"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

64 ОТБАСЫҒА ЖАҢА ПӘТЕР БЕРІЛДІ

31.12.2022
64 ОТБАСЫҒА ЖАҢА ПӘТЕР БЕРІЛДІ

Жаңа жыл қарсаңында Семей қаласындағы Қарағайлы шағын ауданынан 64 отбасыға — халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын және көп балалы жанұялар мен жетім балаларға көп қабатты тұрғын үйден пәтер кілттері табыс етілді. Салтанатты жиынға қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов, қалалық тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Диана Шаяхметова, қала тұрғындары қатысты.

Кербез ДУЛАТҚЫЗЫ,

«Семей таңы»

Қала әкімі жаңа пәтер иелерін қоныс тойларымен құттықтап, бұл ауданда құрылыс қарқыны ары қарай да арта түсетінін атап өтті.

— Жаңа жыл қарсаңында тұрғын үйге мұқтаж азаматтарға қуаныш сыйлайтын сәтке куә болып тұрмыз. Осы жылдың қазан айында да 64 отбасыға жаңа пәтердің кілттері табыс етілген болатын. Бүгін, міне, тағы 64 отбасы баспаналы болмақ. Пәтер иелерін осындай айтулы күнмен шын жүректен құттықтаймын! Жаңа жыл семейліктер үшін берекелі болып, барша шаңыраққа қуаныш әкелсін! — деді Нұрбол Төлегенұлы.

Қалалық тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Диана Шаяхметова өз сөзінде баспаналар талай жылдан бері кезекте тұрған тұрғындарға жалдау шарты бойынша берілгенін айтып өтті.  Оның сөзінше, бұл баспаналар сатып алу құқығынсыз жалға беріледі. Отбасылар бұл пәтерлерде жалдау шарты бойынша тұрады. Ай сайынғы жарнаға сәйкес белгілі бір төлем болады. Яғни пәтер иелері ай сайын жалдау ақысы мен коммуналдық қызметтер үшін бюджетке ақы төлейді. Жалдау ақысы бөлмелер санына байланысты, бір бөлмелі, екі және үш бөлмелі пәтерлер бар. Төлем 10 мың теңгеден 16 мың теңгеге дейін тұрғын үйдің шаршы метріне байланысты келеді.

Еске сала кетсек, аталған шағын ауданда Назарбаев Зияткерлік мектебі, 320 орындық балабақша, 5600 орындық «Арена» мәдени-спорттық кешені орналасқан. Семей қаласының оң жағалау бөлігінде, бекітілген бас жоспарға сәйкес, Қарағайлы тұрғын ауданын егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы әзірленген. Жоба бойынша алдағы уақытта 227 тұрғын үй салынып, ауданда 35 мыңнан аса адам тұратын болады.

Мақалада: 64 ОТБАСЫҒА ЖАҢА ПӘТЕР БЕРІЛДІ

Ұқсас жаңалықтар

Өткеннің ауыр жүгінен болашақтың берік іргетасына дейін…

16.11.2026
Өткеннің ауыр жүгінен болашақтың берік іргетасына дейін…

Абай облысының бүгінгі тынысын бағалау үшін кешегісін де кем білмеу керек. Ал ертеңіне сеніммен қарауға бүгінгі өзгерістердің ауқымын, нақты нәтижесі...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

11.09.2026
42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

Кейде адамды қолына қалам алуға жеке басынан өткен жағдай мәжбүрлейді. Бұл мақаланы жазуыма да сондай жағдай түрткі болды. 23 тамызда...

Толығырақ...Details

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

10.09.2026
Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

Бүгін, 2026 жылғы 9 қыркүйекте Alikhan Bokeikhan University және М.О. Әуезов атындағы педагогикалық колледж базасында цифрлық сауаттылықты арттыруға және кибермәдениетті...

Толығырақ...Details

«АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ»: ЖАСТАР ҚҰРМЕТТІ ІСПЕН КӨРСЕТТІ

10.09.2026
«АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ»: ЖАСТАР ҚҰРМЕТТІ ІСПЕН КӨРСЕТТІ

Абай облысының Семей қаласында «Әділет» партиясының «Жастар Рухы» жастар қанатының 20 белсенді волонтері «Ардагерлерді ардақтайық» акциясы аясында жалғызбасты ардагер Каримов...

Толығырақ...Details

БІЛІМ МЕН ТЕХНОЛОГИЯ ТОҒЫСҚАНДА

09.09.2026
БІЛІМ МЕН ТЕХНОЛОГИЯ ТОҒЫСҚАНДА

Бүгінгі университет үшін жасанды интеллектіні меңгеру – уақыт талабына сай болудың бір ғана шарты. Ал одан да маңызды мәселе –...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

ҰЛТТЫҚ ФТИЗИОПУЛЬМОНОЛОГИЯ ҒЫЛЫМИ ОРТАЛЫҒЫ ТУБЕРКУЛЕЗ ҚОЗДЫРҒЫШЫНЫҢ ДӘРІЛЕРГЕ СЕЗІМТАЛДЫЛЫҒЫН АНЫҚТАУДЫҢ ЗАМАНАУИ ӘДІСТЕРІН ЕНГІЗУДЕ

9 часов бұрын

ҚҰМАР ОЙЫНДАРҒА ҚАТЫСУҒА ЖОЛ ЖОҚ: СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ТӨЗБЕУШІЛІК МӘДЕНИЕТІ – АДАЛ ҚЫЗМЕТТІҢ НЕГІЗІ

9 часов бұрын

Орманды сақтау – экологиялық қауіпсіздіктің стратегиялық міндеті

9 часов бұрын

Ақылды қалалар мен цифрлық инфрақұрылым: Қазақстан дамуының жаңа мүмкіндіктері

12 часов бұрын

БҰҰ-да Қазақстанның халықаралық су ұйымын құру туралы ұсынысы қаралады

2 дня бұрын

«АйтClub» алаңында «Халықтық құрылыс» бастамасын өңірде іске асыру жолдары талқыланды

4 дня бұрын

«АйтClub» алаңында инклюзивті білім беру мәселелері талқыланды

4 дня бұрын

Абай облысында «АйтClub» интеллектуалды клубы жұмысын бастады

4 дня бұрын

66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

4 дня бұрын

Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

4 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС