"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ҚАҺАРМАН ҰЛЫН ЕСКЕ АЛДЫ

20.12.2022
ҚАҺАРМАН ҰЛЫН ЕСКЕ АЛДЫ
14
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Желтоқсан — 86

 

Биыл тәуелсіздік алғанымызға 31 жыл толып отыр. Ал тәуелсіздіктің бастауы болған, қазақтың рухын біріктірген Желтоқсан оқиғасынан бері 36 жыл өтті. 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күнінде Семей жұртшылығы Желтоқсан оқиғасы құрбандарын еске алып, қала әкімдігі ғимараты алдындағы Қайрат Рысқұлбековтің ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Салтанатты шараға Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев, облыс мәслихатының хатшысы Қуаныш Сүлейменов, қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов, Желтоқсан оқиғасының куәгерлері, ардагерлер мен шаһар тұрғындары қатысты.

Дана ТАЛҒАТБЕК,

«Семей таңы»

Ескерткіш алдына жиналған қала тұрғындары елінің тәуелсіздігі жолында алаңға шығып, теңдік талап еткен қаһармандардың, қыршын кеткен боздақтардың рухына бас иіп, бір минут үнсіздікпен еске алды.

  • Тәуелсіздік күні – бұл, әрине, қуанышты күн. Өйткені бұл күні қазақ халқының өз тәуелсіздігі мен өз мемлекеттілігі туралы ғасырлар бойғы армандары орындалды. Бұл ретте қазіргі Қазақстан тарихына желтоқсан деген атпен енген 1986 жылғы 16 желтоқсанда болған қайғылы оқиғаны еске түсірмей кете алмаймыз. Қанша жылдар өтсе де әлі күнге дейін балаларының бұл өмірде бар-жоғын, қайда жерленгенін білмейтін отбасыларды білемін. Тәуелсіздік бізге оңайлықпен келген жоқ, осыны есте ұстайық. Жастығына қарамастан қайсар мінез танытқан Қайрат секілді қазақ жастарының есімі ұлт тарихында мәңгі сақталады, — деді қоғам қайраткері, профессор Зейнолла Тоқаев.

Желтоқсан оқиғасына қатысқан сол кездегі жастар — бүгінде орта жасты бағындырған ел азаматтары. Солардың бірі – қаламыздағы «Желтоқсан 1986» қоғамдық қозғалысының төрағасы Тоқтарғазы Сарманов. Ол 1986 жылы Алматы қаласындағы Ауыл шаруашылығы институтында ауыл  шаруашылығын электрлендіру мамандығы бойынша бірінші курста оқып жүрген.

  • Біз қазақстандықтарға мүлдем беймәлім коммунистік партия қайраткері Колбинді тағайындау туралы шешімнің күшін жоюды талап етіп алаңға шықтық, себебі ел тізгінін туған жерін жанындай сүйетін, жан-тәнімен беріле еңбек ететін өз жеріміздің тумасы ұстағанын қаладық. Ал бізді нашақорлар, маскүнемдер, бүлікшілер, ұлтшылдар, тіпті айналасындағылардың бәрін қиратып, тәртіпсіздік тудырған қылмыскерлер ретінде көрсетті. Бұл әділетсіз еді,- деп сол бір ызғарлы күндерді еске түсірді Тоқтарғазы Халилулаұлы.

Өткен мен бүгінгіні таразыға салу – бүгінгі күннің міндеті. Бұл ретте тарихымызда ойып тұрып орын алған Желтоқсан оқиғасы, тәуелсіздік жолында құрбан болған жастар халықтың мәңгі есінде!

Ел егемендігі үшін басын бәйгеге тіккен батыр ұл-қыздардың ерлігі — зор құрметке лайық, жас ұрпаққа үлгі-өнеге.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстанның атом саласын дамыту — энергетика, өнеркәсіп, ғылым, технология және кадр даярлау бағыттарын қамтитын кешенді жұмыс

19.08.2026
Қазақстанның атом саласын дамыту — энергетика, өнеркәсіп, ғылым, технология және кадр даярлау бағыттарын қамтитын кешенді жұмыс

Атом энергетикасын дамыту, уран ресурстарын тиімді пайдалану, отандық өндірісті дамыту, ядролық ғылым мен технологияларды ілгерілету, қауіпсіздіктің жоғары стандарттарын қамтамасыз ету...

Толығырақ...Details

«Әділет» партиясы ел өңірлерінен жиналған МИБ, ПИК төрағалары мен сарапшылармен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелерін талқылады

19.08.2026
«Әділет» партиясы ел өңірлерінен жиналған МИБ, ПИК төрағалары мен сарапшылармен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелерін талқылады

Астанада «Әділет» партиясының ұйымдастыруымен тұрғын үй қорын басқару мәселелері бойынша алғашқы республикалық диалог алаңы өтті. Оған еліміздің әр өңірінен тұрғын...

Толығырақ...Details

Абай облысының мамандары бақша дақылдарын қауіпсіз сатып алу және тұтыну ережелерін еске салды

19.08.2026
Абай облысының мамандары бақша дақылдарын қауіпсіз сатып алу және тұтыну ережелерін еске салды

Абай облысында жазғы маусымда қарбыз бен қауын саудасы қыза түсуде. Мамандар тұрғындарға бақша дақылдарын тек белгіленген сауда орындарынан сатып алып,...

Толығырақ...Details

ЕГЕР САЙЛАУ КҮНІ БАСҚА ЕЛДІ МЕКЕНДЕ БОЛСАҢЫЗ, ҚАЛАЙ ДАУЫС БЕРУГЕ БОЛАДЫ?

19.08.2026
ЕГЕР САЙЛАУ КҮНІ БАСҚА ЕЛДІ МЕКЕНДЕ БОЛСАҢЫЗ, ҚАЛАЙ ДАУЫС БЕРУГЕ БОЛАДЫ?

Егер дауыс беру күні басқа қалада, облыста немесе елде болып, тұрақты тіркелген жеріңіз бойынша дауыс бере алмайтын болсаңыз, қазір есептен...

Толығырақ...Details

Сайлауға бір апта қалғанда: өңірлік кездесулер мен партиялардың күн тәртібі

19.08.2026
Сайлауға бір апта қалғанда: өңірлік кездесулер мен партиялардың күн тәртібі

Сайлауға бір апта қалғанда партиялар өңірлердегі және қоғамдық кеңістіктегі белсенділігін арттыруды жалғастырып жатыр. 17 тамызда жұмыс орындары, отандық бизнесті қолдау,...

Толығырақ...Details

Құрылтай сайлауын 777 халықаралық байқаушы бақылайды

19.08.2026
Құрылтай сайлауын 777 халықаралық байқаушы бақылайды

ҚР Орталық сайлау комиссиясының отырысында ҚР Құрылтайы депутаттарын сайлауға шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушыларын аккредиттеу туралы Қаулы қабылданды. —...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Қазақстанның атом саласын дамыту — энергетика, өнеркәсіп, ғылым, технология және кадр даярлау бағыттарын қамтитын кешенді жұмыс

8 часов бұрын

«Әділет» партиясы ел өңірлерінен жиналған МИБ, ПИК төрағалары мен сарапшылармен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелерін талқылады

9 часов бұрын

Абай облысының мамандары бақша дақылдарын қауіпсіз сатып алу және тұтыну ережелерін еске салды

11 часов бұрын

ЕГЕР САЙЛАУ КҮНІ БАСҚА ЕЛДІ МЕКЕНДЕ БОЛСАҢЫЗ, ҚАЛАЙ ДАУЫС БЕРУГЕ БОЛАДЫ?

11 часов бұрын

Сайлауға бір апта қалғанда: өңірлік кездесулер мен партиялардың күн тәртібі

11 часов бұрын

Құрылтай сайлауын 777 халықаралық байқаушы бақылайды

11 часов бұрын

Ғылыми зертханалардан ауылдағы егістік алқаптарына дейін: сайлауалды демалыс күндері қалай өтті?

1 день бұрын

Сайлау жақындаған сайын таңдауын жасамаған қазақстандықтар саны төрт еседен аса азайды

1 день бұрын

Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша 728 өтініш қаралды

3 дня бұрын

Жаңа сайлау жүйесі партияларды жауапкершілігін арттыруға ынталандырады — сарапшы

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС