"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Ерім дейтін елі болмаса, елім дейтін ер қайдан табылады

10.10.2022
Ерім дейтін елі болмаса, елім дейтін ер қайдан табылады
268
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Құрметті зайсандықтар!
Ауданымыздың абыз ақсақалдарының бірі, туған өлке тарихын қаузап, талай кітаптар жазған шежіреші Қалибек Алтыбаев аға зайсандықтарға сөз арнап, халықты береке-бірлікке шақырып отыр. Қалибек ағаның топқа жолдаған жазбасын төменде жарияладық.

Ерім дейтін елі болмаса, елім дейтін ер қайдан табылады

«Семей таңы» газетінің 9 қыркүйектегі (№99) санында «Зайсан, «Ерім» дейтін ел бар ма…?» атты Риза Асанқызы Молдашованың мақаласы жарық көрді. Оған жауап ретінде қазір Астана қаласында тұратын Зайсан өңірінің экономикалық, мәдени- әлеуметтік дамуына сүбелі үлес қосқан, ары да, жаны да таза ізбасар інім Қадылбек Жағыпаров «Елім дейтін ерім бар…» деп өз пікірін ортаға салып : «Айтарым бұл жағдайлар, жазу-сызулар бұған дейін де болған, бола береді де.

Ол – өмір шындығы. Тек осы шындықты ой елегінен өткізіп, тиісті қортынды жасау салиқалы адамдардың, ел жауапкершілігін арқалаған басшылардың міндеті. Жазу-сызудың астындада да келелі ойлардың, құнды пікірлердің жатуы әбден мүмкін. Тек ақиқатты аша білу қажет» депті. Мен Риза Асанқызын жақсы білемін, үш жылдай «Семей таңы» газетінің Зайсан ауданындағы меншікті тілшісі болып қызметтес болдым. Ешкімнен қаймықпай өз ойын ашық айтатын мінезін, мәрттігін жоғары бағалаймын. Ешқандай қатысы жоқ болса да Зайсанның намысы бар парасатты ұлдарына, инабатты қыздарына ой салатын ел абыройын асқақтататын салиқалы салмақты мақала жазғанына ағалық рахметімді айтамын. Мақаладан үзінді: «Зайсан елінде соңғы жылдары арыз деген кәсіптің «авторитеттері» пайда болды. Арыз жазу арқылы ел арасында өздерін «ақиқаттың жаршысы» етіп көрсетіп жүрген жазғыштың алды шаршай бастағанымен артынан еріп келе жатқан шәкіріттері ұстазынан да озып тұрған сияқты. Арыз жазғыштарға әлеуметтік желі, оныі ішінде Фейсбук таптырмайтын құрал болды. Зайсандағы арыз жазғыштар соңғы кездері Секеңді де (Зайнулдинді айтады) шаршатқан тәрізді… Ауылда сәл бір кемшілік жылт ете қалса сырт еткізіп телефонға түсіріп алып, айдай әлемге паш етіп, басшыларды жемқор, жалқау етіп көрсету де әдетке айналып кетті. Арызқойдың жаңағы «еңбегіне» мың адам лайк басып басшының лайықты жазасын беріп жатады. Міне осындай түймедейді түйедей етіп көрсетіп ел ішінде дау туғызатын жағдай Зайсанда жиілеп кетті. Ел арасында осындай ірткі салушыларға сөзі өтетін не бір ақсақалды қарияның не бір ақжаулықты ананың табылмағаны өкінішті-ақ!».

Оте орынды сын. Мен Тарбағатай, Күршім аудандарының танымал ақсақалдарымен араласып, сөйлесіп, пікірлесіп тұрамын. Олар да «сендердің халық алдында беделдерің жоқ, жазғыштарды да басшыныда орнына қоймайсыңдар ма» деген сынын талай естідім… Ойландым, қай жерден ағаттық жіберіп жүрміз деп. Өткен ғасырдың 1989 жылынан бастап сөз бостандығы, демократия дегенді желеу етіп, күтпеген жерден аудандық «Достық» газеті арқылы пікір сайыс «шайқасы» басталып, беліне бақанын сүйреткен белсенділер шыға келді.

Әр түрлі тақырыпта дау-дамай өрбіді. Ауданың зиялымыз леп жүрген азаматтары жағаларынан алысып, екі топқа бөлініп, өнбейтін дауды қоздырып, бір – бірін қаралау, қып-қызыл айтыс – тартыс, өздерін де, өзгені де зәре — зап қып, ығыр етті. Жалған ақпарат беріп, жала жабу, көлгірсу, жалған сөйлеу етек алды. Кеше ғана бірге жүрген азаматтар арасында шынайы достық, сыйластық, бір – біріне деген құрмет жоғалып, қас дұшпандай қаржасып, бірін – бірі сотқа сүйреді. Бірінің басын бірі қаралап, сөзбен сойылдасып масқара болды. Халық расқа, шынға, сенбей, жалған ақпаратқа, жөн-жосықсыз өсек сөзге сеніп елі үшін ерекше еңбек сіңіріп жүрген аудан басшы Құнияров Зәйділбекті жерден ап, жерге салды.

Ұлы Абайдың:

Бұзыларда ойламас бет көрем деп,
Ант ішуді кім ойлар дерт көрем деп.
Қабаған итше өшігіп шыға келер,
Мен қапсам, бір жеріңді бөктерем деп.

деген сөзіне дәл келді. 1990 – 1992 жылдар арасында аудандық газет бетінде 150-ден астам адамның арына тиетін мақалалар жарық көрді. Бірталай азаматтар сөзге шыдай алмай денсаудығынан айырылды, қайтыс болғандар да бар. Екі топқа да қосылмаған біздер ол кезде «Зайсанның үш бәйтерегі» атанған Сепе Жайлаубаевты, Өкен Жәйкеновті, Қызыр Аманжановты сырттай сөгуші едік, «неге бастарын қосып татуластырмайды, ағалық ақылдарын айтпайды деп». Міне осы жағдай өз басымызға түсіп отыр. «Қайнайдй қаның, Ашиды жаның, Мінездерін көргенде. Жігерлен сілкін, Қайраттан беркін, Деп насихат бергенде. Ұятсыз арсыз салтынан, Қалғып кетер артынан».

Сол кезден басталған осы індет жалғасып келе жатыр. Тәуелсіздік алғаннан бері елге тұтқа халыққа қамқор болып жерлестеріміз Есжанов Мұрат, Қасейінов Қабылбек, Қасымжанов Темірбек, Ақтанов Серік, Зайнулдин Серік әкім болып істесе жуықта осы лауазымға Қажанов Дулат тағайындалды. Дулаттың — әкесі Зайсанбек аудан спортын дамытуға ерекше үлес қосқан ардагер, Зайсан ауданының Құрметті азаматы. Анасы Жаңылсын Бақбаева – Қазақстан журналистер Одағының мүшесі барлық еңбек жолы аудандық «Достық» газетінде жауапты хатшы, редактордың орынбасары болып зейнеткерлікке шықты. Менің айтайын деп отырғаным тұяқтың астынан кір іздемей осы азаматқа қолдау көрсетуіміз керек. Елдікті, өрлікті, береке бірлікті сақтай алатын ынтымақтылықты көрсетулерің керек. Ақсақалдарыңды, ақжаулықты аналарыңды сыйлаңдар, басқа ауданның азаматтарына «беделдерің жоқ» дегізе бермей. Ерім дейтін елі болмаса, елім дейтін ер қайдан табылады, ойлаңдар. Дулат Зайсанбекұлы жасқанбай, тізгінді берік ұстап, халықпен жиі кездесіп, халықтың пікірімен санасып отырса деген пікірім бар. Есжанов Мұрат, Қасейінов Қабылбек өлара, қиын-қыстау кезеңде жұмыс істеді. Ал Қасымжанов Темірбек, Ақтанов Серік, Зайнулдин Серіктің ауданға сіңген еңбектері, атқарған ауқымды жұмыстары көз алдымызда. Бірақ мақталған біреуі жоқ (рас алғашында Зайнулдинді Зайсанның Қонаевы дегендер болды) барлығыда сын садағына ілінді. Өз елі, өз ұлдарын ерім деп мақтан етпесе, кемеңгерді қайдан табасыңдар. Сырттансынып, қусынып, өршілденіп, сыбырменен бөлек – бөлек топ құрағандағы мақсаттарың не? Мен бұл жерде сын айтылмасын деген ойдан аулақпын. Сын түзелмей, мін түзелмейді. Сын әділ болу керек, орынсыз жұрттың арасына теріс пікір туғызу ар – ожданға, намысқа тиетіндей сөз айту адамгершіліктен аттау деп білемін. Әрине аудан әкімі өңірдегі барлық жетістік кемшілікке жауап беретін бірден – бір тұлға екеніне дау жоқ. Дегенмен ауыл, қаладағы иесіз малға, күл-қоқысқа, көркейту көгалдандыруға, сапасыз құрлысқа, жолға тек қана аудан әкімін кіналау артық. Қала, ауыл әкімдері, бөлім басшылары, құрлысты сапасыз салған мекемелер бар емес пе?

Өздері араласпаса, пікірлерін айтпаса еш нәрсе шешілмейтіндей көретіндерге айтарым аудандағы кемшілікті жоғары жақтан келіп ешкім шешіп бермейді. Жұмыла көтерген жүк жеңіл дегендей аудандық мәслихат, қоғамдық кеңес, ардагерлер ұйымы, қала, ауыл әкімдері жанында құрылған қауымдастықтармен бірлесе жұмыс істеп, халықтың сұранысын жеткізіп отырса нәтиже беретін шығар деген пікірім бар. Мемлекет басшысы Қасым – Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына «Әділетті мемлекет, біртұтас ұлт, берекелі қоғам» атты Жолдауында: «Біз қоғамға ірткі салуды емес, елді ізгі мақсатқа жұмылдыруды ойлауымыз керек. Әділетті Қазақстан идеясының түпкі мәні – осы» деді. Өткен жылы аудан әкімі «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерекесіне – 30 жарқын іс» атты кешенді іс – шаралар жоспары жасалынып, аудандық газетке жарияланды. Солардың бірі Зайсан ауданында түңғыш рет «Зайсан ауданының знциклопедиясы» кітабын шығару болатын. Екі мәрте ұйымдастыру алқасының ол кітапқа кіретін адамдардың атақ, дәрежесі, марапаттары туралы деректер берілді. Мен өзім (Қ.А) оншақты адамның өмірдеректерін қойылған шартқа сәйкестендіріп Зайсан қаласындағы орталық кітапханаға апарып бердім. Қалайда осы игі бастаманың орындалуы туралы «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығында» арналған салтанатты жиында айтылмады. Әлі де кеш емес, аудан халқына жария етілген келешек ұрпақ үшін ауадай қажет тарихи, саяси маңызы бар, «ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерекесіне – 30 жарқын іс» атты кешенді іс – шаралар жоспары кірген ауқымды іс неге орындалмағаны туралы осы салаға жауапты әкімшілік саласындағы лауазымды тұлғалар, ұйымдастыру алқасы халық алдында есеп беру керек. Ол кітапқа «Орден, медальдармен марапатталғандар», «Еңбек ардагерлері», «Зайсан ауданының құрметті азаматтары», «Алтын алқа иегерлері» әр сала бойынша Құрмет грамотасымен марапатталғандар кіретіні айтылған болатын. Мемлекет басшысы Жолдауында «Біз қарапайым еңбек адамына құрмет көрсетуіміз керек. Қандай кәсіппен айналыссаң да, оны сапалы атқару маңызды» деді. Яғни Зайсан ауданының тұңғыш энциклопедиясы жарық көрсе Президентіміз айтқандай елеулі еңбек еткен қарапайым қатардағы адамдарға көрсетілген үлкен құрмет болмақ.

Қалибек Алтыбаев
аудандық ардагерлер Кеңесінің төралқа мұшесі,
ауданның Құрметті азаматы. Қазақстан жазушылар,
журналистер Одақтарының мүшесі. Қазақстан
КИнЭС рекордтар кітабына кірген сөзжұмбақшы.

Мақалада: елім дейтін ер қайдан табыладыЕрім дейтін елі болмаса

Ұқсас жаңалықтар

Ресей ОСК төрайымы: «бұл – жаңа Конституцияға сәйкес өтіп жатқан Құрылтайдың алғашқы сайлауы»

23.08.2026
Ресей ОСК төрайымы: «бұл – жаңа Конституцияға сәйкес өтіп жатқан Құрылтайдың алғашқы сайлауы»

Бүгін, 23 тамызда, Қазақстанда жаңа бір палаталы Құрылтай депутаттарының алғашқы сайлауы өтуде. Дауыс беру барысын қазақстандық және шетелдік бақылаушылар бақылауда....

Толығырақ...Details

«Бәрі заңнама аясында өтіп жатыр»: Беларусь Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қазақстандағы сайлау туралы айтты

23.08.2026
«Бәрі заңнама аясында өтіп жатыр»: Беларусь Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қазақстандағы сайлау туралы айтты

Қазақстанға халықаралық байқаушы ретінде келген Беларусь Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Игорь Карпенко дауыс берудің ұйымдастырылуына қатысты пікір білдірді. Ол...

Толығырақ...Details

Түркі мемлекеттері Парламенттік Ассамблеясының бақылаушылары: Құрылтай сайлауы жоғары деңгейде өтіп жатыр

23.08.2026
Түркі мемлекеттері Парламенттік Ассамблеясының бақылаушылары: Құрылтай сайлауы жоғары деңгейде өтіп жатыр

Түркі мемлекеттері Парламенттік Ассамблеясының халықаралық бақылаушылары Алматыдағы алты сайлау учаскесіне барды. Миссия өкілдері азаматтардың белсенділігін, дауыс беру үдерісінің ашықтығын, сайлау...

Толығырақ...Details

Қазіргі уақытқа дейін біз ешқандай заң бұзушылық байқаған жоқпыз – ШЫҰ байқаушылары

23.08.2026
Қазіргі уақытқа дейін біз ешқандай заң бұзушылық байқаған жоқпыз – ШЫҰ байқаушылары

Қазақстанда алғашқы Құрылтай сайлауы ойдағыдай өтіп жатыр. Бұл туралы елордада Халықаралық байқаушыларға жәрдемдесу орталығындағы баспасөз мәслихатында Шанхай ынтымақтастық ұйымы миссиясының...

Толығырақ...Details

Нағыз инклюзивті сайлау – Пәкістанның Сайлау жөніндегі бас комиссары Құрылтай сайлауына оң баға берді

23.08.2026
Нағыз инклюзивті сайлау – Пәкістанның Сайлау жөніндегі бас комиссары Құрылтай сайлауына оң баға берді

Қазақстандағы алғашқы Құрылтай сайлауын бақылауға келген халықаралық байқаушылар дауыс берудің ұйымдастырылуына назар аударды. Солардың қатарында Пәкістанның Сайлау жөніндегі бас комиссары...

Толығырақ...Details

Армениядан келген бақылаушылар Қазақстандағы сайлау барысын жоғары бағалады

23.08.2026
Армениядан келген бақылаушылар Қазақстандағы сайлау барысын жоғары бағалады

Армения Орталық сайлау комиссиясының халықаралық ынтымақтастық және қоғаммен байланыс басқармасының басшысы Эрмине Арутюнян елордадағы Қ. Мыңбаев атындағы мектеп-лицейге барып, №131...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Ресей ОСК төрайымы: «бұл – жаңа Конституцияға сәйкес өтіп жатқан Құрылтайдың алғашқы сайлауы»

10 часов бұрын

«Бәрі заңнама аясында өтіп жатыр»: Беларусь Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қазақстандағы сайлау туралы айтты

11 часов бұрын

Түркі мемлекеттері Парламенттік Ассамблеясының бақылаушылары: Құрылтай сайлауы жоғары деңгейде өтіп жатыр

11 часов бұрын

Қазіргі уақытқа дейін біз ешқандай заң бұзушылық байқаған жоқпыз – ШЫҰ байқаушылары

11 часов бұрын

Нағыз инклюзивті сайлау – Пәкістанның Сайлау жөніндегі бас комиссары Құрылтай сайлауына оң баға берді

11 часов бұрын

Армениядан келген бақылаушылар Қазақстандағы сайлау барысын жоғары бағалады

11 часов бұрын

«Адамдар үлкен ықыласпен келіп жатыр» – ҰҚШҰ байқаушылары Құрылтай сайлауындағы дауыс беру барысы туралы пікір білдірді

11 часов бұрын

99 жастағы кейуана дауыс беріп, азаматтық белсенділіктің үлгісін көрсетті

11 часов бұрын

Қазақстандықтар Құрылтай сайлауына зор қызығушылық танытуда – Грузияның Орталық сайлау комиссиясының төрағасы

11 часов бұрын

«Әділет» партиясының төрағасы Айбек Дәдебай тарихи Құрылтай сайлауында дауыс берді

18 часов бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС