"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ОТБАСЫНЫҢ ЦИФРЛЫҚ КАРТАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

20.09.2022
ОТБАСЫНЫҢ ЦИФРЛЫҚ КАРТАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
8
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

ОТБАСЫНЫҢ ЦИФРЛЫҚ КАРТАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Әлеуметтік кодекс жобасы аясында 1 қыркүйектен бастап Қазақстанда пилоттық режимде Отбасының цифрлық картасы іске қосылады деп хабарлаған болатын Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі. Аталған игілікті шара ел бойынша ең алдымен Шығыс Қазақстанда жүзеге асырылуда.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі таратқан ақпараттарға қарағанда, бұл ақпараттық жүйе азаматтарға проактивті форматта, яғни алушының өтінішін күтпей-ақ көмек көрсетуді көздейді, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендете отырып, қызметті жеделдетуге және тиісті мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.

Отбасының цифрлық картасы – бұл әр түрлі мемлекеттік органдардан алынған мәліметтерді жинақтайтын, азаматтардың әлеуметтік әл-ауқатының деңгейін айқындауға және оларға проактивті форматта кепілдік берілген мемлекеттік қолдау көрсетуге мүмкіндік беретін ақпараттық жүйе.

Отбасының цифрлық картасында 6 млн отбасына бөлінген барлық 19,4 млн азамат туралы деректер толық көлемде жинақталған.

Отбасылардың әл-ауқатының деңгейі бес критерий бойынша айқындалады: экономикалық өмір сүру жағдайлары, денсаулық сақтау қызметтерімен қамту және мүгедектігі бар адамдардың болуы, тұрғын үй жағдайлары, әлеуметтік жағдайлар, білім беру қызметтерімен қамту және отбасы мүшелерінің білім деңгейі.

Шығыс Қазақстан облысында Отбасының цифрлық картасын енгізу 1 қыркүйектен бастап пилоттық режимде қолға алынған болатын. Онда отбасылардың әл-ауқатының деңгейіне қарай әлеуметтік кепілдіктердің барлық түрлері дербестендірілетін болады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен  брифингте жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының әлеуметтік төлемдер бөлімінің басшысы Бұлбұл Құсманова мәлімдеді.

— Отбасының цифрлық картасы — отбасыларды бағалауға, өмірлік қиын жағдайда жүрген адамдарды анықтауға бағытталған әлеуметтік саясат құралдарының бірі. Карта өңірдің және жалпы елдің әлеуметтік портретін жасауға мүмкіндік береді. Сондай — ақ осы жүйе арқылы отбасының материалдық жағдайын, оның әлеуметтік мәртебесін, табысын, өмір сүру деңгейі мен әл-ауқатын анықтауға болады, — деді Бұлбұл Құсманова.

Спикердің ақпараты бойынша, бастапқы кезеңде мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің деректері негізінде отбасылардың әл-ауқатының деңгейін және оларға тиісті мемлекеттік қолдау шараларын анықтау бойынша жұмыс жүргізілді.

— Мемлекеттік қолдау шараларын алуға құқық белгіленген кезде әлеуетті адресатқа қызмет көрсетуге келісім алу үшін СМС-хабарлама жіберіледі. Одан кейін жәрдемақы мен төлемдер тағайындалып, кейін алушының банк шотына аударылады, — деп атап өтті спикер.

Брифинг соңында әлеуметтік төлемдер бөлімінің басшысы жоба кезең-кезеңмен жүзеге асырылатынын айтты. Осы жылы 1 қыркүйегінен бастап жаңа форматта тоғыз қызмет түрін алу мүмкіндігі ұсынылды. 2025 жылы мемлекеттік кепілдіктердің барлық түрлері қамтылатын болады.

Мақалада: ОТБАСЫНЫҢ ЦИФРЛЫҚ КАРТАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Ұқсас жаңалықтар

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

13.11.2026
ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

Қазақстан тарихындағы алғашқы ауқымды республикалық кітап оқу марафоны «Кітап оқитын ұлт» миллион кітап белесінен асты. 59 күнде қатысушылар 1 102 560...

Толығырақ...Details

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

13.11.2026
Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

Үржар ауданында 2026 жылдың он айында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 48,4 млрд теңгеге жетіп, өнеркәсіп өндірісі өткен жылдың сәйкес...

Толығырақ...Details

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

13.11.2026
Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

Қазақстанда атом электр станциясын салу аясында Үлкен ауылын тұрғын үйлер мен әлеуметтік инфрақұрылымды дамыта отырып, кешенді түрде өркендету жоспарлануда. Бұл...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

4 часа бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

5 часов бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

5 часов бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

5 часов бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

6 часов бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

6 часов бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

1 день бұрын

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

1 день бұрын

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

1 день бұрын

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

1 день бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС