыс істеуге бел     буған азаматтарға және табысы төмен отбасыларға беріледі. Абыралы өңіріндегі ауылдық округтерде мал шаруашылығын дамытуға бағытталған төмен пайыздық несие алып, шаруасын бастап, оны ойдағыдай жүргізіп жатқандар бар.

Әрине, бизнеске қашан да тәуекел қажет. Тәуекелге бел буып, ойындағы істерін жүзеге асыруға бекінген жандар ерлі – зайыпты Жомарт пен Шынар. Бірде ауылға қаладан мамандар келіп, кәсіпкерлік іс бастаймын, мал өсіремін дегендерге несие беру жөнінде жиын өткізеді екен дегенді естіген Жомарт пен Шынар жиынға арнайы қатысады. Көптен күткен өзгеріс осы жиналыста қылаң бергендей болды.

Үкімет қолға алған «Жұмыспен қамтудың жол картасы — 2020» бағдарламасының жай-жапсары, несие алудың тәртібі түсіндірілгенде бәрі жас отбасының көңілінен шығады. Ойлана келіп, Жомарт пен Шынар жоба құжаттарды дайындап, тиісті орындарға тапсырды. Олар ұсақ мал, яғни, қой алып, оның басын көбейтуді көздеді. Өткізген құжаттары оң шешімін де тапты. «Қайнар несиеден» 3 млн. теңге беріліп, оған 80 бас саулық қой, қыстамада малды күтуге жем-шөбін сатып алды.

Халқымыз «Әрекет түбі- берекет» деп бекер айтқан жоқ. Бағдарлама негізінде ата кәсіп — қой шаруашылығын дамытуға, оны өз төлі есебінен көбейтіп, алған несиені  мезгілінде қайтару үшін аянбай еңбек етуде. Кәсіпке кіріскен отбасы да мал өсірудің де сырын біледі. Өйткені, Жомарт Асаубаев пен зайыбы  Шынар Жүнісова ауылда туып – өсіп, ауыл тірлігіне  көздері әбден қаныққан жастар. Қандай да бір  табыстың, ауыз толтырып айтуға болатын жетістіктің бәрін еңбек адамының құдіретті қолының күшімен жасайтыны кімге болса да белгілі. Олар қолға алған ісін аяғына дейін  жеткізгенше тыным таппайтын еңбекқор жандар десек қателеспейміз. Әр шаруаға жауапкершілікпен қарап, тиянақты атқарады.

 

{jcomments on}-Кәсіпкерлікті, шағын және орта бизнесті дамытуға бағытталған бағдарламалардың тиімділігі бар. Игілігін көру- әркімнің өз ынта- ықыласына байланысты. Кәсібің- нәсібің болады,- дейді кәсіпкер Шынар.

 

Жомарт пен Шынар  әрдайым жақсы жағын көрсете білетін жас жанұялар қатарынан. Әрдайым өздерін жақсы жақтарынан ел ауызында. Нарықтық қиындығы, жұмыссыз қалу оларды да айналып өтпеді. Еңбек етіп жүрген мекемелері қысқарып, жабылды. Бірақ жас отбасы жасымады, тірлік жасап,қолдарынан келген шаруамен айналысты. Шынар ұсақ-түйек заттар әкеліп, сауда жасады. Тиыннан теңге құрап, табыс көзін кіргізді. Олар ешқашан ерінуді білмейді, өте тәуекелшіл. Оны бүгінде атқарып жатқан шаруаларынан анық байқаймыз. Ауылдағы мәдени-көпшілік іс-шараларға атсалысып, демеушілік үлестерін қосудан шет қалмайтынының куәсіміз. Жағдайы төмен отбасыларына қайырымдылық қолұшын беріп те жүреді.

Бойларындағы қарапайымдылық, адамгершілік ақкөңілділік қасиеттерімен көпшілікке сыйлы, үлгілі отбасы. Кәсіпкерлікті бастаған олар  алдағы күндерге үлкен  үмітпен қарайды.

Қазима ҚАЖЫБЕКОВА,

«Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

11.09.2026
Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

Облыс әкімі алдымен №1 Жылу электр орталығына барды. 1934 жылы пайдалануға берілген нысан жылу қуатын өндіру және берумен айналысады. Орталықтың...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16 часов бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

3 дня бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

3 дня бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

3 дня бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

6 дней бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

6 дней бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

6 дней бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

6 дней бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

7 дней бұрын

2026 жылғы мүлік салығы: кім төлейді және қандай өзгерістер бар?

7 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС