"Семей таңы" газеті
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Таным
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Таным
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЖАҢА БІЛІМ ОРДАЛАРЫ ЕСІК АШТЫ

01.09.2022
ЖАҢА БІЛІМ ОРДАЛАРЫ ЕСІК АШТЫ
ЖАҢА БІЛІМ ОРДАЛАРЫ ЕСІК АШТЫ
ЖАҢА БІЛІМ ОРДАЛАРЫ ЕСІК АШТЫ
ЖАҢА БІЛІМ ОРДАЛАРЫ ЕСІК АШТЫ
ЖАҢА БІЛІМ ОРДАЛАРЫ ЕСІК АШТЫ
ЖАҢА БІЛІМ ОРДАЛАРЫ ЕСІК АШТЫ
ЖАҢА БІЛІМ ОРДАЛАРЫ ЕСІК АШТЫ
ЖАҢА БІЛІМ ОРДАЛАРЫ ЕСІК АШТЫ
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Жылдағы дәстүрге сай 1 қыркүйек – Білім күнінде Абай облысының барлық мектептерінде алғашқы қоңырау салтанаты болып өтті. 

Бір айта кетер жаңалық, биыл Абай облысы бойынша жалпы саны 1 700 орын болатын төрт жаңа мектеп есік ашты. Бұл соңғы жылдардағы ең үлкен көрсеткіш болып отыр.

Сонымен қатар, ағымдағы жылы бірінші сыныптың табалдырығын аттайтын балақайлар санының да артқаны байқалады. Биыл Абай облысында 10 280 оқушы тұңғыш рет мектеп партасына отырды.

Мәселен, жаңа мектептегі алғашқы қоңырау Семей қаласындағы Шығыс сол жақ саяжай алабының оқушылары үшін соғылды. Мұнда білім күні көптен күттірген 1200 орындық жаңа мектеп салтанаттты түрде ашылды. Аталмыш айтулы шараға арнайы келген Абай облысы әкімінің бірінші орынбасары Айдын Кәрімов барша көпшілікті құттықтады.

-Бірінші қоңыраудың дыбысымен әрбір адамның жеке тұлға және азамат ретінде қалыптасу кезеңі басталады. Сіздерге білімдеріңізді жетілдіріп, жарқын жетістіктерге жетіп, жаңа белестерді бағындыруды тілеймін!,- деп атап өтті ол өз сөзінде.

Сол тәрізді дәл осы күні Семей қаласында «Semey New School» жаңа мектебі пайдалануға берілді. Қазақстанда алғашқы рет жаңа «мектеп + кәсіп» форматында білім беретін мектептің ашылуына облыс әкімінің орынбасары Шалқар Байбеков қатысты.

— Құрметті оқушылар, қадірменді ата-аналар, ұстаздар! Бүгінгі күнгі Білім күнімен құттықтаймын! Мектеп табалдырығын аттап жатқан қадамдарыңыз құтты болсын! Жаңа үлгідегі мектептің ашылуы бұл Семей қаласы үшін үлкен қуаныш. Ең бастысы, осы мектеп табалдырығын аттаған оқушыларға айтарым, қадамдарыңыз оңынан болып, білім жолында тек өрлей беріңіздер! — деп тілек білдірді Шалқар Заманбекұлы.

Жаңа мектептің ерекшелігі – мектеп қабырғасында оқушыларға орта біліммен бірге қатар IT, қаржы және құқық саласында кәсіби курстардың оқытылуы. Сондай-ақ, Semey New School-да білім беру интеграцияланған оқу бағдарламаларының негізінде жүргізіледі. Күннің бірінші бөлігінде балалар мемлекеттік стандарттарға сай білім алатын болса, екінші бөлігінде қосымша пәндерді тереңдетіп оқыту және қаржы, құқық пен IT-технологиялар салаларындағы әртүрлі кәсіптерді игеруге арналады.

Шара соңында мектеп оқушыларына ізгі тілек жазылған қағаз ұшақтар ұшырылды.

Дана ТАЛҒАТБЕК,
«Семей таңы»

Мақалада: Семейде Білім күні қарсаңында жаңа мектеп ашылды

Ұқсас жаңалықтар

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АЙЛЫҚ АЯСЫНДА

11.04.2023
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АЙЛЫҚ АЯСЫНДА

Экологиялық екі айлық аясында Семей қаласы әкімдігінің тапсырмасымен қаладағы рұқсат етілмеген қоқыс үйінділері шығарылуда. Айтолқын САМАТОВА, «Семей таңы» Өткен аптада...

Толығырақ...

ШЫҒЫС, ВОСХОД, ВОДНЫЙ: НЕ ӨЗГЕРІС КҮТІП ТҰР

21.02.2023
ШЫҒЫС, ВОСХОД, ВОДНЫЙ: НЕ ӨЗГЕРІС КҮТІП ТҰР

Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатовтың халықпен кезекті кездесуі Шығыс, Восход, Водный кенттерінде жалғасты. Шаһар басшысы 2022 жылы  атқарылған жұмыстар туралы...

Толығырақ...

ЕРЛІК ЕШҚАШАН ҰМЫТЫЛМАЙДЫ

08.02.2023
ЕРЛІК ЕШҚАШАН ҰМЫТЫЛМАЙДЫ

ЕРЛІК ЕШҚАШАН ҰМЫТЫЛМАЙДЫ   Сәрсенбі, 8 ақпан күні Семейдегі бизнес және сервис колледжінде басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне арналған...

Толығырақ...

ӘКІМНІҢ 100 КҮНІ:НЕ ІСТЕЛДІ ЖӘНЕ НЕ ІСТЕЛМЕК?  

21.01.2023
ӘКІМНІҢ 100 КҮНІ:НЕ ІСТЕЛДІ ЖӘНЕ НЕ ІСТЕЛМЕК?  

Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов 17 қаңтар күні «SEMEI» телеарнасында «Әкім сағаты» бағдарламасына қатысып, тікелей эфирде 1 сағаттан артық уақыт...

Толығырақ...

ЖЕРГІЛІКТІ ӨНІМ ӨНДІРУШІЛЕРДІҢ КӨРМЕСІ ӨТТІ

13.01.2023
ЖЕРГІЛІКТІ ӨНІМ ӨНДІРУШІЛЕРДІҢ КӨРМЕСІ ӨТТІ

ЖЕРГІЛІКТІ ӨНІМ ӨНДІРУШІЛЕРДІҢ КӨРМЕСІ ӨТТІ  12 қаңтар күні Семей қаласында жергілікті өнім өндірушілердің көрмесі өтті. Көрмеге «Activity Park» ЖШС, «Ж...

Толығырақ...

ОБЛЫС ОРТАЛЫҒЫН ДАМЫТУҒА 84 МЛРД БӨЛІНДІ

13.01.2023
ОБЛЫС ОРТАЛЫҒЫН ДАМЫТУҒА 84 МЛРД БӨЛІНДІ

Бейсенбі, 12 қаңтар күні қалалық әкімдікте Семей қалалық қоғамдық кеңесінің отырысы өтті. Шараға қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов, қалалық мәслихат хатшысы...

Толығырақ...

Жаңалықтар

Кей мектептерде әлі күнге дейін спорт зал мен асхана жоқ — депутат

11 часов бұрын

Ішкі істер министрлігі түнгі клубтар мен барлардың жұмысын 23:00-ге дейін шектеуді ұсынды

11 часов бұрын

Семей қаласында жолдарға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде

12 часов бұрын

«АЛАШТЫҢ БЕКЗАТЫ – ХАЛЕЛ»

12 часов бұрын

Кардиолог Лола Бақаева жүрек-қан тамырлары ауруларының алдын алу және емдеу әдістері туралы айтты

1 день бұрын

Семей қаласын дамытудың бас жоспары әзірленіп жатыр

1 день бұрын

Семей қаласы мен облыста бейнебақылау желісін кеңейту жұмыстары жүргізіліп жатыр

1 день бұрын

ҰСТАЗ АТЫНДА КАБИНЕТ АШЫЛДЫ

1 день бұрын

ҚҰРЫЛЫС БАРЫСЫ БАҚЫЛАУДА

1 день бұрын

РӘМІЗДЕР КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

1 день бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:
Ләйла Еділқызы Тілеубаева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Таным
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС