"Семей таңы" газеті
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Таным
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Таным
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ҚАЛА КҮНІ ҚАЛАЙ ТОЙЛАНДЫ?

20.09.2022
ҚАЛА КҮНІ ҚАЛАЙ ТОЙЛАНДЫ?
13
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

ҚАЛА КҮНІ ҚАЛАЙ ТОЙЛАНДЫ?

Өткен сенбі-жексенбі күндері Абай облысының орталығы болған Семей қаласының тұрғындары Қала күнін кең көлемде атап өтті. Жайма-шуақ күн райы да қалалықтарға шат-шадыман көңіл-күй сыйлап, мерекені барынша сән-салтанатпен атап өтуге игі ықпал етті.

Қала күнін мерекелеу облыста алғаш рет ұйымдастырылған Абай марафонымен басталды. Бүкіл қала ішімен жүгіріп өтуге бел буған, спортты серік ететін семейліктер мен қонақтар таң ата Абай алаңына жиналды. Спортпен бұрыннан шұғылданатын, сондай-ақ салауатты өмір салтына енді бет бұрған марафоншыларға қолайлы болуы үшін 3,5,10 шақырымдық қашықтық ұсынылды.

Бұл шараға шаһардағы мекемелер мен ұйымдардың ұжымдары қатысқан болатын. Мәреге жеткен әр спортшы естелік медаль және футболкамен марапатталды. Ерлер мен әйелдер арасындағы әрбір ең үздік нәтиже көрсеткен үш қатысушы жүлдегерлер арнайы медаль иеленді. Салтанатты марапаттау рәсімі ұйымдастырылып, барлық жеңімпаздар қала жұртшылығының қошеметіне бөленді.

Жеңімпаздарға медальдарды облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев, әкімнің бірінші орынбасары Айдын Кәрімов, облыс әкімнің орынбасары Шалқар Байбеков, сонымен қатар облыс әкімдігінің басқарма басшылары табыс етті.

Ал Қала күні Абай марафонынан соң Орталық алаңда мерекелік концертпен жалғасты. Абай алаңы мен Ертіс жағалауында да мерекелеушілер жергілікті өнерпаздардың концерттік бағдарламаларын тамашалады.  Мерекелік шарада мұражайлар мен кітапханалардың қала тарихынан сыр шертетін көрмелері, қолөнер шеберлерінің туындылары көпшілік назарына ұсынылды. Ал жастар Арбатта жанды дауыста ән салып, өзара өнер сайысына түсті. Ертіс жағалауында қала мектептері мен мектепке дейінгі мекеме тәрбиеленушілерінің қолөнер туындыларының көрмесі, зияткерлік ойындар ұйымдастырылды.

Қала халқы Абай Құнанбаев, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Мұхтар Әуезов, Әлихан Бөкейхан, Қайым Мұхамедханов, Әміре Қашаубаев, Ф.Достоевский және Ш.Уәлиханов ескерткіштері мен «Өлімнен де күшті» монументі және Азамат соғысы батырларының мемориалына тағзым етіп, гүл шоқтарын қойды.

Одан соң  аспалы көпір астындағы қоғамдық орын ашылды. Ол жерге уоркаут алаңқайлар, скейт парк, паркур алаңдары жасалған. Көпір асты алаңы бірнеше бөлікке бөлінген. Жасөспірімдер үшін стритболға арналған спорттық аймақ, фитнес аймақ және балалардың ойын алаңы жасақталған.

Жаңа қоғамдық орынның жалпы алаңы — 3500 шаршы метр. Айта кетерлігі, бұл қоғамдық орын демеушілердің қаражаты есебінен жабдықталып отыр.

Қоғамдық орынның ашылуына облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев қатысты.

— Аспалы көпір астындағы демалыс орнын жасап, тағы бір жақсы жобаны аяқтадық. Бос жатқан жерде спорт, демалыс, көңіл көтеруге арналған аумақ пайда болды. Бұл жерде алдағы уақыттарда спорттық кластер құрылады. Оң жағында екі футбол алаңы, келесі жылы жөндеуден өтетін аквапарк орналасқан. Мұнда көптеген спорт түрі бойынша сайыстар өтетін болады. Бұл жерді мейлінше қауіпсіз етуге тырысамыз. Бүгін «Сергек» камералары орнатылды. Келесі жылы сол жағалауда, көпір маңында жапон бағын жасайтын боламыз, — деді аймақ басшысы.

ҚАЛА КҮНІ ҚАЛАЙ ТОЙЛАНДЫ?

Таяу болашақта, Нұрлан Тельманұлы айтып өткендей, жалпы қала бойынша 12 жаңа қоғамдық орын жасалатын болады деп күтілуде.

Қала күнінде, Абай облысының құрылуына, сонымен бірге Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығы құрметіне орай, Семей қаласында балалар футболының І турнирі өтті. Турнирге 2013-2014 жылдары туған жас спортшылар — «Семей» футбол орталығы мен қаланың жеке меншік футбол мектептерінің тәрбиеленушілері қатысты. Басты мақсат – балалар арасындағы футболды дамыту.

Турнирдің ашылу салтанатына облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев, қала әкімінің міндетін атқарушы Димитрий Гариков және қоғам белсенділері келді.

Спорт сайысында балғын спортшылардан құралған сегіз команда кубоктар, медальдар және естелік сыйлықтар үшін өзара бақ сынасты.

Турнирге құрметті қонақ ретінде арнайы шақырылған  қазақ футболының жұлдызы Самат Смақов келіп, жасөспірімдерге сәттілік тіледі.

Жанкүйерлер Самат Смақовпен бірге естелік суретке түсіп, әңгімелесіп, қолтаңба алуға мүмкіндік алды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, Абай облысында және Семей қаласында футболды дамыту және бұқараға насихаттау бойынша іс-шаралар жоспарланған. Балалар футбол турнирі болашақта облыстық ауқымда дәстүрлі түрде өткізілетін болады. Яғни, біздің балғын спортшыларымыз да Қазақстан футболының дамуына үлес қосатын болады.

Ал Ф.М.Достоевский атындағы әдеби-мемориалдық мұражайда «Палитрадағы әлем» атты сурет көрмесі ашылды. Бұл — соңғы үш жылдан бері өз туындыларын жарыққа шығарып келе жатқан А.Ляпинаның жеке көрмесі. Жұртшылық назарына суретшінің пейзаж, портрет, натюрморт жанрындағы еңбектері ұсынылған. Суретші туындыларында, негізінен, Семейдің тарихи, ескі  бөлігі бейнеленген. Аталған көрмені айдың соңына дейін тамашалауға болады.

Сонымен қатар таңғы сағат 9-дан бастап түске дейін жағалауда көрме, түрлі байқау, шахмат турнирі, флешмобтар өтті.

Орталық алаңдағы мерекелік концерт кешке дейін жалғасты.

Мерекелік шара барысында сондай-ақ тарихи-өлкетану мұражайы Арбатта «Семей — өткенге саяхат» атты көшпелі көрме өткізді.

Орталық алаңда сонымен қатар қалалықтар кітап көрмесін, библиокафе, Достық үйі этномәдени орталықтарының шеберлер қалашығын, тұрғындардың онлайн құттықтау алаңын,  М.Әуезовтің 125 жылдығына арналған көшпелі көрмені тамашалады.

Ал түс уақытында Ертіс жағалауында талантты жастардың «Jastar fest» атты фестивалі өтті. Сағат 18.00-де Орталық алаңда әр сала бойынша «Үздік» номинациясының жеңімпаздары марапатталды.

Кешкі 19.00-де Ә.Қашаубаев атындағы филармония және Қалалық Мәдениет Сарайы ұжымдарының Қала күніне әзірлеген концерті басталды. Семейліктер үшін Дастан Оразбеков және Kalifarniya тобы әуелетіп ән шырқады.

Мерекелік шаралар  сағат 22.00-де Орталық алаңда отшашумен аяқталды.

Әлібек КЕМЕЛХАН,
Талшын ҚАЛИАСҚАР,
«Семей таңы»

Мақалада: ҚАЛА КҮНІ ҚАЛАЙ ТОЙЛАНДЫ?

Ұқсас жаңалықтар

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АЙЛЫҚ АЯСЫНДА

11.04.2023
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АЙЛЫҚ АЯСЫНДА

Экологиялық екі айлық аясында Семей қаласы әкімдігінің тапсырмасымен қаладағы рұқсат етілмеген қоқыс үйінділері шығарылуда. Айтолқын САМАТОВА, «Семей таңы» Өткен аптада...

Толығырақ...

ШЫҒЫС, ВОСХОД, ВОДНЫЙ: НЕ ӨЗГЕРІС КҮТІП ТҰР

21.02.2023
ШЫҒЫС, ВОСХОД, ВОДНЫЙ: НЕ ӨЗГЕРІС КҮТІП ТҰР

Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатовтың халықпен кезекті кездесуі Шығыс, Восход, Водный кенттерінде жалғасты. Шаһар басшысы 2022 жылы  атқарылған жұмыстар туралы...

Толығырақ...

ЕРЛІК ЕШҚАШАН ҰМЫТЫЛМАЙДЫ

08.02.2023
ЕРЛІК ЕШҚАШАН ҰМЫТЫЛМАЙДЫ

ЕРЛІК ЕШҚАШАН ҰМЫТЫЛМАЙДЫ   Сәрсенбі, 8 ақпан күні Семейдегі бизнес және сервис колледжінде басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне арналған...

Толығырақ...

ӘКІМНІҢ 100 КҮНІ:НЕ ІСТЕЛДІ ЖӘНЕ НЕ ІСТЕЛМЕК?  

21.01.2023
ӘКІМНІҢ 100 КҮНІ:НЕ ІСТЕЛДІ ЖӘНЕ НЕ ІСТЕЛМЕК?  

Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов 17 қаңтар күні «SEMEI» телеарнасында «Әкім сағаты» бағдарламасына қатысып, тікелей эфирде 1 сағаттан артық уақыт...

Толығырақ...

ЖЕРГІЛІКТІ ӨНІМ ӨНДІРУШІЛЕРДІҢ КӨРМЕСІ ӨТТІ

13.01.2023
ЖЕРГІЛІКТІ ӨНІМ ӨНДІРУШІЛЕРДІҢ КӨРМЕСІ ӨТТІ

ЖЕРГІЛІКТІ ӨНІМ ӨНДІРУШІЛЕРДІҢ КӨРМЕСІ ӨТТІ  12 қаңтар күні Семей қаласында жергілікті өнім өндірушілердің көрмесі өтті. Көрмеге «Activity Park» ЖШС, «Ж...

Толығырақ...

ОБЛЫС ОРТАЛЫҒЫН ДАМЫТУҒА 84 МЛРД БӨЛІНДІ

13.01.2023
ОБЛЫС ОРТАЛЫҒЫН ДАМЫТУҒА 84 МЛРД БӨЛІНДІ

Бейсенбі, 12 қаңтар күні қалалық әкімдікте Семей қалалық қоғамдық кеңесінің отырысы өтті. Шараға қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов, қалалық мәслихат хатшысы...

Толығырақ...

Жаңалықтар

Жетіжар ауылында төтенше жағдай жарияланды

9 часов бұрын

«Ұлы дала жорығы» марафоны аяқталды. Абай облысының құрамасы Үздік төрттікке кірді

9 часов бұрын

Емдеу мекемесін еркін таңдай аласыз

9 часов бұрын

Жылу желілерін жөндеу 85 пайызға орындалды

9 часов бұрын

ЖОЛ КАРТАСЫНЫҢ ОРЫНДАЛУЫ ПАРТИЯ БАҚЫЛАУЫНДА

9 часов бұрын

ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ЖЕТІЛДІРІЛУДЕ

9 часов бұрын

Адал еңбек – әулеттің бойтұмары

1 день бұрын

Орманды қорғау – әулеттің қасиетті борышы

1 день бұрын

Метеорология – өмірлерінің мәні 

1 день бұрын

МЕДИЦИНАЛЫҚ ҰЙЫМДАРДЫҢ КРЕДИТОРЛЫҚ БЕРЕШЕГІ ТУРАЛЫ ҚОЙЫЛАТЫН ТОП СҰРАҚТАР

1 день бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:
Ләйла Еділқызы Тілеубаева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Таным
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС