"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

КӘСІПКЕРЛІКТЕ ТЫҢ ЖОБАЛАР КЕРЕК

08.08.2014
0
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Өткен аптада қала басшысы Айбек Кәрімовтің жетекшілік етуімен қалалық әкімдіктің кезекті отырысы өтті. Жиынға қала басшысының орынбасарлары және дербес бөлім басшылары, қала маңындағы ауылдық округтердің әкімдері қатысты.

Жиында күн тәртібіндегі бірнеше мәселе қаралды. Семей қалалық кәсіпкерлік бөлімі басшысының міндетін атқарушы Марат Нөгеров «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасын іске асыру барысы туралы баяндама жасады.

— «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасының шеңберінде Семей қаласы бойынша бағдарлама іске асырылғаннан бастап шағын және орта бизнес кәсіпкерлерімен 12,2 млрд. теңгені құрайтын 62 жоба іске асырылды. Төленген субсидиялардың жалпы көлемі 843,44 млн. теңгені құрайды, — деген Марат Нөгеров, — Аталмыш     бағдарламаның шеңберінде жобалардың іске асырылу динамикасына талдау жүргізсек, іске асырылып жатқан жобалардың саны жыл сайын ұлғайып келе жатқанын көруге болады. Мысалы, 2010 жылы – 4 жоба, 2011 жылы – 8 жоба, 2012 жылы – 22 жоба, ал, өткен жылы – 18 жоба іске асырылды, — деп атап өтті.

«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасын іске асыру үшін бағдарламаны насихаттау жұмыстарын жүргізуді әлі де күшейту керектігін айтқан қала басшысы Марат Мұратбекұлына жергілікті кәсіпкерлермен үнемі тығыз қарым-қатынаста болып, оларға әрдайым қолдау көрсетуді, жаңа жобалар бойынша жұмыс жасауды тапсырды. Сонымен қатар, құрылымы жағынан Семейге ұқсайтын Түркияның Бурса, Германияның Бернер қалалары сияқты әлемдегі экономикалық жағынан ілгерілеушілігі бар, технологиясы дамыған бірқатар қалаларды мысалға келтіріп, сөзіне арқау еткен қала әкімі қажет болса, бұл саладағы мамандардың шетелдік мамандармен тәжірибе алмасуына жағдай жасауды қарастыру керектігін жеткізді.

 

{jcomments on}Сондай-ақ, қаладағы бизнестің дамуына қатысты өзінің пікірін білдірген ШҚО Семей қаласының Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы филиалының директоры Ардақ Әділжанов бизнестің кез-келген түрі бойынша тегін кеңес беру мен бизнес жоспар құрумен айналысатын сервистік компаниялардың жұмыс жасайтындығын айтып өтті. Ал, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Семей қаласының өңірлік филиалының менеджері Анжела Маслова қаладағы жастардың басым көпшілігі бұрыннан жолға қойылған бизнес түрлерімен айналысуға ниет білдіретіндіктерін, дегенмен, тың бастамаларға құштар жастардың қатары көп екенін, алайда, кейбір      идеяларды жүзеге асыру әзірге мүмкін болмай жатқандығын жеткізді. Анжела Маслованың сөзін толықтырған «Әділет» шағын және орта бизнес кәсіпкерлер қоғамдық бірлестігінің төрағасы Николай Молотков та идеяшыл жастардың көбісі қаржы жағынан мүмкіндіктері шектеулі екендігін айта келіп, кәсіпкерлікпен айналысуға ниетті азаматтарға «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы туралы, сол      сияқты кәсіпкерлікті қолдайтын мекемелердің жұмысы насихатталып, көбірек ақпаратпен қамтамасыз етілетін болса, жастардың жаңа идеялары туындауы мүмкін екеніне тоқталды.

 

Ал, өз кезегінде сөз алған қалалық ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы Әнуарбек Сүйчинов ҚР Жасыл экономикаға көшуі жөніндегі Концепцияны іске асыру аясында жоғары өнімді ауыл шаруашылығына қол жеткізу үшін қабылданып жатқан шаралар туралы баяндама жасады.

— Ел Президенті Қазақстан халқына Жолдауында жақын арадағы 30 жылдағы, 2050 жылға дейінгі республикамыздың даму бағытын көрсетіп берді. 2050 жылға дейінгі даму бағдарламасы «Жасыл экономика» Концепциясына сәйкес келеді, — деген Ә.Сүйчинов, — Концепцияның қабылдануы ауыл шаруашылығы саласында көптеген жаңа технологиялардың іске асуына әсерін тигізуде. Бүгінгі күні ауыл шаруашылығы жерлерінің өнімділігін көтеру бірінші орында тұрған мәселелердің бірі болса, екінші мәселе бұл табиғатқа тәуелділікті азайту мақсатында суармалы егістік көлемін арттыру болып отыр. Осыған орай, біршама жұмыстар қолға алынды, — деп атап өтті бөлім басшысы.

Алайда, баяндамаға өзінің көңілі толмағандығын жеткізген қала әкімі ауылшаруашылығы бөліміне бұл мәселе бойынша да жұмысты күшейту керектігін айтып, бөлім басшысына тиісті тапсырмаларын жүктеді.

Ал, 2014 жылдың І жартыжылдығындағы, жалпы, жыл басынан бергі 7 айдағы қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы баяндама жасаған қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі басшысының міндетін атқарушы Сәуле Қасенова:

— Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша өнеркәсіпте қолданыстағы бағада өнеркәсіп өнімдерінің көлемі 52,6 млрд. теңгені құрады. Жалпы, өткен жылмен салыстырғанда түрлі өнеркәсіп салаларында өнім көлемі  артты. Мысалы, жеңіл өнеркәсіпте 12,1 пайызға, қағаз өнімдері өндірісінде 18,3 пайызға, негізгі фармацевтикалық өнімдер өндірісінде 4,5 пайызға, ал, машина жасау саласында 12,8 пайызға өсім бар, — деген  Сәуле Қасенова ауыл шаруашылығы, құрылыс және басқа да салалардағы атқарылған жұмыс жайлы ақпараттардан қала басшысы мен     жиынға қатысушыларды құлағдар етті.

Одан кейін қалалық жер қатынастары бөлімінің басшысы Құдайберген Сейілханов ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін конкурстық негізде жер телімдерін беру туралы сөз етті.

— ҚР Жер Кодексінің 48-бабына сәйкес, 2009 жылдан бастап барлық ауыл шаруашылық өндіріс жерлері тек қана конкурстық негізде беріледі. Аталған кезең аралығында 16 конкурс өткізіліп, жалпы алаңы 300 мың гектардан асатын 180-нен астам жер телімдері ұтып алынды, — деген Қ.Сейілханов, — Ауылшаруашылық өндірісін жүргізу үшін жерлердің берілуі үміткерлер арасынан еңбек етуге белін бекем буғандарға  таңдап алуға мүмкіндік береді. 2013 жылы конкурс негізінде алаңы 40,7 мың гектар 34 жер телімдері ұтып алынды. Ал, биыл 2 конкурс өткізіліп, онда жалпы алаңы 97,543 мың гектар болатын 60 жер телімі ұсынылды.   Кезекті конкурсқа алаңы 40 мың гектарды құрайтын 32 жер телімдеріне мате-   риалдар дайындалуда, — деп атап өтті.

Нұрдәулет КӘКІШЕВ,

«Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

Көкпекті ауданында бірқатар маңызды жобалар жүзеге асырылады

11.03.2026
Көкпекті ауданында бірқатар маңызды жобалар жүзеге асырылады

Биыл Көкпекті ауданында экономиканы дамыту және жаңа жұмыс орындарын құру мақсатында бірқатар маңызды жобаларды жүзеге асыру жоспарланып отыр. Негізгі міндеттердің...

Толығырақ...Details

Абай облысының қоғамдық кеңес мүшелері жаңа Конституцияны қолдайтындарын жеткізді

11.03.2026
Абай облысының қоғамдық кеңес мүшелері жаңа Конституцияны қолдайтындарын жеткізді

Бүгін облыс әкімі Берік Уәли облыстық қоғамдық кеңес мүшелерімен кездесті. Конституциялық комиссия мүшесі, облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы Мейрамхат Айнабеков модераторлық...

Толығырақ...Details

«Семей Инжиниринг» АҚ ұжымы Жаңа Конституция жобасына қолдау білдірді

11.03.2026
«Семей Инжиниринг» АҚ ұжымы Жаңа Конституция жобасына қолдау білдірді

Семей қаласында «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясының Абай облыстық филиалы жаңа Конституция жобасын түсіндіру бағытындағы кездесулерін...

Толығырақ...Details

Өңірлік коалиция мүшелері «Қазақтелеком» АҚ филиалының ұжымымен кездесті

11.03.2026
Өңірлік коалиция мүшелері «Қазақтелеком» АҚ филиалының ұжымымен кездесті

Бүгін «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» коалициясының өңірлік филиалының мүшелері «Қазақтелеком» АҚ филиалының ұжымымен кездесті. Кездесу барысында конституциялық...

Толығырақ...Details

Діни сауаттылық не үшін қажет?

11.03.2026
Діни сауаттылық не үшін қажет?

Елестетіп көріңіз: сіздің ұлыңыз, қызыңыз, бауырыңыз немесе жақын досыңыз соңғы кезде қатты өзгеріп кеткен. Бұрын ашық-жарқын, көңілді адам болса, енді...

Толығырақ...Details

Мүгедектігі бар 90 мыңнан астам қазақстандық республикалық референдумда қолайлы жағдайда дауыс бере алады

11.03.2026
Мүгедектігі бар 90 мыңнан астам қазақстандық республикалық референдумда қолайлы жағдайда дауыс бере алады

Қазақстанда республикалық референдумға дайындық жұмыстары шешуші кезеңге аяқ басты. Осыған орай Орталық референдум комиссиясының мүшелері ел көлемінде ауқымды инспекциялық сапарлар...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Көкпекті ауданында бірқатар маңызды жобалар жүзеге асырылады

3 часа бұрын

Абай облысының қоғамдық кеңес мүшелері жаңа Конституцияны қолдайтындарын жеткізді

3 часа бұрын

«Семей Инжиниринг» АҚ ұжымы Жаңа Конституция жобасына қолдау білдірді

3 часа бұрын

Өңірлік коалиция мүшелері «Қазақтелеком» АҚ филиалының ұжымымен кездесті

3 часа бұрын

Діни сауаттылық не үшін қажет?

3 часа бұрын

Мүгедектігі бар 90 мыңнан астам қазақстандық республикалық референдумда қолайлы жағдайда дауыс бере алады

3 часа бұрын

Жаңа Конституция жобасы бойынша AI-платформа таныстырылды

1 день бұрын

Қазақстан эстрадасының жұлдыздары жаңа Конституцияны қолдау үшін бірікті – «Халықтың Ата Заңы» халық әнұраны

1 день бұрын

Жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі референдумға қазақстандықтардың 70%-дан астамы қатысуға ниетті

1 день бұрын

Жаңа Конституция билік теңгерімі мен адам құқықтарын нығайтады

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС