"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

КӘСІП АШЫП, НӘСІП ТАБУДА

04.10.2022
КӘСІП АШЫП, НӘСІП ТАБУДА
14
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Жақында үлкеннарындық жеке кәсіпкер Асқар Нұрқасынов ауылдың шығыс бөлігіндегі республикалық маңыздағы жолдың бойында заманауи көлік жуу бекетін ашып, аудан орталығы тұрғындары мен қонақтарына қызмет көрсете бастады.

Асқар Ерназарұлының кәсіпкерлікпен шұғылданғанына біраз жылдың жүзі болды. Аудан орталығында Нұрқасыновтардың жиһаз және тұрмыстық-шаруашылық техникасы, күнделікті өмірде қажетті басқа да заттарды сатуға арналған отбасылық дүкендері бар.

— Алғашында ауылдың сырт жағында, яки республикалық жол бойында құрылыс заттары сатылатын дүкен ашсақ па деген ой болған, — дейді жеке кәсіпкер Асқар Нұрқасынов. -Сөйтіп, кейіннен ойымызды өзгертіп, отбасымызбен ақылдаса келе көлік жуатын орын ашамыз деп шештік. Ең алдымен бекет орналасқан жерді заңды түрде рәсімдеп, сатып алдық. Ол бізге 650 мың теңгеге шықты. Сөйтіп, тиісті жер қолымызға тиген соң, өткен жылы тамыз айында көлік жуу бекетінің құрылысын бастап кеттік. Құрылысшылар бригадасын жалдадық. Қажетті құрылыс материалдарын Үлкен Нарындағы құрылыс дүкендері мен Өскемен, Алтай қалаларынан жеткіздік. Құрылысты қазан айында тоқтатып, биылғы тамызда қайтадан жалғастырдық. Бекеттің қабырғаларын қызыл кірпіштен тұрғыздық, ішкі қабырғаларын жылылап, төбесін темір қаптамамен жаптық. Бұдан кейін Өскеменнен көлікті жуып-тазалайтын арнайы құрылғыларды сатып алдық. Оның ішінде көлік жуу, шаңсорғыш, сабынды сумен жуатын, көліктің салонын жылтырататын құрылғылар бар. Барлығы да су жаңа.

Көлік жуу бекеті екі көлік жуатын орыннан, қызметкерлер бөлмесінен тұрады. Көліктерді жуу қызметімен бұнда екі адам айналысады. А.Нұрқасыновтың айтуынша, бүгінде бар жұмысын ол үйдегі кенже ұлы Дастанға тапсырған.

— Бекет құрылысын тиісті талаптарға сай жүргіздік. Оны салудың өзіндік ережелері бар. Солардан ауытқыған жоқпыз. Ендігі кезекте көлік жуу орнын жыл он екі ай жұмыс істейтіндей еткіміз келеді. Ол үшін биыл бекеттің ішіне пеш орнатпақпыз. Келесі жылдан бастап қыстыгүні де бекет қызмет көрсететін болады. Көлік жуумен айналысатын екі жігітті алғашында Руслан Гайнулин бұл істің қыр-сырына үйретті. Ол жігіт осыған дейін Өскемендегі көлік жуатын орындардың бірінде екі жыл бойы жұмыс істеген, тәжірибесі бар. Қазір жігіттеріміз машықтанып алды, — дейді А.Нұрқасынов.

Көлік жуу бекетінде жеңіл және жол талғамайтын автокөліктерге қызмет көрсетіледі. Қызмет көрсету ақысы да қолжетімді, қалалық жердегі қызмет көрсетумен бірдей екен.

Т.СЕРІКХАН

 

Мақалада: КӘСІП АШЫПНӘСІП ТАБУДА

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында «Жұмыстың жаманы жоқ, кез келген еңбек қадірлі» атты диалог алаңы өтті

11.02.2025
Абай облысында «Жұмыстың жаманы жоқ, кез келген еңбек қадірлі» атты диалог алаңы өтті

Абай облысында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай «Жұмыстың жаманы жоқ, кез келген еңбек қадірлі» атты диалог алаңы өтті. Іс-шараға...

Толығырақ...Details

Солтүстік Арал қалпына келуде

10.02.2025
Солтүстік Арал қалпына келуде

«Арал теңізінің құрғап, шөлге айналуы – алаңдатарлық мәселе. Экологиялық апатқа ұшыраған аймақты оңалту керек. Бұған қоса, трансшекаралық өзендердің су қорын...

Толығырақ...Details

Мемлекет басшысы отандық бизнес өкілдерімен кездесуде Үкіметке қосымша құн салығы мәселесін тағы да пысықтауды тапсырды

07.02.2025
Мемлекет басшысы отандық бизнес өкілдерімен кездесуде Үкіметке қосымша құн салығы мәселесін тағы да пысықтауды тапсырды

Мемлекет басшысы отандық бизнес өкілдерімен кездесуде Үкіметке қосымша құн салығы мәселесін тағы да пысықтауды тапсырды Мемлекет басшысы отандық бизнес өкілдерімен...

Толығырақ...Details

Бюрократиядан қолайлылыққа: цифрландыру мемлекеттік қызметтерді қалай жақсартады

07.02.2025

"Цифрлық технологиялар арқылы біз азаматтардың күнделікті өмірін барынша жеңілдетуге және барлығына тең мүмкіндіктерге қол жеткізуге ниеттіміз. Ол үшін мемлекеттік басқаруды...

Толығырақ...Details

ҚҚС мөлшерлемесінің артуы бағаның өсуіне әсер ете ме?

06.02.2025
ҚҚС: Уақыт сынын еңсеретін қадам

Көбінесе ҚҚС мөлшерлемесінің өсуі бағаның күрт қымбаттауына әсер етеді. Бірақ елімізде олай болуы мүмкін бе? Жауап: тұтынушылар үшін бағаның айтарлықтай...

Толығырақ...Details

Абай облысында теміржол инфрақұрылымын дамыту: жаңа бағыттар, вокзалдарды қайта жаңғырту және халықаралық жобалар

06.02.2025
Абай облысында теміржол инфрақұрылымын дамыту: жаңа бағыттар, вокзалдарды қайта жаңғырту және халықаралық жобалар

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев болашақта Қазақстан Еуразия құрлығының маңызды көлік хабына айналуы тиіс екенін атап өтті. Осыған байланысты ол теміржол...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Мемлекеттік қызмет жастарға жаңа мүмкіндіктер ашады

15 часов бұрын

Партиялар өңірлерде еңбекақы, өндіріс және әлеуметтік сала мәселелерін талқылады

15 часов бұрын

Абай облысында экологиялық заңнама талаптарының сақталуына бақылау күшейтілді

2 дня бұрын

Абай облысында колоректальды обырды ерте анықтау көрсеткіші артты

2 дня бұрын

«Е-Otinish» ақпараттық жүйесі арқылы жиі қойылатын сұрақтарға жауап

2 дня бұрын

Науқанның бір күні – жеті түрлі бағыт: партиялар өңірлерден қолдау іздеді

3 дня бұрын

2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау бойынша Департамент жұмысының қорытындылары

3 дня бұрын

АЭС және радиациялық қауіпсіздік: Қазақстан мамандарды қалай даярлап жатыр?

3 дня бұрын

Биыл «LOTUSFEST-2026» фестиваліне 10 мыңға жуық қонақ келеді деп күтілуде

3 дня бұрын

Елдің даму бағытын қолдау және Президентке жоғары сенім — әлеуметтанулық сауалнама нәтижелері

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС