"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ӨТКЕН КҮНДІ ЕСКЕ АЛДЫ

26.06.2014
7
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Әйгерім СӘРСЕНҒАЛИ

«Семей таңы»

1941 жылдың 22- маусымы күні таңғы сағат төртте тыныш жатқан бейбіт елдің берекесі бұзылды.  Бұл күні талай шаңырақты от шарпып, миллиондаған адамның өмірін жалмаған адамзат тарихындағы ең жойқын соғыстың басталған кезі еді. Фашистік Германия Кеңес Одағына басып кірді.  Тарихта Ұлы Отан Соғысы деген атпен  қалған сұрапыл соғыстан қазақстандықтар да шет қалмады. Соғыс жылдары Кеңес Одағының өзі 27 млн. боздағын жоғалтты.

Тарихта Ұлы Отан соғысы атауымен қалған алапат соғыс  адамзат өміріне өшпестей із қалдырды. 73 жыл бұрын  баланы жетім, ананы жесір атандырған    соғыс  1418 күнге созылып,  Отан үшін отқа түскен ерлердің ерлігімен аяқталды.

Адамзат баласының жадында жатталуы тиіс қасіретті күнге байланысты жыл сайын Семейде түрлі шаралар ұйымдастырылады. Мәселен, Семей қаласының облыстық тарихи  өлкетану музейінің еңбек пен ерлік даңқы бөлімінде осы күнге арналған ауқымды шара ұйымдастырылды. Жиынға Семей қалалық ішкі саяат бөлімінің басшысы Ғалия Смайылова, ҰОС және  тыл ардагерлері, әскери  техникалық мектептің курсанттары мен қала тұрғындары қатысты.

Еңбек пен ерлік даңқы бөлімі 1985 жылы Ұлы Жеңістің 40 жылдығына орай ашылған.

Соғыс жылдарындағы біршама тарихи деректер мен ақпаратты, тарихи жәдігерлерді қамтыған мұражай бүгінгі күнге дейін ұрпақтарды отансүйгіштікке тәрбиелеу жолында қызмет етіп келеді. Жыл сайын маусым айында соғыс және тыл ардагерлері осы жерде жиналып, тарихқа тағзым етуді дәстүрге айналдырған.

 

{jcomments on}Бұл  күні майдан жайында естеліктер айтылып, ерен ерліктер еске алынады. Бүгінгі бейбіт өмірдің қадірін бағалай білетін кешегі бозбала, бүгінгі ардагер Михаил Червинский осы жиында жадында жатталып қалған естеліктерімен бөлісті.

 

— Соғыс басталған кезде мен бар болғаны 14 жаста едім. Елдегі арқа  сүйер азаматтар майданға аттанып, ауыртпашылықтың барлығы да қарттар мен балаларға жүктелді. Барша аналар қауымы ерлермен тең дәрежеде еңбек етіп, қайсарлық танытты. Азық-түлік тапшылығын, аштықты да көрдік. Жараланып қайтқан жауынгерлерді,  қара қағаз алып, аңыраған отбасыларын көрдік. 17 жасқа толған шағымда мен де жауынгер атандым. Соғыс деген  үлкен зұлмат.  Сол зұлматта Отан үшін аянбадық. Бізде бір ғана тілек — жеңіске деген жігер болды. Қайсарлық, рух, Отанға деген сүйіспеншілік біздің жеңіске бастар басты күшіміз болды, — деген қарт майдангер енді соғыс болмасын, бейбіт өмірдің бақытты ұрпақтары қиыншылықты көрмесін деп тіледі.

ҚР Қорғаныс министрлігінің Семей қаласындағы әскери-техникалық мектебі директорының жастарды әскери патриоттыққа тәрбиелеу ісі бойынша көмекшісі, майор Леонид Винигин де өз ойын ортаға салды.

-Бүгінгі шараға курсанттарымызбен қатысып отырмыз. Тарихи  өлкетану музейінің еңбек пен ерлік даңқы бөлімімен мектебіміз тығыз байланыста. Жыл сайын аталмыш шарадан қалыс қалмаймыз. Жүзеге асырылып отырған шараның жастар үшін берері мол. Ұрпақты патриоттық тұрғыда тәрбиелеуде, Отанына деген сүйіспеншілігін арттыру үшін осындай кездесулерді жиі өткізіп тұру керек, — деді Винигин.

 

 

Ұқсас жаңалықтар

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

13.11.2026
ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

Қазақстан тарихындағы алғашқы ауқымды республикалық кітап оқу марафоны «Кітап оқитын ұлт» миллион кітап белесінен асты. 59 күнде қатысушылар 1 102 560...

Толығырақ...Details

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

13.11.2026
Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

Үржар ауданында 2026 жылдың он айында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 48,4 млрд теңгеге жетіп, өнеркәсіп өндірісі өткен жылдың сәйкес...

Толығырақ...Details

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

13.11.2026
Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

Қазақстанда атом электр станциясын салу аясында Үлкен ауылын тұрғын үйлер мен әлеуметтік инфрақұрылымды дамыта отырып, кешенді түрде өркендету жоспарлануда. Бұл...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

29 минут бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

42 минуты бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

54 минуты бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

57 минут бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

2 часа бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

2 часа бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

1 день бұрын

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

1 день бұрын

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

1 день бұрын

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

1 день бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС