"Семей таңы" газеті
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Бүгін Түркістанда «Ұлы дала жорығы» жеңімпаздары анықталады

29.09.2022
Бүгін Түркістанда «Ұлы дала жорығы» жеңімпаздары анықталады

Фото: Түркістан.кз

96
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

28 қыркүйекте «Ұлы дала жорығы» республикалық бәйге марафонының он бірінші кезеңінде шабандоздар Түркістан облысы Созақ ауданы Абай елді мекеніне аялдады.

Марафон-бәйгенің он бірінші күнінің қорытындысы бойынша, алғашқы үздік үштіктің қатарында – Маңғыстау командасы 97 сағат 33 минутта белгіленген межені жүріп өтсе, Жетісу шабандоздары 100 сағат 24 минутта мәреге екінші болып жетті. Ал Түркістан облысының командасы 102 сағат 18 минутта үшінші болып келді.

Қазір жарыс сапында төрт команда келе жатыр. Кешегі күн қортындысы бойынша, тағы екі команда – Ақтөбе облысы мен Қызылорда облысы шабандоздары жол қиындығы мен аттарының жағдайына байланысты жарыс жолынан шығып қалды.

Ақтық мәреге дейін оза шауып келген Ақтөбе командасының жарыстан шығып қалу себебін Бас ветеринар Ольга Гробер түсіндіріп берді.

Бүгін Түркістанда «Ұлы дала жорығы» жеңімпаздары анықталады

«Осы уақытқа дейін жеткен аттар қазір қатты шаршады. Дегенмен Маңғыстау аттарының жағдайы өте жақсы. Ақтөбелік арғымақтар соңына дейін үздік нәтиже көрсетіп келген еді, өкінішке қарай бір ат Бетпақ даланың ауа райына және ұзақ жолына дайын болмай шықты. Тұяғын тасқа жарақаттап алды. Әрі қарай диагнозын анықтау үшін рентгенге түсіру керек. Аттарының амандығы үшін Ақтөбе құрама командасы бірден жарысты тоқтатты», – деді О.Гробер.

Бас ветеринар Қазақстанда тұңғыш рет ұйымдастырылып отырған республикалық бәйгеге маман ретінде үлес қосқаны үшін қуанышты екенін, атбегілер үшін серпіліс берген тың жоба болғандығын атап өтті.

«Шабандоздар қазақ жылқысының мықтылығын дәлелдеді. Бұл марафон-бәйгеде жай ғана тауда жүрген аттар емес, нағыз қазанаттар қатысты. Арасында еш дайындықсыз келіп, жеңіске жетеміз дегендер де кездесті. Дегенмен өздеріңіз көргендей бастапқы сатыларда-ақ додадан шығып қалды. Кейбір команда дайындалмаса да, жай ғана ат мықтылығының арқасында 600 шақырымды еш қиындықсыз еңсерді. Халықаралық төрешілер мен ветеринарлардың кеңесіне құлақ түргендер финалға дейін жетіп отыр. Кейбір додадан шығып қалған қатысушылар жанымызға келіп, аттың күтіміне қатысты кеңес сұрап отырады. Жарыс бірінші рет өтіп жатыр әрі атбегілерге жаңа леп әкелген тың жоба болды. Айта кетерлігі, Түркістан құрамасы осы уақытқа дейін бірде-бір кеңесімізге жүгінген жоқ. Себебі аттың қыр-сырын өте жақсы білетіндері көрініп тұр», – деді бас ветеринар О.Гробер

Бүгін Түркістанда «Ұлы дала жорығы» жеңімпаздары анықталады

Бұл ретте идея авторы әрі марафон ұйымдастырушысының бірі Бақытжан Тұрлыбек мәре жолында көш бастап бара жатқан командалардың әлеуеті мен сындарлы кезең қиындықтары туралы түсіндіріп берді.

«Шабандоздар әу баста марафонды қысқа уақытта жүріп өтуге болатын бәйге деп түсініп қалды. Шындығында бұл – өте ауқымды аламан бәйге. Өйткені күн бойы жылқылар тоқтаусыз жүрді. Одан бөлек командалар арасында өзара бәсеке мен стратегиялық айла-тәсіл, бір-бірінің алдына шығу деген мақсат бар. Шабандоздар үшін жүлде басты орында емес екенін көзіміз анық жетті, олар намыс үшін осынау қиын жолға тәуекел етті. Мәселен, бір команда таңертең оза шауып, алға шығады. Ал артында келе жатқан екі команда қуалай жөнеледі. Бір-бірінің аттарын болдыртып, стратегиялық айла арқылы әлсіз команданы артта қалдырады. Әлбетте, әу баста жоспарлағанымызда осының барлығын білдік. Мәреге 4-5 команда жетсе, оның өзі үлкен жеңіс. Он бірінші айналымда шабандоздар 58 шақырымды түске дейін, 56 шақырымды түстен кейін жүріп өтті. Командалар күніне 100 шақырымнан артық жолды артқа тастап жатыр, мұны да ескеру қажет», – деп атап өтті Б.Тұрлыбек.

Оның айтуынша, соңғы меже саналатын – Түркістан мәресіне 20-дан астам жылқы жолға шықты. Ал шығып қалған командалар жарау аттарының күшін сынауға бара жатыр.

«Біз үшін, алғашқы жоба үшін – айтарлықтай жетістік. «Ұлы Дала Жорығы» – қазақты атқа мінгізуге бағытталған жоба. Жастар тәрбиесі мен олардың бойында мінез қалыптастырудағы маңызы ескеріліп барып туындаған идея болғандықтан, бұл жобадан ұлттың ұтары көп. Халықтың ықлас-қошеметі ерекше. Жарыс жолынан шығып қалған команда келер жылы дайындықпен келетінін айтып, бекініп отыр. Бұл марафонның әділетті өтіп жатқандығының белгісі. Өйткені жылдар бойы ат спорты әділетсіздік құрбаны болып келді. Бұл жерде сайдың тасындай іріктелген шабандоздардың ерік-жігері мен төзімі сынға түсіп жатыр», – деді Б.Тұрлыбек.

«Ұлы Дала Жорығы» марафон-бәйгесінің бас төрешісі Надежда Купцова жарыс жолында бақ сынасқан жылқылардың аман-сау екендігін жеткізді. Сондай-ақ, мыңдаған шақырымдық бәйге ұйымдастыру бойынша көп жылдық тәжірибесі бар маман «Ұлы Дала Жорығы» марафонының келешегі зор деп біледі.

«Марафон бастала қалғанда, шабандоздардың қызуқандылығын көріп уайымдап қалғаным рас. Бәйге мен көкпарға шауып жүрген шабандоздар әу баста марафон ережесін бірден түсіне алған жоқ. Олардың жылдар бойғы қалыптасқан өзіндік ережелеріне өзгеріс енгіземіз дегенше бірталай уақыт кетті. Ветеринар мамандардың табандылығының арқасында айтарлықтай нәтижеге қол жеткіздік. Яғни, аттардың барлығы дерлік аман-сау.  Ал жол өте қызықты әрі күрделі. Аттардың дайындығын арттырып жіберсе, мұндай марафонның келешегі үлкен болады деп ойлаймын.  Мәселен, мен өзім саяхаттағанды жақсы көремін. Маман ретінде ған емес, адам ретінде осынау ортада жүргенімнің өзі үлкен әсер сыйлады. Қазақстанда бұған дейін де қашықтағы, классикалық түрдегі жарыстарға қатысқаным бар. Сондықтан «Ұлы Дала Жорығы» марафонының өзгеше форматы бірден назарымды аударды. Балкарияда өтетін Шеркес дербиінің ережелік һәм мағыналық сипаты бөлек», – деп атап өтті Н.Купцова.

Бас төреші қазақы қонақжайлықтың орны айрықша екенін, халық бойындағы жылқыға деген махаббат пен сүйіспеншілікті көріп таң қалғанын айтады.

«Қаншама өңірлерді басып өттік, сонда байқағаным халық бойында жылқыға деген үлкен махаббат бар екен. Қонақжай халықтың ақ-адал пейілінен қаншама күш-қуат алдым. Қазақы қонақжайлықтың орны айрықша. «Ұлы Дала Жорығы» марафон-бәйгесінде қазақ пен жылқының жаны егіз екенін көрсетті. 12 күн бойы сапарлас болған жандар бір бірімізбен бауырға айналып кеттік. Марафон аяқталатын шешуші сәтте толқып тұрмын. Егер маған келер жылы жарысқа келуімді сұраса, ойланбастан келісакен болар едім. Өйткені осынау даладағы халық шығармашылығы тудырған – ат спорты индустриялық қоғамдағы өмір ритміне айналып отыр. Дәл осындай дәстүр кейіндеп қалған кезеңде қазақ халқының жылқыға мән беруі мені қуантады. Бір сөзбен айтқанда – тамаша!», – деді таңданысын жасыр алмаған ол.

Сондай-ақ, Бүкілресейлік жылқы шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында жұмыс істейтін маман жылқы тұқымының азайып бара жатуы қос елге тән ортақ мәселе екенін атап өтті. Бұл орайда бүгінгідей марафондардың дәстүрге айналуы ат спортына тың серпіліс беретіні анық.

«Бүкілресейлік жылқы шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында жұмыс істей жүріп аңғарғаным, екі елдің ортақ мәселелері бар. Ресейде де жылқы тұқымдары жойылып барады. Дегенмен қатысушылармен сөйлесе келе түсінгенім, марафонға қатысып жатқан шабандоздардың дені жылқы шаруашылығын дамыту, өсіру, жастарды тарту, аттарды дайындауға қатысты ықыласты. Ал бүгінгідей шешуші сәтте шабандоздарға тек қана сәттілік тілеймін! Сәттілік барлығымызға қажет. Ең бірінші шабандоздар тынығуға тиіс. Жарыс жолын басып өтуі үшін барымызды саламыз. Қолымыздан келетінін аянып қалмаймыз. Мәре жолындағы жылқылардың амандығы – біз үшін басты құндылық. «Ұлы Дала Жорығы» – таңғажайып оқиға, сондықтан ғұмырлы болатынына сенемін», – деді Н.Купцова.

Марафон қатысушылары аялдаған өңір тұрғындары сән-салтанатпен қарсы алып, құрмет көрсетті. Қойнауына құт қонаған қарт Қаратаудың баурайы шұрқыраған малға, төңірегі шежірелі аңыз-әфсанаға толы. Өлкетанушы Мүсірәлі Шалмағанбетұлы қасиет қонған өңірің тарихын тарқатып берді. Айтуынша, шабандоздар ат басын тіреген Абай ауылының көрнекті жерінің бірі – Келіншектау. Көнеден жеткен аңыз бойынша, мыңғырған малы бар бай қызын ұзатарда жасауының бәрін алтыннан жасапты. Ұзатылып бара жатқан кезде қыз көшті тоқтатып, жасауды тексереді, сөйтсе итаяғы ағаштан жасалған екен. Әкесінің мұнысына көңілі толмаған қыз дереу төркініне кісі жібереді. Әкесі болса, қызының дүниеқоңыздығы мен тойымсыздығына ренжіп, «бүйткенше тас боп қатып қал!» деп ашуланады. Әкесінің қарғысы заматта орындалып, әлгі қыз да, жасауын артқан түйелер де, керуен де тас пен тауға айналып кеткен екен. Сол керуен қатып қалған жер Келіншектау аталған деседі.

Ал іргесіндегі Қыземшек кентінде 4 мыңға жуық тұрғын қоныстанған. Кент Созақ ауданының орталығы – Шолаққорған ауылынан солтүстік-батысқа қарай 201 шақырым жерде жатыр.

«Республикалық марафон-бәйгенің тарих пен аңыз-әпсаналарға бай өңір арқылы өткеніне қуаныштымын. «Ер қанаты – ат» дейміз. Біз үшін үлкен қуаныш, той сияқты өтіп жатыр. Келесі жылы да жалғасын тапса игі», – деді ауыл тұрғыны Мүсірәлі Шалмағанбетұлы.

Айта кетелік, бүгін, 29 қыркүйекте еліміздің рухани ордасы – Түркістанда «Ұлы Дала Жорығы» жеңімпаздары белгілі болады. Бүгін Түркістан облысына қарасты Абай елді мекені маңынан аттанған марафоншылар, шеуші кезең – он екінші айналымға жолға шықты. Атқа қонған шабандоздар киелі Түркістан шаһарын бетке алып, ең күрделі кезең саналатын Қаратаудың шатқалды асуынан қиялап барады. Кешкі сағат 21:00-де «Түркістан арена» стадионында «Ұлы Дала Жорығы» атты республикалық бәйге марафонының жабылу салтанаты өтеді.

Мақалада: «ҰЛЫ ДАЛА ЖОРЫҒЫ»#Бәйге марафон#Республикалық жарыс

Ұқсас жаңалықтар

Жапония Премьер-министрі Қазақстан Президентінің ресми сапары екі елдің өзара тиімді ынтымақтастығына тың серпін беретініне сенім білдірді

18.12.2025
Жапония Премьер-министрі Қазақстан Президентінің ресми сапары екі елдің өзара тиімді ынтымақтастығына тың серпін беретініне сенім білдірді

– Сізбен жүздескеніме қуаныштымын. Осыдан 21 жыл бұрын Сыртқы істер министрлерінің «Орталық Азия + Жапония» форматындағы алғашқы жиыны өткен еді....

Толығырақ...Details

Мемлекет басшысы Жапонияның Премьер-министрі Санаэ Такаичимен келіссөз жүргізді

18.12.2025
Мемлекет басшысы Жапонияның Премьер-министрі Санаэ Такаичимен келіссөз жүргізді

✔️Президент Қазақстан делегациясына қонақжайлық көрсеткен Санаэ Такаичиге ризашылығын білдірді. – Бұл сапар, шын мәнінде, екі ел арасындағы қарым-қатынастың жаңа кезеңі....

Толығырақ...Details

Мемлекет басшысы Мейджи Джингу ғибадатханасын аралап көрді

18.12.2025
Мемлекет басшысы Мейджи Джингу ғибадатханасын аралап көрді

Жапония, Токио қаласы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жапонияға ресми сапары барысында Токиодағы Мейджи Джингу синто ғибадатханасына барды. 1920 жылы салынған кешен...

Толығырақ...Details

Мемлекет басшысы Жапония Парламентінің Қазақстанмен достық лигасының мүшелерімен кездесті

18.12.2025
Мемлекет басшысы Жапония Парламентінің Қазақстанмен достық лигасының мүшелерімен кездесті

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Тошиаки Эндо бастаған Жапония Парламентінің Қазақстанмен достық лигасы мүшелерімен кездесу өткізді. Мемлекет басшысы Достық лигасының қызметіне жоғары...

Толығырақ...Details

Мемлекет басшысы Жапонияда тұрып жатқан қазақстандықтармен кездесті

18.12.2025
Мемлекет басшысы Жапонияда тұрып жатқан қазақстандықтармен кездесті

Жапония, Токио қаласы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі уақытта Жапонияда білім алып, түрлі салада қызмет етіп жүрген Қазақстан азаматтарымен кездесті. Мемлекет...

Толығырақ...Details

Мемлекет басшысы Жапония Императоры Нарухитомен кездесті

18.12.2025
Мемлекет басшысы Жапония Императоры Нарухитомен кездесті

Жапония, Токио қаласы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жапонияға алғашқы ресми сапары Император Нарухитомен кездесуден басталды. Президент қонақжайлық танытқаны үшін Жапония Императорына ризашылығын...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Жапония Премьер-министрі Қазақстан Президентінің ресми сапары екі елдің өзара тиімді ынтымақтастығына тың серпін беретініне сенім білдірді

10 часов бұрын

Мемлекет басшысы Жапонияның Премьер-министрі Санаэ Такаичимен келіссөз жүргізді

10 часов бұрын

Мемлекет басшысы Мейджи Джингу ғибадатханасын аралап көрді

13 часов бұрын

Мемлекет басшысы Жапония Парламентінің Қазақстанмен достық лигасының мүшелерімен кездесті

14 часов бұрын

Мемлекет басшысы Жапонияда тұрып жатқан қазақстандықтармен кездесті

14 часов бұрын

Мемлекет басшысы Жапония Императоры Нарухитомен кездесті

14 часов бұрын

1915 жылы салынған Семей вокзалы қайта жаңарып, аумағы кеңейеді

15 часов бұрын

Семейде заманауи картон қаптамалар цехы ашылды

15 часов бұрын

Берік Уәли аутизмі бар балаларды оңалтатын орталықтың жұмысымен танысты

15 часов бұрын

Олжас Бектенов денсаулық сақтау саласын цифрландыру және қаржылық тәртіп мәселесі бойынша кеңес өткізді

15 часов бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС