"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Сейсенғазы Чукаев: «ЖҰМЫСТАР ЗАҢ АЯСЫНДА ЖҮРГІЗІЛЕДІ»  

13.09.2022
Сейсенғазы Чукаев: «ЖҰМЫСТАР ЗАҢ АЯСЫНДА ЖҮРГІЗІЛЕДІ»  
19
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

 

   1 қыркүйекте жарияланған «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміз бойынша пайдаланылмай жатқан жерлерді мемлекет меншігіне қайтару жөніндегі комиссияның жұмысын жеке атап өткені белгілі. Бүгінгі таңда аталған комиссия жұмысы аясында мемлекетке жалпы көлемі 2,9 млн гектарға жуық ауыл шаруашылығы мақсатында пайдалануға лайық жер қайтарылыпты.

   Әйтсе де, республика көлемінде пайдаланылмай жатқан немесе заңнаманы бұза отырып берілген жерлердің жалпы ауданы 10 млн гектарды құрайды екен. Осыған байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі мен әкімдерге 2023 жылдың соңына дейін аталған мәселе бойынша нақты шешімдер қабылдау туралы тапсырма берілді. Бұл ретте ел шығыс аймағы бойынша да ауқымды жұмыстар бар екені анық. Осы орайда біз Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті Шығыс Қазақстан облысы жер ресурстарын басқару департаментінің басшысы Сейсенғазы Чукаевпен сұхбаттасқан едік.

 

– Сейсенғазы Жұмағалиұлы бүгінгі таңда Президент тапсырмасы аясында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталсаңыз.

–Қазіргі таңда облыста пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы жерлерін анықтау және мемлекет меншігіне қайтару бойынша жергілікті атқарушы және уәкілетті органдардың бірлескен жұмысы тұрақты жүргізілуде. Мысалы, 2015 жылдан бастап 2021 жылға дейінгі кезеңде пайдаланылмаған немесе заңнаманы бұза отырып пайдаланылып келген 2 445,9 мың га ауыл шаруашылығы жері анықталды. Оның ішінде мемлекетке 1 188,3 мың га қайтарылды, сонымен қатар жер пайдаланушылар 415,9 мың га жерді пайдалануға кірісті, бұған қоса мемлекеттік органдар жерді пайдалану шарттарын мерзімінен бұрын бұзу немесе мемлекеттік бақылау шараларын қолдану арқылы жерді қайтару бойынша 841,7 мың га жерге қатысты жұмыстар жүргізуде.

Бір айта кетерлік жайт, бұл жұмыс 2021 жылдан бастап Қазақстанның барлық аумағында енгізілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдаланудың ғарыштық мониторингі деп аталатын нәтижелерді ескере отырып, жалғастырылуда. Мәселен, өткен жылы цифрлық мониторинг нәтижесінде Qoldau веб-порталына жалпы ауданы 1 673 мың га пайдаланылмайтын жайылымдар орнатылды, оның ішінде Шығыс Қазақстан облысында – 464,3 мың га, Абай облысында – 1 208,7 мың га жер бар.

Сонымен қатар, жайылымдық жерлердің жетіспеушілігіне байланысты проблеманың өткірлігі мен өзектілігін ескере отырып, Шығыс Қазақстан облысының жер ресурстарын басқару департаменті анықталған пайдаланылмай жатқан жайылымдарға қатысты шаралар қабылдау бойынша бірінші кезектегі міндеттерді айқындады. Ол үшін жергілікті атқарушы және уәкілетті органдардың тиісті іс-қимыл жоспары әзірленді. Жоспарға сәйкес, жер пайдаланушылар арасында берілген жерлерді пайдаланбағаны үшін олардың міндеттері мен жауапкершіліктерін түсіндіру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Сондай-ақ агроқұрылым өкілдері жер учаскелерінен өз еркімен бас тартқан жағдайда, жерді мемлекеттік меншікке қайтару бойынша шаралар қабылданады. Бұл орайдағы жұмыстардың барлығы Қазақстан Республикасы Жер кодексі аясында жүргізілетінін атап өткім келеді.

–Жұмыс нәтижесі қандай?

–Жүргізілген жұмыстар нәтижесінде бүгінде 1 673 мың га пайдаланылмайтын жайылымға қатысты шаралар қабылданды. 29,2 мың га қатысты жер учаскелерінің иелері ерікті түрде бас тарттты. Бұл орайда анықталған жер көлемі ШҚО бойынша – 12,2 мың га, Абай облысы бойынша – 17,0 мың га құрайды. Сондай-ақ 649,2 мың га жерге азаматтар үшін жайылымдарға белгіленген жүктемені сақтай отырып, қажетті мал басын қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылданды.

Жалпы, ағымдағы жылы азаматтардың өтініштері, сондай-ақ департаменттің жер қатынастары бөлімдерімен жолданған материалдары негізінде жалпы ауданы 256,5 мың га ауыл шаруашылығы жерлерін пайдалану мәселесі бойынша 82 тексеру жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде бүгінгі күнге дейін 77 тексеру жұмыстары аяқталды, нәтижесінде жерді пайдаланбау фактілері анықталып, тиісті шаралар қабылданды. Яғни, құқық бұзушыларға жер учаскелерін мақсатты түрде пайдалану керектігі жөнінде бір жыл мерзімге 39 ұйғарым берілді, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекске сәйкес әкімшілік жауапкершілік қарастырылды.

– Осы орайда, бір заңды сауал  туындайды. Бүгінде еліміздің жер заңнамасы бойынша қандай жаңашылдықтар бар ?

– Сауалыңыз орынды. Қазіргі таңда жер заңнамасындағы бір жаңалық – бақылау субъектісіне бармай-ақ профилактикалық бақылау жүргізу ісі. Аталған шара Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 145-1-бабына сәйкес жыл сайын қыркүйек пен қараша аралығында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін қашықтықтан зондтау негізінде жүргізіледі. Басты мақсат – шаруа қожалықтары иелігіндегі жерлерді немесе ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін пайдаланбаудың немесе ұтымсыз пайдаланудың алдын алу. Сол арқылы жер иелеріне анықталған құқық бұзушылықтарды өз бетінше жоюға мүмкіндік беріледі және әкімшілік жүктеме азайтылады.

Сондай-ақ, жерді жосықсыз пайдаланушыларға ағымдағы жылғы 1 қаңтардан бастап ҚР      Салық кодексінің 509-бабына сәйкес пайдаланылмайтын немесе заңнаманы бұза отырып пайдаланылатын ауыл шаруашылығы жерлері үшін қосымша жиырма есе салық салу ісі  де қолданылады. Бұл да берері мол жаңашылдық дер едім.

Бұдан басқа, егер құқық бұзушылықтар бойынша берілген нұсқамалар орындалмаса, онда жер Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 94-бабына сәйкес сот тәртібімен мәжбүрлі түрде алынып, мемлекеттің иелігіне қайтарылады.

– Тұлғалардың жер учаскелері мәжбүрлі түрде алынған жағдайда, оны қайтарып алуға мүмкіндік бар ма?

– Жер учаскелері мәжбүрлі түрде алынған меншік иелері мен жер пайдаланушылар осындай тұлғалардың тізіліміне енгізіледі және олар үш жылдың ішінде жер учаскелерін ала алмайды. Аталған тізілімді қалыптастыру және жүргізуді жерді пайдалану мен қорғауды бақылау жөніндегі уәкілетті орган, аудандық атқарушы орган, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы ұсынатын ақпараттың негізінде Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитеті жүзеге асырады.

–Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов аймақтағы жер мәселесін реттеуге басымдық беріп жүр. Бұл орайда облыс басшылығы тарапынан биыл қандай ілкімді шаралар қолға алынды?

–Иә, қазіргі таңда пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы жерлерін анықтау және қайтару мәселесі ерекше бақылауда тұрғаны анық. Бұл шара мемлекеттік деңгейде қолға алынуда. Ел президентінің тапсырмасына сәйкес, биыл 28 сәуірде пайдаланылмай жатқан және заңнаманы бұза отырып берілген жерлерді алып қою бойынша республикалық комиссия құрылып, өз жұмысын бастады. Сонымен қатар, облыс әкімі Даниал Ахметовтің биыл 27 мамырдағы №64 өкімімен Шығыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы мақсатындағы пайдаланылмайтын жерлерді алу бойынша кіші ведомствоаралық топ құрылды. Оған мүдделі мемлекеттік, құқық қорғау органдарының басшылары және аудандар мен қалалардың әкімдері кірді.

Бүгінгі күнге дейін Шығыс Қазақстан облысында облыс әкімі орынбасарының төрағалық етуімен облыстық құрылымдар – Жер ресурстарын басқару департаменті, жер қатынастары басқармасы, ауыл шаруашылығы басқармасы, мемлекеттік кірістер департаменті, полиция департаменті, прокуратура өкілдерінің, сондай-ақ әкімдердің, аудандар мен қалалар әкімдері орынбасарларының қатысуымен үш мәрте отырыс өтті.

Соңғы отырыста облыста жүргізіліп жатқан бірлескен жұмыстың нәтижелері айтылды, сондай-ақ аудандар мен қалалар әкімдерінің тиісті жауапкершілігін айқындай отырып, осы жылдың соңына дейін кемінде 100 мың га жерді мемлекет меншігіне қайтару бойынша нақты міндеттер қойылды.

Бір айта кетерлігі, Абай облысы бойынша да дәл осындай топ облыс әкімінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 2-ө өкімімен құрылды. Аталған топтың бірінші отырысы 19 тамызда өтті. Жыл басынан бері екі облыс бойынша жоспарланған 400,0 мың гектардың 102,6 мың гектары мемлекет меншігіне қайтарылды. Оның ішінде 45,1 мың га жер Шығыс Қазақстан облысына, ал 57,5 мың га жер Абай облысына тиесілі екенін де айта кеткен жөн.

 

–Сұхбатыңызға рахмет, еңбегіңізге табыс тілейміз.

P.S. Бүгінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы пайдаланылмай жатқан жерлерді анықтау және қайтару бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар Шығыс Қазақстан  және Абай облыстарында қарқын алып келеді. Қазіргі уақытта Абай облысының Жер ресурстарын басқару департаменті құрылып, жұмысын бастап жатыр. Басым бағыт – Президент тапсырмасында айтқандай, пайдаланылмай жатқан немесе заңсыз берілген жерлерді мемлекет меншігіне қайтару, ел тұрғындарының ауылшаруашылығы мақсатында пайдалануына қолжеттімді ету.

Сондықтан аймақтағы жер иелері өз учаскелерін уақыт оздырмай, мақсатқа сай пайдаланып, іске жаратқандары абзал. Олай болмаған жағдайда, жоғарыда айтылған ережеге сәйкес, ерте ме, кеш пе, мемлекет меншігіне қайтарылатыны анық.

 

Әлібек КЕМЕЛХАН,

«Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

08.10.2026
Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттің құқықтық негізін айқындайтын басты құжат. Қазіргі Конституция 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданып, 1...

Толығырақ...Details

Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

07.10.2026
Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

2026 жылғы қаңтар-тамыз айларында Қазақстанда 145 мың тонна күріш өндірілді, бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18,6%-ға артық. 2025 жылғы...

Толығырақ...Details

Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

07.10.2026
Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

Өңірде туризм саласын дамыту, инфрақұрылым сапасын арттыру және туристерге қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру бағытында кешенді жұмыстар жүзеге асырылуда. Бұл...

Толығырақ...Details

АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

07.10.2026
АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

Мемлекеттік бақылау мен қадағалау атом электр станциясын салу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі құралдарының бірі болып табылады. Оларды жүзеге асыру...

Толығырақ...Details

Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

06.10.2026
Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

Семей қаласының Бобровка кентінде кәсіпкерлік нысандардың санитарлық жағдайына жүргізілген партиялық бақылау нәтижесінде дүкен иесіне әкімшілік айыппұл салынды. «Таза Қазақстан» бастамасы...

Толығырақ...Details

Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

06.10.2026
Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

Абай облысы әкімінің орынбасары Бекжан Бапышев Семей қаласындағы жылыту маусымының өту барысына қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, бүгінде облыс жылыту...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

3 дня бұрын

Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

4 дня бұрын

Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

4 дня бұрын

АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

4 дня бұрын

Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

4 дня бұрын

Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

4 дня бұрын

Ажар Асхат пен Ерасыл Қажыбаев Азия ойындарында күміс медаль иеленді

6 дней бұрын

Облыс әкімі қос мереке қарсаңында ардагерлердің шаңырағына барды

6 дней бұрын

«Әділет» партиясының Іскерлік кеңесі орта бизнестің үлесін 20%-ға дейін арттыру жолдарын ұсынды

6 дней бұрын

Astana AI Film Festival: Астанада халықаралық AI-фильмдер байқауының жеңімпаздары жарияланды

6 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС