"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

МӘМС: ОНЫҢ ТИІМДІЛІГІ НЕДЕ?

14.09.2022
МӘМС: ОНЫҢ ТИІМДІЛІГІ НЕДЕ?
56
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

 

Кейінгі үш жылда Қазақстанда МӘМС жүйесі енгізілді. Әр Қазақстан азаматы МӘМС жайлы естігенімен, оның не екенін жете білмеуі мүмкін. Бұл – міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі. Аталған жүйе арқылы азаматтар осыған дейін ақылы болып келген медицина қызметінің бірқатар түрлерін тегін ала алады. Мысалы, кардиолог, эндокринолог, невропатолог, гинеколог қарауына жазылып, дәрумен мөлшерін, қатерлі ісік жасушалары бар-жоғын анықтайтын анализ тапсырып, ПТР, КТ және МРТ тексерістерінен өтуге мүмкіндігі бар.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне сенсек, 2017 жылы Қазақстан азаматтары өз табысының 41%-ын емделуге жұмсаған. Бұл Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған көлемнен екі есе (20%) көп екен.

Қазақстан Республикасының Конституциясына сай әр азамат тегін медициналық көмектің кепілді көлемін пайдалануға құқылы. Бірақ іс жүзінде тегін медициналық көмектің кепілді көлемі азаматтардың барлық қажетін өтей алмайды. Олар тексеріс пен жүргізілетін емге қосымша қаражат төлеуге мәжбүр.

Айта кететін жайт, біз бұрын да, яғни бұл жүйе енгізілгенге дейін ем ақысын өзіміз төлеп келдік. Күнде естіп жүрген «тегін» медицинаның ақшасы мемлекет бюджетінен, яғни біздің салықтан бөлінеді.

 

Кім, қанша төлейді?

Салық кодексі және МӘМС туралы заңға сай жарна көлемі мынадай: жұмысшылар, соның ішінде азаматтық-құқықтық шартпен жұмыс істеп жүргендер жалақысының 1 % -ын, 2022 жылдан бастап 2 %-ын сақтандыру жүйесіне төлеуге міндетті. Жұмыс берушілер, соның ішінде жеке кәсіпкерлер мен кооператив шаруа иелері әр қызметкер жалақысының 2 %-ын, 2022 жылдан  3 %-ын сақтандыруға төлейді. Ал фрилансер азаматтар бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) төлей алады. Ол арқылы медициналық, әлеуметтік сақтандыру және зейнетақы жүйелеріне тіркелуге болады. Республикалық және облыстық маңызы бар қала тұрғындарына БЖТ 2 917 (1 АЕК) теңге болады. Қала және ауыл тұрғындары үшін БЖТ — 1 458 теңге (0,5 АЕК). Бірақ әскери, арнайы мемлекеттік органдар мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері МӘМС жарнасын төлемейді.

Сонымен қатар, белгілі санаттағы жандардың МӘМС-ін мемлекет өз қаржысынан өтейді.

Олар балалар, жұмыссыз деп тіркелгендер, жұмыс істемейтін жүкті әйелдер, үш жасқа дейінгі бала бағып отырған адам (заңды өкілі), жүктілігіне, бала тапқанына, жаңа туған нәрестені асырап алуына байланысты декрет демалысына шыққандар, мүгедек балалары бар жұмыссыз адамдар, зейнеткерлер, Ұлы Отан соғысы ардагерлері, түзету мекемелерінде жазасын өтеп жатқандар, тергеу изолоятрында отырған адамдар, жұмыссыз қандастар (оралмандар), «Алтын алқа», «Күміс алқа» марапаттарына, «Батыр ана» атағына, «Ана даңқының» I және II дәрежелі ордендеріне ие көпбалалы аналар, мүгедектігі бар жандар, мектеп, колледж, ЖОО студенттері және өзге оқу орны оқушылары, мемлекеттен атаулы әлеуметтік көмек алатын жұмыссыз адамдар.

 

МӘМС қалай іске асырылуда?

ШҚО-да міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналар мен аударымдар ретінде 2022 жылдың 1-і тоқсанында шамамен 229,4 млрд теңге түскен. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры атап өткендей, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру үшін жарналар мен аударымдар ҚР Ұлттық банкіндегі арнайы шотқа түседі. Сол жерден бұл қаражат сақтандырылған азаматтарға көрсетілген медициналық қызметтерге ақы төлеуге жұмсалады. 2022 жылдың үш айының қорытындысы бойынша 229,4 млрд теңгенің ішінде қаражаттың едәуір бөлігі, яғни 90,4 млрд теңге халықтың жеңілдікті санаттары үшін төленген мемлекеттің жарналарын құрады. Олардың тізіміне 18 жасқа дейінгі балалар, зейнеткерлер, мүгедектер, жұмыссыздар ретінде тіркелген адамдар, жұмыс істемейтін жүкті әйелдер, үш жасқа дейінгі балаға күтім жасайтын жұмыс істемейтін адамдар және т.б. кіреді. «Биыл 28 наурыздан бастап заңға жеңілдікті санаттағы адамдардың тізіміне қатысты түзетулер күшіне енді. Бұрын жеңілдікті санаттардың біріне бала кезінен бірінші топтағы мүгедекке қамқорлық жасайтын жұмыс істемейтін адамдар кірген болатын. Енді оған бірінші топтағы мүгедектерге күтім жасайтын жұмыс істемейтін адамдар кіреді. Яғни, бала кезінен мүгедектер ғана емес, сонымен бірге бірінші топтағы мүгедектікті кейінірек алғандар да», – деді Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры Заңды және жеке тұлғалармен жұмыс жасау департаментінің директоры Забира Оразалиева. МӘМС төлеушілердің тағы бір үлкен санаты – жұмыс берушілер. 2022 жылдың 1 тоқсанында олар өз қызметкерлері үшін 76,1 млрд теңге сомасына аударымдар жүргізді. Осы кезеңде жалдамалы жұмыскерлердің жарналары 52,3 млрд теңгені құрады. Азаматтық-құқықтық шарттар бойынша еңбек ететін қызметкерлер 2,7 млрд теңгеге жарна төледі. Жеке кәсіпкерлер 3 ай ішінде МӘМС үшін 6,3 млрд теңге төледі. Дербес төлем жасаушылар – 970 млн теңге. Ал өзін өзі жұмыспен қамтығандар БЖТ-ны 447 млн теңге көлемінде төледі.
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры мамандарының айтуынша, МӘМС аясында аударылған жарналар мен аударымдар туралы мәліметтерді egov.kz электрондық үкімет порталында «Медициналық қызметтер туралы және МӘМС-те аударылған сомалар туралы ақпарат» мемлекеттік қызметін пайдалана отырып тексеруге болады. «Тегін медициналық көмектің кепілді көлемі ҚР барлық азаматтарына, қандастарға және елімізде тұрақты тұратын шетелдіктерге қолжетімді екенін білу маңызды. тегін медициналық көмектің кепілді көлемі бойынша пациент емхана деңгейінде алғашқы қызметтерді, жедел көмекті, санитарлық авиацияны және шұғыл стационарлық көмекті, дәрілік қамтамасыз етуді қоса алғанда, әлеуметтік мәні бар және созылмалы аурулар кезінде медициналық көмек алады. Барлық сақтандырылған азаматтарға қолжетімді МӘМС тізбесіне консультативтік-диагностикалық көмек, стационарлық және стационарды алмастыратын көмек, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, медициналық оңалту кіреді. Яғни, медициналық қызметтердің кең тізімі. Бұл ретте МӘМС жүйесіндегі медициналық көмек барлық сақтандырылған азаматтарға олардың жарналарының мөлшеріне қарамастан көрсетілетінін мәлімдейміз», – деп атап өтті Забира Оразалиева.

Ал жыл басынан бері Шығыс Қазақстан облысының медициналық ұйымдарында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қаражаты есебінен 32 998 операция жасалған.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының» ШҚО бойынша филиалының басшысы Ғалымжан Әбіловтың айтуынша, стационарлық көмек мониторингінің қорытындысына сәйкес, өңірдегі медициналық ұйымдарда МӘМС қаражаты есебінен 32 998 операция жүргізілген екен.
«Соның ішіндегі 184 ота кезінде жоғары технологиялық медициналық көмек көрсетілген. Науқастарға көрсетілген хирургиялық қызметтің саны өткен жылмен салыстырғанда 2 есе өскені байқалады», – деді ол өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингіде.

Ғалымжан Әбіловтің сөзіне сүйенсек, алты ай ішінде 515 030 зертханалық зерттеу, 255 065 аспаптық диагностика жүргізілген.

 

Жүйе арқылы қандай көмек көрсетіледі?

2022 жылы Шығыс Қазақстан облысының халқына медициналық көмек көрсету үшін 46  жеткізушімен тиісті шарттар жасалды. 2022 жылға 71,3 млрд теңге көзделген, оның ішінде тегін медициналық көмектің кепілді көлемі – 43,8 млрд теңге, МӘМС – 27,5 млрд теңге. 6 айда қаржыландыру 45,7 млрд теңгені құрады, оның ішінде тегін медициналық көмектің кепілді көлемі бойынша 28,5 млрд теңге, МӘМС жүйесінде –  17,2 млрд теңге.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басты – міндеті ҚР азаматтарын сапалы және қолжетімді медициналық көмекпен қамтамасыз ету. Тиісінше, қордың арқасында науқас сақтандыру мәртебесі болған кезде, бізбен келісімшарт жасасқан клиникада, оның қай жерде орналасқанына және қай медициналық ұйымға бекітілгеніне қарамастан, медициналық қызмет ала алады. 2022 жылдың 6 айында 515 030 зертханалық зерттеу, 255 065 аспаптық диагностика жүргізілді, оған 8 457 КТ, 12 262 МРТ, 651 313 тар шеңберлі мамандардың кеңестері кіреді. 2021 жылмен салыстырғанда, осы кезеңде жүргізілген медициналық қызметтер санының өсуі байқалады. 498 432 зертханалық зерттеу, 186 430 аспаптық диагностика жүргізілді, оның ішінде 7 856 КТ, 6 702 МРТ, 549 552 тар шеңберлі мамандардың кеңестері берілді», – дейді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының» ШҚО бойынша филиалының басшысы Ғалымжан Әбілов.

Атқарылған жұмыстар барысында кемшіліктер де жоқ емес. Осы жылғы мониторинг нәтижелері бойынша есепті кезеңде Қор филиалы сарапшылары 27 мың ақауды анықтады, айыппұлдардың сомасы 485,8 млн теңгені құрады. Нысаналы топтардағы пациенттерді дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлінуде. 2022 жылға амбулаториялық дәрі – дәрмекпен қамтамасыз етуге 5,9 млрд теңге бөлінді, оның ішінде тегін медициналық көмектің кепілді көлемі шеңберінде – 5,6 млрд теңге, МӘМС – 0,3 млрд. теңгені құрады. Ғалымжан Әбіловтің сөзінше, Қор филиалы жұмысының басты бағыттарының бірі – халықпен кері байланыс орнату және пациенттердің құқықтарын қорғау.

«Біздің қызметтер Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының ресми кері байланыс арналары – 1406 байланыс орталығы, «Қолдау 24/7» мобильді қосымшасы, Қордың сайты www.fms.kz, Telegram-дағы Сақтандырбот арқылы шағымдарды, сұрақтар мен ұсыныстарды өңдеуге қабылдай отырып, халыққа білікті ақпараттық және консультациялық қолдау көрсетеді. 2021 жылдың 1 қаңтары мен 31 маусымы аралығындағы 7 ай ішінде 20 897 өтініш келіп түсті. Ал 2022 жылдың осы кезеңінде 10% — ға артық өтініш келді. 2022 жылдың 1 қаңтары мен 31 маусымы аралығындағы 7 ай ішінде Қор филиалына 22 949 өтініш келіп түсті, оның ішінде 889 шағым, 112 алғыс, 21 176 консультативтік сипаттағы, 769 уақытша мәртебе беру, шағымдардың жалпы санынан 3 ұсыныс, 18 374 өтініш 1406 Call-орталыққа келіп түсті, «Қолдау-24/7» мобильді қосымшасы арқылы – 4 384 шағым, Қор сайтына – 127 шағым, Telegram-дағы Сақтандырботқа – 2 шағым, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі сайтына және ҚР Денсаулық сақтау министрінің блогына 62 шағым келіп түсті», – еді  «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының» ШҚО бойынша филиалының басшысы.

Талшын Қалиасқар
«Семей таңы»

 

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында мүліктен түсетін табысқа қатысты талаптар түсіндірілді

12.06.2026
Абай облысында мүліктен түсетін табысқа қатысты талаптар түсіндірілді

Абай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде жеке тұлғалардың мүлік табысына қатысты салық заңнамасы түсіндіріліп жатыр. Бұл туралы департаменттің Түсіндіру жұмыстары...

Толығырақ...Details

Семейде қоқыс алаңдарына қатысты талап бұзушылықтар әлі де кездеседі

12.06.2026
Семейде қоқыс алаңдарына қатысты талап бұзушылықтар әлі де кездеседі

Семей қаласында қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау және шығару саласында бірқатар мәселе әлі де өзекті. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен...

Толығырақ...Details

Garmin брендінің сағаты үшін 700 мың теңге қайтарылды

11.06.2026
Garmin брендінің сағаты үшін 700 мың теңге қайтарылды

Абай облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне азамат К.-дан танымал маркетплейстердің бірінен сатып алынған қымбат Garmin брендінің сағатына...

Толығырақ...Details

Тұтынушыға 5 миллион теңгеден астам қаражат қайтарылды

11.06.2026
Тұтынушыға 5 миллион теңгеден астам қаражат қайтарылды

Абай облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне Алматы қаласының тұрғыны Ж.-дан автосалонның комиссия шарты бойынша өз міндеттемелерін тиісінше...

Толығырақ...Details

Курчатовта 130-дан астам тұрғын Ертіс жағалауында өткен экологиялық акцияға қатысты

11.06.2026
Курчатовта 130-дан астам тұрғын Ертіс жағалауында өткен экологиялық акцияға қатысты

Қала тұрғындары жағалау мен «Ақ балкон» деп аталатын тарихи нысанының аумағын тазалап, өңірдің маңызды табиғи аймақтарының бірін сақтауға өз үлестерін қосты. 10...

Толығырақ...Details

101 жылдан кейін қайта жаңғырған дәстүр: Қайрат Қабышевтің рекордтық бастамасы ұлттық өнерді дәріптеуге бағытталған

10.06.2026
101 жылдан кейін қайта жаңғырған дәстүр: Қайрат Қабышевтің рекордтық бастамасы ұлттық өнерді дәріптеуге бағытталған

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Шәкәрім университетінің стратегия және әлеуметтік даму жөніндегі проректоры Асқар Қасымов пен дәстүрлі әнші Қайрат...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында мүліктен түсетін табысқа қатысты талаптар түсіндірілді

9 часов бұрын

Семейде қоқыс алаңдарына қатысты талап бұзушылықтар әлі де кездеседі

10 часов бұрын

Garmin брендінің сағаты үшін 700 мың теңге қайтарылды

22 часа бұрын

Тұтынушыға 5 миллион теңгеден астам қаражат қайтарылды

23 часа бұрын

Курчатовта 130-дан астам тұрғын Ертіс жағалауында өткен экологиялық акцияға қатысты

23 часа бұрын

101 жылдан кейін қайта жаңғырған дәстүр: Қайрат Қабышевтің рекордтық бастамасы ұлттық өнерді дәріптеуге бағытталған

2 дня бұрын

Традиция, возрождённая спустя 101 год: рекордная инициатива Кайрата Кабышева направлена на популяризацию национального искусства

2 дня бұрын

В области Абай ищут новые подходы к профилактике наркомании среди подростков

2 дня бұрын

«Ар азабы: құрбандар мен зардап шеккендерді толық ақтау – қоғам сұранысы» атты саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға арналған дөңгелек үстел өтті

2 дня бұрын

«Заң керуені» акциясы өтті

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС