"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ҮЗДІК ЖАСТАР ТЕАТРЫ АНЫҚТАЛДЫ

13.12.2022
ҮЗДІК ЖАСТАР ТЕАТРЫ АНЫҚТАЛДЫ
23
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Өткен жұма, 9 желтоқсан күні Қалалық Мәдениет сарайында, Тәуелсіздік күніне орай, «Тоңдырды мені» тақырыбымен «Үздік жастар театры – 2022» студенттік театрлар байқауы өтті. Байқаудың мақсаты – студенттердің уақытын тиімді ұйымдастыру, дарынды жастарды қолдау, театр өнерін насихаттау. Семей қаласы Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен өткен байқауда қаламыздың жоғары және орта арнаулы оқу орындарынан 8 студенттік театр өнер көрсетті.

Дана ТАЛҒАТБЕК,

«Семей таңы»

Студенттік театрлардың өнерін бағалаған қазылар алқасының құрамында Қалалық Мәдениет сарайының директоры Рашид Асылов, Қазақстан Жазушылар одағының Абай облысы филиалының төрағасы, «Дарын» мемлекеттік жастар сый лығының лауреаты Мерей Қарт, Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының бас маманы  Самат Кәріпжанов, Абай атындағы музыкалық драма театрының актері Асхат Мәукенов болды.

Байқау шымылдығын Мұхтар Әуезов атындағы педагогикалық колледждің «Ес-Аймақ» театры «Қара орамал» қойылым ымен ашты. Қойылым, «Мамочкина моласынан» естимін, сақ-сақ еткен сәбилердің күлкісін»,- деп Ғалым Жайлыбай айтып кеткендей, сталиндік зобалаң жылдардағы әйелдердің азапты тағдырынан сыр шертеді.

— Біз қойған «Қара орамал» спектаклі Қарағанды лагеріндегі әйелдердің қасіретке толы тағдыры жайында. Түрлі азапты басынан кешірген, аш құрсақ жүкті әйелдер өз нәрестелерін тірі күйінде өмірге әкеле алмаған, ал жарық дүниеге келгендері шетінеп кетіп жатқан. Қойылымда біз сол кездегі әйелдердің зорлық-зомбылыққа толы азапты тағдырын көрермен жүрегіне барынша жеткізуге тырыстық. Ақырғы көріністе аяғы ауыр әйел босанады, бірақ баласы шетінеп кеткеннен кейін «Мамочкина моласына» барып, баласын өз қолымен жерлейді. Сол кездегі қоғамға лағнет айтқан ананың зарын көрерменге жеткізе алдық деген ойдамын, — дейді «Ес-Аймақ» жастар театрының әртісі Жанель Ақжолтаева.

Студенттік театр байқауында туған елінің азаттығы мен тәуелсіздігі жолындағы қазақ жастары көтерілген 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы да сахналанды. «Авиценна» жоғары медициналық колледжіндегі «Дауа» студент жастар театры ұсынған «Желтоқсанның мұзға жанған алауы», Рымбек Байсейітов атындағы қаржы-экономикалық колледжінің «Руханият» театры  сахналаған «Желтоқсан рухы» қойылымдары көрерменнің жан дүниесін бейжай қалдырмады.

Әділ қазылар алқасының назарына тарихтан сыр шерткен өзге де қойылымдар ұсынылды. Құрылыс колледжінің «Шаңырақ» жастар театры «Тарихты түгендеу»,  Семей жоғары көп салалы колледжінің «Өнер» театр студиясы «Тұран даланың тұмарлары» қойылымын көрсетсе, Шәкәрім университетінің «Қарагөз» театры «Тағдыр ма әлде?..», Электротехникалық колледждің «Әлем» театры «Заман ағымы»  шығармасын сахналады. Мұқан Төлебаев атындағы музыкалық училищенің «Ес-Аймақ» студент жастар театры байқадың шымылдығын жапты.

Өзара бақ сынасқан 8 студенттік театрдың ішінде  І орынды қанжығаларына байлаған М.Әуезов атындағы педагогикалық колледждің «Ес-Аймақ» жастар театры жеңімпаз атанды. ІІ орынға Шәкәрім университетінің «Қарагөз» театры лайықты деп танылды. Жүлделі ІІІ орынды М.Төлебаев атындағы музыкалық училищенің «Ес-Аймақ» жастар театры иеленді.

Кез келген қойылымның сәтті шығуы тұтас ұжымға байланысты десек, оның ішінде режиссердің еңбегі ерекше екені белгілі. Байқауда режиссерлер де қазылардың назарынан тыс қалмады. «Қарагөз» театрының жетекшісі Ерғали Сәкенұлына «Үздік режиссерлік жұмыс» номинациясын жеңіп алды. Ал көрерменнің  театрдағы эмоциясы күнделікті өмірдегіден өзгеше болды, бұған  жас әртістердің өз рөлдерін шынайы сомдаулары әсер етті десек, артық айтқандық емес. Бұл ретте әділ қазылардың шешімімен «Үздік ер адам рөлі» номинациясы Жақсылық Құмаровқа, ал «Үздік әйел адам рөлі» номинациясы Бақытгүл Қажыкеноваға берілді.

Ұқсас жаңалықтар

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

13.11.2026
ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

Қазақстан тарихындағы алғашқы ауқымды республикалық кітап оқу марафоны «Кітап оқитын ұлт» миллион кітап белесінен асты. 59 күнде қатысушылар 1 102 560...

Толығырақ...Details

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

13.11.2026
Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

Үржар ауданында 2026 жылдың он айында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 48,4 млрд теңгеге жетіп, өнеркәсіп өндірісі өткен жылдың сәйкес...

Толығырақ...Details

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

13.11.2026
Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

Қазақстанда атом электр станциясын салу аясында Үлкен ауылын тұрғын үйлер мен әлеуметтік инфрақұрылымды дамыта отырып, кешенді түрде өркендету жоспарлануда. Бұл...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

6 часов бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

6 часов бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

6 часов бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

6 часов бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

7 часов бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

8 часов бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

1 день бұрын

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

1 день бұрын

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

1 день бұрын

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

1 день бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС