"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ҚАЛА ӘКІМІ АУЫЛДА

11.10.2022
ҚАЛА ӘКІМІ АУЫЛДА
9
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов өткен сенбіде Көкентау ауылдық округіне жұмыс сапарымен барды. Аталған ауылдық округте жедел шешуді талап ететін бірқатар мәселелер бар. Мұндағы жергілікті мектепті қалпына келтіріп, интернатты қайта жаңғыртудан өткізу керек. Сонымен қатар коммуникацияларды қайта жаңарту, ауылдық округтің бес көшесіне ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу мәселелері бүгінгі күні өзекті болып тұр.

Сапар барысында қала әкімі интернатты жаңғырту жұмыстарын жүргізу үшін қажетті құжаттарды дайындауды, ауылдық округтің ағымдағы мәселелерін шешу үшін есептеулер жасауды тапсырды. Осы тапсырмалардың іске асырылуын қала әкімі өз бақылауына алды.

Бүгінде Семей қаласы тұрғындарын алаңдатып отырған ең өзекті мәселенің бірі – қоқыс шығару және тұрмыстық қатты қалдықтарға арналған полигонның жай-күйі. Осы мәселені назарына алған Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов «Хазипов Р.С» ЖК директорымен бірге полигон аумағына барып, ондағы санитарлық жағдайды ретке келтіру үшін бірқатар тапсырмалар жүктеді.

Қоқыстың полигон аумағынан тыс жерге желмен таралуының алдын алу үшін  учаскенің айналасына торлы қоршау орнатылатын болды. Сонымен қатар қаланың кварталішілік аумақтарынан қатты тұрмыстық қалдықты шығару мәселесін шешу мақсатында қала әкімі контейнерлік алаңдарды және жаңа форматтағы контейнерлер санын көбейту, қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару үшін қосымша машиналар сатып алу үшін іс-шаралар жоспарын әзірлеуді тапсырды.

Ал демалыс күні шаһар басшысы Приречный, Новобаженово ауылдық округтері мен Шүлбі кентіне жұмыс сапарымен барды. Әкім Шүлбі кенті, Новобаженово және Бұлақ ауылдарындағы мектептерді аралап, олардың жабдықталуымен танысты. Шүлбі кентіндегі білім ошақтарын жөндеуге қажетті сметалық есептерді дайындауды тапсырды.

Нұрбол Нұрсағатов кенттегі көп функционалды спорт кешені құрылысы жұмыстарының барысын да көріп қайтты. Қала басшысы мердігер компанияға құрылыс мерзімін бұзғаны үшін бірқатар ескертулер жасап, кент әкіміне осы нысанның құрылыс барысы мен сапасын ерекше бақылауға алуды міндеттеді. Осыдан соң қала әкімі аудандық жылу қазандығының жұмысын тексерді.

Нұрбол Төлегенұлы жұмыс сапары барысында «Приречное «Агрофирма» серіктестігі мен Приречное ауылындағы картоп пен көкөністерді өңдейтін кешенде болды. Шаруашылық цехтары заманауи жабдықтармен жабдықталған, мұнда көкөністер жаңа технология әдісімен кептіріледі. Бұл көкөністердің түсі мен дәмін сақтауға мүмкіндік береді. Кешенде ауылшаруашылық өнімдерінің барлық түрлері, картоп, қызылша, сәбіз, қырыққабат, пияз және ет өңделеді.

Ары қарай қала әкімі Жарқын ауылына ат басын бұрды. Ауыл тұрғындарын мазалайтын негізгі мәселе – жолдардың сапасыздығы. Қала әкімі сала басшыларына жолды қысқа мерзімде жөндеуді тапсырды.

Дана ТАЛҒАТБЕК,

«Семей таңы»

Мақалада: ҚАЛА ӘКІМІ АУЫЛДА

Ұқсас жаңалықтар

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

11.09.2026
42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

Кейде адамды қолына қалам алуға жеке басынан өткен жағдай мәжбүрлейді. Бұл мақаланы жазуыма да сондай жағдай түрткі болды. 23 тамызда...

Толығырақ...Details

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

10.09.2026
Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

Бүгін, 2026 жылғы 9 қыркүйекте Alikhan Bokeikhan University және М.О. Әуезов атындағы педагогикалық колледж базасында цифрлық сауаттылықты арттыруға және кибермәдениетті...

Толығырақ...Details

«АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ»: ЖАСТАР ҚҰРМЕТТІ ІСПЕН КӨРСЕТТІ

10.09.2026
«АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ»: ЖАСТАР ҚҰРМЕТТІ ІСПЕН КӨРСЕТТІ

Абай облысының Семей қаласында «Әділет» партиясының «Жастар Рухы» жастар қанатының 20 белсенді волонтері «Ардагерлерді ардақтайық» акциясы аясында жалғызбасты ардагер Каримов...

Толығырақ...Details

БІЛІМ МЕН ТЕХНОЛОГИЯ ТОҒЫСҚАНДА

09.09.2026
БІЛІМ МЕН ТЕХНОЛОГИЯ ТОҒЫСҚАНДА

Бүгінгі университет үшін жасанды интеллектіні меңгеру – уақыт талабына сай болудың бір ғана шарты. Ал одан да маңызды мәселе –...

Толығырақ...Details

Абай облысында балалар қауіпсіздігі бойынша 167 рейд өткізілді

03.09.2026
Абай облысында балалар қауіпсіздігі бойынша 167 рейд өткізілді

Абай облысында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және кәмелетке толмаған жасөспірімдер  арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында профилактикалық жұмыстар жүргізілуде. Бұл...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

13 часов бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

2 дня бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

2 дня бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

2 дня бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

5 дней бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

5 дней бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

5 дней бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

6 дней бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

6 дней бұрын

2026 жылғы мүлік салығы: кім төлейді және қандай өзгерістер бар?

6 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС