"Семей таңы" газеті
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ТІЛШІЛЕР ӨРТ СӨНДІРУ ҚЫЗМЕТІНДЕ

21.10.2022
ТІЛШІЛЕР ӨРТ СӨНДІРУ ҚЫЗМЕТІНДЕ
15
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Биыл Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің құрылғанына 27 жыл толды. Құтқарушылар күні қарсаңында Абай облысы Төтенше жағдайлар департаменті Семей қаласының Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің ұйымдастыруымен БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз туры өтті. №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінде экскурсиядан басталған тур барысында тілшілер өрт сөндіруші-құтқарушылардың жұмыс күндері қалай өтетінін, қандай жағдайда жұмыс істейтінін көруге мүмкіндік алды. Сонымен қатар журналистер жауынгерлік киімдерді киіп көріп, өрт сөндіру мұражайын аралады.

Дана ТАЛҒАТБЕК,

«Семей таңы»

Жыл сайын төтенше жағдайда қалған мыңдаған адам құтқарушылардың ерлігінің арқасында аман қалады. Дабыл соғылған дауысты көшеден естігенде, жаяу жүргінші, көлік айдаушы болсын, жол бергеннен өзге қолдан келер шарасы жоқ. Кез келген жағдайда, кез келген уақытта ержүрек жігіттер өз өмірлерін қатерге тігіп, көмекке келеді. Бұл күні журналистер жанқияр, қайсар  жандар — құтқарушылардың күнделікті өмірін өз көзімізбен көріп, ерекше әсер алдық. Өрт сөндірушінің, құтқарушының рөлінде болып, жұмыс ерекшеліктерімен етене танысып, қызығы мен қиындығын сезіне алдық.

Баспасөз туры Абай облысының Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі ғимаратының ішін аралаудан басталды. Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі бастығының бірінші орынбасары Еркін Қашқанов қызмет барысы туралы айтып өтті.

БАҚ өкілдері арнайы өрт сөндіру бөлімін, демалыс бөлмесін, оқу жұмыстары жүргізілетін орынды аралап көріп, арнайы өрт сөндіру техникаларымен, атап айтқанда демалуға қолайсыз ортада жұмыс істеуге арналған «Drager» газтұтқыш (тыныс алу аппараты) баллоны мен Holmatro сияқты гидравликалық авариялық-құтқару құралдарымен танысты.

— Абай облысы бойынша Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінде 780-ге таяу адам қызмет етеді. Қандай да бір оқыс жағдайлардың алдын алу  үшін ең алдымен қауіпсіздік шараларын сақтау керек,- деген Еркін Сәбетқанұлы қауіпсіздік шараларын есімізге салып өтті.

Өзгенің қауіпсіздігін жоғары қоятын сала мамандары қандай жағдайда да ең алдымен адам өмірін құтқарып қалуды ойлайды,  үстіндегі кемінде 20 келі болатын қорғаныс киімін, 10-15 келілік зілдей ауыр тыныс алу құрылғыларын мүлде естен шығарып, істеріне бірден кірісетін олардың ыңғайсыздық туралы ойлауға уақыттары да болмайды.  Тек қауіпті жағдайға тап болған адамдарды құтқарып, өртті сөндіріп болғаннан кейін ғана денелерінің тер басқанын, қатты шаршағандарын байқайды.

Тур соңында БАҚ өкілдері №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінде орналасқан мұражайды аралады. Мұражай меңгерушісі Фархат Еркімбаев Семей гарнизонының өрт сөндіру ісінің даму тарихына тоқталып, экскурсия жүргізді.

Мұражай бүгінде тарих пен сәулет ескерткіштері қатарындағы 1928 жылы салынған өрт сөндіру ғимаратында орналасқан.

Мұражайда өрт сөндіру бөлімінің тарихымен таныстыратын көптеген жәдігерлер, өрт сөндіру күзетінің қызметі туралы құжаттар сақтаулы. Сондай-ақ ертеректе қолданылған және қазір де өрт сөндіруде қолданылатын техниканы көруге болады. Сондай-ақ мұнда өртке дейінгі және одан кейінгі көріністі бейнелейтін бөлме бар, онда келушілерге өрт шыққан кездегі іс-әрекет және қауіпсіздік шаралары  түсіндіріледі.

– Біз мұражайға келушілерге техникаларды көрсетіп, өрт сөндірушілердің күнделікті өмірі туралы айтамыз. Бір ерекшелігі – экспозицияда қойылған газ баллондары, электр құралдары сияқты барлық заттар өрт болған орындардан әкелінген. Өзге елдерден әкелінген өрт сөндірушілердің каскалары, жауынгерлік киімдері де бар. Біздің мұражайда сондай-ақ «Жас құтқарушылар» клубы жұмысы істейді. Оған қатысатын оқушылар құтқарудың түрлі әдіс-тәсілдерін меңгереді. Өз өмірін осы саламен байланыстырғысы келетін балалар бұл мамандықтың қыр-сырымен танысады, — дейді өрт күзеті мұражайының меңгерушісі Фархат Фаритұлы.

 

Мақалада: ТІЛШІЛЕР ӨРТ СӨНДІРУ ҚЫЗМЕТІНДЕ

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында «Жұмыстың жаманы жоқ, кез келген еңбек қадірлі» атты диалог алаңы өтті

11.02.2025
Абай облысында «Жұмыстың жаманы жоқ, кез келген еңбек қадірлі» атты диалог алаңы өтті

Абай облысында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай «Жұмыстың жаманы жоқ, кез келген еңбек қадірлі» атты диалог алаңы өтті. Іс-шараға...

Толығырақ...Details

Солтүстік Арал қалпына келуде

10.02.2025
Солтүстік Арал қалпына келуде

«Арал теңізінің құрғап, шөлге айналуы – алаңдатарлық мәселе. Экологиялық апатқа ұшыраған аймақты оңалту керек. Бұған қоса, трансшекаралық өзендердің су қорын...

Толығырақ...Details

Мемлекет басшысы отандық бизнес өкілдерімен кездесуде Үкіметке қосымша құн салығы мәселесін тағы да пысықтауды тапсырды

07.02.2025
Мемлекет басшысы отандық бизнес өкілдерімен кездесуде Үкіметке қосымша құн салығы мәселесін тағы да пысықтауды тапсырды

Мемлекет басшысы отандық бизнес өкілдерімен кездесуде Үкіметке қосымша құн салығы мәселесін тағы да пысықтауды тапсырды Мемлекет басшысы отандық бизнес өкілдерімен...

Толығырақ...Details

Бюрократиядан қолайлылыққа: цифрландыру мемлекеттік қызметтерді қалай жақсартады

07.02.2025

"Цифрлық технологиялар арқылы біз азаматтардың күнделікті өмірін барынша жеңілдетуге және барлығына тең мүмкіндіктерге қол жеткізуге ниеттіміз. Ол үшін мемлекеттік басқаруды...

Толығырақ...Details

ҚҚС мөлшерлемесінің артуы бағаның өсуіне әсер ете ме?

06.02.2025
ҚҚС: Уақыт сынын еңсеретін қадам

Көбінесе ҚҚС мөлшерлемесінің өсуі бағаның күрт қымбаттауына әсер етеді. Бірақ елімізде олай болуы мүмкін бе? Жауап: тұтынушылар үшін бағаның айтарлықтай...

Толығырақ...Details

Абай облысында теміржол инфрақұрылымын дамыту: жаңа бағыттар, вокзалдарды қайта жаңғырту және халықаралық жобалар

06.02.2025
Абай облысында теміржол инфрақұрылымын дамыту: жаңа бағыттар, вокзалдарды қайта жаңғырту және халықаралық жобалар

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев болашақта Қазақстан Еуразия құрлығының маңызды көлік хабына айналуы тиіс екенін атап өтті. Осыған байланысты ол теміржол...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Семей қаласында жастар мен «Ғибратты ғұмырлар» Ақсақалдар кеңесінің мүшелері арасында диалог алаңы өтті

1 час бұрын

«Абай жолы» топтамасы толықты: Семейде 19 автордың 25 кітабы таныстырылды

2 дня бұрын

Омбыда өткен халықаралық форумда Ертіс арқылы бірлескен дәліз құру мәселесі көтерілді

2 дня бұрын

Мемлекет басшысы БҰҰ құрамында Халықаралық су ұйымын құруды ұсынды

2 дня бұрын

Қасым-Жомарт Тоқаев трансшекаралық суды пайдалану, Арал және Каспий теңіздерінде қалыптасқан экологиялық проблемаларға назар аударды

2 дня бұрын

«Бұл шын мәнінде қантөгісті тоқтатуға, бітімге келу жолын іздеуге үндеу»

2 дня бұрын

Қазақстан Президенті Ауғанстанға көмек көрсетуді жалғастыру қажет деп есептейді

2 дня бұрын

Президент: «Қазақстанның Ибраһим келісімдеріне қосылу жөніндегі шешімі аталған аймақтағы ахуалды тұрақтандыруға үлес қосу ниетінен туындап отыр»

2 дня бұрын

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Қазақстан Украинадағы қақтығысты реттеу бойынша келіссөз процесінің жандануына қолдау білдіреді»

2 дня бұрын

Президент БҰҰ-ны реформалаудың маңызына назар аударды

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС